Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
201_ жылғы «__» ____________
№___ бұйрығына
3-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
Жалпы ережелер
Осы Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды (бұдан әрі – түлектер) жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеудің жалпы тәртібін, мөлшерін және шарттарын белгілейді.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде түлектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;
3) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;
4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
5) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
2. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі, квота белгілеудің мөлшері мен шарттары
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында ағымдағы жылғы түлектер санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың, болжаудың;
өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар санының;
жұмыскерлердің штаттық саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік санының;
ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдауының;
квотадан тыс жұмыс берушілер мен ағымдағы жылғы түлектер арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдауының;
6) облыстардың, Астана және алматы қаларының білім беру басқармалары халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынған ағымдағы жылғы түлектер тізімінің;
7) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін ағымдағы жылғы түлектер тізімінің негізінде әзірлейді.
4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж ағымдағы жылғы түлектердің және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тиісті актімен ұсынған ұсыныстардың негізінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 9) тармақшасына сәйкес ұйымдар ағымдағы жылғы түлектер үшін жұмыс орындарына квота бекітеді және алдағы күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.
6. Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылғы түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы нормативтік құқықтық актіні өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ресми интернет сайттарда орналастырады.
7. Квотаны аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.
8. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 ай ішінде ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда, квота белгіленбейді.
10. Аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, ағымдағы жылғы түлектер санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.
Елді мекендерде еңбек етуге қабілетті жастағы ағымдағы жылғы түлектер болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.
11. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.
12. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша үш айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.
13. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.
14. Квота есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына мiндетті түрде хабарлай отырып жүзеге асырылады.
15. Халықты жұмыспен қамту орталығы ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.
Ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |