Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. М-БП-ң негізгі принциптері.
2. Науқасқа деген бағыттылық принциптерінң мән.
3. М-БП-ң жеке сатыларын ата.
4. М-БП-ң плюрализм қағидасы нені тұжырымдайды?
Әдебиет:
Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5
Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.
Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.
Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.
Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4
Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.63-65.
17 тақырып. Топтық психотерапия.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың негізгі ережелері.
2. Топтық жұмыс түрінің ерекшелігі.
3. Топтық психотерапияның мақсаттары мен міндеттері.
Бұл топтық динамиканы, яғни топ қатысушылары арасында пайда болатын, сонымен қатар емдеу мақсатымен топтық психотерапевтті қоса, өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесудің бүкіл жиынтығын мақсатты қолдану ерекшелігі болып табылатын психотерапиялық әдіс.
Принципиальды түрде Т.п. психотерапияда жеке дербес бағыт емес, оны қолдануда психотерпиялық әсер етудің құралы ретінде жеке психотерапиямен салыстырғанда психотерапевт қана болатын, емделушілер тобы шығатын ерекше әдіс болып саналады.
Басқа психотерапиялық әдістермен қатар Т.п. (дәл жеке формасы сияқты) түрлі оның ерекшелігін анықтайтын теориялық бағдарлар шегінде де қолданылады: нақты мақсаттар мен міндеттер, үдерістің мазмұнды жағы мен белсенділігі, психотерапевт тактикасы, психотерапиялық нысаналар, әдістемелік тәсілдерді таңдау және т.б. Осы барлық ауыспалылар көбінесе психотерпиялық топта қатысатын сырқаттар континентінің нөзологиялық тәуелділігімен түсіндіріледі. Психотерпиядағы жеке дербес бағыт ретінде Т.п. емделушіні әлеуметтік-психологиялық жоспарда, психотерапиялық үдерістің шегін кеңейтіп, жеке тұлға мен оның ішкі жеке мәселеріне ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның қоршаған әлемдегі шынайы өзара қатынастары мен өзара әрекеттерімен жиынтығында назарды шоғырландырып қарастырады. Емделуші топ ішінде өзара қарым-қатынас пен өзара әрекеттесулері маңызды түрде оның шынайы өзара қарым-қатынастарын айқындайды, себебі топ шынайы өмірдің үлгісі ретінде болады, онда емделуші сол қатынастар, мақсаттар, құндылықтар мен сол эмоциональдық әсер ету тәсілдері мен мінез-құлық реакцияларын айқындайды. Топтық динамиканы қолдану әр қатысуышы өзін таныта білуге, сондай-ақ топта емделушінің өзін-өзі теңбе-тең және терең түсінуге, өз теңбе-тең емес қатынастары мен мақсаттарын, өзара жеке әрекеттесуде пайда болатын эмоциональдық және мінез-құлық стереотиптерді көре білуге және оларды тілектестік атмосферасы мен өзара қабылдауда өзгертуге мүмкіндік беретін кері байланыстың тиімді жүйесін құруға бағытталған.
Т.п. топтық терапия, топтағы психотерапия, ұжымдық психотерапиядан ажыратады. Соңғылары өз мәнінде кез келген психотерпиялық әдісті емделушілер тобында (гипнөз, аутогендік жаттығу, пікір, қайта ой салу және т.б.). қолдану деп тұжырымдайды. Бұл жағдайда психотерапевт емделушілердің көпшілігіне психологиялық құралдармен бір мезгілде әсер етеді, бірақ емдеу мақсатымен емделушілер арасында пайда болатын өзара қатынастар мен әрекеттерді, жағдайларды жүйелі түрде қолданбайды. Т.п. шығу тарихы топтық терпиядан Т.п. қөзғалысы, яғни топтық эффектілердің психотерапиялық мақсатта түсінуі мен қолдануы. Медицинаның пайда болу кезінен бастап сырқаттарға көмек көрсету үшін емшілер психологиялық әсер ету әдісін қолданды, сол мақсатпен топты пайдаланды. Топта көрініс табатын нәтиже, бағдарлар, эмоциялар, сенім сезімдері, емші біліктілігі мен пайдаланатын процедураларға деген сенім қатысушылардың «эмоциональдық улану» шарасы бойынша ұлғаятын аффектілік жүктеме күйін арттырған және емделушінің әсері мен ықпалына икемделуге ықпал етті.
Әсер ету ең алдымен сырқаттың эмоциональдық саласына айналған илану, және оның рациональды, сыни ойлаудан өтіп кетіп, оның көңіл-күйі мен психикалық физиологиялық жағдайына, әлеуметтік қызмет етуіне пайдалы әсер етті. Психикалық денсаулыққа топпен жағымды әсер етудің үлгісі ретінде австрия психиатры Месмердің (Mesmer F. А.) тәжірибесін айтуға болады. Оны кейде «психотерапия теориясы мен тәжірибесін құрушы, оның ішінде топтық» деп атайды. Әрі қарай көптеген әйгілі ғалымдар мен дәрігерлер түрлі психотерпиялық әдістерді сырқаттар тобында осының мақсаттылығы мен тиімділігіне сүйене отырып, қолданды. Топтық әсер етудің терапиялық мүмкіндіктеріне бірінші көңіл аударған 1955 ж. алғаш ерт өкпе ауруымен сырқат адамдарға психотерапиялық топтарды ұйымдастырған американдық дәрігер Пратт (Pratt J.) болды. Алғашқыда Пратт топты емделушілерді олардың аурулары мен денсаулығы, сауығуға көмектесетін өмір сүру қалпы мен қатынастар туралы ақпараттандыратын ең қолайлы тәсіл ретінде қарастырды және оны терапиялық мүмкіндіктерден бөлген жоқ. Кейін ол психотерапияда басты рөльді бір адамның екіншіге тиімді әсер етуі, топта пайда болатын өзара пессимизм мен тұйықталу сезімін жеңетін түсіністіктер мен тілектестік әсері бар топқа тиесілі деп санады.
XX ғ. бүкіл психотерапиялық бағыттары топтық түрлерді пайдаланды және Т.п. дамуына елеулі үлес қосты. Бұл қатарда ерекше орынды психоаналитикалық және гуманистік бағыттар алып жатыр. Осылай, Адлер (Adler А.) емделушілерде болатын бұзылулар айқындалуда әлеуметтік ортаның әсеріне көңіл аударды. Ол топ эмоциональдық бұзуларды анықтау және оларды түзету үшін тиісті контекст деп санаған. Емделушілер кикілжіңдері мен қиындықтарының көзі олардың құндылықтары мен өмірлік мақсаттарының қате жүйелерінде және топ көзқарастар мен пікірлерді қалыптастырып, сонымен қатар оларды өзгерте де алатыны туралы айтқан. Емделушілер тобымен жұмыс жасап, Адлер емделушілердің генез және олардың бұзылуларын, сонымен қатар олардың бағдарларын ауыстыруды түсінулеріне жеткізуге тырысқан. Психикалық-бейімделу т.п. дамуына өз жұмыстарымен Славсон (Slavson S. R.), Шильдер (Schilder P.), Вольф (Wolf А.) және т.б. ықпал етті. Т.п. дамуына елеулі үлес қосқан психодраманың негізін қалаушы Морено (Moreno J.L.) болды, оған Т.п. терминінің енгізілуін жатқызады. Гуманистік бағыт өкілдерінің ішінен айрықша орынды Роджерс (Rogers С. R.) алады. Негізгі ауыспалы психотерапиялық үдеріс ретінде эмпатияны, оң қабылдау мен аутенттілікті бөлектеп, Роджерс топтық түрлерге үлкен мән берген.
