Құрастырып жобалау әдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық
құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің
әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы
жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын
қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық
модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі – әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең
қолданылатын әдіс. Оның мәні – объектив не субъектив деректер жөнінде
сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Контент-талдау әдісі.
Контент талдау әдісін психологиялық зерттеу жүргізуге пайдалану жолдарын жан-жақты зерттеген ғалымдар Лассогл, Осгуд, Бельсон.
Контент талдау дегеніміз бірн кісінің жазған шығармасын, хатын, түсініктемесін т.б. те,ксттерін психологиялық талдау жасау.
Мақсаты:
Зерттелінушінің жазған шығармашылық жұмыстарының мазмұнына байланысты оның психологиялық ерекшеліктерін кейіпкердің жан дүниесін бейнелеуіне байланысты шығармашылық қабілетін зерттеу;
Тарихи жағдайларды талдау ( тарихи кейіпкерлерді немесетарихи шығармалар авторларының портретін жасау);
Саяси психологияда көсемдерге психологиялық мінездеме беруге ұлы адамдар өмірбаянын зерттеуге, олардың психологиялық портретін жасау.
Жарнама жұмысын ұйымдастыруда жеке сөз мазмұнының және ұғымның әсерлі болуын қамтамасыз ету жолдарын анықтау.
Маркетинг жүйесінде кеңінен қолданылады.
Бұл талдау нәтижесінде оның авторы шығармасындағы кейіпкерлердің психологиялық қасиетттерін сипаттауға негізделген.Автор өзіне тән көптеген жағымды және жағымсыз қасиеттерді сол кейіпкердің ерекшеліктері ретінде көрсетілетіні анықталған.Адамның іс әрекетінің нәтижесін талдау әдістеріне жатады.
Талдау барысында зерттелінушінің жазған шығармаларының мазмұны ең қарапайым элементтерге бөлініп көрсетіледі. Шығарма мазмұнының ең қарапайым элементі ретінде сөз алынады. Сонан соң осы символ арқылы көрсетілген ой және пікір анықталады, оның тақырыппен байланыстылығы, кейіпкердің бір бірімен байланыстылығы, тәуелділігі немесе тәуелсіздігі көрсетіледі. Жалпылап алғанда авторлардың өз ойын логикалық жүйеде баяндауы, мазмұнының толықтылығы, шығарманың барлық құрамды бөліктерінің бір бірімен ұштасуы талданады. Контент талдау әдісін қолдану нәтижесі зерттелінушінің психикалық жағдайына жекелік қасиеттеріне ешқандай әсерін тигізбейді. Тіптен контент талдауды зерттелушіге білдірмей, табиғи жағдайда жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |