Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру



жүктеу 9,1 Mb.
бет14/51
Дата22.05.2018
өлшемі9,1 Mb.
#16303
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51

Салық есептілігі


Осы қызмет түрі бойынша 4398 сұхбаткерден жауап алынды. Қызметпен толық қанағаттун 10 мүмкін болатын балдың 7,7 балын құрады3. Осы қызмет бойынша анағұрлым көп қанағаттанған тұтынушылар Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (9,9 балл), ал төмен қанағаттану ШҚО (6,2 балл) орын алған.

23-диаграмма. Тұтынушылардың қызметпен қанағаттанушылығы, өңірлерге шаққанда, 10 балдық шкала бойынша



Салық есептілігін тапсырудың кең тараған тәсіліне электрондық ресурстарды қолдану жатады. Сұрақтарға жауап алынған кәсіпорынның жартысы салық есептілігін офистегі немесе үйдегі өз компьютерінен салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсырады (50%), мемлекеттік кіріс органы офисінде салық төлеушінің кабинетін қолдану арқылы тапсыратын сұхбаткерлердің үлесі екі есе аз (25%).



39-кесте. Бизнестің көлеміне байланысты салық есептілігін тапсыру тәсілдері, кәсіпорын %, N=4398.




Бизнестің көлемі

Барлығы

Шағын (1-50 адам)

Орта (51-250 адам)

Ірі (250-ден астам адам)

Офистегі, үйдегі компьютердегі «салық төлеуші кабинеті» арқылы

65,9

69,5

87,2

50,0

Салық органы офисіндегі «салық төлеуші кабинеті» арқылы

35,4

27,2

23,3

24,6

e-gov арқылы (электронды үкімет)

8,6

14,3

10,5

7,2

Қағаз түрінде өзім келіп тапсырамын

13

9,8

8,3

9,0

Поштамен ескертуі бар тапсырыс хаты арқылы

5,3

4,3

4,5

3,0

Магниттік тасығыштарда өзім келіп тапсырамын

4,5

4,3

3,8

3,2

Делдал арқылы

3

3

3

2,2

Қызметпен жоғары түрде қанағаттанушылықты кабинетті қолданатын салық төлеушілер көрсетті (8,8 балл). Басқа тәсілдерге жүгінетін, яғни салық органына жеке басының келуін талап ететін тәсілдерді қолданатын сұхбаткерлер осы қызмет түрімен аз қанағаттанған. Ең аз баға алған, аса танымал тәсілге делдал арқылы салық есептілігін тапсыру (5,8 балл) және магниттік тасығыштарда өзі келіп тапсыруы (6,4 балл) жатады. Өзі келіп есептілікті қағаз түрінде тапсыру жоғары бағаланған (7,5 балл). Мемлекеттік кіріс органы басқармасындағы программалардың, компьютерлік техникалардың сапасы, жағдайлары ықпал етіп, осыған байланысты салық есептілігін тапсыру ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтанда қағаз түрінде есептілікті тапсрыу процедурасы айтарлықтай оңай болады.

40-кесте. 10 балдық шкала бойынша қызметпен қанағаттанушылық, орташа балл



Есептілікті ұсыну тәсілдері

Барлығы

Үйдегі, офистегі компьютердегі салық төлеушінің кабинеті немесе СОНО арқылы

8,8

Салық органы офисіндегі салық төлеушінің кабинеті немесе СОНО арқылы

8,4

Қағаз түрінде өзі келіп тапсыруы

7,5

e-gov арқылы (электронды үкімет)

7,8

Поштамен ескертуі бар тапсырыс хаты арқылы

7,2

Магниттік тасығыштарда өзі келіп тапсыру

6,4

Делдал арқылы

5,8

Жалпы мемлекеттік кіріс органдарына бармай электронды есептілікті белсенді түрде енгізу дұрыс болғанын, мемлекеттік кіріс органдарының қызметтерін жоғары бағалауға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн.

Жеке кәсіпкерлер есептілікті ұсынудың барлық бағаланатын тәсілдерімен жоғары дәрежеде қанағаттанған, оның себебі олар тапсыратын салық есептілігі күрделі болмағандықтан олар түрлі қиындықтарға аз ұшырайды.

Ірі және орта бизнес сыни тұрғыдан қарайды, есептілікті тапсырудың тәсілдеріне орташа қанағаттану балдары айтарлықтай төмен, ірі бизнес делдалдар арқылы есептілікті тапсыруға аз қанағаттанған (2,7 балл). Алайда беталыс бәріне ортақ болып отыр, кез-келген бизнес үшін есептілікті тапсырудың ең қолайлы тәсілі – салық төлеушінің кабинеті немесе СОНО.



24-диаграмма.Бизнестің көлеміне байланысты қызметпен қанағаттанушылық, орташа балл

Қызметпен қанағаттанушылық үшін қызметті алуға арналған уақыт айтарлықтай маңызды болып табылады. Салық есептілігінде көрсетілетін мәліметтерді дайындауға, нысандарды толтыруға және процедураны тапсыруға кететін орташа есеппен уақыт сараптамасы келесіні көрсетті. Сұхбаткерлердің пікірлері бойынша программалық жабдықтардың дұрыс істемеуіне байланысты есептілікті жіберу уақыты созылып, негізгі қиындықты тудырады.

2014 жылы салық есептілігін дайындауға және тапсыруға жұмсалған орташа уақыт жылына 100,6 сағатты құраған.

41


жүктеу 9,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау