шарттандыру жүйелігін өзін-өзі тәрбиелеу актілерін жүзеге асыру ере
жүрушілігі.
Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің структурасына келетін болсақ оның
құрамына мыналар кіреді:
1. Өзін-өзі
тәрбиелеу, таңдау және
мақсаттарын қою мәдениеті;
2. Өзін-өзі
тану мәдениеті;
3. Өзін-өзі тәрбиелеу қабілеттері мен құралдар мәдениеті;
4. Өзін-өзі тәрбиелеу қалыптасатын шарт мәдениеті,
Өзін-өзі тәрбиелеу, таңдау және мақсаттарын қою мәдениеті
тұлғаның адекватты тұлғалық даму ерекшеліктерін өзін -өзі тәрбиелеу
мақсатына қою қабілетіне негізделеді. Бұл өзін-өзі танудың, өзін-өзі
жетілдірудің және өзін-өзі өзектендірудің позитивті мақсаттары .
Мақсаттардың қойылуы жалпыадамдық құндылықтарды ескеретін
ұйымдастырылған мотивацияға жауап беру керек. Сонымен қатар, бұл
мақсаттар және нақты жағдайға мақсаттардың жарамдылығына және егер
талаптар антиәлеуметтік мінез-құлықта болып, индивидттің құрылуына
зиян келтірмесе, онда қоршаған орта талаптарына жауап беруі керек.
Өзін-өзі тану мәдениеті органикалық түрде өзін-өзі тәрбиелеу
процесіне қосылып, оның бағыты мен құрамын ескереді. Ол өзін-өзі
танудың әдістері мен әлеуметтік жарамды жолдарын қолдануда, тұлға
өзін-өзі танудың қажетті құралдарын меңгерудегі жүйелілік пен реттілікте;
өз бетімен және басқалардың өз мөлшердегі көмегімен өзіндік адекватты
Мен- концепциясын құру қабілетінде; жағымсыз және әлсіз жақтарды
минимум түрде келтіріп, өзінің мықты жақтарын максималды түрде өз
іс- әрекеттерінде қолдануда; өз-өзімен теңестіруде; өзін-өзі сыйлаудың
қажетті деңгейіне жетуде; өзін-өзі тану сұрақтарында тұлғалық
компоненттерді алуда тұжырымдалады.
Өзін-өзі тану мәдениеті өзін-өзі тәрбиелеудің көрсетілген мотивтерінің
базасында тұлға анализ және өзін-өзі қабылдау қабілетіне қатысты бекілді.
Өзін-өзі тәрбиелеу қабілеттері мен құралдар мәдениеті – бұл өзін-өзі
тәрбиелеу мотивациясының негізінде оң нәтижелерді алу және тез қойған
мақсаттарға жетуге әсер ететін құралдар мен әдістерді таңдап алу. Біреулер
үшін – бұл өзіне-өзі бұйрық беру әдістері, ал біреулері үшін - өзін-өзі
ынталандыру, үшіншілері үшін - өзіндік дамуға бағдарлама құру. Ең
жоқтығынан жеткіншектер мен жасөспірімдер өз қылықтарының
мотивтерін, яғни себеп- салдарын түсіне бермейді. Демек, мұндайда оларға
міндетті түрде педагогикалық жетекшілік қажет. Бұлай дегеніміз, олар
үлкендердің қолдауы мен көмегінсіз өзін-өзі тәрбиелей алмайды. Осыған
орай тұлғалық қасиеттердің едәуір дәрежеде қалыптасқан кезең
жасөспірімдік шақта өзін-өзі тәрбиелеуді адамның моральды қасиеттерінің
негізгі түрі ретінде дамыту қажет. Нәтижесінде жасөспірім өзінің іс-
әрекетін, ақыл- санасын іштей бақылап, бағыттай отырып, өзін-өзі бақылау
арқылы жаман әдеттерден тыйылып, жақсы әдеттерін, жағымды мінез-
құлқын дамытып жетілдіруге мүмкіндігі туады. Мұндай жағдайда оған ерік
күш-жігерін берік ұстау, ұстамдылық, табандалақ және т.б. сияқты тұлғалық
сапалар маңызды рөл атқарады. Бұл сапалар тұлға белсенділігін
дамытудағы тұлғаның эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің
көрсеткішін көрсетеді.
Тұлға белсенділігін арттыруда өмірлік ұстанымның рөлі ерекше. Бұл
тұлғаның дүниетанымдық, моральдік- психологиялық қасиеттері және
оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы
болып табылады.
Өмірлік ұстаным негізінде жасөспірімдер өз әрекетін
белсенді немесе
баяу етіп көрсетеді. Дәлірек айтсақ, белсенді деп отырғанымыз, олар
айналадағы шындықты өзгертуге үнемі ұмтылады; ал баяу дегеніміз –
қалыптасқан тәртіп пен салтты және норманы сақтаумен шектеледі. Жеке
тұлғаның іс-әрекетінің белгілі бір бағыттылығы ретінде өмірлік ұстаным
адамгершілік бағытта ол тұлғаның мінез - құлық жүйесінен көрініс табады,
адамдардың сенімінен, ар-ожданынан, идеялық бір бағыттылығынан
байқалады.
Жасөспірімдік кезеңдегі өмірлік ұстанымды дамытуды алатын болсақ,
оның өмірлік ұстанымның шындығын және дұрыстығын айқындау бұл
қоғам прогрессінің дамуына сай келуімен өлшенеді. Жасөспірімнің
тұлғалық дамуын анықтаудың ең басты белгісі оның өмір сүріп отырған
қоғамдық тарихи-мәдени процестегі орнын белгілеу болып отыр. Оның
тұлға ретінде қалыптасуы, ең алдымен, өмірден өз орнын саналы түрде таба
біліп, адаспауына байланысты. Жасөспірімнің өмірлік көз-қарасын
қалыптастырушы факторлар: жеке тұлға, отбасы, қоғам, саясат, идеология
және т.б. оның өмірі мен қызметі, болашақ мамандығына деген өмірлік
ұстанымына әсер етеді. Жасөспірімнің белсенді ұстанымы оқу-еңбек
процесінде
айқындалып, шындала бекитіне үлкен мән беруіміз қажет.