Ректоры, п.ғ. д., профессор М. Н



жүктеу 2,67 Mb.
Pdf просмотр
бет14/21
Дата05.01.2020
өлшемі2,67 Mb.
#25877
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

32

 

 



сонымен  қоса  студенттік  порталға  кіруге  мүмкіндік  алады.  Жыл  сайын  ақпараттық 

дүңгіршектерді  пайдалану  бойынша  студенттерге  сауалнама  жүргізіледі  (сауалнама 

қорытындысы бойынша 2018-2019 жылы сұралғандардың 52% ақпараттық дүңгіршектерді 

үнемі  пайдаланатынын  көрсетті).  Осыған  байланысты,  университеттегі  тозығы  жеткен 

дүңгіршіктерді кезең-кезеңмен ауыстыру үшін жаңа ақпараттық дүңгіршектерге ауыстыру 

мәселесі өзекті болып қалуда. 

Интернетке  қосылудың  жоғары  жылдамдығы  (секундына  140  Мегабитке  дейін) 

және  жаңа  технологияларды  пайдалану  өз  кезегінде  іс-шараларды  үнемі  интерактивті 

форматта өткізуді, онлайн-семинарлар мен бейнеконференцияларға қатысуды қамтамасыз 

етеді.  Университеттің  даму  Стратегиясына  сәйкес  университет  аумағында:  2.1 

Технологиялық  корпустың  аллеясы,  2.1  оқу  корпусы,  2.6  корпус  пен  технологиялық 

корпустың  жатақханасы  арасындағы  алаң,  2.2  және  2.3  корпус  алдындағы  аллея, 

технологиялық  корпустың  ішкі  ауласы,  2.3  және  2.5  корпус,  Жастар  сарайының  холы 

ғаламторға  Wi-Fi желісі арқылы кіру ұйымдастырылған. 

Университетте  мемлекеттік  автоматтандырылған  ақпараттық  "Платонус"  жүйесі 

енгізіліп,  табысты  жұмыс  істеуде.  Жүйеде  оқу  процесін  ұйымдастыруға,  студенттер 

сауалнамасына  және  дипломдар  мен  қосымшаларды  және  т.  б.  толтырумен  байланысты 

модульдер қолданылады. 

Қабылдау  комиссиясының  жұмысы  толығымен  "Платонус"  жүйесін  пайдалану 

арқылы жүргізіледі және нәтижелері мәліметтерді тіркеуші кеңсесіне беріледі. ЖОББЖ-не 

(ЕСУВО)    барлық  деректер  "Платонус"  ақпараттық  жүйесінен  тікелей  ұсынылады.  2018 

жылдың  қазан  айында  университет  талапкерлерге  ЖОО-ға  түсуге  онлайн  өтінім  беру 

мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін    on-line  тіркеудің  қосымша  модулін  сатып  алды.  Бұдан 

басқа,  осы  модуль  аясында  ID2  жүйесі  және  талапкерлердің  жеке  куәлігінен  негізгі 

деректерді  оқу  және  автоматты  түрде  "Платонус"  жүйесіне  көшіру  мүмкіндігін 

қамтамасыз  ететін  ілеспе  жабдық  енгізілді,  бұл  деректерді  қолмен  енгізу  кезінде 

жіберілген  қателіктерді  болдырмауға  мүмкіндік  береді.  Ағымдағы  жылдың  өзінде  бұл 

мүмкіндіктер  қабылдау  комиссиясының  жұмысында  қолданылды.  Сонымен  қатар, 

Платонус  ААЖ  арқылы  білім  беру  бағдарламаларын  тіркеуге  өтініш  беру  және  енгізу 

бойынша жұмыс жүргізілді. 

2018  жылдың  қыркүйегінен  бастап  модуль  "QYZMET-TARSU"  ҚО  жұмысында 

толыққанды қолданылады. Көрсетілетін қызметтер түрлерінің саны кезең-кезеңмен өсуде. 

Бүгінгі күні 5 қызмет түрі ұсынылады. Ағымдағы жылдың көктемінде  онлайн өтініш беру 

форматында  кету  қағазын  толтыру  шарттары  енгізілді.  Іс  жүзінде  барлық  процесс 

электронды форматта өтті.  

Университетте  қолданылатын  оқу  үдерісін  басқарудың  автоматтандырылған 

ақпараттық жүйесі өзіндік әзірлеудің бағдарламалық өнімі болып табылады. Ақпараттық 

жүйе  on-line  деңгейге  шығатын  web-қосымша  ретінде  іске  асырылған.  Тіркеу  офисінде 

оқу  процесін  басқаруды  техникалық  қолдау  8  серверді,  оның  ішінде  2  қуатты 

HewlettPackardGen9 ML

380  серверін  пайдалану  негізінде  жүзеге  асырылады.  Серверлік 

жабдықта  тіркеуші  кеңсесінің,  қашықтықтан  оқыту  бөлімінің,  сырттай  оқыту 

факультетінің деректер базасы сақталады, бір сервер тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуге 

және тест тапсырмаларының деректер базасын сақтауға арналған, қалғандары корпустық 

рөл  атқарады  немесе  ақпаратты  қосымша  сақтау  мен  қорғауды  қамтамасыз  ету 

мақсатында пайдаланылады. 

Әрбір  білім  алушы,  оқытушы  және  қызметкер  үшін  ақпараттың  ашықтығы,  оның 

қол  жетімділігі  ТарМУ-да  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  сапасын  қамтамасыз  етудің 

маңызды  шарттарының  бірі  болып  табылады.  Оқытушылар  "электрондық  журнал" 

модулін  бірнеше  жыл  бойы  белсенді  пайдалануда,  бұл  сандық  технологияларды 

пайдалануды  кеңейтуде  және  электрондық  құжат  айналымына  көшуде  маңызды  қадам 

болып  табылады  (ведомостердің  қағаз  нұсқаларын  және  басқа  оқу-әдістемелік 

материалдарды  пайдалануды  қысқарту  есебінен).  Ақпаратты  қорғау  және  қауіпсіздігін 



33

 

 



қамтамасыз  ету  мақсатында  университетте  ПОҚ  және  студенттер  үшін  парольдерді 

алудың және пайдаланудың бірыңғай жүйесі енгізілген. 

Білім  алушылардың  түрлі  санаттарын  ақпараттық  қамтамасыз  ету  үшін  мынадай 

ақпараттық-білім  беру  кешендері  мен  жүйелері  жұмыс  істейді:  ресми  интернет-ресурс 

www.tarsu.kz,  электрондық  кітапханаға  қатынаумен  кітапханалық  интернет-ресурс 

lib.tarsu.kz,  Қашықтықтан  оқытудың  ақпараттық  жүйесі  cde.tarsu.kz  және  т.  б. 

Халықаралық  стандарттардың  талаптарын  ескере  отырып,  кейін  валидацияға  on-line 

тексеруден өту арқылы интернет-ресурсты басқа платформаға аудару жоспарлануда. 

Жол  картасына  сәйкес  университетіміздің  "Цифрлы  университет»  моделіне  өтуді 

жүзеге асыру мақсатында университет, жоғары оқу орнына электрондық құжат айналымы 

жүйесін  енгізу  туралы  Directum  Qaz  компаниясымен  келіссөздер  жүргізіп,  келісім-шарт 

жасады.  

Басқа  университеттерде  электронды  құжат  айналымы  қандайда  бір  деңгейде  іске 

асырылып жатқан немесе қолданылып жүрген уақытта, біз әлі күнге дейін қағаз жүзіндегі 

құжат  алмасу  үрдісін  қолданудамыз  және  тек  2018  жылғы  Жол  картасы  аясында  ғана 

электронды құжат алмасу бағытында негіз қаладық. Бүгінгі күні орнату, баптау, алғашқы 

бейімдеу  мәселелері  шешілді.  Бастапқы  кезеңде  іске  қосылатын  жүйенің  негізгі 

пайдаланушылары анықталды. 

 

6. КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ 

 

2018-



2019  оқу  жылы  технологиялық  кешенде  орналасқан  оқу  залдары  мен  кітап 

сақтау  орындарына  қайта  құру  және  күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп,  жаңа 

заманауи  жиһаздармен  жабдықталды.  Осы  күрделі  жөндеу  жұмыстарынан  кейін 

оқырмандарға ыңғайлы орта құру, кiтапханалық қызметті оңтайландыру мақсатында  №1 

абонемент бөлімі, №2 оқу залы, каталогтар залы, мерзімді басылымдар және электронды 

оқу  залдарын  біріктіру  арқылы  «Ақпараттық-кітапханалық  қызмет  көрсету»  бөлімі 

құрылды. Бөлім  өз  пайдаланушыларына сапалы  және тиімді қызмет көрсету үшін «БІР 

ТЕРЕЗЕ»  қағидаты  бойынша  жұмыс  атқарады.  Сонымен  қатар  «Су  шаруашылығы, 

экология  және  құрылыс  факультеті»  кешенінде  орналасқан  №6  оқу  залында  күрделі 

жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп,  50    орынға  оқырман    үстелдері    мен  орындықтар 

жаңартылды. 

2018-


2019  оқу  жылында  барлығы  9700  оқырман  тіркелді,  оның  ішінде  күндізгі 

бөлім студенттері - 6853, сырттай, кешкі және қашықтықтан оқу бөлім студенттері – 1199, 

ПОҚ  -  635,  магистранттар  -  469,  докторанттар  –  42,  университет  қызметкерлері  –  502. 

Кітапханалық-ақпараттық  орталықтың  барлық  17  кітап  беру    пункттерінде  іс  жүзінде 



23649 

оқырманға қызмет көрсетілді. Оқырмандарға қызмет көрсету электрондық оқырман 

билеті бойынша жүзеге асырылады. 

Кітапханалық-ақпараттық  орталықтың  құрылымдық  бөлімдері  6  оқу  кешенінде  

орналасқан,  онда    900  орындығы  бар    14  арнайы  мамандандырылған  оқу  залдары,  2 

абонемент, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бөлімі, кітап қорын толықтыру және 

каталогтандыру  секторы,  ғылыми-библиографиялық  қызмет  секторы,  деректер  қорын 

үйлестіру  секторы,  цифрландыру  және  IT  секторы,  2  көркем  әдебиет  секторы  мен 

әдістемелік кабинет  жұмыс істейді. 

2018-


2019 оқу жылы оқырмандардың келу санының көрсеткіші – 472878, дәстүрлі 

түрде берілген құжаттар санының көрсеткіші - 1 271 756.  

2018-

2019  оқу  жылының  соңында  кітапханалық-ақпараттық  орталықтың    жалпы 



қоры  –  1 380 822 (мазмұнының  ескіруіне  байланысты  кітапхана  қорынан  44 243  дана 

әдебиеттер  есептен  шығарылды)  дананы  құрайды,  оның    ішінде  275 959  данасы    қазақ 

тілінде. Электронды тасмалдағыштағы оқу-әдебиеттерінің қоры – 7483 дананы құрайды. 

            

Кітапхана  қоры  2018-2019  оқу  жылында  университет  оқытушылары  мен  «Жаңа 

ақпараттық  технологиялар  орталығы»  қызметкерлері  бірлесе  жасаған  электронды 




жүктеу 2,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау