Қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы



жүктеу 30,93 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі30,93 Kb.
#12532


 

Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 

ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру 

қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша 

жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы 

№ 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 шілдеде № 13922 

болып тіркелді 

 

 

      «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың 



қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-

тармағының  3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 

ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары 

қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары 

бекітілсін. 

      2. «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар 

қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің 

мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 106-

ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5648 болып 

тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымдағы № 84 (1507) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші 

жойылды деп танылсын.  

       3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек 

және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:  

       1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;  

      2) осы бұйрықтың көшірмелерін олар алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа 

және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан 

Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін 

«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық 

мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 

      3) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа 

басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жариялауға жiберудi; 

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 

       5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 

он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында 

көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.  

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін. 




      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі. 



      Қазақстан Республикасының 

      Денсаулық сақтау және  

      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова 

  Қазақстан Республикасы      

 Денсаулық сақтау және әлеуметтік  

 даму министрінің 2016 жылғы    

 10 маусымдағы № 495        

 бұйрығымен бекітілген       



   Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 

ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру 

қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша 

жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары 

      1. Осы Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын 

ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары 

қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары 

азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар 

қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі – ұйымдар) 

қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеудің тәртібі мен шарттарын реттейді. 

      2. Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда 

сол мамандығы бойынша жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сондай-ақ: 

      1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған; 

      2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы 

адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери 

қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес 

Социалистік Республикалар Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен 

бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Кеңес Социалистік 

Республикалар Одағы Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан 

Республикасы мемлекеттік Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау 

қызметінде, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланында, Қазақстан Республикасының 

Ұлттық ұланында және әскери-тергеу органдарында мiндеттi әскери қызметiн өткерген; 

      3) Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 

байланысты демалыстар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген бала күтімі бойынша жалақысы 

сақталмайтын демалыс уақыты; 

      4) егер қызметкер шетелге кетер алдында мамандығы бойынша мемлекеттік мекемеде жұмыс 

істесе және жолға кеткен уақытын есептемегенде, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі 

айдың ішінде мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасса, шетелде жұмыс істеген; 

      5) егер қызметкер курсқа түскенге дейін мемлекеттік мекемеде жұмыс істесе және оны бітірген 

соң мемлекеттік мекемеге қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін 

арттыру курстарында мемлекеттік мекемелер жолдамасымен жұмыстан қол үзіп оқыған; 

       6) жұмыстан заңсыз босатылып, кейіннен жұмысқа қайта орналасқан кезде еріксіз жұмыста 

болмаған;  

      7) 1999 жылғы 1 қыркүйекке дейін мамандығы бойынша интернатурадан және клиникалық 



ординатурадан өткен; 

       8) өзінің еңбек қызметі өткен қызмет саласына қарамастан, бірдей мамандықтар бойынша 

лауазымдарда жұмыс істеген;  

       9) әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және денсаулық сақтау саласында әлеуметтік, 

педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыты 

енеді.  


      3. Осы Қағидаларға сәйкес есептелетін мамандығы бойынша жұмыс өтілі күнтізбелік есептеу 

бойынша есепке алынады. 

      4. Қызметкердің лауазымдық айлықақысы артқан жағдайда, отырып, лауазымдық 

айлықақысын өтілін ескере есептеу ол жоғарылайтын күннен бастап жүзеге асырылады. 

      5. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін және мамандықтардың ұқсастығын құрамын ұйым 

басшысы бекітетін ұйымның еңбек өтілін белгілеу жөніндегі біліктілік (аттестациялық) 

комиссиясы жұмысқа қабылдау кезінде айқындайды. 

      6. Біліктілік (аттестациялық) комиссияның мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы 

шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттаманың түпнұсқасы кадр қызметіне, хаттаманың көшірмесі 

бухгалтерияға беріледі. 

      7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес 

мына құжаттардың кез келгені: 

      1) еңбек кітапшасы; 

      2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты; 

      3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын 

және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер; 

      4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; 

      5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (қызметкердің 

жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (бар болса); 

      6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы 

қорынан үзінді көшірмелер; 

      7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 

мәліметтер; 

      8) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама қызметкердің 

еңбек қызметін растайтын құжаттар болып табылады. 

 

 



 

 

жүктеу 30,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау