Ақ тұздық үшін сорпа дайындау. Тамыр мен пиязды сабаншалап турау. Түбі қалың ыдыста ұнды шала қуыру. Ыдысқа ақ қуырманы, ағаш күрекшемен араластыра отырып, еттің ыстық сорпасына, 800 С температурада сұйылтады. Сұйылтылған шала қуырмаға дайындалған көкөністі салады, 30 мин, пісіреді. Пісіру кезінде бетіндегі көбігін қалқып алады. Дайын тұздыққы тұз, лимон қышқылын қосады. Сосын сүзеді және қайталап қайнатады. Сүзу кезінде піскен тамырлармен пиязды үгеді. Дайын тұздықты маргаринмен қатықтап, жарғақша пайда болмас үшін бетін шымшылайды және мармитте сақтайды.