Ахметова Сауле Рамазановна, зерттеуші-мұғалім
Омралина Меруерт Атаровна, модератор-мұғалім
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қоғамдық ғылым негіздері пәнін оқытуда
оқушылардың жобалау-зерттеу дағдыларын
дамыту
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған
білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне
басты назар аудару болып табылады, ХХІ ғасырда талап етілетін
дағдылардың мәні де осында.
Оқушының ӛздігінен мәселелер мен мақсаттарды анықтауы,
ақпараттар легінен қажеттісін таба алуы, мәселелерді шешу мен мақсатқа
жету үшін әдіс- тәсілдерді таңдай алу дағдыларын қалыптастыруды
жобалау-зерттеу ісі жүзеге асырады. Жобалау-зерттеулерді сабақ
барысында ұйымдастыруға бағытталған оқу мазмұны мен әдіс-тәсілдері
толық жүйеленбеген. Жобалау –зерттеуді сабақта ұйымдастырудың
дидактикалық жүйесін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып
табылады.
Мақсаты : жобалау-зерттеу дағдыларын сабақ барысында
қалыптастырудың жүйесін анықтау.
Оқудың дамуы барысында оқушыға жол кӛрсету біртіндеп азайтылуы
қажет, себебі оқу үрдісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала
бастайды: оқу тәуелсіз сипат алып, ӛздігінен реттелетін болады.
Perry et al, 2002
«Жобалау технологиясы-бұл оқушылардың
жоспарланған міндеттерді белгілі бір реттілікпен
орындауы:
өздері үшін маңызды мәселелерді шешуі және соңғы
өнім дайындауы»
С.Полат
«Оқу жобасы-бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін
барынша қолдануы,соңғы нәтижесін дәлелдеуі
немесе өздері анықтаған
мәселені шешуге бағытталған әрекеті»
(Н.Ю.Пахомова,2000,16-бет) .
«Жобалау технологиясы-бұл оқушылардың жоспарланған міндеттерді
белгілі бір реттілікпен орындауы: ӛздері үшін маңызды мәселелерді шешуі
және соңғы ӛнім дайындауы».
Е.С.Полат
«Оқу жобасы-бұл оқушылардың
ӛз мүмкіндіктерін барынша қолдануы,соңғы нәтижесін дәлелдеуі немесе
ӛздері анықтаған мәселені шешуге бағытталған әрекеті».
Н.Ю.Пахомова
Жобалау-зерттеу жұмысының даму
әлеуеті
Рефлексивті
Мақсат,міндеттерді түсіну, ӛзінің және тобының жұмысына талдау жасау,
жаңа мақсат пен міндеттерді қоя алу
Зерттеушілік
Мәселені қоя білу, болжам жасау, себеп-салдарлық байланысты анықтау, жаңа идеялар
ұсыныу,ӛздігінен ақпараттар табу,түрлі дерек кӛздерін қолдана алу, бірнеше нұсқада
шешім шығару, тәжірибе жасау, қорытындылау
Бірлікте жұмыс жасау
Серіктестерімен қарым-қатынас орнату, ұжымдаса жоспарлау, ӛзі шешім қабылдай
алу, ӛзіне жауапкершілік алу,топтың шешімімен келісу, топ мүшелеріне сенім арту,
түрлі дауларды реттеу
Ұйымдастырушылық
Жобаның сақсаттарын қою, жоба тапсырмасын орындау, жобаның орындалу барысы
мен іс-әрекетті, уақытты, ресурстарды жоспарлау,
Рӛлдерді бӛлу, шешім қабылдау, салдарды болжай алу
Коммуникативтік
Ӛзгелерді түсініп, тыңдай білу, диалог орнату,нақты және сауатты ӛз ойын жеткізе
алу,ӛз кӛзқарасын дәйектей алу, тіл табысу, сұхбат, ауызша сауалнама жүргізу
Таныстырылым
дағдысы
Ауызша сӛйлеу , жобаны қорғау барысында түрлі кӛрнекі құралдарды
қолдану,жоспарланбаған кез-келген сұрақтарға жауап беру
Жобалау-зерттеу дағдыларын сабақ барысында қалыптастыру жүйесі
Орта мерзімді оқу
жоспары
Ерте орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері 22 сағат
Зерттеу идеялары
Белгілі бір уақыт аралығындағы қарама-қайшылықтар мен
ынтымақтастықтар нәтижесінде ӛзгеріске ұшыраған елдердің ортақ
құндылықтары сақталуы мүмкін.
Негізгі концепция
Ӛзгеріс Миграция
Пәндік концепция
Қарама –қайшылық ынтымақтастық
Юнит тақырыбы
Ынтымақтастықтар мен шиеленістер
Дерек
Түрік қағанатының құрылуы
Дерек
Түрік империясының гүлденуі
Дерек
Түркі тайпаларының миграциялануы
Жоба
Түбі бір түркі халқы 5 сағат
Бағалау
Қорытынды бақылау
Жобаның негізгі орындалу кезеңдері:
І. Зерттеу нысанын таңдаңыз:
Түркия, Азербайжан, Ӛзбекстан, Қырғызстан,Түркмения,Татарстан
,Башқұрт Республикасы, Кабардин-Балкар , Якутия,Тыва,Чуваш
Республикасы,Ұйғыр Автономиясы.
ІІ. Зерттеу нысанына байланысты зерттеу тақырыбын анықтаңыз. Зерттеу
тақырыбы сұраулы болуы керек.
III. Тақырыптың маңыздылығы, қызықтылығы мен ӛзектілігін анықтаңыз.
( Маған, қоршаған ортаға, әлемге қатысы қамтылады)
ІV. Тақырып ғылымның қандай саласымен байланысты болуы мүмкін
екенін анықтаңыз. (Ғылым саласына қатысты қандай терминдерді
қолданылады)
V. Жетелеуші сұрақтар құрастырыңыз
VI. Концепциялармен байланыстырыңыз
VII. Тақырыпқа сәйкес ақпараттар жинақтаңыз.
VIII. Жинақталған ақпараттарды сұрыптаңыз.
IX. Тұжырымдаңыз.
X. Қабырға газетін дайындаңыз.
XI. Рефлексивті есеп жасаңыз.
Зерттеу нысаны
Саха
Зерттеу тақырыбы Саха елінің түркі халықтарымен байланысы қайдан бастау алады?
Жетелеуші
сұрақтар
Орта ғасырдағы түркі халықтары қандай мемлекеттерді құрды ?
Бүгінгі күні түркі халықтары қандай мемлекеттерді құрады?
Түркі тілдес халықтардың қандай ортақ белгілері бар?
Қандай мәдени ортақтығы мен құндылықтары бар?
Тақырыптың
қызықтылығы,
маңыздылығы,
ӛзектілігі
Адам ӛзінің бірге туған бауырларын іздеген сияқты, халықтар да ӛз бауырларын-
туғандарын іздейді. Сол себепті түркі халықтарының бірі екендігін білгеннен
кейін саха туралы білуге қызығушылық туындады. Түркі халықтарының түбі бір
болғандықтан бүгінгі күні байланысты жалғастыру ӛте маңызды, себебі бұл -
әлемді жақсартады. Халықтар арасындағы қарым-қатынас нығаяды. Бұл
зерттеудің ӛзектілігі болып табылады.
Жоба құрылымы
Концепциялармен
байланыс
Негізгі концепция: ӛзгеріс Түркілер VI-XIII ғасырлары аралығында ӛмір
сүрген халық. Бүгінгі күні 40 тілден тұратын 5 топты құрайды
Пәндік концепция: қарама-қайшылықтар мен ынтымақтастықтар. Түркі
халықтары ынтымақтаса отырып YI ғасырда ірі қағанат құрамына бірікті.
Ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтардан ыдырап, бүгінгі күні Еуразия
құрлығына таралып қоныстанған түркі халықтарына айналды.
Ғылым саласы мен
қолданатын
ресурстар
География,
тарих,
этнография,
лингвистика,
антропология
ғылымдарымен байланысты Саха елі туралы деректер жинаймыз. Түркі
халқы,тіл, дін, салт-дәстүр, ғұрып - қолданатын ресурстар
Зерттеу жұмысының
ӛнімі
Қабырға газеті
Зерттеу
идеясымен
байланыс
Белгілі бір уақыт аралығындағы қарама-қайшылықтар мен
ынтымақтастықтар нәтижесінде ӛзгеріске ұшыраған елдердің ортақ
құндылықтары сақталуы мүмкін. Саха халқының салт-дәстүрі, тілі, жер-
су атаулары түркітілдес халықтарына жақын.
Зерттеу шеңберіндегі рефлексия
Рефлексия
Негізгі кезеңдер
Ұсынылатын сұрақтар
1. Кіріспе
Мен таңдаған нысан қандай?
Осы нысанға қатысты тақырыпты мен қалай құрдым?
Бұл тақырып жайлы мен не білемін?
Бұл тақырып жайлы мен нені білуім керек?
Менде қандай идеялар бар?
Жобалау-зерттеудің бастапқы кезеңінде менде қандай сезімдер туындады?
2. Ақпараттарды
жинақтау.
Қандай ақпарат кӛздері маған кӛмектесуі мүмкін?
Мен оларды қайдан табуым мүмкін?
Табылған ақпараттардың құндылығы неде?
Тақырып бойынша тағы да қандай ақпараттар болуы мүмкін?
Зерттеудің осы кезеңінде мен нені сезіндім?
3. Сұрыптау.
Мен жинаған ақпараттардың қайсысы тақырыбыма сәйкес келеді?
Ақпараттардың қай бӛлігі менің жауабымды қолдайды?
Ақпараттардың қай бӛлігі менің тақырыбыма сәйкес келмеді?
Мен зерттеудің осы фазасында нені сезіндім?
4.Тұжырымдау.
Менің жүзеге асырғым келетін идеям қандай?
Ол менің оқып жатқан тақырыптарыммен қалай
байланысты?
Мен зерттеу идеясын қалай жүзеге асырамын?
Мен зерттеудің осы фазасында нені сезіндім?
Келесі зерттеу жұмысымда нені ӛзгертер едім?
5.Әрекет ету.
Бұл тақырыпты оқу арқылы мен неге үйрендім?
Осы зерттеу жұмысы не себеппен мен үшін маңызды?
Мен үшін,қоршаған орта үшін және әлем үшін маңызы
қандай?
Алған білімімді қайда қолдана аламын?
Қандай ғылыми салалармен байланыстырдым?
Бұл тақырыптың қызықтылығы неде болды?
Осы жұмыстың түрі мен үшін қаншалықты қолайлы
болды?
Басқа қандай жұмыс түрлерін ұсынар едің?
Зерттеу барысында менің сезімдерім қалай ӛзгерді?
«Жобалау технологиясы-бұл оқушылардың
жоспарланған міндеттерді белгілі бір реттілікпен
орындауы:
өздері үшін маңызды мәселелерді шешуі және соңғы
өнім дайындауы»
С.Полат
«Оқу жобасы-бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін
барынша қолдануы,соңғы нәтижесін дәлелдеуі
немесе өздері анықтаған
мәселені шешуге бағытталған әрекеті»
(Н.Ю.Пахомова,2000,16-бет) .
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Жеке адамдар мен қоғамдар бойынша нұсқаулық. (2014 ж. Қыркүйегінен /
2015 ж. қаңтарынан қолдануға арналған)
2. MYP: От принципов к практике. Для использования с сентября 2014/Января
2015.
3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2020 жылға дейінгі даму
стратегиясы. Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 ж. 18 сәуірдегі шешімімен
мақұлданған.
4.Vivienne Baumfield,Elaine Hall and Kate Wall. Action Research in the classroom.
SAGE.Los Angeles-London-New-Deli-Singapore.2010.
5. Мосина М.А. “ Проектные технологии обучения иностранным языкам” .
Монография, Пермь, ПГТУ, 2010, С.5-14
6. Мұғалімге арналған нұсқаулық . “Назарбаев Зияткерлік мектептері”
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014
Достарыңызбен бөлісу: |