26.03.2018-ғы № 1/2-1/959 шығыс хаты
26.03.2018-ғы № 2882 кіріс хаты
|
«Жалағаш ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120200, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі №14 үй, анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (72431) 40-9-26, E.Kainarbaev@korda.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Жалағаш ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Жалағаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы (E-3 санаты, 1 бірлік, индекс №01-2-1). Лауазымдылық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтап, аппарат басшысына бекітуге ұсыну.
Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді.
Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау.
Мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру.
Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
Мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру.
Тәртіптік комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Заңмен, нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасайды.
Қаракеткен, М.Шәменов атындағы ауылдық округтеріне жетекшілік жасау.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандығы бойынша жоғары білім.
2. Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқытық жұмыстар бөлімінің басшысы (E-3 санаты, 1 бірлік, индекс №01-3-1). Лауазымдылық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтап, аппарат басшысына бекітуге ұсыну.
Жалағаш ауданы әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешім, өкімдері және аппарат басшысының бұйрықтарының жобаларына құқықтық сараптау жүргізу.
Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік пен әкімінің мүдделерін соттарда білдіру және қорғау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия, Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу комиссиясының отырыстарының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды дайындау және хаттамаларын рәсімдеу. Аудан әкімі аппаратында құқықтық оқытуды өткізу.
Алқабиге кандидаттардың бастапқы тізімін жасақтау. Медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізуді үйлестіру.
Аудандық сот, прокуратура, әділет органдарымен өзара іс-әрекетте болу.
Еңбек ауылдық округіне жетекшілік жасау.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) мамандығы бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
“Қазақстан-2050”: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондықпочтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Құжаттар Жалағаш ауданы әкімінің аппараты, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі №14 үй мекен-жайында қабылданады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейінбір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Екі және одан көп бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу барысында оған әр үміттенген бос лауазым үшін сұрақтар қойылады, және оған қатысты жүргізілетін бағалаудың нәтижелері әр үміттенген бос лауазым бойынша бөлек бағалау парақтары толтырылады. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді. Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады. Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Бос лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтар тең көлемде қойылады.
Үміткерлермен әңгімелесу Жалағаш ауданы әкімінің аппараты, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі №14 үй мекен-жайында өтеді.
Үміткерлермен әңгімелесу өтетін күні, құжаттарды қабылдау мерзімі өткен соң конкурстық комиссиясымен бекітіледі.
Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшінтұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналдыбасқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесубасталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырыптексереді. Қағиданың 13-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Жалағаш ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
конкурстық комиссиясы
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және
орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны
__________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |