1.Рах гені гендердің қай тобына жатады? Науқастың генотипін жазыңыздар
РАХ6 гендері – гомеобоксты РАХ тұқымдас гендер тобына жатады. PAX тұқымдасы гендері дрозофиланың pair-rule сегментация гендері тобының аналогы болып табылады және оларды pair-ВОХ гендері деп атайды.
Науқастың генотипі – АА гомозиготалы немесе Аа гетерозиготалы
2.Бұл гендер тобы қай кезде белсенді болады? Осы гендердің қызметін түсіндіріңіз.
Нерв түтігі жасушаларының миграциясы кезінде және органогенезде экпрессияланады, морфогенездің ерте сатыларындағы үрдістерде активті болады. Ұрықта сезім мүшелерінің дамуына,мидың дамуына,мүшелердің осьтік кешенінің қалыптасуына жауап береді.Ағзаның жалпы құрылымдық жоспарын анықтайды.Эмбриогенездің алғашқы сатыларын бақылап,ағзадағы органдар мен жүйелердің дамуына жауап береді.РАХ6 гені құлақтың, көздің және беттің дамуымен анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |