Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру


Қызметкерлердің жақсарту бойынша ұсыныстары



жүктеу 9,1 Mb.
бет48/51
Дата22.05.2018
өлшемі9,1 Mb.
#16303
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51

Қызметкерлердің жақсарту бойынша ұсыныстары


Әр бір нақты сектор органдарының ағымдағы жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жөніндегі ашық сұраққа берілген жауаптарда пікірлер мен ұсыныстардың, сонымен қатар ағымдағы жағдай бағаларының кең спектрі алынды. Ұсыныстардың 20%-ға жуығы жал ақыны көбейту, тағы 8% , олар да материалдық ынталандыру – сыйақылар және әлеуметтік пакеттер туралы болды, сонымен қатар қызметкерлерге тұрғын үй беру туралы ұсыныстар да болды. 2,7% ұсыныстар материалды емес мақтау мәселелеріне қатысты болды, 2,5% - погондар мен атақтарды (кеденшілер) қайтаруды жақтайды, яғни жалпы алғанда, қызметкерлерді уәждеу жүйесін жақсартуды ұсынады. Бір сөзбен айтқанда, ұсыныстардың үштен бір бөлігінен астамы уәждік құрауыштарға қатысты, бұл осы тараудың басындағы «уәж» аспектісі бойынша қанағаттанушылықтың төмен бағасымен өзара арақатынастықты орнатады.

12% ұсыныстар бағдарламалық қамтамасыз етуді жақсарту, белгілі бір үдерістерді автоматтандыруды енгізу, компьютерлік паркті ауыстыру, сонымен қатар серверлерді жаңарту туралы болды.Мемлекеттік қызметкерлер тұтынушылар үшін жұмыс сапасы жұмыстың жылдамдылығында екенін өздері де түсінеді, алайда қазіргі уақытта қызмет көрсетудің қажетті жылдамдығы көбінесе компьютерлік парктің ескіруіне, қол жетімділіктің болмуына (<1%), Интернеттің болмауына (1,9%) байланысты қамтамасыз етіле алмайды – ал бұл бүкіл әлем қазір бұлтты технологияларға көшіп жатқан ғасыр. 5,4% ұсыныстар барлық меморгандар үшін клиенттердің бірыңғай базасын құру мәселесіне байланысты берілген. Бұл кеңсешілдікті едәуір азайтып, клиеннттерге қызмет көрсету уақытын қысқартатын еді, жұмыс өнімділігін арттырар еді. Органайзерлерге, материалдық-техникалық базаны жақсартуға, оргтехника-сканерлерге, принтерлерге, көшіргі аппараттарға бірнеше сұраныстар болды (4,7%). Жиынтық түрде осының бәрін техникалық жарақтандыру деп атауға болса, онда бұл ұсыныстар шамамен 25% құрайды. Яғни, қызметкерлердің ширегі жұмысты жақсартуды материалдық-техникалық базаны жақсартумен байланыстырады.

13,3% мәселе адами ресурстарды басқару, атап айтқанда штатты ұлғайту (5,8%) немесе қысқартуға, штатты оңтайландыру және жүктемені қайта бөлуге (1,7%), қызметкерлер құрамын оқыту жүйесін жақсартуға (5,8%) қатысты болды, көптеген мәселелер менеджмент бойынша, дұрыс жалдау (білікті адамдарды қабылдау) туралы қозғалды.

Мәселелердің бір бөлігі ғана (3,9%) жұмысты оңтайландыруға қатысты айтылды, оның ішінде, кеденшілер қызмет куәліктерін беруді жылдамдатуды (1,4%), қағаз жүзіндегі кеңсешілдікті және артық есеп берушілікті (2,5%) азайтуды сұраған, алайда оны нақты қалай істеуге болатыны туралы ұсыныс берілмеген.

Көптеген қызметкерлер (3,5%) ірі қайта ұйымдастыруды ұсынған, негізінен , мұндай ұсыныстар Кедендік қызметке қатысты айтылған: бұл оны МКК-не жатқызуға наразылық білдірушілік, ал қызметкерлер ол құқық қорғау жүйесіне жатқызылуы тиіс деп санайды. Бірнеше мынадай түрдегі пікірлер кездесті: «Ендігі қандай-да бір ұсыныстарды жазу кеш, не болып жатқаны түсініксіз!», «Қалатын жас жігіттерді аяймын». Көптеген пікірлерден осы саладағы соңғы реформалардың ұнамайтынын көруге болады: «Бұрын қалай болды, соның бәрін қайтарыңдар!».

81-кесте. Сектор органдарының ағымдағы жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар үлесі, %



Ұсыныстар

% N=516

Қызметкерлердің түсіндірмелері

Жалақыны көбейту

19,6

Жалақыны көбейту қажет, сонда қызметкерлердің көңіл-күйлері де жақсарады және жорамалданған жемқорлық та болмайды!!! Барлық үстеме жұмыстарға төленсін, тез арада, кәнігі мамандар жеке меншік құрылымдарға қашып кетпей тұрғанда, барлығына жалақыны минимум 2 есе көтеру қажет

Компьютерлерді жаңарту және БЖ-ны жақсарту, үдерістерді автоматтандыру

12,0

Бақылаудың барлық түрлері бойынша бизнес-үдерісті автоматтандыру

Салықтық басқару мақсатында «Қыран» бағдарламасына енуді қамтамасыз ету

ОСДШ бағдарламасында есептеулер қолмен жүргізіледі, бұл көп жұмысты қажет ететін үдеріс, алдымен есептеулерді енгіземіз, содан соң өтініштер журналында оларды өңдейміз.

Кедендік басқаруды автоматтандыру

Тауарларды электрондық декларациялауға көшу


Штатты ұлғайту

5,8




Қызметкерлер құрамын оқыту жүйесін жақсарту

5,8




Барлық меморгандар үшін бірыңғай базаны енгізу

5,4

Уәкілетті органдар арасындағы базаны жетілдіру

Материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту және оргтехникамен, арнайы техникамен қамтамасыз ету

4,7

Клиенттермен жұмыс істеуге арналған корпоративтік телефон желісі

Сыйақы беру жүйесін ойластыру

4,1

Нәтижеге бағытталған жүйені енгізу, қол жеткізген нәтижеге сәйкес еңбекақы төлеу, жұмыс нәтижесі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасы тәрізді көрсеткіштер болуы қажет.

Әлеуметтік пакетті қамтамасыз ету

3,9




Қайта ұйымдастыру

3,5

ЭТҚ –ның өз алдына дербес комитетін құру

Басым бағыттар бойынша заңға қайшы жүктеме, салықтар және жалған кәсіпкерлік: қылмыс құрамы біреу, онымен 2 әртүрлі басқармалар айналысады

Бөлек кедендік орган құру


Уәждеу жүйесін жақсарту

2,7




Погондар мен атақтарды қайтару

2,5

Ресейлік әріптестермен тәжірибе алмасу, әскери форманы қайтару

Атақ тағайындау түрінде мадақтауды қамтамасыз ету



Қағаз жүзіндегі кеңсешілдікті және артық есеп берушілікті азайту

2,5

Әкімгершілік материалдарды жасау кезінде 1-інші рет жыл бойы көптеген баптар бойынша, ҚР ӘҚ бойынша ескертулер жасау барысында қаншама қағаз бен уақыт жұмсалады! Жағдайды оңайлатуға болады, мысалы айыппұлдың нақты бір мөлшерін белгілеу.

Кедендік рәсімдеушілер үшін есеп берулерді жою немесе азайту. Кедендік тазарту жүктемесіне байланысты.

Аппарат орталығы тарапынан мемлекетік қызмет көрсетулер бойынша есептілік пен жедел ақпаратты қысқарту.

Орталық апараттан келетін есептілікті азайту, яғни бекітілмеген , жедел есептіліктердің көптігі сонша, бұл жұмыс күнін мөлшерлеуге наша әсер етеді.



Жұмыс міндеттемелерін орындау үшін Интернетке енуді қамтамасыз ету

1,9




Штатты және жүктемені оңтайландыру (қайта бөлу)

1,7

Орталық қызметкерлеріне оларға қатысы жоқ жұмыстарды тапсырмау. Мысалы, қолмен атқарылатын камералдық бақылау, мемлекеттік сатып алу

Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жұмыс орындарының кестесін өзгерту. Яғни, түскі үзілісті 1 сағатқа дейін қысқарту, жұмыс уақытын 18:00-ге дейін белгілеу.

Бөлімшелерде орындалған жұмыс көлеміне және қойылатын талаптарға байланысты кадрларды ұтымды орналастыруды қамтамасыз ету

Жеке құрамды толық топтастыру, ай сайын жоспар құру және орындалуын бақылау; қызметті рейтингілік бағалауды жою.



Қызмет куәліктерін беру (негізінен, Кеден қызметі)

1,4




Басқа ұсыныстар

22,5

Қазіргі уақытта ОСДШ бағдарламасында жұмыс істейміз, онда күнделікті қажет есеп берулерді талдау үшін және басқа қалыптастыру мүмкіндігі жоқ.Есеп берулер БДҚ конструкторында қалыптасуы қажет, алайда БДҚ конструктор бағдарламасы тек бір инспекторға бекітіліп берілген, бұл жұмысты қиындата түседі.

Аудандық деңгейде ең көп мөлшердегі рұқсаттар!

Мемлекеттік табыстар қызметкерлерінің имиджін арттыру

Біздің сектор жойылатын кәсіпорындармен жиі жұмыс істейді, сондықтан кедендік органның, экономикалық құрылымдардың көмегі қажет болады. Жоюлар бойынша сұрау салу мерзімдерін аздап ұзартуды қалаймыз.

Тауарларды саралаудың электрондық базасын, ЕАЭО-мен бірыңғай кітапхана құру

1-інші қабатта салық төлеушілерге қызмет көрсету өте ыңғайсыз, бөлме аралықтары сөйлесуге кедергі келтіреді, біріншіден, оларға естілмейді, оның үстіне дауыс таблосының шуылы да естіртпейді.

Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған техникалық құралдарды, жүк және қол жүктері қоймаларын жаңарту. Жолаушылармен байланысты жою (электрондық декларация)

Техникалық тақырыптар бойынша оқыту: бейне-мониторинг бойынша

Басшылық жұмыскерлермен адами сәйкес қатынаста болуы қажет.

ЫСАЖ АЖ және ОСДШ АЖдеректемелерінің синхрондау қажет.




Қорытындылар

Қазіргі уақытта (2015 жыл) МКК қызметкерлері әр түрлі міндеттері мен жұмыс жүйелері бар әр түрлі үш қызметті білдіреді. Бір қызметке бірігу бәріне бірдей ұнай бермейді, әсіресе бұл Кедендік қызмет пен ЭТҚ ұсыныстары бойынша байқалады, кейбір қызметкерлердің пікірлерінде жұмыстың неліктен қайта ұйымдастырылып жатқандығы, заңнаманың және жұмыс ережесінің неге жиі өзгеретіндігін дұрыс түсінбеуі көрінеді. Бірақ жалпы жұмыс жүріп жатыр, қызметкерлердің жартысына жуығы өз жұмыс орындарына тұрақты, жұмыс өтілі 20 жылға дейінгі тәжірибелі қызметкерлер саны көп.

Сонымен бірге, еңбекақыны арттыруға, сыйақы төлеуге, оның ішінде жұмыс нәтижелерінің, жоспар орындаудың, тұтынушыларға қызмет көрсету стандарттарын сақтау негізінде назар аударуға суалдар көп болды. Бұған «уәждеме» аспектісі бойынша қанағаттанушылықтың салыстырмалы түрде төмен көрсеткіштері (5 балдың ішінде 3,7 балл) куә етеді. Әр түрлі аспектілерге қанағаттанушылық қызметтер мен өңірлер бойынша айырмашылықтарға ие, және бұл жерде өңірлер бойынша нақты қажеттіліктерді туралап және келісу қажет, әрі оқытуды, жұмысты түсіндіруді және т.с.с. жоспарлау үшін қажеттіліктері бірдей өңірлер тобын құрғн жөн.

Сонымен қатар, МКК мемлекеттік қызметкерлерінің оқуға, біліктілікті көтеруге қажеттіліктері жоғары (68,5%), сонымен бірге заңнама жаңартулары мен шет тілі (ағылшын тілі) бойынша курстар және ішкі оқытуларға сұраныс өте жоғры.

Сауалнама жүргізілген қызметкерлердің пікірі бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі олардың қызметінде көп емес. Шамамен қызметкерлердің төрттен бір бөлігі олардың мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық дәрежесі 10-20%-ға жуық деп ойлайды. Сұхбаткерлердің 68,3%-ы олардың мелмекеттік органдарындағы сыбайлас жемқорлық дәрежесін 0%-ға бағалайды.

Жақсартулар бойынша ұсыныстардың кең спектрі басшылыққа деген сенімнің жоғарылығын, қызметкерлердің жақсартулар бойынша жұмылдыруға дайындығын білдіреді, олар проблеманы құрылымдық түрде жоюға дайын, қызметкерлердің көпшілігі өз ісіне адал, үлкен тәжірибеге ие екендігі көрініп тұр. Сондықтан, олардың пікірлеріне назар аударған, жақында болған қайта ұйымдастырулар мен болашақтағы өзгерістердің жетістіктері мен кемшіліктерін талқылаған, сонымен қатар еңбек нәтижелерін және халыққа қызмет көрсету сапасын бағалауға негізделген уәждеменің сенімді әрі ұзақ мерзімді жүйесін әзірлеу бойынша мәселелерді қараған дұрыс.




  1. Тергеу әдістемесі

    1. Құралдар


Осы тергеуді орындау үшін салық және кеден қызметтерін, экономикалық тергеу қызметін тұтынушылармен, сонымен қатар қызмет жеткізушілермен сауалнама жүргізілді. қызмет жеткізушілермен және қызмет алушылармен терең сұхбаттар жүргізілді.

Осыған сәйкес төмендегі құралдар пайдаланылды:



  1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ ЖК-ге сұрақ-жауап жүргізуге арналған сауалнама;

  2. ХАЛЫҚҚА сұрақ-жауап жүргізуге арналған сауалнама;

  3. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ сұрақ-жауап жүргізуге арналған сауалнама;

  4. Терең сұхбат жүргізу сценариі.

Тергеу үшін заңды тұлғалар мен халыққа арналған ең бұқаралық қызметтер таңдалды.

Салық органдарының бизнеске арналған қызметтері келесілерді қамтыды:

1) ЖК тіркеулік есепке алу (тіркеу, тіркеу деректерін өзгерту, тіркеуден шығару);

2) Салықтардың, бюджетке төленетін басқа төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын есептеу және төленген сомаларды қайтару;

3) Заңды тұлғаны тарату, ЖК қызметін тоқтату.
Халыққа арналған салықтық қызметтер:

1) Салық төлеушіні тіркеу (тіркеу, тіркеу деректерін өзгерту);

2) Салықтық берешегі (көлік салығы, жер салығы, мүлік салығы және т.с.с.), міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқтығы (бар болуы) туралы анықтамалар беру;

3) Дербес шоттан үзінділер беру;

4) Жергілікті салықтар бойынша есептелген сомаларды салыстыру (көлік, мүлік, жер салығы).
Кеден органдарының қызметтері:

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін:

1) Кедендік тазарту және тауарлар шығару;

2) Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есеп айырысулар актісін беру;

3) Тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешімдер қабылдау;

4) Тауар құны бойынша қосымша тексеріс жүргізу;

5) Шекарадағы кедендік бақылау.

Халыққа арналған қызметтер:

Шекарадағы кедендік бақылаудан өту.
Жоғарыда көрсетілген әр бір қызмет бойынша төмендегілер меңгерілді:

Салықтық және кедендік қызметтердің барлық түрлері бойынша ақпарат ұсыну;

Салық және кеден заңнамасын түсіндіру;

Шағымдар рәсімі.


Сауалнамалардағы сұрақтар саны келесіні құрады:

Заңды тұлғалар мен ЖК сауалнама жүргізуге арналған салықтық сауалнамада - 88 сұрақ;

Халыққа сауалнама жүргізуге арналған салықтық сауалнамада - 63 сұрақ.

Заңды тұлғалар мен ЖК сауалнама жүргізуге арналған кедендік сауалнамада – 85 сұрақ;

Халыққа сауалнама жүргізуге арналған кедендік сауалнамада – 65 сұрақ.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлеріне арналған сауалнамада – 55 сұрақ.

Терең сұхбат сценариінде – 13 сұрақ.
Тергеу шеңберінде іріктеу бірліктері сауалнама сәтінде жыл бойы салық және кеден органдарында қызметтер алған тұлғалар болып табылды. Сонымен қатар, өз жұмысының әр түрлі аспектілеріне қанағаттанушылықтарын анықтау үшін қызмет жеткізушілерге де сауалнама жүргізілді.


    1. жүктеу 9,1 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау