Қазақстан Республикаксының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Лицензиялық келісімшарт
Орындаған:Нұрлыбекова Н.Н.
Тексерген: Бейсембаева Ғ.Ш.
Семей
2020
Лицензияланған келісім тек жеке болады. Ол жазылған күйінде көбінесе қорытындыланады және контрагент елдерінде ішікі сауда операциялары мен лицензияланған құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік актілерге сәйкес рәсімделеді. Лицензияланған келісім шарт рөлі әсіресе ерекше. Дұрыс лицензяланған келісімнің мазмұнына байланысты оның орындалуы жақсарады, яғни, нақты лицензияланған келісімнің тиімділігі жоғарлайды.
Лицензияның халықаралық сауда тәжірбиесінде лицензияланған келісім шарттарына, мазмұнына, формасына белгілі бір талаптар бар.
Лицензияланған келісімнің контрагенттері үшін оның жеке мағыналары мен жағдайлары дұрыс талқылаудың үлкен мәні бар. Лицензияланған келісімнің әрекет ету жүйелігінде мүмкін болатын дауларды болдырмау үшін, контрагенттер онда қолданылатын ұғымдарды нақтылап, екі ұғымды сөз болмайтындай қылып анықтама береді.
Лицензияның халықаралық сауда тәжірбиесінде шексіз құқық ноу- хауға қатысты қолданылады. Сонда лицензиар басқа лицензиатқа келісіммен берілген территорияда ноу-хауды қолдануға аналогиялық құқықтарды бермейді. Себебі ноу-хау патентпен қорғалмайды, лицензиар лицензиатқа шексіз қолдануды кепілдік бере алмайды, тек жеке жарияламауды кепілдік етеді. Бір мезгілде ол лицензиат ноу-хаудың конфиденциалдылығын кепілдік етіп, тек қана өндірістік қызметті іске асыруға қажет ететіндер ғана таныстыруды талап етеді.
Лицензияланған келісімнің шарттары жақтардың міндеттері мен құқықтарын анықтайды, лицензиар мен лицензиаттардың мақсаттарын көрсетеді. Лицензиардың негізгі міндеті өз уақытында барлық қажетті материалдарды беріп, лицензиатқа өндірісті жақсартуда көмек көрсету, мамандарды оқыту, лицензия бойынша өнімді шығару және лицензияны неғұрлым тиімділігін қолдануда көмек көрсету. Лицензиат осы кезде келісіммен бекітілген мерзімде өнеркәсіптік өндірісті жеңілдетіп, лицензия бойынша өнімді тапсыру және келісіммен бекітілген төлемдерді лицензиармен төлеу міндетті болады.
Лицензиялық тәуекел лицензиарға поушальды төлем-қатты сомма түрінде бір уақытта берілетін немесе 2-3 қабылдауда төленеді және де роялти түрінде-лицензияланған келісімнің әрекеті мерзіміндегі жиілікті пайыздық төлеу төленеді. Ақырғы жағдайда лицензиарға төленетің төлем мөлшерін өнім бірлігінен сату мөлшерін пайыз түрінде немесе оның бағасынан пайыз мөлшерінде тіркелген төлем түрінде бекітіледі.
Лицензияланған төлем тек қана ақша күйінде ғана төлембей, шикізат пен басқа тауарлардың лицензия бойынша өнімді жеткізу түрінде де төленеді келісімді міндетті түрде лицензияланған төлемдердің төлеу түрі көрсетіледі.
Негізінде ғылыми техникалық жетістіктердің құны, бағасы жататын, тауарлардың құнына қарағанда қолдануға құқық лицензия бойынша беріледі және оны қолдануда пайда болатын пайда мөлшеріне тәуелді болады. Бірақ лицензияланған төлем мөлшері лицензиаттың пайда мөлшері мен анықталмайды. Лицензиат пен лицензиар арасында пайданы бөлу реализацияланған және шығарылған өнім бағасынан лицензиармен белгілі бір процент белгіленіп төленеді.Сол кезде лицензиардың мөлшері барлық пайдадан бөлінбей, тек лицензия қолданған бөлігінен ғана бөлініп төленеді.
Лицензия құның есептегенде әдетте өндірістің белгісіз көрсеткіштерінің бағалау әдісі қолданылады және елімізде осы салада белгіленген бағалардың құны негізінде есептейді.
Лицензия құны – лицензиаттың пайдасындағы лицензия объектісін қолдану нәтижесінде алынатын лицензиардың төлем мөлшері.
Пайданың мөлшерін есептеу үшін лицензиат лицензияланатын өнім бойынша өндіріс шығындарының нақты соммасын есептеп және өнім бірлігінің өз бағасын анықтау. Пайда сатылатын баға мен өнімнің өз бағасының айырмасымен анықталады.
Лицензиар үшін бұл әдіс қолайсыз, себебі өндірістің шығындары туралы мәләмет – кәсіпкердің құпиясы. Лицензия құнын бағалаудың бұл түрі лицензияны сатып алушы үшін жаңа тауарды шығаруды жоспарлағанда қолайсыз болады. Бұл кезде лицензияның төлем бағасын анықтау үшін сол салады қабылданған релизациялық бағаның жуық шамалы құрылымының негізінде өндірістік өндірудің белгісіз көрсеткіштерін анықтау әдісі қолданылады.
Бірақ тәжірбиеде көп жағдайларда лицензиармен есептеу үшін ағымды төлемдер түрі – роялти қолданылады. Бұл жағдайда ең негізгі сұрақ болып роялтидің әділ мөлшерін анықтау табылады.
Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы:
Преамбула
1. Терминдердің анықтамасы.
2. Келісім заты.
3. Техникалық құжаттама.
4. Жетілдірулер мен жақсартулар.
5. Міндеттер мен жауаптылық.
6. Лицензия бойынша өнімді меңгеруде техникалық көмек.
7. Төлемдер.
8. Ақпарат және есеп берушілік.
9. Конфенденциалдықты қамтамасыз ету.
10. Берілетін құқықты қорғау.
11. Жарнама.
12. Дауларды шешу.
13. Келісім шарттың күшінің мерзімі.
14. Басқа шарттар. Жақтардың заңды мекен жайлары мен реквизиттері. Қосымшалар.
Лицензиялық келісім бойынша мынадай лицензия түрлері берілуі мүмкін:
Қарапайын (ерекше емес) лицензия;
Ерекше лицензия;
Толық лицензия.
Қарапайын (ерекше емес) лицензия жөніндегі келісім бойынша лицензиар (сатушы) лицензиатқа (сатып алушыға) келісім объектісін пайдалу жөніндегі өз құқығының бір бөлігін келісімде жазылған көлемде береді және сол объектті өзі қолдану және оны қолдану құқығын үшінші жақтарға (басқаларға) беру құқығын сақтап қалады.
Ерекше лицензия жөніндегі келісім бойынша лицензиар келісім объектісін өзу қолдану құқығын сақтап қалады, бірақ оны қолдану құқығын үшінші жақтарға беру құқығын жоғалтады.
Толық лицензия жөніндегі келісім бойынша өнертабысты қолдану құқығы толығынан лицензиатқа көшеді. Лицензияр оны өзі де қолдана алмайды және басқаларға да оны қолдану құқығын бере алмайды.
Егер лицензиялық келісімде лицензияның түрі белгіленбеген болса, бұндай келісім бойынша берілген лицензия қарапайым (айырықша емес) лицензия деп есептелінеді.
Ерекше лицензия бойынша алынған құқықтар төмендегілермен шектелуі мүмкін:
1. Лицензия тек өнімді шығару және сатуға беріледі;
2. Өнертабысты колдану тек белгілі аумақ ішінде ғана рұқсат етіледі, яғни лицензия тек белгілі аумақ ішінде ғана жүреді. Лицензиялық келісімде қолдану мемлекеттерінің және кәсіорындардың тізімі беріледі;
3. Көлемдік шектеулер қарастырылады. Мысалы, сатып алушыға өнімдерді 3 кәсіпорында шығару құқығы беріледі. Лицензиялық келісімде кәсіпорынның өндірістік қуаты және әр жылда қанша өнім шығарылуы рұқсат етілгені көрсетіледі. Яғни өнертабысты қолдану көлемі шектеледі;
4. Лицензияның күшінде болу мерзімі патенттің күшінде болу мерзімінен аз молуы мүмкін (лицензияны қолдану мерзімі шектеледі).
Лицензиат үшінші жақпен (сублицензиярмен) оған қарапайым лицензия беру туралы сублицензиялық келісім жасасуы мүмкін, бірақ бұндай мүмкіндік лицензиялық келісімде қарастрылуы керек.
Лицензиялық және сублицензиялық келісімдер жазбаша түрде өңделіп, патенттік ведомствода тіркелуі керек. Тіркуден өтпеген лицензиялық келісімнің заңды күші болмайды.
Қазақстан Республикасының Патент заңында лицензияның «ашық лицензия» деген түрі қарастырылған. Ашық лицензия беру үшін патентті иеленуші патенттік ведомствоға (Казпатентке) кез келген тұлғаға өнертабысын пайдалану құқығын алу үшін лицензия беретіні туралы өтініш жібереді. Лицензия алам деген тұлға мен патентті иеленуші арасында төлемдер туралы келісім жасалады. Келісім Казпатентте тіркеледі.
Ашық лицензия беру туралы өтініш бюллетенде ол туралы ақпарат басылғаннан бастап үш жыл ішінде күшінде болады.
Лицензиялық келісім бойынша төлемдер мынадай түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:
- толық төлем;
- жылдық төлемдер (роялти);
- бастапқы (поушалдық) төлем;
- аралас төлем.
Лицензиялық келісім бойынша төлем ақы толығынан бір мезгілде төленуі мүмкін (толық төлем). Бірақ бұндай жағдай сирек кездеседі. Әдетте, төлем ақы лицензияның күшінде болу мерзімі ішінде жылдық төлем (роялти) түрінде төленеді. Роялти әр жасап шығарылған және сатылған бұйымнан түскен пайданың белгілі пайызы мөлшерінде есептеленеді.
Аралас төлем де қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда келісімге қол қойылғаннан кейін немесе келісім күшіне енгеннен соң бастапқы (поушалдық) төлем төленіп содан соң жыл сайын жылдық төлем (роялти) төленіп отырады.
Кейбір жағдайларда лицензия патент алынған өнертабыстан басқа объектілерге берілуі мүмкін (патентсіз лицензия). Бұндай жағдайда халықаралық деңгейде «know-how» («ноу-хау» - қалай жасалатынын білу) деп аталатын өндірістік тәжірибе, өндірістік құпиялар лицензия тақырыбы болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында патентпен қорғалатын өнертабысты қолдануға құқықты беретін лицензиялық келісімнің әрекет мерзімі патенттің қалған әрекет ету мерзімінен аса алмайды (тең болады).
Лицензиялык келісімнен бұрын опциялық (алдын ала) келісім жасалуы мүмкін. Опциялық келісім деп потенциалды лицензиаттың қажетті объектінің технологиясымен не лицензиясымен лицензиялық келісімнен бұрын танысу келісімін айтады
Лицензиардың негізгі міндеті сапалы орындалған қажетті материалдарды өз уақытында лицензиатқа тапсыру, оған өндірісті дұрыс жолға қою, мамандарды оқыту және лицензия бойынша өнім шығару кезінде жәрдем көрсету болып табылады.
Лицензиат келісімде көрсетлген мерзімде өндірісті іске қосуға, лицензия бойынша шығарылған өнімді босатуға (сатуға) және лицензиарға келісіммен бекітілген төлемдерді өз уақытында аударуға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |