2 дәріс Дәріс тақырыбы: Ежелгі физика Дәріс жоспары Ежелгі Физика



жүктеу 38,23 Kb.
бет1/7
Дата13.02.2023
өлшемі38,23 Kb.
#41280
  1   2   3   4   5   6   7
2 лек каз


2 дәріс Дәріс тақырыбы: Ежелгі физика


Дәріс жоспары
1. Ежелгі Физика.
2. Ғылыми білімнің пайда болуы.
Ежелгі заман физикасы. Ежелгі ғылымның бастапқы этабы.


Ежелгі шығыстағы физика элементтері Месопотамия және Египет
Біздің эрамызға дейінгі (III-I мыңжылдықтарда) Тигр, Ефрат және Нил өзендері жағасында тұрған халықтар туралы көптеген мәдени мәліметтер бар. Бірақ физика ғылыми саласы бойынша ешқандай құжаттық мәліметтер жоқ. Тарихшылар жазбаша мұралардың толық зерттелмеуінде деп түсіндіреді. Кейбіреулер ондай мәліметтер ауызша беріліп келген деген ой айтады. Мүмкін сол кездегі қоғамдық-саяси құрылым әр түрлі құбылыстар туралы ашық пікір айтуға мүмкіндік бермеген болар.
Шумер-вавилон мәдениеті. Бізге дейін келіп жеткен ассиро-вавилондық астрономиялық ескерткіштер, ол кездегі астрономдардың тыңғылықты және жүйелі бақылаулар жүргізгендігін көрсетеді. Кейбір астрономиялық кестелерде цифрлардың бағынатын қарапайым тәуелділігін табуға тырысқандық байқалады, олар тұтылуларды алдын ала айтуға тырысқандық байқалады. Бұл жерде практикалық мәселелерді шешу мүмкіндігі туады.
Вавилондықтар уақытты өлшеуді дәл әдістерін тапқандығы көрінеді. Олар күн сағатын, сонымен бірге су сағатын да жасаған. Вавилондықтардың күн сағаттары уақытты көлеңкенің ұзындығына емес, бағытына қарап анықтаған, ол дәлірек болады, себебі сезімталдығы тұрақты болып қалады.
Вавилондықтар бұрышты бірнеше минутқа дейінгі дәлдікпен анықтаған. 1/6 тәулікке тең “суссу” деген уақыт өлшемі су сағаты көмегімен анықталған, онда судың көлемі емес, сол уақытта ағатын су салмағы өлшенген. Салмақ өлшем бірлігі ретінде 1 мина алынған, ол 1 суссу кезінде ағатын су салмағы. Бізге дейін келіп жеткен вавилон таразысы және жүкшелері өлшеудің техникасы жоғары болғандығын көрсетеді.
Вавилонда физикалық бақылаулардың және техникалық тәжірибелердің “эмпирикалық физикасы” қолданылғанымен, Вавилонда физика жүйелі ғылыми дәрежеде болған жоқ және болуы да мүмкін емес еді.
Ежелгі Египет мәдениеті. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, Ежелгі Египетте математика мен астрономия дамуы шумер-вавилондардыкінен едәуір төмен болды.
Ежелгі Египеттің “эмпирикалық физикасына” келсек, оларды архитектуралық ескерткіштерден, қолөнер бұйымдарынан көруге болады, олар шумер-вавилондардыкінен озықтау деп қорытынды жасауға болады. Машықтықпен жасалған зергерлік бұйымдарға көңіл аударсақ, олар кейбір металдардың, қымбат қорытпалардың, тастардың және эмалдердің қасиеттері туралы білімдерді тиімді пайдалана білген. Орасан зор пирамидалар көлбеу жазықтықты, иіндерді, сыналарды және блоктарды пайдаланып соғылған.
Ежелгі Қытай
Ежелгі Қытайдың физикалық ілімнің пайда болуы туралы деректер соңғы кезге дейін белгісіз болып келді. Ол туралы 1962жылы шыққан ағылшын синологы Джозеф Нидэмнің “Қытайдағы ғылым және цивилизация” деген еңбегінен кейін ғана белгілі болды. Қытай б.э.д. XI-XII ғ. 1800 патшалықтан тұрған, ал VI ғ. өте көп соғыстардың нәтижесінде 140 патшалық болды.
Физикалық білімдер туралы негізгі мәліметтерді б.э.д. 450-250 жылдары шыққан екі кітаптан алуға болады “Мо Ди немесе Мо-цзы. Мо мұғалімнің кітабы).
Физикалық көзқарастар. Мо Ди және оның оқушыларының механика мәселесінде айтқандарының маңыздылығын байқаймыз. Олардың күш туралы түсінігі анық болған: “Күш дегеніміз формасы бар (яғни қатты денелерді) заттарды қозғалтуға мәжбүр ететін нәрсе”. “Ауырлық дегеніміз күш. Бір заттың құлауы немесе басқа бір нәрсені көтеру, ауырлық жасайтын қозғалыс болады”. Олардың қарсы әсер туралы да көзқарасы болған. “Егер қарсы әсер күші болмаса, қозғалыс ешуақытта тоқтамайды. Бұқа – ат еместігі қандай дұрыс болса, бұл айтқандарымыз да сондай дұрыс”, деп айтылған.

жүктеу 38,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау