Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет16/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65

 
36 
Келешекте  виртуальдық  зертханалық  кешендерді  болашақ  мұғалімдер 
дайындайтын  тек  қана  дәстүрлі  күндізгі  немесе  сырттай  бӛлімде  оқитын  
студенттер үшін ғана емес, қазіргі уақытта қолданылып жүрген  қашықтан және 
кредиттік жүйе бойынша оқытудың түрлерінде де  қолдануға болады.  
Виртуальдық  зертханалық  кешендер  -  жаңа  дәуірдің  оқу-әдістемелік  
кешені.  Сондықтан  педагогтың    әрекетінде  ВЗК-ны  тиімді  пайдаланып 
студенттерге білім беру міндеті тұр. 
Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университетінде  болашақ 
физик мұғалімдерге білім беруде практикалық және зертханалық жұмыстарды 
орындауда  виртуальдық  зертханалық  кешендер  «Механика»  курсынан  
«Основы  механики»,  «Молекулалық  физика  және  термодинамика»  бӛліміне 
арналған  «Thermodinamica»,  «Жалпы  физика»  тараулары  бойынша  «Открытая 
физика»,  компьютерлік  модельдеуге  негізделген  «Electronics  Workbench» 
қолданбалы  бағдарламалары      қолданылып  келеді.  Бұл  кешендер  арқылы  кез 
келген сандық-құрылымдық параметрлерін ӛзгерте отырып ӛлшеу жұмыстарын 
атқаруға,  графиктері  мен  схемаларды  құрастыруға,  талдау  жасауға, 
осциллограммаларын  алуға,  кӛруге  болады.    Оларды  студенттер  қолданып, 
ӛздерінің физикалық білімдерін терең меңгеруде жүзеге асыруда.  
5.  Компьютерлік оқыту ойындары. Бұл студенттерге ойын түрінде білімді 
меңгеруге мүмкіндік беретін бағдарлама. 
Қ.A.Яcaуи  aтындaғы  Xaлықapaлық  қaзaқ-түpiк  унивepcитeтi  Ceнaтының 
шeшiмi бойынша 2004 жылдан бастап aлғaшқылapдың бipi бoлып Бoлoн үдepici 
шeңбepiндe  кpeдиттiк  oқыту  жүйeciнe  бaкaлaвpиaттың  15  мaмaндығы  жәнe 
мaгиcтpaтуpaның  бapлық  мaмaндықтapы  ӛттi.  Қaзipгi  кeздe  унивepcитeттeгi 
бapлық  мaмaндықтapдa  күндiзгi,  cыpтaй  жәнe  қaшықтықтaн  oқыту  түpлepi 
бoйыншa  кpeдиттiк  жүйe  бoйыншa  бiлiм  бepудe.  Солардың  бірі  ретінде 
кредиттік  оқыту  жүйесінде  болашақ  физика  мұғалімдері  5В011000-физика 
мамандығы  бойынша  дайындалады.  Физиканы  оқытудың  формаларын  (10-
сурет)  және  оларды  жүргізудегі  ақпараттық  –  технологияларды  қолданудың 
тиімділігін қарастырайық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
Сурет 10 - Жоғары оқу орындарында физиканы оқытудың формалары 
 
    
       ФИЗИКА 
 
Дәріс 
 
Семинар, практика 
 
Лаборатория 
 
Ғылыми – зерттеу жұмыстары 
 
СӚЖ, СОӚЖ 
 
Педагогикалық практика
 


 
37 
Жоғары оқу орындарында жаңа материалды түсіндіруде оқытудың негізгі 
формасы  лекция  болып  келе  жатқаны  мәлім.  Лекцияның  ғылыми  мазмұны 
терең  болады,  логикалық  жүйелілігі  жоғары,  түсіндіру  ұзақтығы  артық, 
баяндауы  жылдам  болады.  Бұл  тәсіл,  студенттің  дайындығы  жоғары  болған 
жағдайларда  жақсы  нәтиже  береді.  Лекцияда  студенттердің  белсенділігін 
кӛтеру қиын, тек бірыңғай тыңдау оларды жалықтырады. Оған оқытушы күшті 
дайындалуы  керек,  оны  ірі  ғалым  -  мамандардың  оқығаны  жӛн,  оны 
проблемалық  формада  құра  білу  тиімді,  оның  кӛрнекілік  жағы  да  тартымды 
болуы  тиіс.  Бұл  үшін  ақпараттық  технологиялар  кӛмегімен  (кинолекция, 
телевизиялық  лекциялар,  анимациялар,  тірек-сызба,  графиктер  т.б)  лекция 
түрінде ӛткізу маңызды болады[79].  
Лекцияның мынадай сипаттағы түрлерін қарастырайық:  
-  дидактикалық  мақсаттарына  қарай  лекцияның  мынадай  түрлерін  бӛліп 
қарастыруға  болады:  кіріспелік,  нұсқаушылық,  ақпараттық,  жалпылама,  шолу, 
шолу-қайталау, қорытындылау. 
-  ұйымдастырушылық  формаларына  қарай:  бинарлық,  лекция-  дискуссия, 
лекция – конференция. 
-   логикалық баяндау бойынша: проблемалық, лекция – дискуссия, лекция 
– кеңестік, алдын ала қателіктер жоспарланған лекция. 
-    оқу  материалының  кӛрнекіліктеріне  қарай:  видео-лекция,  лекция-
презентация, лекция – анимация т.б.   
Лекцияда  студенттерге  кӛрнекілік  ретінде  кӛбінесе  ақпараттық-
коммуникациялық  құралдар  қолданылады.  Ақпараттық  –  коммуникациялық 
құралдардың  кейбір  типтері  жаңа  материалды  баяндау  үшін  кӛмекші  есебінде 
қолданса,  ал  енді  кейбір  типтері,  оның  кӛмегінсіз  оқытушы  алып  шығуы, 
түсіндірілуі қиын болған жаңа материалды баяндаудың негізі болады.  
Біздің  зерттеу  жұмысымыздың  мақсаты  ақпараттық  технологияларды 
қолдану арқылы физиканы оқытуда лекция сабақтарының (11-сурет) тиімділігін 
арттырудың  әдістемесін  жасау  және  теориялық  тұрғыдан  негіздеу  болып 
табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 11 - Физика бойынша лекцияның тиімділік белгілері  
Лекция 
сабағының 
тиімділік 
белгілері 
студенттің лекцияның 
материялын игеріп алу 
деңгейі 
студенттің лекцияға 
зейінінің деңгейі
 
лекциядан кейінгі 
студенттердің оқу-
танымдық 
белсенділігінің деңгейі 
лекциядан студенттің 
және оқытушының 
қанағаттанушылық 
деңгейі 


 
38 
 
Лекция сабақтарының тиімділігін арттыруда ақпараттық технологияларды 
қолдану мынадай қағидаларды қанағаттандыруы қажет: 
-   эргономикалық  қағида  бойынша,  лекция  сабағын  жүргізуде  ақпараттық 
технологияларды  құру  және  қолдану  шарттары:  адамның  эмоциялық  күйіне 
түстің  әсері,  экрандағы  кіші  символдардың  болмауы,  мәтіндермен 
формулалардың реттілігі, қажетті негізгі мәтіндердің ерекшеленіп берілуі т.б. 
-  динамикалық  қағида,  (Джон  Р.,  Андерсон  А.,  Крылов  А.,  Маклаков  А) 
студенттерге  кӛрсетілінетін  кез  келген  ақпарат  кейбір  ӛзгерістерді,  қимылды 
қажет  етеді.  Қимылсыз,  еш  ӛзгеріссіз  ұсынылған  ақпарат  бірнеше  секундтан 
кейін-ақ зейіннің әлсіруін туғызады[80]. 
-  зейінді 
белсендендіру 
қағидасы, 
лекцияда 
берілетін 
ақпарат 
аудиторияның зейінділік деңгейіне сай ӛзгертілініп отыруы қажет.  
 Лекция  сабағында  оқу  материалын  ұсыну  әдісін  таңдау,  лекцияның 
мақсаты  мен  мазмұны  арқылы  анықталады.  Компьютерлік  графика  жаңа 
кӛрнекілік қабілеттерге ие. Физика әсіресе, оптиканы оқытуда лекция сабағын 
компьютер арқылы жүргізудің мынадай ӛлшемдері бар: 
- жылдамдылық,  тез  ӛтіп  кететін  құбылыстар  (жарық  жылдамдығымен 
байланысты  болған  құбылыстар,  күн,  ай  тұтылу)  немесе  ұзақ  уақыттылық 
(радиоактивті  ыдырау)  табиғи  демонстрациялық  физикалық  құбылыстарды 
лекцияда кӛрсету; 
- лекциялық  аудиторияда  демонстрация  үшін  сәйкессіздік  кеңістік 
масштабты құбылыстар (космостық физика, элементар бӛлшектер физикасы); 
- бақылауға 
мүмкіншілік 
болмайтын 
физикалық 
құбылыстар 
(микробӛлшектердің туннелденуі); 
- техникалық  –  экономикалық  тұрғыдан  компьютерлік  демонцтрацияның 
қол  жетімділігі  (аса  тӛмен  және  аса  жоғары  температуралар,  аса  жоғары 
магниттік ӛріс). 
Демек,  физиканы  оқытуда  лекция  сабақтарының  тиімділігін  арттыру 
болашақ  физика  мұғалімдерінің  шығармашылығын  қалыптастыруда  маңызды 
рӛл атқарады.  
Семинар  –  лекция  сабақтарында  алған  жаңа  материалдық  білімдерді 
бекіту,  жетілдіру  міндеттерін  атқарады.  Семинарда  білім  кӛзі  –  әр  түрлі 
физикалық  есептер  мен  қойылған  мәселелерді  шешу  барысында  пікір  сайсқа 
қатысқан,  рефераттарды  талдауға  қатысқан,  қолдан  кӛрнекіліктер  және 
приборлар  жасаған  студенттер  болып  табылады.  Семинар  -  студенттердің 
іскерлігі  мен  дағдыларын,  шығармашылығын  қалыптастыру  мақсатында 
жүргізіледі.  Оқу  сабақтарын  ұйымдастырудың  бұл  формасында  әртүрлі 
практикалық жаттығулар, есеп шығару жұмыстары орындалады. 
Физикалық  есептерді  шығару  -  физика  сабақтарының  түгелдей  барлық 
түрлері  мен  кезеңдеріне  және  аудиториядан  тыс  жұмыстарында  орындалады. 
Есеп шығару физиканы оқыту үрдісінің ұдайы бӛлінбес құрамды бӛлігі болып 
саналады,  есеп  шығару,  физиканы  оқытудың  әдістері,  тәсілдері,  амалдары 
ретінде әр жақты мағынада қолданылады.  
Физикалық есептерді шығарудың маңыздылығы:  


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау