Ата - аналардың өзін-өзі диагностикалауы
Бала көбінесе мектепке келгенде ғана алғашқы рет психологпен кездесетінін ескере келіп, қарапайым байқау мен жауаптардың нәтижесінде өзін өзі тексеруге болатын, американдық психолог Джеральдина Чейни әзірлеген сұрақтарды ұсынамыз. Ата-аналар мұны өздері де жүргізе алады.
Таным дамуын бағалау
Бала негізгі ұғымдарды меңгерді ме, мысалы оң (сол), үлкен (кіші) т.б.?
Жіктеудің ең жеңіл түрлерін бала түсінуге қабілетті ме, мысалы, дөңгелейтін заттар, дөңгелемейтін заттар?
Қарапайым оқиғалардың соңын шеше ала ма?
Бала кем дегенде үш нұсқауды есінде сақтап, орындай ала ма?
Бала алфавиттің бас және кіші әріптерінің көпшілігін атай ала ма?
Баланың негізгі тәжірибесін бағалау
Балаңыз сізбен бірге поштаға, жинақ кассасына, магазинге барды ма?
Балаңыз кітапханада болды ма?
Балаңыз ауылда, хайуанаттар паркінде, мұражайда болып көрді ме?
Сіздің балаңызға үнемі кітап оқып немесе әңгімелер айтып беретін мүмкіншілігіңіз болды ма?
Балаңыз бір нәрсеге аса қызығушылық байқата ма, сүйікті ісі (хобби) бар ма?
Тіл дамуын бағалау
Балаңыз өзін қоршаған негізгі заттарды атай ала ма?
Үлкендердің сұрағына жауап беру балаңызға оңай тие ме?
Әр түрлі заттардың : щетканың, шансорғыштың, тоңазытқыштың қандай қызмет ететінін балаңыз түсіндіре ала ма?
Балаңыз заттың қайда тұрғанын: үстелдің үстінде немесе үстелдің астында тұрғанын түсіндіре ала ма?
Өзімен болған оқиғаны немесе әңгімені айтып беруге балаңыздың шамасы келе ме?
Балаңыз сөзді анық айта ма?
Грамматика тұрғысынан балаңыздың тілі дұрыс па?
Жалпы әңгімеге қатысуға, үй спектаклінде ойнауға, бір жағдаятты көрсетуге балаңыздың қабілеті бар ма?
Сезімдік (эмоциональдық) даму деңгейін бағалау
Балаңыз көңілді ме?
Балаңызда бәрін істей алатын өзінің адамдық бейнесі қалыптасқан ба?
Балаңызға қалыпты күн тәртібі өзгергенде басқа жағдайға "ауысу", жаңа мәселені шешу оңайға түсе ме?
Балаңыз өз бетімен жұмыс істей ала ма, бір тапсырманы орындағанда басқа балалармен жарысқа түсуге қабілетті ме?
Қарым-қатынас жасай білуін бағалау
Басқа балалармен ойынға араласа ма, өз ойыншықтарын, т.б. бере ме?
Қажетті жағдайда кезек күте ала ма?
Сөзін бөлмей, өзгелерді тыңдай ала ма?
Дене дамуын бағалау
Балаңыз жақсы ести ме?
Жақсы көреді (көру қабілеті) ме?
Белгілі бір уақыт өткенше тыныш отыруға қабілеті бар ма?
Қозғалыс дағдыларының координациялауы дамыған ба, мысалы, доп ойнай ала ма, секіре ала ма, баспалдақпен жоғары - төмен түсе ала ма?
Баланың қызығушылығы мен сергектігі байқала ма?
Балаңыз дені сау, қарны тоқ, дем алған болып көріне ме?
Көргенін айыра білуі
Балаңыз ұқсас және ұқсас емес заттардың бірдей қасиеттерін таба ала ма? Мысалы, басқаларға ұқсамайтын картинаны таба ала ма?
Балаңыз әріптер мен қысқа сөздерді ажырата ала ма?
Көргенін есте сақтай білуі
Егер үш картинадан тұратын серияны көрсетіп, сосын біреуін алып тастап көрсетсе, біреуінің жетіспейтінін байқай ала ма?
Бала өз атын және тым болмаса күнделікті өмірде кездесетін алты заттың атын біле ме?
Көргенін қабылдай алуы
Баланың картиналардың сериясын дұрыс ретпен қоюға қабілеті бар ма?
Сөздердің солдан оңға қарай оқылатынын біле ме?
Өздігінен , біреудің көмегенсіз он бес элементтен басқатырғыш (головоломка) жасай ала ма?
Балаңыз картинаны түсіндіре ала ма:негізгі ойын, байланыстарын аша ала ма?
Есту қабілетінің деңгейі
Балаңыз сөздерді ұйқастыра ала ма?
Әр түрлі дыбыстардан басталатын сөздерді айыра ала ма? Мысалы: қол - сол
Үлкен адамдардың артынан бірнеше сөз немесе цифр қайталай ала ма?
Балаңыз негізгі ойын жоғалтпай, оқиғалардың ретін сақтап, әңгімелеп бере ала ма?
Кітапқа көзқарасын бағалау
Балаңызда кітапты өзі көргісі келетін ойы бола ма?
Дауыстап оқып бергенде зейін қойып, ынтамен тындай ма?
Сөздер туралы сұрақтар қоя ма?
Ал енді, балаңызды мектепке дайындығын өзіңіз тексеріп көріңіз. Ол үшін, балаңыз мектепке барғанда психолог қоятын сұрақтарға жауап беріңіз. Сіздің балаңыз мыналарды орындай ала ма:
Өзіне қажетті нәрсені саусақпен көрсетіп емес, сөздердің көмегімен айта ала ма: кәмпит, куртка, балапан?
Байланыстыра сөйлей ала ма, мысалы "Маған ............ көрсетші"?
Оқып берген нәрсенің ойын (мағынасын) түсіне ме?
Атын анық айта ала ма?
Мекен жайы мен телефонын есте сақтай ма?
Қарындашпен немесе бормен жаза ала ма?
Құрастырылған әңгімеге сурет салып, не суреттелгенін түсіндіріп бере ала ма?
Шығармашылықпен өзін көрсетуге пластилинмен, бояумен, қарындашпен жұмыс істей ала ма?
Ұшы доғал қайшымен өзін жарақаттап алмай, түзу қия ала ма?
Берілген нұсқауларды тыңдап, орындай ала ма?
Біреумен сөйлескенде зейінмен тыңдай ала ма?
Алынған тапсырманы орындау үшін, тым болмаса он минут ойлана ала ма?
Оған дауыстап оқығанда немесе әңгімелегенде қуана ма?
"Мен бәрін де істей алатын адаммын" дегенді дұрыс бағалай біле ме?
Үлкендер тақырыпты ауыстырғанда, бейімделе ала ма?
Өзін қоршаған заттарға қызығушылық таныта ма?
Басқа балалармен тіл табыса ала ма?
Соңында, балаңыз екеуіңіздің қарым - қатынасыңызды бағалайтын келесі сұрақтарға шын көңіліңізбен жауап беріңіз:
Балаңыз өзіңізге ұнай ма?
Балаңыз сөйлегенде тыңдайсыз ба?
Балаңыз сөйлеп тұрғанда, сіз оған қарайсыз ба?
Балаңыздың айтып тұрғанының мәнділігін сездіруге тырысасыз ба?
Баланың сөзін түзейсіз бе?
Балаңызға қателік жасауға рұқсат бересіз бе?
Балаңызды мақтайсыз ба? Құшақтайсыз ба?
Қосылып бірге күлесіз бе?
Күнде балаңызға кітап оқып беруге және әңгімелесуге көңіл бөлесіз бе?
Балаңызбен қосылып әр түрлі ойындар ойнайсыз ба?
Балаңыздың қызығушылығы мен әуестілігін мадақтайсыз ба?
Балаңыздың тым болмаса 1 - 2 жеке кітабы бар ма?
Үйде балаңыздың өзінің бұрышы бар ма?
Газет, журнал,оқып, балаңызға үлгі көрсетуге тырысасыз ба?
Өзіңіз оқыған кітаптың қызықты жерін балаңызбен, отбасымен талқылайсыз ба?
Балаңыз ауызын ашқанша, ол үшін айтып беруге тырысасыз ба:
тіс дәрігерінде;
дүкенде?
Балаңызбен теледидар көресіз бе?
Балаңызға теледидардан көргенінің мағынасы туралы сұрақ қоясыз ба?
Балаңыздың теледидар көретін мүмкіншілігіне шек қоясыз ба?
Балаңыздың шектен шықпай, өз сезімін сыртқа шығару үшін, "бұлшық етін сынауға", мысалы, ойнағанда сазбалшықты қысуға, илеуге, лақтыруға мүмкіндігі бар ма?
Балаңызбен серуенге шығуға тырысасыз ба?
Балаңызды театрға, хаюанаттар бағына, мұражайға апарасыз ба?
Кілт:
Әрбір "үнемі" деген жауапқа өзіңізге 4 ұпай,
"кейде" - 2 ұпай,
"ешқашан" - 0 ұпай.
Барлық ұпайларды қосыңыз. Егер қосынды
88 ұпай болса - тамаша!
44 ұпай - жаман емес.
22 ұпайдан аз болса - ойланыңыз.
Слайд:
Отбасы қандай жағдайда белсенділік таныта алады?
-
Ата-аналарды оқу-тәрбиесі үрдісіне қатысу үшін үнемі шақыртып отырғанда, мектеп ережесі мен талаптарын айқын көрсетіп отырған жағдайда, өз проблемаларына толық жауап таба алған жағдайда
|
Баланы оқыту барысында қолдау және көмектесу мақсатында жүйелі түрде ата-аналаррмен, отбасымен қарым-қатынаста болғанда, кикілжіңге келмей, барлық баланы тең көрген жағдайда
|
Ата-аналардың, отбасы мүшелерінің қызығушылықтары мен шұғылданатын істері, дәстүрлері жайлы ақпарат жинап, бағдарламаларға үлес қосу мүмкіндігін бергенде, менімін білдіріп, серіктеске, одақтасқа айналған жағдайда
|
Ата-аналарға арнайы әдістемелік, педагогикалық, әлеуметтік педагогика тұрғысынан білм бергенде, денсаулық сақтау тренингтері арқылы тәжірибе алмасу мүмкіндігін туғызғанда
|
Отбасының бала тәрбиесі үрдісінде қолдау мен қызмет түрлерінің әр түрлі модельдерін ұсынған жағдайда.
|
Ата-аналармен жұмыс үлгісі
-
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
1
|
Мұғалімдердің мектеп оқушыларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын анықтау мақсатында отбасымен танысу
|
Қыркүйек
|
Сынып жетекшісі
|
2
|
Ата-аналар бірлестігінің отырысы. Ата-аналар ұйымының құрамын қайта сайлау, жылдық жұмыс ережесін бекіту, жұмыс мазмұнынынң жауапты нысандарын анықтау, ата-аналардан шығармашылық топтар құру.
|
Қыркүйек
|
Ата-аналар ұйымының төрағасы,
сынып жетекшісі
|
3
|
Мерекелік шараларға ата-аналарды тарту.
|
Үнемі
|
Шығармашылық топ
|
4
|
Ата-аналар бірлестігінің отырысы. Шығармашылық топтардың жұмыс кестесімен танысу, жоспары мен ережесін бекіту, мемлекеттік стандарт пен бағдарлама талаптарымен таныстыру
|
Қазан
|
Ата-аналар ұйымының төрағасы, сынып жетекшісі
|
5
|
«Сіз өз балаңызды білесіз бе?» деген тақырыпта жеке әңгімелесу
|
Қыркүйек
|
Сынып жетекшісі
|
6
|
Мен баламды дамытуда қандай үлес қоса аламын? Жеке әңгімелесу.
|
Қазан
|
Сынып жетекшісі, ата-аналар
|
7
|
Оқушылардың кітапқұмарлықтарын арттыру жолдары. Жеке әңгімелесу.
|
Қараша
|
Кітапханашы, сынып жетекшісі, оқу меңгерушісі
|
8
|
Үй тапсырмасын орындау барысында ата-аналар тарапынан көмек көрсетудің тиімді және тиімсіз тұстары.
|
Қаңтар
|
Сынып жетекшісі, ата-аналар
|
9
|
Бала бойындағы рухани қазына.
|
Наурыз
|
Шығармашылық топ
|
10
|
Көркемдік-эстетикалық талғам қалыптастыру негіздері. Қоршаған дүниенің әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу жолдары
|
Мамыр
|
Шығармашылық топ
|
11
|
Интеллектуалдық – танымдық бағдарламалар ұйымдастыру
|
Жүйелі түрде
|
Сынып жетекшісі, ата-аналар
|
12
|
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру. Жол, су,өрт қауіпсіздігін сақтау шарттары
|
Мамыр
|
Сынып жетекшісі, ата-аналар
|
Сынып жетекшісінің жұмысы.
Балалар жетістіктері жайлы жазып отыру;
Бала жұмыстары жетістіктерінің портфолдиосын жүргізу;
Ата-аналарды сынып жетекшісі өзіне жақын тарту, шына йы қарым-қатынгас қалыптастыру;
Баланың күнделікті жағдайы, көңіл күйі, әсершілдігі мен өзгеріс толқулары жайлы хабардар қылу;
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында шешімдер қабылдауға ата-аналарды тарту;
Ата-аналардың жұмыс, қызмет орындарымен байланыс ұстау;
Ата-аналармен жүйелі түрде кездесу, ата-аналардың отырысын, жиындарын өткізіп отыру.
Ата-аналарға арналған хабарламалар мен ақпараттар үшін арнайы орын белгілеу;
Ата-аналар үшін жазбаша түрде бағдарламалар мен үлестірмелер жазып таратып отыру;
Сыныпта, мектепте, мектептен тыс жерлерде өткізілетін іс-шараларды хабарлап отыру үшін бюллетеньдер, шақырулар, ақпараттық хаттар, жаңалықтар тақтасын қолданып отыру;
Байланыс дәптерін немесе байланыс хаттарын пайдалану;
Ата-аналар тәжірибесін ортаға салуды насихаттау, дәстүрге айналдыру.
Достарыңызбен бөлісу: |