40
2018 жылы «Механика және технологиялар» журналына Қазақстанның ғылыми базасында
0,05-
ке тең импакт-фактор берілді. Импакт-фактор бойынша университеттік журнал осы
базаға кіретін 125 отандық ғылыми басылымдардың ішінде 45-ші орында тұр.
Есепті жылы университеттің бірқатар оқытушылары ҒЗЖ бойынша әртүрлі
конкурстардың жеңімпаздары атанды. Жыл сайынғы ғылым, мәдениет және өнер
саласындағы сыйлықтарды алу конкурсында «Математика» кафедрасының доценті м.а.,
т.ғ.к. Шевцов Александр Николаевич «Физика, математика, инженерлік ғылымдар»
номинациясы бойынша қор сыйлығының лауреаты атанды.
ҚР БҒМ Мемлекеттік ғылыми стипендияға арналған конкурсында университеттің
ғалымдары – т.ғ.д., профессор А.А. Сағындықов, PhD докторы К.Б. Абдешев жеңімпаздар
атанды. Университеттің сегіз оқытушысы (С.Жүнісбеков, И.С. Тілегенов, М.Б. Тілебаев,
А.Молдашева, С. Орынбаев, Б. Абзалбекұлы, А. Нұрлыбаева, С. Үсенова) ҚР БҒМ жыл
сайынғы "2018 жылғы ЖОО үздік оқытушысы"конкурсының жеңімпаздары атанды.
Осылайша, республикалық сыйлықтар, гранттар, стипендиялар мен марапаттарға
ие оқытушылар саны 11 бірлікті құрайды.
Университеттің ғылыми қызметінің маңызды құрамдас бөлігі Студенттік ғылым
болып табылады. 2018-2019 оқу жылында СҒЗЖ барлық түрлеріне 4978 адам немесе
күндізгі оқу бөлімі студенттерінің 81,3% қатысты.
2018 жылдың 20-27 ақпан аралығында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ 60
жылдығына арналған «Адами капитал – жаңғырту негізі» атты XX студенттік ғылыми-
практикалық конференция өтті.
Университетте СҒЗЖ негізгі түрі кафедраларда жұмыс істейтін ғылыми үйірмелер
болып табылады. Үш оқу жылдары олардың жыл сайынғы саны 60-тан астам болды,
олардың жұмысына жыл сайын 1400-ден астам студент қатысады. 2018-2019 оқу жылында
63 студенттік ғылыми үйірмеге 1450 студент қатысты.
СҒЗЖ нәтижелері журналдарда, еңбектер жинақтарында, конференция
материалдарында жарияланады. 2018-2019 оқу жылында студенттермен бірге 309 жұмыс
жарияланды, оның ішінде 98 (немесе 31,7%) – университеттен тыс басылымдарда.
Студенттердің ғылыми шығармашылығын белсендіруге әр түрлі деңгейдегі
конференциялар мен конкурстар ықпал етеді. 2016-2017 оқу жылында студенттік
байқауларға қатысушылардың саны 462 адамды, 2017 – 2018 оқу жылында – 465, 2018 –
2019 оқу жылында – 442 адамды құрады. Жыл сайын республикалық СҒЗЖ конкурсына
ұсынылатын жұмыстар саны ұлғаюда: 2016 – 2017 оқу жылы – 165 жұмыс; 2017 – 2018
оқу жылы – 184 жұмыс; 2018 – 2019 оқу жылы – 192 жұмыс. Соңғы 3 оқу жылында осы
конкурстың жеңімпаздары 46, 45, 38 адам немесе қатысушылардың жалпы санынан
27,9%, 24,
5%, 19,8% болды. 2018-2019 оқу жылында әртүрлі республикалық және
халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып 139 студент
танылды.
2018-
2019 оқу жылында университет студенттерінің 617 дипломдық жұмысының
(жобаларының) 75 жұмысы (жобалары) өндіріске енгізуге ұсынылды.
Университетте дарынды студенттер арасында «Зерттеуші-студент» біліктілігін
беруге арналған дәстүрлі конкурс өткізіледі. Соңғы 3 оқу жылында «Зерттеуші-студент»
біліктілігін 112 студент иеленді, оның ішінде 2018-2019 оқу жылында – 41 студент.
2018-
2019 оқу жылында көптеген ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылып,
халықаралық және республикалық конференциялар ұйымдастырылды. Университеттің
профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері аталмыш іс-шараларды
ұйымдастыруда және өткізуде белсенділік танытты.
2018 жылдың 8 қазанында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетінің 60 жылдығына арналған «Х Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Жалпы университетте өткен оқу жылы ішінде 16 ғылыми іс-шара өткізілді:
олардың ішінде 1 халықаралық конференция, 1 республикалық конференция, 1 аймақтық
41
конференция, 1 жоғары оқу орындары арасындағы конференция, 3 ғылыми конкурс, 3
ғылыми семинар, 2 дөңгелек үстел және 4 көрме бар.
Университетте инновациялық әзірлемелерді коммерцияландыру және қызмет
көрсету бөлімі жұмыс істейді. 2018-2019 оқу жылында университет мамандарының
«ТаразКожОбувь» ЖШС, «Таразкоммаш» ЖШС, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС және
«Қазфосфат» ЖШС («Минералды тыңайтқыштар» зауыты, НДФЗ, «Қаратау» ТКК)
басшыларымен бірқатар кездесулер мен көшпелі кеңестер өткізілді. Жүргізілген
жұмыстардың нәтижелері бойынша «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-мен ынтымақтастық
туралы Меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылы «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті»
шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК мен «Жас кәсіпкерлер клубы» ЖШС арасында
өзара тиімді әріптестік (ынтымақтастық) туралы шартқа қол қойылды. Келісім-шарттың
мақсаты - білім беру қызметі, жастар кәсіпкерлігі саласындағы ғылыми зерттеулер,
стартаптар мен бастаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсету және оқыту саласында ақпарат
алмасу саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Ағымдағы жылы «Қазфосфат» ЖШС – мен «Исследование закономерности
распространения тектонических нарушений и их влияние на качество извлекаемой
фосфоритовой руды на горизонте +251,0 м и нижележащего горизонта +191,0 м шахты
«Молодежная» по месторождению фосфоритов «Чулактау» тақырыбында ҒЗТКЖ
орындауға келісім-шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде (I – кезең, болжанатын
қаржыландыру көлемі – 7,6 млн.теңге).
Қазақстан-Беларусь ғылыми-білім беру консорциумы шеңберінде Беларусь жоғары
оқу орындарымен жасалған шарттарға сәйкес университетте 5 ғылыми жобаны іске асыру
жүзеге асырылады. Орындалатын іздестіру-бастамашылық халықаралық жобаларға:
1) «Ресурс үнемдеуші геотехникалық конструкцияларды, оларды дайындау
технологияларын және ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған құрылғыларды
әзірлеу». Серіктес: Беларусь ұлттық техникалық университеті (Беларусь Республикасы).
Зерттеу бағыты: геотехника.
2) «Наноқұрылымды дәнді және бұршақты дақылдарды пайдалана отырып,
функционалдық мақсаттағы тамақ өнімдерін жасау және технологияларды әзірлеу».
Серіктес: Могилев Мемлекеттік азық-түлік университеті (Беларусь Республикасы).
Зерттеу бағыты: тағамдық инженерия.
3) «Наноқұрылымды ингредиенттері бар құрғақ композиттік қоспалар (СКС)
негізінде функционалдық мақсаттағы импортты алмастыратын тамақ өнімдерін әзірлеу».
Серіктес: Могилев Мемлекеттік азық-түлік университеті (Беларусь Республикасы).
Зерттеу бағыты: тағамдық инженерия.
4) «Өсімдік тектес шикізаттың композиттік қоспалары негізінде қышқыл сүт
сусынын өндіру бойынша технологияны әзірлеу». Серіктес: Беларусь мемлекеттік
технологиялық университеті (Беларусь Республикасы). Зерттеу бағыты: тағамдық
технологиялар.
5) «Механикалық қоспалар мен май-мұнай өнімдерінен сарқынды суларды
тазалауға арналған технологиялар мен техникалық құралдарды әзірлеу». Серіктес:
Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті (Беларусь Республикасы). Зерттеу
бағыты: экология, табиғи ресурстарды қорғау.
Университетте 2016 жылдан бастап 6D074400 «Гидротехникалық құрылыс және
құрылыс» және 6D081000 «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандықтары
бойынша философия докторы (бейіні бойынша доктор) дәрежесін алу үшін
диссертацияларды қорғау бойынша кеңес жұмыс істейді. Кеңесте 6D074400
«Гидротехникалық құрылыс және құрылыс» мамандығы бойынша төрт диссертация
қорғалды. 2019 жылы 12 сәуірде ҚР БҒМ бұйрығымен 6D060600 – «Химия» мамандығы
бойынша Философия докторы (бейіні бойынша доктор) дәрежесін алу үшін диссертация
қорғау кеңесі ашылды.