Ол психотерапевт онда қатысушылар үшін үлгі болады және сол арқылы үрейді жою және өздігінен ашылуға ықпал етіп, топ қатысушылар арасында құрылатын қатынастар терапиялық өзгерістер үшін оптимальды шарттарды тудыруы мүмкін деп санаған. Т.п. дамуына айрықша әсер еткен топтық динамика саласында Левин (Lewin K.) жұмыстары болды. Ол тиімді өзгерістердің көбі жеке емес, топтық контексте болады деп айтқан. Левин жіне оның ізбасарлары жеке бұзылуларды басқа адамдар арасындағы, әлеуметтік ортамен бұзылған қатынастар айықындалуының нәтижесі деп қарастырған. Олар топта бұзылған өзара әрекеттесуді түзетудің құралын көрді, себебі осындай түзету әлеуметтік оқыту үдерісінде болады.
Бұл үдеріс жеңілденеді және бейімді емес өзара мінез-құлықтың жеке қатысушылары үшін топтық контекстте ерте айқындалу арқасында жеделдетіледі. Топ жұмысының басты мазмұны өзара әрекеттесудің типтік бейнелер талдауы, «осында және қазір» актуальды жағдайда оның мінез-құлқы мен өткендегі салдарымен салыстыру болады. Тілектестік және серіктестік атмосферасының тууына ықпал етіп, марапаттайтын және пікірталасты бағыттайтын психотерапевттің тактикалық қатысуы арқасында осындай аналитикалық жұмыс оқыту үдерісінің өтуіне болмай қалатын түзету эмоциональдық тәжірибенің күйзелісін жеңілдетеді. Сонымен қатар Шығыс Еуропада жұмыс жасап, Ресейдегі Т.п. дамуына елеулі үлес қосқан Хёк (Hock K.), Ледер (Leder S.), Кратохвил (Kratochvil S.) сияқты Т.п. белгілі теоретиктер мен практиктерін атап өтуі қажет.
Т.п. мақсаты мен міндеттері жеке тұлға өзгерісіне бағытталған әдіс ретінде белгілі дәрежеде жеке тұлға және оның бұзылу табиғаты туралы теориялық ұғымдарға қатысты ажыратылады, бірақ топтық динамикаға деген негіз бағдарларды елеулі жақындатады. Т.п. мақсаттың жалпы түрінде емделуші мәселелерінің ашылуы, танылуы және өңделуі және теңбе-тең емес қатынастардың, мақсаттардың, эмоциональдық және мінез-құлық стереотиптерінің талдау және өзара әрекеттесуді қолдану негізінде түзету. Күтілетін өзгерістердің үш жазықтығын есепке ала отыра (когнитивтік, эмоциональдық және мінез-құлық) топтық психотерапияның анық міндеттерін келесідей құруға болады:
1. Тану саласы (когнитивтік аспект, интеллектуальдық ұғыну). Т. п. емделушінің келесіні ұғынатындай ықпал жасау керек: 1) психогендік факторлар арасындағы және өз сырқатының шығуы, дамуы және сақталуы арасындағы байланыс;
2) қандай жағдайлар симптоматиканың шығуы, фиксациясы және күшейтілуіне түрткі болатын жүктеме, үрей, қорқыныш және т.б. теріс эмоцияларды тудыратын топта және шынайы өмірде болдырады;
3) теріс эмоциялар мен симптоматиканың шығуы, фиксациясы және күшейтілуі арасындағы байланыс;
4) өзінің мінез-құлқы мен эмоциональдық реттеу ерекшелігі;
5) шет жақтан қалай көрінеді, оның мінез-құлқы қалай қабылданады, айналадығалар мінез-құлқы мен эмоциональдық реттеу ерекшелігін қалай бағалайтыны, оларға жауап берілері, осы мінез-құлықтың салдары қандай;
6) «Мен» менік бейнесі мен басқалармен өзін қабылдауы арасындағы бар келіспеушілік;
7) өз мотивтері, қажеттіліктері, талпынысы, қатынастары, мақсаттары, мінез-құлық пен эмоциональдық реттеу ерекшелігі, сондай-ақ олардың теңбе-тең, шынайылылық және құрылымдылық дәрежесі;
8) тиісті қорғаныс механизмдері;
9) ішкі психологиялық мәселелер мен кикілжіңдер;
10) өзара қарым-қатынас әрекет ету ерекшелігі, өзара кикілжіңдер мен олардың себептері;
11) күйзелістердің аса терең себептері, балалық шақтан бастап әрекет ету тәсілдері, сонымен қатар қатынастар жүйесі қалыптасуының шарттары мен ерекшелігі;
12) өзіндік рөль, кикілжің және психикалық жарақат ету жағдайларының пайда болу және сақталуына қатысу шарасы, сондай-ақ қандай жолмен олардың болашақта қайталанбауына.
Интеллектуалдық тану міндеттер келесі үш аспектілерге келеді: «жеке тұлға—жағдай—ауру» байланысты тану, жеке тұлғаның интердербес контексті тану және генетикалық (тарихи) жоспарды тану.
2. Эмоциональдық сала. Т. п. емделушіге көмектесу керек:
1) топ және психотерапевт тарапынан эмоциональдық қолдау алу, бұл өзіндік құндылық сезіміне, қоғаныс механизмдерінің әлсіреуіне, анықтық, белсенділік, сыртқы әсерсіз болудың өсуіне әкеледі;
2) топ ішінде шынайы өмірде сезімдерді сезінуге, шынайы өмірде болған және бұрын жасай алмаған эмоционалдық жағдайларды жасауға;
3) кейбір эмоционалдық реакцилардың теңбе-теңдігін бастан кешіруге;
4) меншік кері және оң сезімдерінің айқындалуына неғұрлым еркін болу;
5) өз сезімдерін неғұрлым анық түсінуге және вербалдауға үйрену;
6) өз мәселелерін оларға сәйкес күйзелістермен ашу (жиі өз-өзінен ертедегі жасырынған немесе бұзылған);
7) күйзелу, эмоционалдық реттеу, өзін және өзінің басқалармен қарым-қатынасын қабылдау тәсілін өзгерту;
8) өз қатынасына эмоциональдық түзету жасау. Жалпы эмоционалдық саладағы міндеттер келесі негізгі аспектілерді қамтиды: эмоционалдық қолдау алу және өзіне неғұрлым жақсы қарым-қатынас қалыптастыру, тікелей күйзелу мен топ ішінде және өзінің жаңа тәжірибесін тану; өзіндік эмоциялардың анық танылуы және вербалдануы; эмоциональдық тәжірибені қайта және өткендегіні бастан кешіру және топ ішінде жаңа эмоциональдық тәжірибені алу.
3. Т.п. мінез-құлық саласы емделушіге келесіде көмек көрсетуі керек:
1) меншік теңбе-тең емес мінез-құлық стереотиптерін көру;
2) аса шынайы, терең және еркін қарым-қатынасқа дағыдалану;
3) топ ішінде айқындалатын, сондай-ақ субъектілік күрделі жағдайлардан құтылумен байланысты мінез-құлықтың теңбе-тең емес түрлерін жеңу;
4) серіктестік, өзара көмек, жауапкершілік және дербестікпен байланысты мінез-құлық түрлерін дамыту;
5) мінез-құлықтың жаңа түрлерін, нақтырақ, теңбе-тең бейімделуге және шынайы өмірде қызмет етуге септігін тигізетін жаңа түрлерін бекіту;
6) тану және эмоциональдық салада жетістіктер негізінде мінез-құлық пен реттеудің теңбе-тең түрлерін жасау және бекіту.
Т.п. міндеттері мінез-құлық саласында тиімді өзіндік реттеудің қалыптасуы ретінде анықталуы мүмкін.
Осылай, Т.п. міндеттері негізгі үш құрайтын өзіндік тануға шоғырланады: өзіндік түсіну (когнитивтік аспект), өзіне деген қарым-қатынас (эмоциональдық аспект) және өзіндік реттеу (мінез-құлық аспект), бұл емделушінің өзіндік танылу саласының кеңею ретінде Т.п. жалпы мақсатын анықтауға ықпал етеді. Жеке тұлға өзгерісіне бағытталған кез келген психотерапиялық жүйенің міндеттері келесідей болуы мүмкін. Бірақ Т.п. емдеу әсерінің құралы ретінде өзара қарым-қатынас, топ динамикасы есебінен емделуші мәселелерін түсіну және түзетуге септігін тигізетін психотерапиялық топ болады.
Топтық динамика топ мүшелерінің өзара қарым-қатынастары мен өзара іс-әрекеттері, қызметтері және сыртқы ортаның әсері нәтижесінен пайда болатын топтық әрекеттер мен интеракциялар жиынтығы болып табылады және уақыт ішіндегі топтың дамуы немесе қөзғалысы. Жалпы түрінде топтық динамиканы топтың мақсаттары, міндеттері, нормалары, оның құрылымы, ондағы көшбасшы құрылымы, топтық рөльдер, топ тұтастығы, топ қкаты, бұрынғы эмоциональдық тәжірибе өзектілігі, топшық қалыптасуы, топтағы вербальдық қарым-қатынастың басты түрлері. Топтық динамиканың барлық элементтері жұмыс үдерісінде талқыланады, себебі оларда мінез-құлықтың қарым-қатынас, міндеттер, ерекшелік және т.б. жүйесі жақсы айқындалады және сонымен бірге топтық пікірталастың негізгі тақырыптары ретінде қарастырыла алады.
Топ жұмысының «осында және қазір» үдерісіне шоғырлануы топтық динамика мен өзара жеке байланысқа сүйенуі кейде Т.п. өзара жеке байланыс саласындағы кикілжіңдерді өңдеуге бағытталатындай пікірді қалыптастырады, ал жеке п. Терең өзара жеке кикілжіңді ашып өңдеуге бағытталады. Бірақ Т.п. нақты психотерапиялық бағыт шеңберінде жеке п. тәрізді сол мәселелерді, бірақ өз құралдары арқылы шешеді. Егер психотерапия мақсаты ішкі психологиялық кикілжіңді ашу және оның пайда болуы мен субъектілік шешілмеуіне негізделген теңбе-тең емес, бұзылған жеке тұлға қатынасын болса, онда бұл мақсат жеке психотерапия үшін де, Т.п. үшін де жалпы болады.
Өзара жеке қатынас, өзара кикілжің саласындағы қиындықтар маңызды түрде терең қақтығыстар мен жеке тұлғаның бұзылған қатынастарының нәтижесі болып табылады. Жеке кикілжіңдерде жасырын және танылмайтын психологиялық мәселелер «ашылады». Өзара жеке қатынас деңгейінде әсер ету ең алдымен мінез-құлық тренингі деп қарастырылады, себебі психотерапия міндеттері одан терең және күрделі. Бірдей мақсатты жеке және Т.п. айырмашылығы Т.п. көбінесе өзара жеке аспектіге, ал жеке – тарихи аспектіге көңіл бөледі. Алайда, ол ескерту емес, көбінесе солай болады. Т.п. ішкі психологиялық кикілжің мен тұлғаның бұзылған қатынастары олардың топ ішіндегі емделушінің шынайы күйіндегі тікелей айқындалуы арқылы ашылады. Дәл солай Т.п. басты интеракциялық бағытқа қарамастан, «осында және қазір» актуальды жағдаймен шектелмейді. Жеке тұлғаның бұзылған қатынастарын теңбе-тең түзетуді емделуші топтық өзара әрекет етуде айқындалатын психологиялық ерекшеліктердің бүкіл кешені оның топтан тыс шынайы жағдайы мен мәселелерімен сәйкес қатынаста болып, «сонда және сол кезде» жағдайындаөзара қатынастарды қайта құруға мүмкіндік берген кезде ғана жүзеге аса алады.
Заңды қайталанушылық, кикілжің жағдайлардың, топ ішінде және одан тыс мінез-құлық пен эмоциональдық реттеу ерекшелігінің стереотиптілігі бүгінгі күні және өткенде емделушіге топтағы алған кері байланыс мазмұнын аса бейнелі және сенімді етеді. Бұл өз қарым-қатынастарын өзіндік зерттеуге және түзетуге тұрақты мотивациясының құрылуына ықпал етеді, әртүрлі жағдайда мінез-құлықтың артында тұрғанды бөлектеуге мүмкіндік береді. «Осында және қазір» жағдайымен шектелуі туралы
Т.п. үдерісінің көрініс нәтижесі тек психотерпиялық әсер ету тиімділігінің азаюы ғана болады. Топтық психотерапия емдеу әрекетінің маңызды механизмдердің бірі – топ ішінде емделушінің шынайы өткен өмірінде болған және субъективтік шешілмеген әрекет етілмеген болып табылатын эмоциональдық жағдайларды бастан кешіру және пайда болуы, ол топ ішінде актуальды эмоциональдық жағдайда көрінісін беретін өткендегі теріс тәжірибенің өңделуі болып табылады, ол болмаса, оң жеткілікті терең жеке өзгерістерге жету мүмкін емес. Теңбе-тең өзіндік түсіну емделушінің жеке дамуы мен қалыптасудың жалпы контексінен тыс мүмкін емес. Т.п. сияқты өзара жеке деңгеймен шектелмейді, сол сияқты жеке психотерапия тарихи талдау арқылы тануға ғана негізделмейді. Жеке психотерапияда, топтық п. сияқты, шынайы эмоционалдық өзара әсер ету (топта немесе психотерапиялық диадада), емделушінің өзі, өмірі, өткен өмірі белгілі деңгейде «осында және қазір» қағидасына жауап береді.
Біріншіден, емделушінің вербальдық белсенділігі (белсенді еместігі) оның психотерапевтпен (топ) актуальдық өзара әрекеттесуіне негізделген: сенім немесе сенімсіздік, қауіптілік пен қауіпсіздік сезімі, тілектестік білдіру тілегі, түсіністік, контакт табу, серіктестік жасау немесе емдеу үшін бар жауапкершілікті психотерапевтке аудару. Екіншіден, өткені туралы әңгіме, олар да шынайы жағдайда болған эмоциялармен сәйкес жиі қатты эмоцияларды тудырады. Алайдаөткен туралы әңгіме қатты актуальды күйзелістерді өршітіп қана емес, сонымен бірге олардың теңбе-тең және анық вербалдануы мен танылуына ықпал етеді. Сондықтан жеке психотерапиядағы психотерапиялық үдеріс тек тарихи жоспармен, ал топтықта – тек өзара жеке психотерапиямен шектелуі, «осында және қазір» терминінің төтенше тар мағынада түсінілуі негізсіз болып табылады.
Т.п. үдерісін зерттеушілердің көбі, сондай-ақ осы саладағы практиктер топтағы психотерапиялық үдерісі дамуының белгілі заңдылықтары мен оның белгілі дәрежеде анық айқындалған фазаларын сипаттайды. Бұл үдеріс тәуелді және іздеу мінез-құлық дәрежесінен басталып, пайда болу, өршу және топішілік кикілжіңдерді шешу кезеңі арқылы өтеді және топтық жинақылықтың қалыптасуы мен мәселелерді тиімді шешуге жылжиды. Түрлі схемалар әртүрлі теориялық бағдарлармен қатар, сондай-ақ әртүрлі параметрлермен анықталады, олардың зерттелуі топтық психоетрапиялық үдерістің белгілі фазаларын бөлу үшін негіз болды (қар. Психотерапиялық топтың даму фазалары). Бірақ сипаттау деңгейінде мұнда айырмашылықтан гөрі ұқсастықтар көп. Топтық психотерапияның бірінші фазасы емделушілердің енжарлы болуымен және шынайы топтық жағдайдың психотерапевт бағдарынан күтілетін нәтижелердің сәйкессіздігіне негізделген шиеленістің жоғары деңгейімен сипатталады.
Екінші фаза үшін емделушілердің аса жоғары белсенділігімен байланысты шиеленістің жоғары деңгейі тән (психотерапевтке қатысты теріс эмоциялардың барымен ерекшеленеді). Бұл дағдарыс дәрежесінің құрылымдық шешілуі емделушілердің өз сезімдерін ашық білдіру мен бедел, тәуелділік, қолдауды іздеу, жеткіліксіз дербестік пен жауапкершілік, сенімсіздікпен байланысты топ ішінде өз мәселелерін талқылау деп санауға болады. Үшінші фаза топтың құрылу үдерісі, топ мәдениетінің дамуы, топтың нормалары мен құндылықтарының өңделуі, тұтастықтың, өзара көмек пен өзара қолдаудың қалыптасуымен сипатталады. Төртінші фаза «жұмысшы» – психотерапиялық топтың белсенді және мақсатты жұмыс істейтін фазасы болып табылады. Алдыңғы фазада пайда болған тұтастық, адалдық, спонтандылық, қызығушылық, қауіпсіздік сезімі топ ішіндегі өзіндік психотерапиялық үдеріске қажетті қолайлы жағдай жасайды.
Т.п. емдеу әсерін қарастыру кезінде әртүрлі механизмдер немесе эмоциональдық күйзеліс, өзіндік түсіну және мінез-құлықты реттеу сияқты 3 негізгі жазықтықта орналасқан емдеу әрекетінің факторларын бөледі. Теориялық бағдарға байланысты әртүрлі бағыттардың өкілдері олардың әрқайсысына көп немесе аз мағынада көңіл бөледі, сонымен бірге басқа екеуінің де рөлін ерекшелейді. Т.п. емдеу әрекетінің негізгі механизмдері ретінде түзету эмоциональдық тәжірибе, конфронтация және оқыту қарастырыла алады.
Т.п. маңызды рөльді топтық психотерапевттің мінез-құлқы алады, ол маңызды дәрежеде теориялық бағдармен анықталады, бірақ жалпы алғанда оның бағдары директивтік емес болып сипаттала алады. Топтық психотерапевттің негізгі міндеттерін келесідей құруға болады:
1) топ мүшелерін қатынастардың, бағдарлардың, мінез-құлықтың, эмоциональдық реакциялардың айқындалуы мен оларды талқылау мен талдауға, сонымен қатар ұсынылған тақырыптарды талдауға түрткі болу;
2) топ ішінде өзара қабылдау, қауіпсіздік, қолдау және қорғау атмосферасында емделушілердің өз мәселелері мен эмоциялардың толық ашылуы үшін жағдайлар жасау;
3) топ ішінде әсер етудің директивтік және директивтік емес техникаларды таңдаудағы белгілі нормалар, икемділікті әзірлеу және қолдау.
Топтық психотерапевтпен қолданылатын әсер ету құралдарын шартты түрде екіге бөлуге болады: вербалды және вербалды емес. Вербалды түрге сабақтар барысының құрылуы (психотерапевттің маңызды қызметтерінің бірі), ақпаратты жинау, түсіндіру (эмоциялардың айқындалуы, кларификация, конфронтация, өзіндік түсіндіру), сенім және қайта түсіндіру, ақпаратты ұсыну, тапсырмаларды белгілеу. Бұл жағдайда психотерапевттің белсенділігі туралы емес, белгілі бір беленділік түріне топ мүшелерінің себепші болуы туралы айтылады. Вербалды емес құралдарға ым, қолдарын сілтеу, интонация жатады.
Психотерапиялық топты басқарудағы айрықшасы ондағы екі психотерапевттің болуы, бұл олардың әрқайсысына топ ішіндегі өз мінез-құлқына қатысты кері байланысты алуға жағдай туғызады. Бұл жағдайда психотерапевттер кәсіби түрде бірін-бірі бақылайды және топ үдерісін түсінудегі өзіндік қателер мен мүмкін болатын контрауыстыруға көңіл бөле алады. Контртерапевт жиі ең тәжірибесі аз топтық психотерпевті болады, ол жұмысқа қатысу арқылы Т.п. саласында тәжірибе алады. Топты бірдей кәсіби деңгейде болатын психотерапевттердің басқаруы сондай-ақ кең таралған құбылыс. Неғұрлым көп құпталатын жұмыс түрі психотерапиялық топта 2 психотерапевттің болу нұсқасы: дәрігер және психолог, әйелдер және ерлер.
Т.п. әдістері шартты түрде негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі болып топтық пікірталас болып табылады, оның 3 бас бағдары бар – интеракциялық, өмірбаяндық және тақырыптық. Көмекші әдістерге психодрама ( рөльдік жағдаяттарды ойнау), психожаттығу (вербальды емес өзара жеке әрекеттесу), музыкотерапия (белсенді және рецепти түрде), жобалық сурет (белгілі бір тақырыпқа салу). Көрсетілген әрбір әдістер көмекші тәсіл ретінде де қолданыла алады, бірақ бұл жағдайда бір психотерапиялық топ жұмысында қолданылатын кешен туралы айтылған. Т.п. тіреу түрі топ пікірталасы болып табылады, ал көмекші әдістерді пікірталас барысында көмекші тәсіл ретінде және жеке сабақ ретінде қолдануға болады.
Топтық пікірталастың түрлі вербалды және вербалды емес көмекші тәсілдердің үйлесуі нақты топтық жағдай мен топтың даму фазасымен анықталады. Осыған байланысты түрлі вербальды және вербальды емес үлес салмағы, сонымен қатар сабақтардың мазмұны мен құрылымы өзгеруі мүмкін. Мысалы, Т.п. бастапқы фазасында емделуші мен оны жеңе алмау туралы қорқынышы арасындағы анық ара қашықтық болып, емделуші міез-құлқына шиеленіс пен сенімсіздік тән болса, вербальды тәсілдер, нақтырақ, психожаттығу тәсілдерінің көлемін көбейту пайдалы болмақ. Кейде топтың жұмыыс алдында психодрамалық техникалар ерекше қолданылады (маңызы зор адаммен сөйлесу, «әлеуметтік атом» және т.б.). Көмекші вербальды және вербальды емес әдістерді жиі топ ішінде күрделі жағдайларды шешу үшін қолданылады. Оларды топ пікірталасы барысында қолдану топты және басқа емделушілерді ерешеліктер мен мінез-құлықтың тәсілдеріне көңіл аудартуға, бар өзара байланыстарды ашуға және оларды неғұрлым бейнелі етуге, өзара әрекеттесуді түрлендіруге, топтағы жалпы және емделушінің жеке мәселерін талдауға қосымша материалды беруге мүмкіндік береді. Т.п. курс ұзақтығы теориялық бағдарлардан, нөзологиялық қатыстылық пен емдеу мекемесінің түріне байланысты. Орташа алғанда 40 сеанс әрқайсысы 1,5 сағаттан. Психотерапиялық топ 8-12 адамнан тұрады, әдетте нөзологиялық белгісі бойынша гомогенді және басқа сипаттарына қатысты гетерогенді (жынысы, жасы, білімі, психологиялық ерекшеліктері, психлогиялық кикілжіңнің өзгешелігі және т.б.) болып табылады.
Т.п. сырқаттардың әртүрлі контингентін кешенді емдеуінде қолданылады (неврөздар, маскүнемдік пен нашақорлық, психөздар, психосоматикалық бұзылулар, сөзылмалы соматикалық аурулар және т.б.). Т.п. қолдану ең алдымен аурудың этиопатогенезіндегі психогендік факторларының рөлімен және оның психологиялық және әлеуметтік-психологиялық салдарымен анықталады. Бұл мәліметтер медицинаның түрлі салаларына арналған тиісті мақалаларда баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: |