АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АУЫР ЗАРДАБЫ
Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. Тек өткен ғасырдың басында Қазақ халқы трагедияға толы түрлі оқиғаларды басынан кешірді: үлкен және кішілі революциялар, отарлық қанау, репрессия, ұжымдастыру, тәркілеу, аштық және т.б. сындардан өтті.
Осы аталған большевиктік саясат тұсында қазақ даласы екі ірі аштықты бастан өткерді.
Аштық жылдары
1921-1922 жылдардағы аштық
1930-1932 жылдардағы аштық
Болусебептері
1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды. Астық мол болған аймақтардан азық-түлік отрядтары орталыққа ауылшаруашылық өнімінің 80%-н әкетті.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.
Аштыққа ұшыраған аймақтар
Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Семей, Ақмола губерниялары
Бүкіл Қазақстан
Ашығушылар саны
Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін камтыды. 1921 жылғы карашада 1 млн. 508 мың адам ашықты. 1922 жылғы наурызда 2 млн. 303200 адам ашыкты. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.
1930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам аштықтан қырылды.
Іс-шараларұйымдастыру
1921 жылғы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, казақтар ет салығынан босатылды.1922 жылы егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1922 жылғы 4 тамызда ауылшаруашылық машиналарын сатып алу үшін 25 млн. сом берілді. 1922 жылы мал сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом бөлінді. 18,5 мың жетім бала Ресейге әкетілді. Кеңестік Туркістан туыскандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберілді. Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.
1932 жылғы 17 қыркүйекте «Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы» каулы қабылданды. «Жасанды колхоздар» таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер үйымдастырылды. Қоғамдастырылған мал-мүліктер кайтарылды.
Отырықшы аудандарға 2 млн. пүт астық және 30 млн. сом акша бөлінді.
Зардаптары
Демографиялық жағдай қиындады. Орынбор, Қостанай, Актөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.
Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпыпа келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |