33
оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру үдерісін зерттей отырып,
оқыту үдерісінде сол танымдық белсенділікті анықтайтын, негізгі
психологиялық, дидактикалық және әдістемелік факторлардың тиімділігін
арттыру үшін компьютердің мүмкіндіктерін анықтады. Физика сабағында
компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін пайдаланудың әдістемелік
негізділігі - теориялық материалдың игерілуіне, ойланудың дамуына, ғылыми-
зерттеу
жұмысының
элементтеріне
қызығушылықтың
қалыптасуына,
компьютерді пайдаланумен физикалық тапсырмаларды орындау қабілеттері
мен берік дағдыларын қалыптастыруға кӛмектеседі.
Физика сабақтарында компьютерлерді қолдану бағытындағы алғашқы
мақалалардың авторлары В.А.Извозчиков пен И.В.Марковалардың [75]
еңбектерінде «кеңістіктегі дененің қозғалысы» мысалында компьютерлердің
рӛліне маңызды назар аударылды. Осы уақыттан бастап, бұл тақырып бойынша
басылымдар саны үздіксіз арта түсті.
В.А.Изовчиков компьютерлік модельдерді пайдалану мынадай тиімді
нәтиже береді деп кӛрсетті[76]:
- сабақ барысында шешілетін есептер санын арттыруға болады, есепті
шынайы шарттармен, яғни, техникадан алынған параметрлермен шешуге
мүмкіндік туады;
- физикалық экспериментті жобалау мүмкіндігі ашылады; мәліметтерді
ӛңдеуде уақыт ұтымды пайдаланылады; ӛлшемдердің саны артып отырады; әр-
түрлі мәселелерде тапсырмаларды орындауға мүмкіндік ашылады;
- ӛзіндік кӛтеріңкі кӛңіл күй байқалады; білімгерлердің шаршауы
тӛмендеп, эмоциялық жағымды кӛңіл күй пайда болады; шапшаңдылық
артады; материалдың физикалық мәні оңай меңгеріледі.
Физика сабағында компьютер бағдарламаларын қолдану мәселелеріне
Н.В. Разумовскийдің[77] мақалалары арналған. Автордың айтуынша,
компьютер табиғи құбылыстар мен үдерістерді модельдеу, механизмдер мен
машиналардың жұмысын қайталау кезінде оқытушының тәуелсіз кӛмекшісі
болады. Сонымен қатар, автор табиғи құбылыстардың бай әлемін
компьютердің «экрандық әлемімен» ауыстырудың қауіптілігін ескертеді.
Компьютерді физиканы оқыту үрдісіне қолдану мәселесіне арналған
ғылыми-зерттеу жұмыстарды талдай келе, оны пайдаланудың бағыттарын
анықтап кӛрсетейік(8-сурет).
Сурет 8 - Компьютерді физиканы оқыту үрдісіне
қолдану бағыттары
Оқытуда компьютерді
пайдаланудың
бағыттары
Оқыту үрдісін
басқаруда компьютер
құралдарын
пайдалану
Мұғалім
еңбегін
ұйымдастыруда компьютер
құралдарын пайдалану
Физика сабағында
есептеулерді
автоматтандыруда
Лабораториялық
қондырғылармен
жұмысты
басқаруда
Лабораториялық
жұмыстардың
нәтижелерін ӛңдеуде
Физикадан алған
білімдер мен
іскерліктерді
тексеру
Компьютерлік құралдарды
физикалық
құбылыстарды
модельдеуде қолдану
Компьютерлік
құралдарды бейнені
кӛрсетуде қолдану