30
ақпараттандыру құралдарын тәжірибелік қолдану стратегиясын үйрету туралы
білімдерді қалыптастыру;
- ақпараттық құралдардың кӛмегімен болашақ физика мұғалімдерінің
физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды меңгеруіне кӛмек жасау,
шығармашылық қабілеттерін, креативті ойлауын дамыту[67].
1.1 тақырыпты қорытындылай келе мынадай тұжырым жасауға болады:
- қоғамның дамуы үшін ақпараттық технологиялар маңызды және ерекше
қасиеттерге ие болып табылады;
- білімді ақпараттандыру салдарынан іске асатын әрекеттердің қажеттісі –
қоғамды ақпараттандыру шартында білім алушыларды дамыту міндеттеріне
сәйкес оқыту, оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әдістеріне: интернет,
электрондық
оқулықтар,
мультимедиялық
ӛнімдер,
бейнесюжеттер,
бейнефильмдер, интерактивтік технологиялар, электрондық форумдар, ISQ,
Skype, online т.б жатады;
Енді біз жоғары оқу орындарында физиканы оқытудың барлық
формаларында білімді ақпараттандырудың маңызы мен мәніне толығырақ
тоқталамыз.
1.2 Физиканы оқытуда білімді ақпараттандырудың маңызы мен мәні
Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан қарқынды ӛзгерістер - бұл білім
саласындағы жоғары оқу орындары үшінде, соның ішінде болашақ мұғалімдер
үшінде ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: ―XXI ғасырда нені оқыту
керек?‖ және ‖Болашақ мұғалімдерді XXI ғасырға қалай дайындайды?‖.
Еуропалық білім беру жүйесінің негізгі бӛлігін құрайтын кредиттік білім беру
жүйесі Қазақстандық жоғары оқу орындарының да оқу бағдарламаларына
қазіргі уақытта белсенді енгізілді. Негізгі мақсат дамыған елдермен
бәсекелестікке қабілетті, қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі
жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім-тәрбие алған, білімі мен біліктерін ӛмірде
пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, шығармашылығы қалыптасқан жеке
тұлғаны жасау мәселесі болып табылады. Аталған мәселені шешуде білімді
ақпараттандырудың маңызды екендігіне бірінші тақырыпта тоқталған
болатынбыз.
Білімді ақпараттандыру ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалануға
негізделеді.
Ақпараттық-коммуникациялық
технолгиялар
физиканы оқытудың аса тиімді құралы болып табылады. Себебі, оны физика
саласында кеңінен қолдануға болады. Мысалы: компьютерді және онымен
байланысты болған басқада құрылғылар, құралдар мен бағдарламаларды
физикалық құбылыстарды модельдеуде, лабораториялық жұмыстар мен есептер
шығаруда,
лабораториялық
қондырғылармен
жұмысты
басқаруда,
бағдарламалы оқыту мен білімді тексеруде қолдануға болады.
Демек, жоғары оқу орындарында физиканы оқытуда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану қазіргі білім беру жүйесінің
негізгі стратегиялық мақсаттарына жетуде маңызды қызмет атқарады.
31
Қазіргі таңда кез-келген жоғары оқу орнында оқытушы ақпараттық және
телекоммуникациялық технологиялардың алуан түрлі құралдарын оқу үдерісіне
енгізуге мүмкіндігі бар. Оларға ақпараттар банкі, интернеттен алынған
ақпараттар, кӛптеген электрондық оқыту құралдары, сӛздіктер мен
анықтамалар, дидактикалық материалдар, презентациялар, білім бақылауға
арналған автоматтандырылған бағдарламалар (MS Excel, MS PowerPoint және
т.б. бағдарамалау тілдерінде жасалған тесттер, бақылаулар), тілдесу форумдары
және т.б. жатады. Осыған байланысты білім мазмұны ӛзгереді және байланыс
жасау қарқынды ақпарат алмасуға мүмкіндік береді [68].
Білім беру жүйесінде қазіргі заманауи білім беру технологияларын әртүрлі
салалар бойынша қолданатын, білімді, қабілетті мамандарға деген сұраныстар
кӛбеюде. Оларды қазіргі заманауи білім беру мен ақпараттық технологияларды
меңгеру, оларды кәсіптік деңгейде даярлау, сонымен қатар осы сала бойынша
білімділігі мен қабілеттілігі қазіргі заман талаптарына сай болуы болашақ
физика мұғалімдерінің кәсіби даярлығы үшін ӛте маңызды мәселе болып,
үлкен ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарды жүргізуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында келтірілгендей бiлiм
беру жүйесiнiң басты мiндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар
жасау [69].
Бүгінгі таңда ақпараттық технологияларды физиканы оқу үдерісінде
қолдану, болашақ мұғалімдерге шексіз кӛлемде оқу ақпаратын игеруге, яғни
әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне қосылуды қамтамасыз етеді.
Жоғары кәсіби білім беруде компьютерлік модельдер, электрондық
оқулық, мультимедиалық, Интернет т.б. жаңа ақпараттық технологияларды
қолданудың дидактикасы мен технологиясы кеңінен қолданылып келе жатқаны
кӛптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылғаны мәлім. Кӛптеген
ғалымдар білімді ақпараттандыру сӛзін, компьютрлендіру сӛзімен синоним
ретінде қолданады. Себебі, білім беру саласын ақпараттандыруда «компьютер»
басты қажеттілік деп санайды.
Қазіргі уақытта оқу орындарында құрал-жабдықтар қатарынан зиянды
әсері бар, құрамында сынабы бар аспаптар алынып тасталды; сонымен қатар
электрондық сәуле шоғырының қасиетін кӛрсетуге арналған катодтық
түтікшелер де лабораторияларға шығарылмайды; қуатты рентген түтігін
қолдануда шектелінген. Осы және тағы басқа жайттар оқытуда қиындықтарды
арттыра түседі. Физикалық құбылысты кӛзбен кӛріп бақылауды еш нәрсе
алмастыра алмайтыны мәлім. Материалды тек сӛзбен баяндағанда
білімгерлерде зерттелініп отырған құбылыс туралы айқын түсінік қалыптаса
бермейді. Бақылау мен тәжірибенің тек әңгімеге айналуы белсенді ойлау
әрекетін тӛмендетеді. Кӛзбен кӛрген бейнелер ғана құбылыстың заңдылығын ӛз
бетінше зерделеуге негіз болады.
Оқыту құралы ретінде компьютерлер – қолданыстағы шынайы
кӛрнекіліктің дамуына жол ашады. Компьютерлер оқыту кӛрнекілігінің
Достарыңызбен бөлісу: |