Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет2/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65

 

АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  терминдерге  сәйкес  анықтамалар 
кӛрсетілген: 
Білімді    ақпараттандыру  -  бұл  оқытуды  ғана  ақпараттандыру  емес, 
білімді  ақпараттандыру  -  бұл  оқу  қызметін,  оқу  нәтижелерін  бақылау  мен 
ӛлшеуді,  оқудан  тыс  қызмет  пен  тәрбиелеу  үдерістерін,  ғылыми  зерттеу 
қызметін және ғылыми әдістемелік қызметті, сол сияқты ұйымдастыру-басқару 
қызметін ақпараттандыру. 
Әдістемелік  жҥйе  –  бір-бірімен  ӛзара  байланысқан  компоненттерден 
тұратын дидактикалық құрылым. 
Дидактикалық  жҥйе  -  оқыту  мақсатына  жету  жолында  қолданылатын 
бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығы. 
Мемлекеттік    жоғары    кәсіби    білім    беру  стандарты  –  жоғары  білім 
беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының 
кӛлемін анықтайтын құжат. 
Креативтілік  –  бұл  жаңа  тұғырлар  және  жаңа  ӛнімдерге  қажеттіліктерге 
дұрыс бағытталуға қабілеттілік.  
Креативті  ойлау  –  бұл  ерекше  идеяларды  тудыруға,  ойлаудың  дәстүрлік 
сызбасынан  ауытқуға,  мәселелік  жағдайларды  тез  шешуге  қабілеттілік; 
креативті шығармашылыққа қабілеттің дамуы үшін қажетті ойлаушылық және 
тұлғалық қасиеттердің жиынтығы.  
Шығармашылық  сана  мен  мінез-құлықтағы  субъектіні  қайта  жасау, 
олармен  туылатын  және  одан  ӛнім  шығаруы  мүмкін  жаңаны  тудыруды 
білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 

КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің кӛкейкестілігі 
Қазіргі  әлемде  болып  жатқан  қарқынды  ӛзгерістер,  жаһандану, 
демографиялық  ӛзгерістер,  орнықты  даму,  тыныштық  пен  қауіпсіздік, 
технологиялар  әлемдік  білім  беру  жүйесін  заман  талабына  сай  қайта  қарау 
қажеттігін  паш  етті.    Білім  беру  саласында  жасалынған  бүкіләлемдік  бітімнің 
мәні білім алушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды 
екендігімен айқындалады.   
Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  (ЭЫДҰ)  жүргізген 
инновациялық  ортаның  салыстырмалы  талдауының  қорытындысы  бойынша, 
мұғалімдерде  кӛптеген  оқыту  стратегиялары,  түрлі  педагогикалық  тәсілдерді 
қолдану  мүмкіндіктері,  нақты  әдістер  мен  стратегияларды  қалай  және  қай 
жағдайда  қолдану  қажеттігі  туралы  білімнің  болуын  талап  етеді.  Сонымен 
қатар, мұғалімдер білім алушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, 
жалпы  алғанда  оның  оқуын  даралау,  бойындағы  метасананы  –  қалай  оқу 
керектігін  үйренуді  қалыптастыруға  мән  беріп,  оны  тұлға  ретінде  дамытуда 
икемділік танытулары қажет [1,2].  
Қaзaқcтaн Pecпубликacының Пpeзидeнтi Н.Ә.Нaзapбaeвтың 2014 жылғы 17 
қаңтардaғы «Қaзaқcтaн жолы - 2050» cтpaтeгияcы [3]: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» aтты Қaзaқcтaн xaлқынa Жoлдaуындa aйтылғaн нeгiзгi мәceлeлepдiң 
бipi  –  білім  алушыларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелерін 
білікті  мамандар  ұсынудың  маңыздылығы  болып  табылады.  Сонымен  қатар 
Жолдауда,  білім  алушыларды  оқыту  нәтижесі  ретінде  -  олардың  сындарлы 
ойлауы, ӛзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі айтылған 
болатын. 
Қоғамның  сұранысына  сай  осы  талаптарды  орындай  алатын  болашақ 
мұғалімдерді  даярлау  ӛзекті  іс  болып  отыр.  Сондықтан  қазіргі  күнге  дейін 
жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  жаңа  әдістері  мен  тәсілдері,  оқыту 
құралдары,  оқытудың  жаңа  технологиялары  зерттеліп  келеді.  Ӛзгермелі 
қоғамда  білім  беру  саласындағы  жетістіктер  –  ақпараттандыру  бағытының 
дамуымен ұштасады.  
Қазіргі кезде қоғамды ақпараттандыру кез келген салада, солардың ішінде 
білім  беру  саласында  да  ерекше  мәнге  ие.  Ақпараттық  технологиялардың 
қарқынды  даму  кезеңінде  орта  білім  беретін  оқу  орындарының  оқу  үрдісінің 
тиімділігі  болашақ  мұғалімнің  кәсіби  дайындығына  тікелей  қатысты. 
Сондықтан да болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орындарында оқу 
үрдісін  ақпараттандыру  маңызды  болып  табылады.  Ӛзгермелі  қоғамда  түрлі 
жағдайларда  ӛздігінен  шешім  қабылдауға  мүмкіндігі  жеткілікті,  мәселені 
жылдам  шешу  жолын  таба  білетін,  дамыған  қоғамның  талаптарын  орындауда  
кездескен  қиыншылықтарды  жеңіл  шеше  алатын  креативті  тұлға 
қалыптастыруда білімді ақпараттандыру ерекше орын алады.  
Білімді  ақпараттандыру  үрдісі,  оның  негізгі  бағыттары,  ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалану 
жағдайында 
болашақ 
мұғалімдерді 
 
даярлдаудың 
мазмұнын, 
мақсатын, 
ұстанымдарын, 


 

педагогикалық  негіздерін  және  білім  беру  сапасын  арттыруда  бағалау 
ынталарының  жүйесін  дамытуды  бірнеше  шетелдік  және  отандық  ғалымдар 
С.Ангелл, К. Хенриксен [4], П.Клейн, С.Гребер, А. Мюллер [5], Ж.А.Қараев [6], 
Г.Қ.Нұрғалиева,  Е.Ы.Бидайбеков  [7],  Т.О.Балықбаев,  С.М.Кеңесбаев  [8], 
М.Қ.Қаламқалиев [9], К.М.Беркимбаев [10], А.Е.Сағымбаева [11], Б.Д.Сыдықов 
[12] және т.б. қарастырған.  
Физика  курсы  әрқашан  ӛте  күрделі,  қабылдауы  оңай  емес  біршама 
ұғымдардан тұратындығы белгілі. Ғылым дамуының жылдам қарқыны мұндай 
ұғымдардың,  айғақтардың,  идеялар  мен  заңдылықтардың    ұлғаюына  әкеледі. 
Мектеп  оқушыларымен  қатар  жоғары  оқу  орнының  студенттері    үшінде 
ғылыми-зерттеу  орталықтары  мен  ӛндірісте  қолданылатын  қондырғыларда 
орын  алатын  аса  күрделі  құбылыстарды  елестетіп,  олардың  жұмыс  істеу 
принциптерін  түсіндіру  кӛптеген  қиындықтарды  туғызады.  Осындай 
қиындықтардан шығуда ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. 
Физика  пәні  техникада,  қоғамды  компьютерлендіруде,  ӛндірісті 
автоматтандыруда  маңызды  ғылым  болғандықтан  жастарды  тәрбиелеуде, 
қабілеттерін дамытуда алатын орны ерекше. Қоғамның дамуымен пайда болған 
жаңа  физикалық  ұғымдар  білім  алушының  қабылдауына  еніп,  оларды 
шығармашылық  қолданып  және  ӛзінің  практикалық  қызметінде  жетістіктерге 
жетуі үшін физиканы оқыту әдістемесін үздіксіз дамытып отыруды қажет етеді.  
Қазіргі  таңда  физиканың  оқыту  әдістемесін  дамыту  мақсатында  білімді 
ақпараттандыру  жағдайына  баса  назар  аударыла  бастады.  Шетелдік  және 
отандық  ғалымдардан,  Х.Ж.Бекер  физиканы  оқыту  барысында  компьютерді 
қолданудың  тәртібі  мен  ерекшелігін  [13],  А.Л.Рудольф,  Б.Леймен,  М.Жойс, 
Х.Вигноллес  физикалық  сабақтарда  ақпараттық  технологиялар  кӛмегімен 
интербелсенді оқыту мәселелерін [14], Г. Бриссенден физикалық құбылыстарды 
түсіндіруде  интерактивті  әдістердің  маңызын  [15],  Б.Гюнеш,  У.Канлы 
физикалық  лабораториялық  жұмыстарды  орындауда  3Е,5Е,7Е  модельдеріне 
ақпараттық  технологияларды  қолдануды[16],  елімізде  алғаш  рет  болашақ 
физика  мұғалімдерін  даярлауда  университеттік  білімнің  іргелілігін  зерттеген 
отандық  ғалым  М.С.  Молдабекова  ӛз  еңбектерінде  болашақ  мұғалімдерді 
даярлауда 
метрология 
бойынша 
лабораториялық 
практикумның 
маңыздылығын,  жылу  құбылыстарын,  жылу  алмасынудың  кейбір  мәселелерін 
ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  оқыту  әдістемесін  [17,18],        
У.К.  Тоқбергенова  оқыту  нәтижелерін  құзіреттер  контекстінде  анықтаудың 
ерекшеліктерін,  физика  пәнін  оқытуда  оқушылардың  түйінді  құзіреттерін 
қалыптастырудың  құралы  ретінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалануды 
және  оның  тиімділігін  [19],  К.Н.Жумадиллаев  физикалық  тәжірибелерді 
виртуальды  компьютерлік  модельдеуді  [20],  В.Н.Косов,  С.А.Красиков  физика 
курсында  классикалық  тәжірибелерді  статикалық  компьютерлік  модельдеуді 
[21],          Г.Б.Алимбекова  физикадағы  ұғымдар  жүйесін  ақпараттық  технология 
жетістіктері  арқылы  қалыптастыруды  [22],  Н.Н.  Керімбаев  физика  саласында 
білім  беруді  ақпараттандыруды  дамытудың  негіздерін  [23],  С.Е.  Алдешов 
физиканы  оқытуда  компьютер  бағдарламаларын  қолдану  жағдайында 
ақпараттық-логикалық модельдеудің әдістемесін [24] зерттеді.       


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау