3.4 Міндетті компонент модульдерінің мазмұны
Пәндер циклдарының қысқарған атаулары
|
Пәндер мен оның негізгі бөлімдерінің атаулары
|
Модульдер көлемі (ECTS)
|
ЖБП 1
|
Жалпы білім беру пәндері модулі
|
24
|
МПК 1.1
|
Міндетті пәндер компоненті
|
24
|
1.1.01
|
Тәуелсіз Қазақстан тарихы
|
3
|
|
«Тәуелсіз Қазақстан тарихына» кіріспе. Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң (1991 жылдың 16 желтоқсаны). Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде танылуы. Қазақстан Республикасы дамуының басты бағыттарын анықтау. Конституционалдықты дамытудағы Қазақстанның тәжірибесі: Қазақстан Республикасы Конституцияларын реформалаудың кезеңдері. Халықаралық ынтымақтастық қағидаларына, шет мемлекеттермен тату көршілік және олардың территориялық тұтастығын құрметтеуге негізделген көпвекторлы сыртқы саясат. Қазақстан Республикасы экономикасының трансформациялануы және экономикалық реформалардың нәтижелері. Дүниежүзілік экономиканың жаhандану жағдайындағы Қазақстан дамуының стратегиялары. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Ғылым мен білім беру жүйесінің дамуын халықаралық деңгейге шағаруды қамтамасыз ету жолындағы іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға бағыт алу. Қазақ мәдениеті, Қазақстанды мекендеуші этностардың мәдениеті мен дәстүрлерінің қайта жандануы және одан әрі дамуы.
|
Күтілетін нәтижелер:
1)қазіргі заманғы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуының басты тарихи оқиғаларын түсінуі және өз бетінше талдай білуі
2) тәуелсіз Қазақстан тарихына қатысты ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау барысында ғылыми талдау әдістерін пайдалана білу
3) өз елінің белсенді азаматы болуы жолында білім алу және оны тәжірибеде қолдана білу.
Бағалау:
1)пәннің бір тақырыбы бойынша жарияланған деректерге сыни шолу жасау
2)тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалардың біріне жан-жақты талдау жасау негізінде эссе жазу
Құзыреттіліктер 2.1.5, 2.2.10)
|
|
1.1.02
|
Қазақ (орыс) тілі
|
4
|
|
Мемлекеттік тілді меңгерудің B1 –B2; C1–C2 деңгейінде білім алушының болашақ мамандығына қарай ауызша және жазбаша тілдік қарым-қатынаста лексиканы, ғылыми терминдерді, синтаксистік құрылымдарды дұрыс қолдану; тілдік ортада сұхбат жүргізу қабілеттілігін арттыру. Іскерлік қарым-қатынас тілін жетілдіруде хат, баяндама, пікір, эссе жазуға дағдыландыру; мамандық бойынша мәтіндер мен ақпараттарды түсініп оқуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені жалғастыру.
Орыс тілі қатынас құралы және тілді меңгерудің В1 – В2 деңгейінде әлеуметтік-мәдени көзқарасты қалыптастырудағы оның ролі. Берілген тақырыптық материалдардағы орыс тілінің синтаксисі. Тілдің функционалдық стилі адамдар қарым-қатынасы ортасында қолданылатын тілдік құралдардың тарихи қалыптасқан жүйесі; әдеби тілдің әртүрлілігі.
|
Күтілетін нәтижелер:
1)қазақ тілінде тілдік ортада еркін тілдік қарым-қатынас жасауға дағдыланады
2) қазақ тілінде болашақ мамандығына сәйкес терминдік лексиканы, синтаксистік құрылымдарды тілдік жағдаяттарда қолдана біледі
3)қазақ тілінде мамандығы бойынша ақпараттарды талдап, жинақтап, жазба жұмыстарды орындай алады
4)орыс тілінде мамандық бойынша лексикалық және терминологиялық минимумды меңгеру
5)орыс тілінде қарым-қатынас қабілеттілігін дамыту, оқу және тыңдау дағдыларын дамыту.
6)орыс тілінде түрлі стильмен берілген мәтіндерді құрастыруға тарту.
Бағалау:
1)қазақ тілінде тілдік жағдаяттарға ауызша талдау жасау
2)қазақ тілінде эссе, жазбаша сұхбат, мәтін құрастыру
3)қазақ тілінде жұптық жұмыстардың тұсаукесері
4)орыс тілінде лингвистикалық ақпараттарды мазмұндау және мәтінді құрылымдық-мағыналық талдау
5)орыс тілінде шығармашылық жазба тапсырмаларды орындау
Құзіреттіліктер 2.1.5, 2.1.7, 2.1.9, 2.2.1,2.2.4, 2.2.7, 2.2.10 )
|
|
1.1.03
|
Шетел тілі – В1
|
4
|
|
Алдын-ала дайындалған немесе дайындалмаған диалогтық немесе монологтық сөйлесім. Үйреніп жатқан шетел тілінің мемлекетіне саяхат жасау барысында пайда болған әр түрлі жағдаяттардағы қарым-қатынас. Диалог, қарым-қатынас аясы мен тақырыптың функционалдық өзгешелігіне байланысты әріптестің пікіріне деген жауап (диалог- ақпаратпен алмасу, пікірмен аламасу және т.б.). бекітілген тақырып және қарым-қатынас аясына байланысты микроәңгімелер (оқиға, арман, үміт және т.б. жайында). Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің сөйлесу этикетінің элементі болып табылатын реплика-клише мен қарапайым тұрақты сөз тіркестерін қолдана отырып, өз туған елі мен мәдениетін ағылшын тілінде таныстыру. Күнделікті және кәсіби қарым-қатынастың жиілік, тілдік материалдары негізінде пайда болған шеттілдік мәтінді оқу. Үйренушіге таныс немесе олардың мүддесін көрсететін белгілі бір тақырыпқа байланысты эссе жазу.
|
Күтілетін нәтижелер:
Курсты аяқтағаннан соң студент:
1)алдын-ала дайындықсыз өзіне таныс және қызықты тақырыпта диалогқа түсе алады (мысалы, «жанұя», «хобби», «жұмыс», «саяхат», «ағымдағы оқиғалар»).
2)өз көзқарасын, мақсаты мен ниетін қысқаша дәлелдеп, айқындай алады, оқиғаны әңгімелеп немесе кітаптың сюжетін мазмұндап және осыған байланысты өз ой-пікірін білдіреді.
3)тақырыпқа байланысты тілдік материал негізінде құрылған мәтіндерді түсінеді.
4)күнделікті материалдың арасынан керекті мағлұматты тауып, түсінеді.
5)қарапайым мәтін түрінде өз қатынасын білдіре отырып, тәжірибесін суреттейді.
Бағалау:
күнделікті өмірден алынған белгілі тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін айту (жаңұя, хобби, жұмыс, саяхат, ағымдағы оқиғалар);
өз туған елі мен мәдениеті жайында ағылшын тілінде әңгімелеу;
шеттілдік мәтіннің мазмұнын толықтай түсіну;
өмірден алынған немесе белгілі бір әсерден пайда болған оқиғаларды суреттеумен бірге хат жазу.
Құзыреттіліктер: (2.1.5, 2.1.7, 2.1.9,2.2.7, 2.2.10 )
|
|
1.1.04
|
Компьютерлік ғылымдар
|
4
|
|
Компьютерлік ғылымның оқу пән ретінде дамуы және қалыптасуы, ғылымның теориялық және практикалық алғышарттары. Компьютерлік ғылымның негізгі ұғымдары және практикада қолданылуы. Компьютерлік ғылымның таңдалған мамандық бойынша кәсіби пәндермен байланысы. Компьютерлік ғылымдар пәнінің дағдылы практикалық қолданылуы. Ақпаратты компьютерлік сақтау, жады түрлері. Ақпаратты өңдеушілер. Экспертті жүйелер және жасанды интеллект. Желілер және жүйелер, электрондық құрылғылардың құрылымы, ерекшеліктері. E-learning.
|
Күтілетін нәтижелер:
компьютерлік ғылымдардың негізін білу және меңгеру;
тарихи мәліметтерттерді қолдана білу және жаңа технологиялардың деректерімен байланыс жасай білу;
жаңа заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру;
Бағалау:
1) дербес компьютерді қолдана отырып, электрондық материалдармен өз бетінше жұмыс жасау;
2) жеке математикалық модельдерді құру, талдау, түсіндіру мүмкіндіктері;
3) диаграмма, график, кесте түрінде берілген мәліметтерді талдау, бөлу, түсіндіру мүмкіндіктері және жобалық-зерттеу жұмыстарында пайдалану.
Құзыреттіліктер: (2.1.1, 2.1.2, 2.1.5, 2.2.1, 2.2.8, 2.2.10)
|
|
1.1.05
|
Артбілім
|
3
|
|
Ежелгі дүниеден бастап қазіргі заманға дейінгі отандық өнер мен көркем мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдерi туралы білімдер жүйесі.
Курс (бағам) өнерінің барлық түрлерін қамти отырып, қазақтың адамгершiлiк-эстетикалық әлемінің ортақ бет-бейнесінің эволюциясын, және әдет-ғұрыптарының элементтерін түсінуге мүмкiндiк беріп, қазіргі заманғы қазақстандықтың түр-тұлғасын қалыптастыру үшін маңызын көрсетеді.
|
Күтілетін нәтижелер:
қазақтың дәстүрлі және заманауи өнерінің алуантүрлерімен ұнамды-эстетикалық негіздерін бiледі және түсінеді;
негізгі терминологиялық және әдіснамалық аспаптамалықты меңгерген
мәдени жадымен сақтау және жалғастырып беру үдерісінде өзіндік маңыздылығын түсініп ұғынады
Бағалау:
қазақтардың өзіне тән рухани-эстетикалық ерекшеліктерін сезу және логикалық ойлау;
теориялық материалдарды білу және оларды уақытында сауатты қолдана білу;
меңгерген материалдарды педагогикалық мақсатта қолдана білу
Құзыреттіліктер: (2.1.2; 2.2.8; 2.3.1; 2.3.2; 2.3.4)
|
|
1.1.06
|
Экономика және бизнес
|
3
|
|
Экономика ғылым ретінде. Экономикадағы таңдау мәселесі. Қоғамдық өндіріс және оның факторлары. Капиталдың мәні, функционалдық формаcы мен құрылымы. Өндіріс шығындары. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар. Бизнес ұғымы мен мазмұны. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері. Меншік теориясы, қоғамдық шаруашылық формалары. Тауар, ақша. Қоғамдық экономикалық жүйелер. Нарықтың экономикалық қатынастар жүйесі ретінде пайда болуы. Нарық экономикасы жағдайындағы табыстардың қалыптасуы.
ҚР қаржы жүйесі. Бизнесті дамытудағы мемлекеттің рөлі. Макроэкономика және оның негізгі көрсеткіштері.Ресурсүнемдеуші экономикалық өсу. Экономикалық өсудің циклдылығы. Инфляция және жұмыссыздық. Қазақстан әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде.
|
Күтілетін нәтижелер:
1) экономика мен бизнестен негізгі ұғымдар мен ғылыми білімдер кешенін біледі және меңгереді
2) нарықтық экономикадағы үрдістер мен экономикалық мәліметтерді талдап игереді
3) бизнесте өздігінен шешім қабылдауда іскерлік кешенін қолдануға қабілетті
Бағалау:
1) экономикалық жағдайды жазбаша сынап талдау
2) экономикалық есептердің шешімін тауып шығару, нәтижесін талдау
3) топтық презентация
Құзыреттіліктер2.1.2.,2.1.5.,2.1.8.,2.2.12.,2.2.14.,2.3.3.,2.3.4.,2.3.6)
|
|
1.1.07
|
Білім беру философиясы
|
3
|
|
Білім беру саласындағы философияның орны мен рөлі.
Білім беру философиясы: пайда болуы және пән аймағы.
Білім беру философиясының мақсаты, міндеті, қызметі.
Білім беру философиясы ғылыми білім саласы ретінде: бағыттары, тұжырымдамалар, жоспарлары.
Білім беруді дамытудың дүниежүзілік тенденциясы.
Батыс және Шығыстың білім беру философиясы.
Қазақстан Республикасының заманауи білім беру жағдайы.
Халықаралық білім беру кеңістігіне Қазақстанның кірігуі. Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа парадигмасы. Білім берудің құндылық-мақсатты басымдықтары.
Білім беруді дамытудың тұжырымдамалық негізін жүйелі қамтамасыз ету стратегиялары. Тұлғалық даму стратегиясы білім беру қызметінің басымдықтары ретінде. Білім беру тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен әлеуметтену кеңістігі ретінде.
Ақпараттандыру, жаһандану және үздіксіз білім беру. Ақпараттық өркениет философиясы.
Гуманизация және білім беруді ізгілендіру.
Білім беру саласындағы стандарттау.
Білім сапасы және стандарттаудың философиялық аспектілері. Білім беру философиясының ғылымтану аспектілері.
|
Күтілетін нәтиже:
Болашақ педагогтарда:
философиялық мәдениетін,
инновациялық қоғам құру жағдайындағы білім беруді дамытудың қазiргi тенденциялары мен қайшылықтарын, сонымен қатар, қазіргі заманғы әлемдегі білім беруді дамытудың заманауи бағытын түсінуін,
ақпараттық технологияның көмегімен білім берудің дамуы жайлы дербес білім алуға қабілетін,
кәсіби қызметін жүргізе білу, атап айтқанда, білім беру саласының даму жағдайындағы әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескеруін,
білім беру парадигмасы», «білім берудегі әлеуметтік-мәдени типі» әдіснамалық негізделген қолданбалы ұғым білім беру жүйесінің оңтайлы дамыту моделін жобалауды білуін,
өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру жаңа философиясының кәсіби іс-әрекетіндегі білім және оны қолдануын қалыптастырады.
Бағалау:
- жоба қорғау,
- шығармашылық тапсырмаларды орындау,
- мультимедиа-таныстырылым,
- эссе дайындау,
- білім беру жүйесінің құрылымын.
Құзіреттіліктер:
ПК 2.2.8., 2.2.11
ПК 2.3.2, 2.3.3., 2.3.4., 3.2.8, 3.2.9
|
|
КПМ 2
|
Кәсіби пәндер модулі
|
60
|
МПК 2.1
|
Міндетті пәндер компоненті
|
60
|
2.1.01
|
Педагогика
|
5
|
|
Педагогикалық мамандық және оның ерекшеліктері. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Педагогиканың аксиологиялық негіздері. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциялары.
Тұтас педагогикалық үрдіс. 12-жылдық және шағын жинақты мектептерде тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Педагогикада мақсатты анықтау. Тұлға дамуының және әлеуметтенуінің ішкі және сыртқы факторлары. Отбасы тұлғаның тәрбиеленуі мен әлеуметтенуінің субъектісі ретінде. Тәрбиенің мәні. Дүниеге көзқарас – қалыптасушы тұлғаның негізі. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Тәрбиенің әдістері, құралдары және формалары. Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде. Оқыту үрдісі тұтас жүйе ретінде. Оқытудың заңдары, заңдылықтары және ұстанымдары. Оқытудың әдістері мен құралдары. Оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары. Сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде. Оқытудағы диагностика және бақылау. Оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары.
|
Күтілетін нәтижелер:
1)педагогикалық мамандықтың жоғары маңыздылығын түсіну
2)12 жылдық оқытуға көшу жағдайында кәсіби әрекетті жүзеге асыру
3) педагогика ғылымының теориялық ережелері негізінде түрлі типтегі ұйымдардың педагогикалық үрдісін құрастыру
4)тұлға дамуының заңдылықтарын, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып тұлғаны қалыптастыру қабілеттілігі
5)кәсіби әрекетінде тәрбие туралы теориялық білімдерді пайдалану
6) тұлғаны қалыптастыру үрдісін жобалау және ұйымдастыру
7)оқыту мен тәрбие үрдісінің негізгі идеяларын, заңдарын, заңдылықтарын, ұстанымдарын білу және тәжірибеде қолдана алу
8)оқыту мен тәрбиенің тиімді әдістері мен формаларын кәсіби әрекетінде таңдауға үйрену
9)білім алушылардың ойлау әрекетін белсендірудің тәсілдерін, сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру
10)оқыту мен тәрбиенің қазіргі технологияларын білу және кәсіби әрекетінде пайдалану
11)оқыту әрекетінде білім беру бағдарламасын баланың меңгеру нәтижесін бақылау біліктілігі, оның жетістіктері мен мәселелерін анықтау
Бағалау:
1) педагогикалық жағдаяттарды модельдеу және талдау
2)білім беру ұйымдарында педагогикалық үрдісті жетілдіру бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындау
3) педагогикалық міндеттерді шешу
4)эссе дайындау
5)педагогикалық тақырыптағы мәтіндерді аналитикалық өңдеу
6)хабарлама дайындау
7)зерттеу жұмыстарын және жобаларды қорғау
8)мультимедиа-презентациялар
9) кестелер мен сызбалар құрастыру
10) педагогикалық жағдаяттарды құрастыру
11) сабақтың жоспар-конспектісін жасау
Құзыреттіліктер 2.2.8, 2.2.11)
|
|
2.1.02
|
Педагогикалық риторика
|
3
|
|
Риторика шешендік өнер ретінде. Педагогикалық риторика жалпы риториканың бөлігі ретінде. Болашақ мұғалімдерде қарым-қатынастық-шешендік білім мен дағдыларды қалыптастыру. Тілді меңгерудің жалпы ережелері. Дәлелдеменің мәні, сөйлеу және тілдік ережелер орны. Кәсіби маңызы бар шешендік жанрлар (ауызшау / жазбаша) және тілдесудің шешендік жағдайлары. Көпшілік алдында сөйлеуді құрастырудың технологиясы. Мұғалімнің диалогтік сөзінің мәдениеті. Педагогикалық пікірталас жүргізудің қағидаттары. Педагогикалық сөйлеу түрлері. Мұғалімдерді шешендік сөйлеуге үйретудің инновациялық әдістері мен тәсілдері. Педагогтың сөйлеу әдебі мен мәдениеті.
|
Күтілетін нәтижелер:
1)тілдесудің мәні, ережесі және қарым-қатынастық-тілдік (шешендік)біліктіліктері туралы риторикалық білімді меңгеру;
2)шығармашылық белсенді сөйлеуші тұлғаны дамыту;
3)сөйлеуші тұлғаның мәнін мәдениеттің құрамы ретінде және педагогикалық тұлғаның мәнін педагогикалық тілдесудің үлгісі ретінде тану.
Бағалау:
1) бейнежазуды талдау негізіндегі ауызша және жазбаша тапсырмалар;
2)тілдесудің түрлі жағдайларында күнделікті мақсатты бақылауларды талдау;
3) кәсіби бағытталған тақырыптарда шешендік сөйлеуде алған дағдыларын көрсету;
4) педагогикалық практика кезіндегі студенттің сабақтағы сөйлеу және қарым-қатынас әрекеттері.
Құзіреттіліктер: (2.1.3; 2.1.4, 2.1.6, 2.2.4; 2.2.6; 2.2.7)
|
|
2.1.03
|
Педагогикалық менеджмент
| 3 |
|
Ғылым ретінде менеджменттің қалыптасып дамуы. Педагогикалық менеджменттің ғылыми–әдіснамалық негіздері. Мектепішілік басқару жүйе ретінде. Менеджменттің негізінде мектепті басқарудың заңдылықтары мен ұстанымдары. Педагогикалық менеджменттің қызметтері. Басқару әдістері. Мектепті басқарудың ақпараттық технологиялары. Педагогикалық менеджменттегі басқару стильдері. Басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті. Маркетинг. Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстар. Білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігі.
|
Күтілетін нәтижелер:
Курс соңында студент:
1)қазіргі талаптарға сай білім беру саласындағы педагогикалық менеджменттің теориялық негізін игереді;
2)жобалайды және әртүрлі басқару қызметтерін жүзеге асырады;
3)мектепішілік басқаруды ұйымдастыруда жүйелілік тұғырды пайдаланады;
4)білім беру ұйымдары жүйесіндегі басқару қызметінің сапасын бағалай біледі;
5)меңгерген теориялық білімдерін жалпы білім беретін мектептің білім беру үрдісін басқару тәжірибесінде пайдаланады.
Бағалау:
1) заманауи білім беру ұйымдарын басқарудың үлгісін құрастыру;
2) теориялық қағидаларды білім беру тәжірибелерінің мысалдарымен ұштастыру;
3)қазіргі білім беру ұйымдарын басқару кадрларын даярлаудың тиімді жүйесі туралы презентация даярлау;
4) жазбаша шығармашылық тапсырмалар орындау.
Құзыреттіліктер: ( 2.2.8, 2.2.11, 2.3.2, 2.3.3, 2.3.4, 2.3.6)
|
|
2.1.04
|
Психология
|
5
|
|
Психология ғылымының көнеден қазірге дейінгі негізгі фундаменталдық салалары бойынша базалық білім.
Курс психология ғылымының теориялық –әдістемелік негізінде дамуы және жеке тұлғаның дамуы мен функционалдық қызметінің қазіргі зерттеулері барлық психологиялық ғылымдардың зерттеу тәжірибелерінің жиынтығы.
|
Күтілетін нәтижелер:
1)психология бойынша іс –әрекет, дағды және ғылыми білім жиынтығының негізгі түсініктерін біледі және түсінеді
2)психологиялық теориялық зерттеулердің әдіснамалық негіздерін әдістерін, әдістемесін меңгерген
3)жеке тұлғаның қызметі мен дамуының негізгі заңдылықтары мен құрылымын түсінеді және ұғынады.
Бағалау:
1)психологиялық жағдайда жүйелі ойлай, елестете және талдай біледі, дұрыс шешімді қабылдайды
2) теориялық материалды біледі және тәжірибеде адекватты пайдалана алады
3) білім кеңістігіндегі психология саласында білім, білік және дағдыларды жүйелі пайдалана біледі.
Құзыреттіліктер: (2.1.2; 2.1.4,2.1.7,2.2.8)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |