Психотерапия технологиялары



жүктеу 0,9 Mb.
бет8/10
Дата22.11.2018
өлшемі0,9 Mb.
#23461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тема 14. Имаготерапия.

Жоспар.


1. Тұжырымдаманың негізгі сипаттамасы.

2. Негізгі ережелері.

3. Имаготерапиялық үдерістің кезеңдері.

ИМАГОТЕРАПИЯ (И.) (лат. imago — бейне). Науқастың емдеу мақсатымен белгілі бір бейнелер кешенін жасаудағы жаттығудың психотерапиялық әдісі. Бұл әдіс И.Е.Вольпертпен 1966 жылы ұсынылған. Ойын психотерапиясының әдістер тобына жатады, кең мағынада – қиын өмірлік жағдайларда бара-бар әрекет етуге үйрену, қарым-қатынастың кеңеюіне, «емдеу» бейнесін жасауға, өз өмірлік тәжірибесін жұмылдыруға қабілеттің дамуы негізінде жатқан мінез-құлық психотерапиясының нұсқасы.

Имаготерапиялық үдерісте күрделенген техникалық тәсілдер қолданылады. Бірінші кезеңде ауруға айтушы немесе тыңдаушының рөлі ұсынылады. И. Бастапқы және негізгі формасы – әңгіме, себебі науқас бейнеге кіріп, осы сәттегі сезімдерді бастан кешіреді. Ауру үшін бейне оның психологиялық мамнына сәйкес емдеу факторы ретінде таңдалады. Жұмыстың негізгі формасы ретінде әдеби материалды айтумен қатар типтік өмірлік жағдайды импровизациялық көрсетілімі де қолданылады (экспромт театр).

Бұл жағдайда И. міндеті психологиялық теңбе-тең мінез-құлықты жаттықтыру. И. бастапқы курсы бүкіл шығарманың мазмұны толығымен баянадлу үшін, 3 адан жарты жылға дейін қамтиды. И. топпен, және жеке формада сирек жүргізіледі. Науқасқа күн сайын 1-2 сағат бойы өзін қалайтын «Мен» бейнесін сомдауы ұсынылады. Бірте-бірте ойынның ұзақтығы көбейеді, және қаланатын бейне науқастың үйреншікті мінез-құлық стереотипі болып қалыптасады.

И. екінші кезеңінд әңгіменің трагедиялығы кіреді. Драмалық іс-әрекетпен және диалогтармен айқындалған повесть немесе романның кейбір фрагменттері әр жақтан ойналады. Сондай-ақ науқастар жұмыс жасайтын шығарма ішіндегі кейбір эпизодтарды сахнаға қоюы маңыздылық танытады. Шығармада жоқ жағдайлардың сахнаға қойылуы да жүзеге асырылады. Сөйлеу техникасы, такт бойынша қөзғалу, би бойынша сабақтар жүргізіледі. Екінші кезеңнің ұзақтығы бірінші кезеңнің ұзақтығымен бірдей.

И. үшінші кезеңі емдеу драмалық студияда жүзеге асады. Бейнені жасау үстіндегі жұмыста хореографиялық, драмалық және комедиялық спектакльдер қолданылады. Бейнелерді таңдау науқастардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктері есебінен жүзеге асады. Есірік сырқат адамдарды талдауға бейім байсалды және ақылды бейнелер ұсынылады. Психастеникалық сипатты науқастарға шындық өмірді тікелей және эмоциональдық түрде сезінетін адамдар бейнесін жасауға пайдалы.

И. қолданылатын емдеу факторларына көңілді бұру, сендіру, түсіндіру, иландыру, имитациялық мінез-құлық, эмоциональдық көмек, мінез-құлықтың жаңа тәсілдеріне үйрету жатады. И. шектік нерв-психикалық бұзылуларды емдеу әдісі және науқастың тұлғалық дамуы арқылы емделу тәсілі ретінде қолданылады.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Имаготерапияның мәні.

2. Имаготерапияның міндеті.

3. Имаготерапияның кезеңдері.



Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.63-65.


15 Тақырып. Мінез-құлық психотерапиясы.

Жоспар.


1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Мінез-құлық психотерапияның шығу тарихы.

3. Мінез-құлық психотерапиядағы психолог жұмысының кезеңдері.

4. Мінез-құлық психотерапияның ерекшеліктері.

Қазіргі заман психотерапияның детекші бағыттарының бірі. Жаңа даму кезеңінде Мінез-құлық психотерапиясы (М. П.) анықтамасы тар мағынада қолданылып, оны классикалық және операнттық келісуге негізделген техникалық тәсілдерді ғана қосса, соңғы кезде термин мағынасы кеңдігінен атауы мәні жоғалуының қаупі төнуде. Мысалы, Кэнфер (Kanfer F. Н., 1975) М. П. «белгілі бір стандартқа сәйкестендіру мен үйрету теориясы саласындағы ашылулармен байланыстыларды ғана емес, экспериментальдық психологияда алынған барлық ақпаратты да қамту керек» деп айтқан. М. П. неғұрлым ойластырылған анықтамалардың бірі М. П. американдық ассоциациясында ұсынылады: М. П. «ең алдымен экспериментальдық және әлеуметтік психологияда дамыған қағидалардың қолданылуын қамтиды. М. П. адамның қайғы-қасіреттері мен әрекет ету қабілеттерінің шектелуін азайту керек.

М. П. айналаны қайта құру және әлеуметтік өзара байланысты және аз деңгейде биологиялық араласулар арқылы соматикалық үдерістер түрінің өзгеруі қамтиды. Оның мақсаты, ең басты – әрекет ету қабілеттерінің қалыптасуы мен нығаюы, өзін-өзі бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін техникаларға ие болу» (Franks С. М., Wilson G. Т., 1979).

Өзінің бастапқы даму кезеңінде «мінез-құлық» термині М. П. сыртық бақыланатын сипаттама ретінде танылса, қазіргі кезде бұл ұғымға эмоциональдық-субъективтік, мотивациялық-күйзелген, когнитивтік және вербальдық-когнитивтік сипаттары қосылады.

Осылай, М. П. теориялық ережелердің бірлігі мен одан өрбитін әдістемелік белгілі араласуға негізделген неғұрлым тар мағынасы мен кеңейтілген мағынасын бөліп айтуға болады, мұнда бұл байланыс мәнін жоғалтады.

М. П. негізін қалаушылары ретінде біздің ғасырдағы екінші онжылдығында пайда болған үйрету қағидасына негізделген психотерапия әдістері қарастырылады. Олар әдебиетке шартты-рефлекторлық терапия әдістері атауымен енді.

«М. П.» термині 1953 жылдан бастап қолданыла бастады 1950-1960 – М. П. жеке дербес бағыт болып қалыптасу кезеңі. Ол кезде М. П. зерттеу және дамудың бірнеше орталығы ғана болды: Оңтүстік Африка Республикасында — Вольпе (Wolpe J.), Лазарус (Lazarus A. A.), Рахман (Rachman S.); Англияда — Шапиро (Shapiro D.), Йетс (Yates A. J.), Айзенк (Eysenck H. J.); АҚШ-та — Азрин (Azrin N. Н.), Айллон (Ayllon Т.). 1960 жж. — М. П. қарқынды даму кезеңі. 1971 ж. Крэснер (Krasner L.) М. П. 15 түрлі бағытын атап көрсетті, олар кейінгі жылдары бірігіп, М. П. атауына ие болды.

И.П.Павловтың есімімен байланысты Классикалық ескерту, М. П. негізін қалаған бірінші теория болып табылады. Сонымен қатар И.П.Павлов Уотсон (Watson J. В.) тәрізді — шартты рефлекстер теориясының жақтаушысы, американдық бихевиоризм жасаушысы; өз оқуларында аралық ауыспалы мағынаны жойған және сыртқы әлем мен сыртқы мінез-құлықты қөздырушылармен зерттеуді шектеген. Торндайктың (Thorndike E. L.) құралдық немесе операнттық келісімділік теориясы бұрынғы «стимул-реакция (мінез-құлық)» парадигмасы егінде қалды, алайда мінез-құлықтың пайда болуы мен нығаюндағы пөзитивті және теріс сиппаты (әсер ету заңы) бар стимулдардың мәнін ерекшеледі. Бұл теорияда стимул реакцияның күшін арттыратын нықтау қызметтік сипатына ие болды. Торндайка—Скиннер үлгісі И.П.Павловтың үлгісіндей ағзаның мінез-құлқын «қара жәшікке» ұқсатқан, оның ішкі мазсұны туралы ешқандай ақпарат жоқ.

М. П. Фейдимен және Фрейгер бойынша (Faidiman J., Frager R., 1994):

1) адамдардың өмірлік жағдайларына өздері қалайтындай жасауға көмектесуге тырысу, яғни олардың өз мінез-құлқы, ойлары, сезімдері әлеуетінің артуына немесе әрекет етудің теріс тәсілдерін жоюға жәрдемдесу;

2) қатынастың эмоциональдық мәні мен жеке тұлға сезімдерін өзгертуге мақсат қойылмайды;

3) жағымды терапиялық қарым-қатынас — қажетті, бірақ тиімді психотерапияға жеткліксіз шарт болып табылады;

4) пациенттің шағымы маңызы бар материал болып қабылданады, онда артынан үзіктер сияқты жатпай, терапия онда шоғырланады;

5) пациент және психотерапевт терапияның ерекше мақсаттары туралы келіседі, ол мақсаттар пациент және психотерапевт мақсаттардың қалай және қашан іске асатыны туралы білетіндей ұғынылады.

М. П. келесі даму кезеңі стимул және реакция арасында орналасқан аралық ауыспалыларды есепке алу талпынысымен байланысты. Сонымен бірге ішкі ауыспалы сыртқы қөздырушыларға жасырын реакциялар ретінде қарастырылған. Дәл олардың жасырушылығы сыртқы қөздырушылармен болатын анық байланысты жоққа шығарды.

Ішкі ауыспалы – бұл ең алдымен когнициялар (ойлар, түсініктер), олар басқа үдерістерді басқарады, мысалы эмоциональдық және мотивациялық.

Осындай түсінікпен 60-ж соңы мен 70-ж басында «жасырын сәйкестендіру» / «жасырын келісімділік» (Cautela J. R., 1967), «жасырын бақылау» (Homme L., 1965), «өзін-өзі реттеу» (Kanfer F. N, 1975) деген атаулармен әдебиетке енген жаңа әдістемелер ұсынылды.

Жасырын сәйкесетндіруді классикалық және операнттық келісімділіктің танылатын аспект теориясына өзгеріссіз таратуға тырысқан, бұл сәтсіздікке апарды. Бұл ішкі ауыспалыларды М. П. тәжірибесіне енгізуге талпыныс болды.

60 жж М. П. дамуына бақылау арқылы үйрету теориясы әсерін тигізді (ең алдымен әлеуметтік) (Bandura A., 1971). Бұл теорияның авторы үлгіні бақылау арқылы ғана жануарда немесе адамда бұрын байқалмаған мінез-құлықтың жаңа стереотиптері қалыптасатынын көрсеткен. Кейін бұл өзін-өзі нәтижелілік тұжырымдамасы атауына ие болған теориялық жалпылауға әкелді.

М. П. когницияларды эмоциональдық, мотивациялық және моторлық үдерістердің аралық ауыспалы, құратын және реттейтін компонеттер ретінде қарастыратын бастапқы парадигмасынан (стимул—реакция) кейінгі қадамын Эллис (Ellis A., 1962) және Бек (Beck А. Т., 1976) теориялары сипаттайды. Эллистің рациональдық-эмоциональдық психотерапиясында стимул және мінез-құлық арасындағы байланысты анықтайтын басты аралық ауыспалы рациональдық және рациональдық емес когнициялар болып табылады. Бектің ауыспалыны анықтайтын когнитивтік психотерапиясында реалистік және реалистік емес когнициялар (когнитивтік шешімдердегі қателіктермен байланысты) болып табылады. Екі автор да когнитивтік және мінез-құлық ауыспалыларды бастапқысы мәнінің басымдығын құптайды. Олардың ойынша, психотерапияның әсер ету орталығы аралық когнитивтік ауыспалы болуы керек.

Когнитивтік және мінез-құлық көзқарастары интеграциясының талпынысы Мейхенбаум (Meichenbaum D., 1977) және оның әріптестерінің есімдерімен байланысты. Оның еңбектерін ішкі сөйлеу туралы А. Р. Лурий және Л. С. Выготский идеяларының кейінгі дамуы ретінде қарастыруға болады. Онымен әзірленген өзін-өзі нұсқау әдістемесі титықтауға қарсы ем өзін-өзі сөйлету түрінде ішкі сөйлеуді меңгеру тәсілі болып табылады.

Дәл осындай когнитивтік ауыспалы (экспектациялар) және когнитивтік-мінез-құлық психотерапияның басты объектісі мен мақсаты ретіндегі олардың модификацияларын қарастыратын Махони (Mahoney M. J., 1974) жұмыстарының бағыты.

Тиісті когнитивтік ауыспалы, когнитивтік-мінез-құлық бағыттарды таңдауға мүмкіндік беретін метатеорияға қатысты жеткілікті түрде әртүрлі болып табылады. Мысалы, Дзурилла және Голдфрид (D'Zurilla Т. J., Goldfried M. R., 1971) мәселені шешу тренингін ұсынды, онда психотерапия мазмұны мәселе шешу стратегиясының тренингі болып табылады.

Осылай, М. п. — бұл психотерапияда дамушы бағыт. «Стимул-реакция» схемасы бойынша құрылған оқыту теориясынан бастап, әрі қарай когнитивтік және әлеуметтік оқыту теорияларын қолданады, ал соңғы жылдары сонымен қатар ақпаратты қайта өңдеу, қарым-қатынас және одан үлкен жүйелер теориясына арқа сүйеуге тырысады. Сәйкесінше ескілер сәйкесенеді және М. П. жаңа әдістемелер аясы кеңейеді.
Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. МП-ң негізін қалаған бірінші теориясын ата.

2. МП-ң термині нешінші жылдары қолданылы бастады?

3. МП-ң Фейдимен және Фрейгер бойынша теориясының мәні.



Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.35-43.


16 тақырып. Мәселелі-бейімделу психотерапия.

Жоспар.


1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Блазердің мәселелі – бейімделу психотерапиясы.

3. Хаймның мәселелі – бейімделу психотерапиясы.

4. Рингердің мәселелі – бейімделу психотерапиясы.

5. Томменнің мәселелі – бейімделу психотерапиясы.

80 жж. басында Берн университетінен шыққан швейцария психотерапевттері Блазер, Хайм, Рингер, Томмен (Blaser A., Heim E., Ringer Ch., Thommen M.) әзірлеген мәселелі – бейімделу психотерапиясы психотерапияның жеке қысқа мерзімді интегративтік әдісін сипаттайды. Оған включающий элементы психологиялық талдау, когнитивтік-мінез-құлық психотерапиясы, гештальт-терапия және дене-бейімделу психотерапия элементтері кіреді. Бұл әдіс неғұрлым көп науқастарға көмек көрсете алатын белсенді, құрылымдық және құны жағынан қымбат емес психотерапияға деген қажеттіліктің өсуінен Маланның (Malan D. Н.) және Манның (Mann J.) қысқа мерзімді психодинамикалық психотерапиясы негізінде дамыды. Авторлар жаңа мектеп негізінің қалануын талап етпейді.

Олар психотерапиялық тәжірибенің негізгі құрайтын элементтеріне және прагматикалық және шаблондық емес оның даму барысында туындайтын шешімдер мүмкіндіктеріне назар аударды. Психотерапияның нақты проблеманы шешетін айқын бағыттылық сияқты айрықша емес факторының маңыздылығы атап көрсетіледі. Сондықтан психотерапияның осы әдісінің мақсаты науқастың өз мәселелерін шешудегі қабілеттерін жақсарту. Ол оған психотерапия соңында өзіне-өзі психотерапевт болуға көмектеседі.

мәселелі – бейімделу психотерапиясының негізгі принциптері келесідей: 1) мәселеге деген бағыттылық; 2) науқасқа деген бағыттылық; 3) әдістер плюрализмі; 4) құрылымдылық.

Мәселеге деген бағыттылық. Авторлар мәселені науқастың бейімделу мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар көптігі деп түсіндіреді. Белгілер мәселенің бір аспектісі ретінде ғана сипатталады. Мәселеге бағыттылық дегеніміз психотерапия мақсаты белгілерді ғана емес, сонымен қатар оның артындағы мәселені де жоюды білдереді. Әдетте науқастар өмірлеріндегі көптеген қиындықтарға шағымданып келеді. Мәселелі көзқараста психотерапевт науқаспен бірге шектеулі уақыт ішінде шешілетін немесе оны шешу үшін стратегия әзірленетін, шешуі кейін болатын басты мәселені анықтайды.

Науқасқа деген бағыттылық. Бұл қағида психотерапиялық жұмыс ең алдымен науқастың мәселесі сипатына, оның мәселені ұғынуын, оның психотерапия мақсатын түсінетініне байланысты құрылатынын білдіреді. Писхотерапевт науқаспен ұсынылатын түсіндіру үлгісіне жете ойланып, онымен бірге талдап, содан кейін мәселенің анықтамасын, оны шешудің нақты стратегия мамұнын ұсыну керек. Писхотерапиялық үдеріс науқас үшін «анық» болғаны маңызды.

Әдістемелік плюрализм қағидасы көптеген психотерапиялық әдістерге қатысты ретсіз қатынасын емес, ол олардың жеке мәселелерді шешу үшін дифференциальды қолдануды білдереді. Психотерапевт өз жұмысында психотерпиялық бағытың кез келген теориясын басшылыққа алмайды, ең алдымен тәжірибелік міндетті шешеді: қысқа мерзімді психотерапияға берілетін қысқа уақыт ішінде науқаспен бірге қабылданған психотерпияның реалистік мақсаттарға сәйкес өзгерістерге қаншалықты жақсы жету керек.

Құрылымдылық қағидасы сыртқы, сонымен қатар психотерпия үдерісінің ішкі аспектілерінде айқындалады. Сыртқы құрылымдылық уақыт шегімен байланысты, психотерапия 15-20 минут сессияларымен шектелген, аптасына 1 рет, ұзақтығы 25-тен 50 минутқа дейін жасасқан шартқа сәйкес болады. Ішкі құрылымдылыққа негізгі құрайтын немесе психотерпия үдерісінің сатылары кіреді: 1) психотерапевт—науқас қатынасы, 2) науқастың мәселесін түсіну, 3) мәселені талдау, 4) мәселені анықтау, 5) мәселені өңдеу, 6) психотерапияның аяқталуы.

Писхотерапиялық үдеріске үлгілік сатылық жоспар түріндегі белгілі құрылымды белгілеу психотерапевтке өз әрекеттерінде бейімделуге көмектеседі, және тәжірибеде психотерапиялық үдеріс әртүрлі болса да, нақты өзгерістерді жүзеге асыруға жеткілікті уақыт қалғаны үшін және психотерпияны уақытнда аяқтау үішн психотерапия курсының ортасында 5-ші сатыға жету керек (мәселені өңдеу). Төмен психотерпияның жеке сатыларының қысқа сипаттамасы беріледі.

1-ші саты — тұрақты өзара қатынастарды және науқас пен психотерапевт арасында құрылымдық жұмыс қатынастарды құру. Қатынастардың (сапа) бінеше деңгейлері бар. Қатынас сапасының бірініші көрсеткіші — дағдылы (қалыпты) өзара қатынастар, рөльдік ойынна тәуелсіз еркін, олар қысқа мерзімді, спорадикалық және сыртқы әсерсіз болады, әдетте психотерапияның басында және аяғында. Қатынас сапасының екініші көрсеткіші «Гринсон бойынша жұмыс одағы» деп аталды. Бұл рациональдық басымдығы бар қатынастар психотерапиялық шартпен, басқа сөзбен айтқанда, науқас және психотерапевт ойнайтын рөльдермен анықталады. Қатынастың үшінші деңгейі – «мәселелер деңгейі», оны әдетте ауыстыру және контрауыстырумен байланыстырады.

Қатынастардың психоаналитикалық тұжырымдамасы (ауыстыру—контрауыстыру) осы терапияда сәл өзгерген күйінде сипатталады. Науқас мәселесінің бөлігі оның өткен тәжірибесі психотерапевтқа әсер етіп, және ол иррациональды, анахроникалық және танылмайтын реакцияларда (ауыстыру) айқындалатынында болады. Осы реакцияларды түсіндіру шектеулі көлемде қолданылады. Одан басқа авторлар психотерапевт реакцияларын осы деңгейде контрауыстыру ретінде қарастырудан бас тартады. Бұл психотерапевттің рефлексияға тартуға талпынуы мүмкін сезімдер болар. Төртінші деңгей — «жағдайлардың тоғысу деңгейі». Бұл деңгейде қатынастар психотерапевтке науқас және оның ауыстыруымен мәселе болып табылатын нәрселерді байланыстыратын жағдайлар орын алады. «Жағдайлардың тоғысу деңгейінде» психотерапевттің өткен тәжірибесі психотерапевтке кедергі болады. «Контрауыстыру» термині тек осы мағынада ғана қолданады.

2-ші саты — науқас мәселе туралы өз ойларын баяндайды. «Сырқаттың субъектілік теориясы» ұғымы ұсынылады. Терапияның орталық элементтерінің бірі, әсіресе олар оның мәселелі жағдайымен байланысты болса, науқастың теориялық тұжырымдамаларына назар салу болып табылады. Психотерапиялық араласу науқаспен жасалған құрылымға енгенде ғана тиімді екендігі атап көрсетіледі. «Сырқаттың субъектілік теориясы» ішкі байланыстарын түсіну маңызды, себебі дәл соларда оны тежейтін және жүзеге асырмайтын нағыз мәселе жатады.

3-ші саты — мәселенің талдауы. Мәселені талдауды келесі схема бойынша жасау ұсынылыды:

1) қазіргі уақыттағы жағдайлар (актуальды тудыратын жағдайға, емделуші және оның айналасындағылар мәселесінің салдарына көңіл аударылады);

2) емделуші өмірінің тарихы. Бұл мәселе талдауының бөлігі көбінесе емделуші мәселесінің бірінші көрінуіне сәйкес өмір кезеңіне, сонымен қатар одан кейінгі басталған кезеңге бағытталған;

3) қызметтік мәні. Мәселенің мәні деген сұраққа жауапты өзара ішкі жеке кикілжіңдер саласына ену талпынысында емес, нақты, айқын жеке ққатынастарда осында және қазір, серіктестік байланыстарда, отбасыда, жұмыста іздеу керек.

4-ші саты — мәселені анықтау, мақсатты қою және психотерапияны жоспарлау. Емделушінің пікірлері мен сырқаттың себебін түсіндіруге негізделетін мәселенің анықтамасы жалпыға түсінікті тілмен құрылуы керек. Бұл жерде танылмайтын үдерістерге ғана көңіл аударылатын күрделі психодинамикалық болжалдар болмауы тиіс. Психотерапияның мақсаты айқын, жедел, яғни барлық қажетті әрекеттерге нұсқаулары бар және 15-20 психотерапиялық сессиялы шегі есебімен реалистік болу керек. Күмәндану жағдайында табысқа қол жеткізу үшін мақсатты сәл төмендету керек. Психотерапияны жоспарлау мен стратегия жүзеге асуын таңдау кезінде прагматикалық ойларды басшылыққа алу керек. Терапияның негізгі тұжырымдамасына сәйкес әртүрлі әдістемелік көзқарастарды аралас қолдануға қарсы ешқандай қарсылық жоқ (мысалы, психодинамикалық және бір мезгілде когнитивтік-мінез-құлық әдістер).

5-ші саты — мәселені өңдеу және алынған өзгерістерді психотерапия шегінен тыс шындық өмірге ауыстыру. Мәселемен жұмыс жасаған кезде психотерапияның бір немесе бірнеше әдістер қолданылады. Сонымен бірге екі беталысты ұстану керек:

1) психотерапия проблематикасының кейеюі, онда қайта туындайтын маңызды мәселелер талқыланады;

2) емделушінің басты мәселені талқылаудан қашу. Жұмыстың басты мақсаты — емделуші мәселесінің сондай түсінігіне жету және психотерапия аяқталған соң қиындықтармен одан жақсы тойтарыс беріп, өз мәселелерімен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жеңудің стратегияларын игеру.

6-ші саты — психотерапияның аяқталуы. Психотерапия курсының аяқталуы мен емелуші мен спихотерапевттің қоштасуы соңғы үш-төрт сессияның басты тақырыбы болады. Егер емделушінің мәселесі саналы және ашық өңделсе, онда ол оған үлгі болатын психотерапевт мінезіне бейімделеді.

Мәселелі-бейімделу психотерапиясы үшін танылатын себептермен туған барлық бұзулар көрсетілген. Онда ашық айқын бұзулар туралы сөз етіледі. Ең алдымен оған егер олар антикризистік шаралармен жойылмайтын болса, өткір торығу, қорқыныш жағдайы, үрей, ауыр жүктемелерге деген өткір реакциялар, есірікті және қызметтік психосоматикалық бұзылулар, сондай-ақ «жүйке күйзелісі» жатады. Бұл терапияның түрі адамның маңызды нәрсеге қол жеткізе алмауы, өзіндік мәнділік сезімінің жоқтығы, асқан конфоризм, өз мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін тани алмайтындық тәрізді «мінез-құлық кемшілігінде» сипатталатын бірқатар бұзулар жағдайында көрсетілген. Мәселені анықтау – әдістер таңдауына қатысты барлық ойлардың басталу нүктесі.

Оның негізінде психотерапия стратегиясы әзірленеді – психотерапиялық мақсатқа жету үшін бір немесе бірнеше әдістерді қолдануды анықтайтын басқарушы желі болып табылады. Психотерапиялық әдістердің қолайлы эклектикалық таңдауында оның емделушімен түсінігі, емделушінің жеке тұлғасы мен мүмкіндіктері, психотерапевттің жеке тұлғасы мен мүмкіндіктері, психотерапевтке берілетін уақыт көлемі сияқты факторларға назар аударылады.

Мәселелі-бейімделу психотерапияда жүзеге асатын әдістердің плюрализм қағидасы келесіні тұжырымдайды:

1) сананың қарқындылығы;

2) ойлау мен мақсат шаблондарының өзгеруі;

3) мәселені шешу;

4) мінез-құлықтың өзгеруі;

5) күйзелістің белсенділігі;

6) емделушінің өз денесін қабылдауды жеңілдету және босаңсу;

7) қолдау;

8) жүйелік өзгерістер.

Егер психотерапевт таңдаған стратегияда сананың белсенділігі әдісін қолдану ұсынылса, терпия шегінде ең алдымен түйсіктермен байланысты аспектілерді түсіну емес, қарым-қатынастағы танылмайтын кикілжіндерді анықтау, әлеуметтік мотивтер туралы немесе қатынастар кестесін түсіндіру туралы сөз етіледі. Сондықтан объектілік қатынастардың жаңа пайымдауы түріндегі психоаналитикалық тұжырымдамалар мәселелі-бейімделу психотерапияда талдау барысында және мәселені анықтауда қолданылады. Сананы қарқындатуда белгілі психодинамикалық фокусы, конфронтация, болжал түріндегі түсіндіру, сыртқы әсерсіз ауыстыру (ауыстыру жүйке төзуы қөзбайды), түс көрулермен (ең алдымен ашық айқын түстердің мазмұнымен), жұмыс жасау, шынайы және фантазиялары бар түстерді таңдауы қолданылады.

Терапияның бұл түрінде мәселелерді шешу үшін қолданылатын ойлау мен мақсаттардың үйреншікті кестелері өзгеруінің когнитивтік әдістеріне көңіл бөлінеді. Ақпаратты беруден басқа тану және ойлаудың кедергі жасайтын кестелер мен сәйкес емес мақсаттардың өзгеру әдістері (аса жалпылау, «барлығы немесе ештеңе» түрі бойынша ойлау, асыра көрсету, таңдаулы қабылдау, эмоциональды ойлау, ерікті және иирациональды шешімдер, кемшіліктерді құндылықтарға қарсы қою, нормативтік ойлау, утопиялық нәтижелер, автоматтық ойлар тәріздес) қолданылады.

Ойлаудың кедергі болатын кестелері мен сәйкес емес ұғымдар саналы когнитивтік үдерістер арқылы өзгертілуі мүмкін. Ол үшін келесі қадамдар жасау керек:

1) ең алдымен автоматтық ойларды тану;

2) вербалдану;

3) талдау (эмпирикалық, логикалық, прагматикалық);

4) өзгерістер.

Мақсаттың өзгеруі кезінде, оны мәселені шешудің жаңа стратегияларын қолданумен тәжірибеде сынауға болады.

Бұл үдерісті логикалық бірізділікте орналасқан қадамдарға бөлу керек:

1) «мәселе шешілуі мүмкін» пөзитивтік мақсатты жасау;

2) емделуші мәселесін субъективтік баяндау;

3) мәселенің жүйелік талдауы;

4) мәселені дифференциалды жедел анықтамасы (әдетте мәселенің бұрынғы дыбысталуының нақтылануы, қайта құрылу болады);

5) баламалы шешімдердің бағасыз іздестіруі («бағытталған, ерікті ұқсастықтар» қолдану);

6) баламалардың реалистік бағасы (шынайы мүмкіндіктерді таңдау);

7) шешімді қабылдау және жүзеге асыру;

8) нәтижелерді тексеру.

Әдістемелік плюрализм негізінде емдеу міндеттерін шешу барысында классикалық келісілгендік, операнттық келісілгендік және үлгілеуге негізделген мінез-құлық психотерапиясының әдістері қолданылуы мүмкін. Күйзеліс белсенділігі мен эмоциялар айқындалуы әдістерінің интеграциясы сырқат пен жұмыс істейтін адамға өз жеке өсуін сезінуге мүмкіндікті ұсынуды мақсат етеді. Жұмсақ әсер ету тәсілдері мәселелі-бейімделу психотерапияның негізгі арсеналына кіреді. Оған эмоциональдық күйзелудің вербалдануы(Роджерс (Rogers С. R.) техникасы), когнитивтік ұқсату, ағымдағы сәйкестендіру жатады. «Жұмсақ» әдістермен қатар гештальт-терапияда әзірленген тәсілдер де қолданылады.

Атап айтқанда, конфронтация әдістері емделушіні неғұрлым анық және «бейнелі» түрде өз сезімдерін (асыра көрсету мен шыдам тәсілдері, өткенді немесе болашақты бүгінгі күнге ауыстыру техникасы, сәйкесетндіру) білдіруге түрткі болады. Мәселелі-бейімделу психотерапияда релаксация мен өз денесін сезінуді жақсартудың 3 әдісін көрсетеді: Джекобсонның ілгері дамитын бұлшық-ет релаксациясы, белсенді тыныс алу арқылы босаңсу, аутогендік жаттығу. Сондай-ақ емделушінің бейімделу мүмкіндіктерін арттырып, оның мәселені шешу жолдарын іздеуге бағытталған мәселелі жағдайды жете түсінуі мен когнитивтік үдерістерді күшейтетін қолдау әдістері де қолданады. Тілектестік, мақұлдау, эмпатия, пайдалы ақпарат қолдау түрлері болып табылады.

Мәселелі-бейімделу психотерапиясы тұжырыдамасының басқа мектептерден тәуелсіздігі, әдіс авторларының пікірі бойынша, бұл тұжырымдаманы әртүрлі бағыттарға қатысты психотерапевттер қолдана алатындай дидактикалық ерекшелігі бар. Әдістердің «ретсіздік» қаупі терапияның құрылымдылығы мен оның айқын көрсеткіштерімен жойылады. Психотерапевт әдістер таңдауында шектелмейді, ал мәселелі-бейімделу психотерапиясы одан өз жұмысындағы әдістер көзқарастарының бірігуін, интеграциясын талап етеді, ал олардың таңдалуы мәселенің өзгешелігіне, сонымен қатар емделушінің келісім мен ерекшелігіне негізделеді.



жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау