Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет16/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50

т.б.  арналған  сынып  сағаттары.  Бұлардан  басқа  да  формалар  бар:  этикалық  
театр, концерт, үйірме, қызығушылыққа байланысты клубтар және т.б. 
Тұлғаның 
қазақстандық 
отангерлік 
және 
азаматтылығының 
қалыптасуы.  Оқу уақытында бұл бағыт бірінші кезекте әлеуметтік ізгіліктік 
цикл пәндерін (тарих, саясаттану, мәдениеттану, өлкетану, тілдер) меңгеруде 
және  адамгершілік  сезінуде  іске  асады.  Мұнда  көбінесе  дискуссия,  диспут, 
дебат, рөлдік ойындар, дөңгелек үстел, т.б. сияқты оқу үрдісін ұйымдастыру 
формалары талап етіледі. 
Оқудан  тыс  уақытта  тұлғаны  отангерлікке  тәрбиелеуге  тек  отаны 
туралы,  оның  тарихының  жарқын  кезеңдері  туралы,  алдыңғы  қатарлы 
азаматтары, мәдениеті, өнері туралы білім алуға ғана емес, естерінде жарқын 
эмоциялар  басынан  өткізетіндей  формалармен  жұмыс  істеу  керек  (қызықты 
танымжорықтар,  атақты  адамдармен  кездесу,  жорықтар,  өлкетану 
жұмыстары,  фестиваль,  байқау,  концерт,  ұлттық  мейрамдар,  өнерді 
сүюшілердің үйірмелері мен клубтары, спектакль, кино және т.б. көру). 
Тұлғаның  салауатты  өмір  салтына  бағытталуын  қалыптастыру.  Оқу 
уақытында 
міндетті 
түрде 
денсаулық 
сақтайтын 
жағдайларды 
ұйымдастыруға үлкен мән беру керек: санитарлық – гигиеналық нормаға сай 
оқу  бөлмелері  мен  құралдар,  рационалды  құрастырылған  сабақ  кестесі, 
мектепте дене шынықтыру оқушыларға қызықты түрде міндетті болған кезде 
ғана мақсатына жетеді.  
Ал оқудан тыс уақытта оқу орындарының спорттық ұйымдары (секция, 
клуб),  оқушылардың  бос  уақыттарын  формалды  емес  ұйымдастыру 
(сайыстар,  туристік  жорықтар,  демалыс  күннің  жорықтары,  жаздық 
лагерьлер) бірінші орынға шығады. 
Сонымен қатар, оқушылар бойында салауатты өмір салтының арнаулы 
біліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыру  қажет.  Оған  алкоголизмді, 
нашақорлықты, 
шылым 
шегудің 
профилактикалық 
бағдарламасы 
жасалынып,  дәрігер,  психолог  және  басқа  мамандардың  қатысуымен 
профилактикалық тренинг, рөлдік ойындар, т.б. өткізіп отыру керек.  
 
 
 
 
 


«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ 
ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының моделі  – 
балалардың қазіргі замандық қоғамда өз орнын табуына,  отаншылдық және 
азаматтық  жауапкершілікті  сезінуіне,  еркін  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуына мүмкіндік береді. 
«Жас  Ұланның»  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың  бойында 
отаншылдық  пен  мемлекетшілдік  сезімін  жетілдіруді,  мәдени  қарым-
қатынастарды  терең  сезінуді,  адамгершілік  қағидалары  мен  азаматтық 
жауапкершілікті  түйсінуді,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  мен 
өресінің биік болуын көздейді.  
Міндеттері: 
-  Қазақстан  халқының  тілін,  мәдениетін,  тарихын  білу  негізінде 
өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; 

балалар  мен  жасөспірімдердің  азаматтық  белсенділігі  мен 
саналылығын арттыру;   
- танымдық жұмыстарды ынталандыру; 
-  балалар  мен  жасөспірімдердің  зияткерлік,  шығармашылық  және 
әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; 
-  жауапкершілік  пен  еңбексүйгіштікті  қалыптастыруға,  көшбасшылық 
және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке 
тұлғалық қасиеттерін дамыту. 
 
МҮШЕЛІК, ОҒАН ҚАБЫЛДАНУ ЖӘНЕ ШЫҒУ ТӘРТІБІ 
 
 «Жас  Ұлан»  ұйымында  мүше  болудың  екідеңгейлі  жүйесі  бар.    «Жас 
Ұланның» жоғары буынына  5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына –  
1-4  сынып  оқушылары,  сонымен  қатар  «Жас  Ұланға»  өз үлесін  қосуға  және 
оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген  балалар мен жасөспірімдер 
қабылданады. 
 Мүшелерді  ұйымға  қабылдауды  «Жас  Ұлан»    бастауыш  ұйымы 
жүргізеді.  Ұйымға  қабылдау  жылына  3  рет  өткізіледі:  1  мамыр  –  Қазақстан 
халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – 
Тәуелсіздік күні.  
«Жас  Ұланнан»  ерікті  түрде  шығу  үшін  «Жас  Ұлан»    бастауыш 
ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.  
          «Жас  Ұлан»  Ережесін  бұзған  ұйым  мүшелеріне  келесідей  шаралар 
қолданылады:  ұйымның  жалпы  жиналысында  талқылау,  ескертулер  жасау, 
сөгіс  жариялау,  ұйымнан  шығару  туралы  ескерту  жасау.  Ең  қатаң  шара  – 
ұйымнан шығару.  
 Ұйымнан  шығару  мәселесі  бастапқы  ұйымның  жалпы  жиналысында 
қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і 


дауыс  берген  жағдайда  ғана  қабылданады  және  бекітілгеннен  кейін  күшіне 
енеді. 
 
 
«ЖАС ҰЛАН» МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
  «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:  
- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;   
- «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;   
- «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы 
табыстары  және  ерекше  жеке  жетістіктері  үшін  мақтаулар  мен  мадақтаулар 
алу  (грамоталар,  дипломдар,  жазғы  және  сауықтыру  лагерлеріне  жолдама, 
«Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);  
-  «Жас  Ұлан»  органына  өтініш,  арыз,  сұрақтар,  бастамалар  мен 
ұсыныстар беруге;  
- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;  
 «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:  
-  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздерін  сыйлау  (Ту, 
Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;  
- «Жас Ұлан» Ережесін және  басқару органдарының шешімін орындау;  
-  «Жас  Ұланның»  өзге  мүшелері  мен  олардың  құқықтарын  құрметтеу, 
мойындау; 
-  оқуда,  қоғамдық  жұмыстарда,  еңбекте  үлгілі  болу;  қоғамдық  мүлікті 
сақтау, мәдениетті болу;   
- салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау; 
- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.   
 
 РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ 
 
 «Жас  Ұлан»    балалар  ұйымының  рәміздері:  ұран,  әнұран,  ту,  галстук, 
төсбелгі, эмблема болып табылады.  
 Ту  –  бұл  балалар  мен  жасөспірімдер  бірлігін  бейнелейді.  Ол 
республикалық  ұйымда  және  оның  барлық  бөлімшелерінде  (мектептік, 
аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.  
Ту  -  тік  төртбұрышты  200×100  см  өлшемдегі  ақ  түсті  ортасында  ұйым 
белгісі  бейнеленген  кездеме.  Ұйым  белгісі  және  атауы  кестелік  тігіспен, 
бояумен  немесе  матамен  аппликациялау  арқылы  жазады.  Ағаш  сабына 
бекiтiлген  тұста  —  ұлттық  оюлармен  кестеленген  тiк  жолақ  өрнектелген. 
Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген. 
Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында 
жасалынады.  Тудың  ағаш  сабының  ұзындығы  металл  (пластмасса)  сүңгінің 
ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты 
бау байланады.  


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау