Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет9/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65

 
20 
Елімізде  білім  беруді  ақпараттандыру  үрдісі,  оның  негізгі  бағыттары  мен 
болашағы,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалануға 
болашақ  мамандарды  дайындаудың  мақсатын,  мазмұнын,  ұстанымдарын, 
психологиялық-педагогикалық негіздерін бірнеше ғалымдар қарастырған.  
Е.Ы.Бидайбеков  «Ақпараттық  технология  дегеніміз  –  технологиялық 
тізбекке  біріктірілген,  ақпараттық  ресурстарды  қолдану  арқылы  ақпаратты 
жинау,  сақтау,  ӛңдеу,  шығару  және  тарату  әрекеттерін  қамтамасыз  ететін 
ӛндірістік  және  бағдарламалық  -  техникалық  құрылғылар  мен  әдістер 
жиынтығы» деп ой тұжырымдады[57]. 
Сонымен бірге, Е.Ы.Бидайбеков ӛзінің «білімді ақпараттандыру саласында 
қолданылып  жүрген  терминдерді  жүйелеп,  нақтылау  керек»  атты  сұхбатында 
білімді  ақпараттандыру  -  бұл  оқытуды  ғана  ақпараттандыру  емес,  білімді 
ақпараттандыру  -  бұл  оқу  қызметін,  оқу  нәтижелерін  бақылау  мен  ӛлшеуді, 
оқудан  тыс  қызмет пен  тәрбиелеу  үдерістерін,  ғылыми  зерттеу  қызметін және 
ғылыми  әдістемелік  қызметті,  сол  сияқты  ұйымдастыру-басқару  қызметін 
ақпараттандыру деген болатын[58].  
Белгілі  ғалым  С.М.Кеңесбаев  «Білім  берудi  ақпараттандыру  –  бiлiм  беру 
саласының  теориясы  мен  практикасына  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны  жан-жақты  пайдалану  және  оқыту  мен  тәрбиелеудiң 
психологиялық  -  педагогикалық  мақсаттарын  жүзеге  асыратындай  жағдайда 
оның  мүмкiндiктерiн    қолдану  үрдісі»  деген  тұжырым  жасап,  болашақ 
мұғалімдерді  ақпараттық  технологияларды  пайдалана  білуге  даярлаудың 
педагогикалық негіздерін зерттеді[56]. 
Бүгінде  ақпараттық  технологиялар  Қазақстанда  қоғамның  зияткерлік 
қабілеттерінің үдерісінде, оның білім беру жүйесі мен мәдениетінің дамуында 
орталық  орын  алады.  Барлық  дамыған  және  дамушы  елдерде  компьютерлік 
және  теледидарлық  техника,    оптикалық  дискілер  мен  мультимедиалық 
технологиялардағы  оқу  бағдарламалары  жоғары  оқу  орындарымен  бастауыш 
және орта білім беретін мектептердің әдеттегі оқу құралдарына айналды.   
Қоғам  дамуының  қазіргі  заманғы  кезеңі  үшін  аса  маңызды  ақпараттық 
технологиялардың дамуының мәні  бойынша олардың қолданылуы ӛркениеттің 
жаһандық  дағдарысын  жеңу  қажеттігімен  байланысты  адамзаттың  жаһандық 
мәселелерін  шешуде  үлкен  жәрдем  жасайды.  Себебі,    жаһандық  үдерістерді 
ақпараттық  модельдеу  әдістері,  ғаламдық  ақпараттық  мониторинг  әдістерімен 
үйлесімділікте  қоғам  үшін  қауіп  туындататын,  жоғары  әлеуметтік  және  саяси 
тіке-тірес,  экологиялық  апат,  табиғи  апаттар  мен  ірі  технологиялық  апаттар 
болған аудандарда кӛптеген дағдарыстық жағдайларды болжамдау мүмкіндігін 
қамтамасыз  етеді.  Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерге  жасалған    талдау 
кӛрсеткендей, 
ақпараттық 
технологиялар 
термині 
соңғы 
жылдары 
компьютерлік  технологиялар  терминінің  синонимі  ретінде  танылуда,  себебі, 
компьютерді  қолданумен  байланысады.  Дегенмен,  ақпараттық  технологиялар 
термині  анағұрлым  кең  және  ӛзіне  компьютерлік  технологияларды  қосады. 
Мұндағы  ақпараттық  технологиялар,  қазіргі  заманғы  компьютерлік  және 
желілік  құралдарды  пайдалануға  негізделетін  қазіргі  заманғы  ақпараттық 
технологиялар терминін қалыптастырады.  


 
21 
Жоғарыда  айтылған  білімді  ақпараттандыру  саласындағы  тұжырымдарға 
қорытынды  жасай  келе,  білім  беру  саласындағы  ақпараттық  технологияларды 
қолданудың маңыздылығы мен әдістерін (5-сурет) атап ӛтсек: 
- білім алушы үшін пәндік қиыншылықтар ығыса түседі; 
-  білім  алушы  компьютер  қолданылған  сабақтарға  кӛбірек  қызығып, 
олармен жұмыс істегенде ӛздерін ыңғайлы сезінеді;  
- білім алушылар арасындағы қатынастың сипаты ӛзгереді; 
-  ӛзіндік  жұмыс  жасай  алу  қабілеті  мен  компьютердің  де  мүмкіндіктерін 
дұрыс бағалай алу қабілеті артады
-  компьютерлік  желіде    жұмыс  істегенде  әдептілік,  жауапкершілік 
дағдылары  қалыптасады,  басқа  адамдардың  ұстанымын  ескере  отырып,  ӛз 
мінез-құлқына ие бола алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 5 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әдістері 
 
Енді 
болашақ 
физика 
мұғалімдерін 
даярлаудағы 
білімді 
ақпараттандырудың қазіргі жағдайына тоқталсақ.  
Физиканы  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  ерекше  орын 
алады. Бұл кем дегенде екі факторға байланысты болып табылады: біріншіден, 
ақпараттық  технологиялар  физиканы  оқытудың  іргелі  негізі  ретінде,  қазіргі 
заманғы  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  жетістіктері  (АКТ). 
Екіншіден,  физика  саласы  -  осы  технологиялардың  қолданылуы  ең  дамыған 
аймағы. 
Физикалық 
зерттеулердің 
мазмұны 
толық 
математикалық 
модельдеудің  танымдық  әлеуеті,  табиғат,  техника  және  қоғамның  нақты-
әлемдік құбылыстарды зерттеуі қазіргі заманның негізі болып табылады.  
Қазіргі 
кезде 
физиканы 
оқытуда 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  оқу  үдерісінде  қолдану,  болашақ  физика  мұғалімдеріне 
Ақпараттық-
коммуникациялық 
технологиялардың 
әдістері: 
 
Интернет  –  әлемде  болып 
жатқан  соңғы  жаңалықтар  жайлы 
мәлімет  алудың  тез  және  ең  оңай 
жолы. 
Интернеттің 
кӛмегімен 
аудиторияны  жаңалықтар  ӛзегімен 
қамтамасыз 
етіп, 
студенттерді 
тәжірибелі 
мамандарға 
айналдыруға болады. 
 
 
Бейнесюжеттер 
мен 
бейнефильмдер – кез келген пәннен 
қашықтықтан  білім  беру  үшін  ӛте 
тиімді 
құрал. 
Бейнефильмдер, 
әдетте,  дәстүрлі  лекциялардың 
орнын  басатын  оқу  материалдары 
жиынтығының  бӛліктері  ретінде 
қолданылады. 
 
Интерактивтік 
технологиялар 
– 
оқытудың  әдістері  мен  түрлерінің, 
бағдарламаларының 
интерактивті 
мүмкіндіктері  кері  байланысты  іске 
асыра отырып, оқушының белсенділігін 
арттыруға,  дәстүрлі  оқыту  жүйелерінің 
кӛбінде  орындалмайтын  диалог  пен 
тұрақты  кӛмекті  де  іске  асыруға 
мүмкіндік береді. 
Электрондық 
форумдар 
ICQ, Skype, online 
Мультимедиалық 
ӛнімдер 
бағдарламалық 
жабдықтар 
 
Электрондық  оқулықтар  қай  жастағы 
болмасын 
білім 
алушылардың 
шығармашылықпен  жұмыс  жасауына, 
яғни танымдық белсенділігін арттыруға 
мүмкіндік  береді.  Электрондық  оқу 
құралы – бір пән бойынша ӛзіндік білім 
алуға 
арналған 
ақпараттық, 
графикалық, 
әдістемелік 
және 
бағдарламалық  жабдықтардың  кешенін 
құрайтын 
электрондық 
оқу 
материалдарының 
жиынтығы 
деп
 
түсінеміз. 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау