22
шексіз кӛлемде оқу ақпаратын игеруге, яғни әлемдік ақпараттық-
коммуникациялық білім беру кеңістігіне қосылуды қамтамасыз етеді.
Сондықтан, білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында физикалық кәсіби
білім негіздерін меңгерген маман тұлғасын қалыптастыруда, олардың
креативтілігін қалыптастыруда, болашақ физика мамандарының жеке пәндер
бойынша шығармашылық қабілеттерін арттыруда, ӛз бетінше практикалық
және лабораториялық, эксперименттік жұмыстарды орындай алу қабілеттерін
арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға
негізделген оқу-әдістемелік және виртуалдық зертханалық кешендерді
жетілдіру, оны жасаудың мәселелеріне кӛңіл аударған жӛн.
Физика – табиғаттағы ӛзгерістерді зерттейтін ғылым. Жоғары оқу
орындарында физика бойынша оқытылатын оқу материалының кӛлемі жыл
ӛткен сайын кӛбейіп, артып келеді. Бұл жағдай оқу материалдарын қандай
дидактикалық қағидалар (оңайдан қиын материалға кӛшіп отыру, теориялық
талдау, ӛмірмен байланыстыру, эксперименттік дәлелдеу қағидасында)
негізінде баяндауды таңдап алу ісін қиындатуда. Физика құбылыстары мен
заңдылықтарын студенттерге түсіндірудің бір қиыншылығы - олардың кӛбінің
кӛзге кӛрінбейтін, қолмен сезінуге болмайтын құбылыстар екендігінде. Кейбір
орта және жоғарғы оқу орындарында оларды эксперименттік тұрғыда сабақта
түсіндіруге де қажетті демонстрациялық не лабораториялық приборлардың
жетіспеушілігі әрі жасау да оңай емес.
Ақпараттық технологиялардың жедел дамуымен жоғары оқу орындарында
физиканы оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында зертханалық сабақтар
жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталуда. Бұл жаңа құрал-жабдықтар болашақ
физика мамандары үшін ӛзінің кәсіби қызметінде қажетті білімдер мен
дағдыларды меңгеруінде аса маңызды орын алып жатыр. Сонымен қатар, оқу
материалдарын кӛрнекілендіру, математикалық ақпарат пен физикалық
құбылыстарды меңгеру дағдыларын қалыптастыру, физика заңдарын ӛздігінен
тексеру, жоғары оқу орны және мектеп зертханасын автоматтандыру, оны
нағыз ғылыми-зерттеу жұмыстарына жақындату сияқты жетістіктерде жаңа
ақпараттық технологияның (6-сурет) орны ерекше.
Сурет 6 - Компьютердің кӛмегімен орындалатын зертханалық жұмыстар
Физиканы оқытудың кез-келген формасында ақпараттық технологияларды,
яғни, компьютерлерді және бағдарламалық құралдарды әр-түрлі мақсатта
пайдаланады (7-сурет).
23
Сурет 7 - Компьютерлік бағдарламалық құралдарды пайдалану мақсаттары
мен түрлері
ЖОО дарында физиканы оқыту барысында ақпараттық технологияларды
қолдануды зерттеген бірнеше орыс ғалымдарын атап кӛрсетуге болады.
Физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесімен:
-
физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың ғылыми-
әдістемелік негіздері (Э.В. Бурсиан, Е.И. Бутиков, И.Б. Горбунова,
Л. В. Жуков, В.А. Извозчиков, A.C. Кондратьев, А.В. Ляпцев, Г.Г. Матаев,
А.И. Ходанович, A.C. Чирцов);
- физиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
әдістемесінің мәселелері Л.И. Анциферова, A.C. Кондратьева, В.В. Лаптева,
A.B. Смирнова, А.И. Ходановича және т.б еңбектерінде орын алған;
- жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияларды қолдану
мәселелерімен Е.В. Демин, Л.С. Коновалец, A.A. Лактионов, Л.В. Миронова
және т.б ғалымдар айналысқан;
- әр-түрлі нақты ақпараттық технологияларды физиканы оқытуда қолдану
П.В. Абросимова, A.A. Ездова, Ю.Б. Икрениковой, В.В. Клевицкого,
С.Л. Светлицкого, Л.Х. Умаровой, A.B. Эльцов және т.б ғалымдардың
еңбектерінде кездеседі.
Физикалық білім беруді ақпараттандыру тәжірибе мен теорияда кең
зерттеулердің басты мәселесіне айналды. Физика сабағында компьютерлерді
пайдалану
мәселесінің
әдістемелік
негіздеріне
Л.И.Анциферов,
Г.А.Бордовский,
В.А.Извозчиков,
A.C.Кондратьев,
В.А.Лаптев
және
т.б.ғалымдардың жұмыстары арналды.
Аталған авторлардың жұмыстарында физиканы оқыту барысында
компьютерлерді қолданудың тиімді бағыттары оны құрал ретінде пайдалану
болып табылады. Сондықтан, компьютерлік оқыту - физиканы оқыту
әдістемесінің қазіргі маңызды қарқынына айналды. Осылайша жоғары оқу
орындарында компьютерді пайдалану қажеттілігі информатикадан басқа
физика сабақтарында да міндеттеле бастады.
Американдық ғалым Х.Ж. Бекер ӛзінің ғылыми мақалаларында физиканы
оқыту барысында компьютерді қолданудың тәртібін, ерекшелігін қарастырады.
Ол физиканы оқытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданудың
мазмұнын талапқа сай ӛзгертіп отыруды ұсынады. Сонда ғана физикадан білім
Физиканы оқытуда
компьютерді
қолдану мақсаттары
мен түрлері
Кӛрнекілікті арттыру;
Бейнелі қойылым кӛрсету;
Ақпаратты үнемі жаңартып
отыру
Әртүрлі дағдылар мен
іскерліктерді
қалыптастыру мен бекіту
Ақпараттық-іздестіру
жүйелері;
Сараптау жүйелері;
Оқыту бағдарламалары
Компьютерлік
ойындар;
Иммитациялық
модельеу;
Бақылаушы типтегі
оқыту бағдарламалары
Мақсаттары
Түрлері
24
алушылардың сапалық қасиеттерін арттырудың мүмкіншілігі дами түсетіндігін
тұжырымдады[59].
С.Ангелл, О. Гуттерсруд, E.Хенриксен, A.Иснес ӛз еңбектерінде физиканы
оқыту әдістемесін ақпараттық технологиялардың кӛмегімен дамытуды
қарастырады. Олардың негізгі ортақ тұжырымдамасы: «физика күрделі ғылым
болғанымен ӛте қызықты, білім алушылар мен мұғалімдер ӛз мақсаттарына
жету үшін физиканы оқыту әдістемесін заман талабына сай жетілдіріп отыру
қажет, ақпараттық технологияларды уақтылы оқыту үдерісіне енгізіп отыру
қажет» дейді[60].
Сонымен қатар бірнеше шет елдік ғалымдар, П. Клейн, С.Гребер, Ж.Кухн,
A.Мюллер[61] планшетті, компьютерді эксперимент жасау құралы ретінде
пайдаланып, физикалық құбылыстарға видео анализ жасау арқылы студент
қызығушылығын арттыруды, А.Л.Рудольф, Б.Леймин, Е.Празер [62] Физиканы
оқытуда ақпараттық технологиялардың ерекшелігін негіздей келе, физикалық
құбылыстарды түсіндіруде интерактивті әдістердің маңызын кӛрсетті.
Физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесі
бойынша зерттеу жүргізген Ресейлік және отандық ғалымдардың кейбір
пікірлерін қарастырайық.
Физиканы оқытуда компьютерлерді пайдалану мәселесін И.Я.Ланина
студенттердің танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру және дамыту
мәселелерін
зерттеу
барысында
қарастырды[63].
Автор
компьютер
мүмкіндіктерін зерттеу оның қасиеттерін ерекшелеуге және студенттердің
білімі, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастырумен қатар, олардың тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуы үшін компьютердің маңызы туралы қорытынды
жасады.
Кең таралған пікірлердің бірі, компьютермен оқыту барысында
студенттердің ойлау қабілетінің шектеулілігі, яғни сезімдердің болмауына
байланысты Д. Вайценбаумның ойынша, оқытудың сезімділігін жеткіліксіз
бағалау компьютерлерді қолдануға ұласатын теріс әсерлердің бірі болып
табылады[64]. Ғалымның пікірінше, физиканы оқыту әдістемесінде
компьютермен жұмыс істеу маңызды – бұл, студенттердің іс-әрекетке
шығармашылықпен қарауы, ал, компьютердің қызықты идеяларды үнемі
ұсынуы болып табылады.
В.Г. Разумовскийдің[65] ойынша, дайын ережелер негізінде оқыту іс-
әрекетін алгоритмдеуді шектемей, қажетті алгоритмді ӛздігініше құрумен,
интуициямен байланысты студенттің шығармашылық қабілеттерін тежемеу
керек. Компьютердің «экрандық әлемі» табиғи құбылыстардың бай әлемінің
орнын алмауы қажет. Студенттер үшін компьютер - бұл адам қолындағы құрал,
жетік құрал болғанымен, адамның жасаған мүмкіндіктерімен шектелгенгендігін
түсіну керек, ол еңбекті, ӛнімді, шығармашылықты қызықты етеді.
Физиканы
оқытуда
компьютерлерді
пайдалану
студенттердің
бағдарламаларды құрау, гипотезаларды тексеру үшін тапсырмаларды шешуді,
графиктерді құру үшін қосымша ақпаратты алу секілді дербес жұмыстарды
кӛздейді. Барлық жағдайларда компьютер іс-әрекетті ынталандырушы басты
құрал ретінде студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |