Күн тәртібі: күнді үш бөлікке бөл



жүктеу 207,79 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі207,79 Kb.
#16869

Түлектерге кеңес. ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары.

Күн тәртібі:

  • * күнді үш бөлікке бөл;

  • * Тестке күніне 8-сағат дайындық;

  • * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;

  • * 8-сағаттан кем ұйықтама;

  • * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.

Тамақтану:
      Күніне  3-4 рет витаминге толы тағамдармен  тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

Сабаққа арналған орын:
Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр.Үстел үстіне сары және күлгін реңктен  суреттер мен заттар қой,өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек:
Материалды сұрақтар бойынша қайтала.Алдымен еске түсір және міндетті түрде  білетініңнің барлығын қысқаша жаз,сосын даталар мен фактілердің  дұрыстығын тексер.Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.

  • Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.

  • Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.

  • Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.

  • Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.

  • Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.


Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі.Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.

Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса,онда түсіну де жоғары.

Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз -аздап оқыған жөн.

Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.

Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең,көбінен бастағаның жөн.

Жұмыс қабілетін қолдану шарты.

Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру.

Гимнастикалық жаттығуларды,яғни денені айналдыру,баспен тұру жаттығуларын  жасаған дұрыс, өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді.

Көзді сақтау  үшін, әрбір жиырма-отыз минутта үзіліс жасау( кітаптан көзіңді алып, ұзаққа көз тігу)Теледидардан хабарларды аз көру.
Көзің шаршаса не істейсің?
Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі.Егер көзің шаршаса,онда  ағзаң шаршайды.Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуына жағдай жаса. Кез-келген жаттығуды орындау керек.

- кезегімен жоғары - төмен жиырма бес секунд,оңға солға он бес секунд қара;

- көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

- ұзақтығы бір затқа жиырма секунд, сосын  алдыңдағы  қағзға  жиырма  секунд  көзіңді тік;

- сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңмен және квадрат,үшбұрышты сал.
ҰБТ қарсаңында:

  • Көп адамдар ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қатытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа.

  • Сонымен, дайындық кезеңі артта қалды. Өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.

  • Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.



  • Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.

  • Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.

  • Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.

  • Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.

  • Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысын ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс. Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді. Аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.

  • Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек.
    Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.


  • Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.

  • Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін.

Сәттілік тілейміз!


жүктеу 207,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау