ПоәК 042-18-12 45/03-2013 №3 басылым 18. 09. 2013ж



жүктеу 1,12 Mb.
бет5/6
Дата10.12.2017
өлшемі1,12 Mb.
#3612
1   2   3   4   5   6

Ақпараттық жүйелердің дамуы бизнестің талабын және динамикасын бейнелейді. Басқару сапасының өсуіне қажеттілік бизнесімен, нақты бизнес-процестермен ақпараттық процестердің сәйкестігі, соның ішінде құжат айналымының жылдамдығы мен басқару шешімдерін қабылдауға дайындық қазіргі ақпараттық жүйенің дамуына арналған кілт болып табылады.


Қазіргі бизнесте табыс факторы бизнес стратегиясы, еңбек ресурстары, ақпараттық жүйелер болып табылады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) бизнес стратегиясын өндіру кезінде байланыстырушы түйіні ретінде, басқаруды өзгерту, қызметшілер мен кәсіпорын стратегиясын табысты іске асыруында белгілі бір рөль ойнайды. Бизнесті басқаруды қолдауға негізделген интегралданған автоматтандырылған жүйелерді дамыту концепциясы да маңызды.



Интегралданған басқармалы ААЖ концепциясы

Ақпараттық стратегияның құрылуы бизнестің тиімділігін жоғарлатуға, оның бизнесінің барлық жағын стратегиялы үйлестіруіне бәсеке қабілеттілігі негізделген. Бұл бизнесті оптимизациялауға, сонымен қатар жұмыс нәтижесін комплексті жақсарту үшін ақпараттық технологияларды, еңбек ресурстарын және басқару қызметінің мүмкіншіліктерін біріктіруге қабілеттілігін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің басты мәселесі:



  • өнімнің күрделілігі мен алуан түрлілігі және қызметі;

  • клиенттерге қызмет көрсетуі бойынша алуан түрлі талаптар;

  • нарықтардың масштабы және күрделілігі;

  • заңдардың динамикалық өзгеруі;

  • капиталды өсіру және еңбек ресурстарының дамуы;

  • өзгермелі жағдайларға оперативті реакциясындағы қажеттілік

болып табылады.

Ақпараттық жүйелерді пайдалану өндірістердің бәсеке қабілеттілігін жоғарлататын факторларға негізделген:



  • әдістерді тиімді орналастыру;

  • өнімнің өзіндік құнының азаюы және шығындарды реттеу;

  • маркетингтің тиімділігін жоғарлату;

  • нарықтық қауіп-қатерді реттеу және т.б.

Концепцияның жүйелі бағдары


Ақпараттық жүйелерді құру жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңінде өңдеушінің жүйелі бағдарын талап етеді. Жүйелі үйлесім мыналарды қарастырады:

  • ААЖ дамуының концепциясын анықтау;

  • жүйенің даму концепциясы негізінде технологиялық платформаларды өңдіру;

  • бизнес-процестер жүйесінің моделі мен бизнес-ережені өңдіруді қалыптастыру;

  • бизнес және бизнес-ережені басқару жүйесінің жұмыс істеу ережесін (регламентін) жаңарту;

  • комплекстік компьютерлеу нәтижесінде барлық өндірістер мен қызметшілер жұмысының жаңа кезеңдерін сапалы ендіруі бойынша арнайы жұмыстар жүйесін құру.

Табыс көбінесе өндірістердің арнайы жұмыстарына байланысты болады, оларды өткізуге жауапкершілікті және бақылауды бөлу бойынша фирманың мақсаты мен міндеттерін негіздеу кезінде күш сала отырып, жоғарғы басшылық дайын болуы керек.

Келесі жүйелі үйлесімді пайдалану:



  • концепцияны жетілдіруді және бекітуді;

  • пәндік облыстағыдай компьютерлік жүйелер құру облысында білімді қажет ететін архитектуралық шешімдер қабылдауды;

  • технологиялық платформалар таңдауды, жүйелі техникалық әдістер мен жобалау технологияларын;

  • «жоғарыдан төменге» әдісімен ақпараттық жүйелерді жобалауды;

  • Технологиямен бірге құжатнаманы параллель құруды;

  • Ендіру және дамыту жоспарларын құруды ;

қажет етеді.

Интегралданған ААЖ-не негізгі талаптар

Интегралданған ААЖ-ге қойылатын негізгі талап ретінде мыналарды қарастыруға болады:

1) ААЖ-ң ашықтығы, сонымен қатар:


  • қосымшалардың масштабталынуы (басқа объектілерге тасымалдау, мобильділік);

  • нақты тұтынушылар мен нақты техникалық платформаларға қосымшаларды сәйкестендіру (есептеуіш және операциялық жүйелерге);

  • бөлінген құрылымда тұтынушылар интерфейсі мен функционалды мүмкіндіктерінің бапталуы;

2) бизнестің негізгі принциптеріне сәйкес:

  • регламенттелетін автоматтандырылған құжат айналым;

  • құжаттарды есептеу, бақылау және сақтау бірлігі;

  • мазмұнды және формальды есептің бірлігі;

  • аналитикалық есептің бірлігі;

  • мультивалюталық және батыс нормативтеріне бапталу;

3) бірдей ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету:

  • тұтынушылардың кеңістікті бөлінуі;

  • нақтылы уақыт режимінде ақпараттық жүйені функционалдау;

  • кеңейтілген ауқымды телекоммуникациялық мүмкіндіктер;

  • ішкі жүйелік ақпараттық байланыс;

  • интерфейстердің көптігі; олардың техникалық өңдеуінің виртуалдылығы мен біртектілігі

4) нақты қосымшалар мен тұтынушаларға бапталу, сонымен қатар спецификацияның бапталуы:

  • құрылымның, құрамның, функцияның және өкілеттіктің сипатталуы;

  • пайдаланушы интерфейсі (формалар, есептер, менюлер);

  • коммуникацияның әр түрлі схемалары үшін интегралданған жүйелерде мәліметтерді беру (жергілікті, корпоративті және ауқымды есептеуіш желілері, on-line және off-line сеанстары, электронды пошта);

  • сервистер (ақпаратты қорғауды және әрекеттестік регламенттерін қоса);

  • жүйеаралық интерфейстер;

5) бизнесті басқаруды қамтамасыз ету:

  • дамудың стратегиясы мен тактикасын басқару;

  • ішкі және сыртқы орталардың ахуалын болжау (нарықтар мен қорлар);

  • филиалдар жүйесінің мен қосалқы өндірістер нысанасы және олардың басқарылуы;

  • қорлармен, активтер мен пассивтер портфельдерімен басқару;

  • электронды құжат айналымды, құқықты және өкілеттікті билеу;

6) сенімділік, қорғаныс және қауіпсіздік:

  • бөліктермен сақтау, сонымен қатар техникалық және ақпараттық көшірмесін алу (резервті ақпараттық орталықты құруды қоса);

  • қорғаныс деңгейлерінің көптілігі;

  • жеке операциялар мен функциялар өткізуге арналған жүйелеріне енуге бақылау және авторизация;

  • операция және құжат айналым журналын жүргізу;

7) құжаттаудың біркелкі регламенті, техникалық қамтамасыз ету және модификация.

8) анализдің көпдеңгейлі және көпаспектілі жүйесі мен иілгіш және жетілген графикалық тұтынушылық интерфейспен шешім қабылдауға дайындық.

Жоғарыдағы талаптарды іске асыру және интегралданған ААЖ-ң құрылымдық, функционалдық толықтығын қамтамасыз ету үшін жобалаудың бірнеше принциптерін сақтаумен жобаны іске асыру керек.

1) бірінші басқарушының принципі, ол мыналарды қарастырады:



  • концепцияны қарастыру мен бекіту және даму стратегиясы кезінде нақты өкілеттіктің жоба басшысында болуы;

  • жобаның мерзіміне, технологиясына және толықтығына бақылау жасау;

  • өкілеттікті қайта бөлу мүмкіндігі;

  • жобаға қатысатын қызметшілерді дайындау және қайталап дайындау;

  • жоба жүйесінің өмірлік циклінің барлық сатыларында бөлімшелер күшінің координациясы;

2) ААЖ-ді құруға, модификациялауға жүйелі ықпал жасау келесілерді білдіреді:

  • бизнесті дамыту концепциясы мен стратегиясының келісуін және жетілдіруін;

  • АЖ концепциясын құруды;

  • АЖ жобалау (құрылым, құрам және функция) технологиясын бірыңғайлауды, оның ендірілуі және жүйенің бөліну есебімен пайдалануды;

  • жобаның комплекстілігі мен интерактивтілігін;

3) жобалық спецификация мен технологияның ашықтығы;

4)Қазақстанда және шет елдердегі өнімдер мен қазіргі бизнес және ақпараттық технологиялар бойынша комплексті маркетингтік зерттеулер жүргізу;

5) экономикалық мақсатқа лайықты жобалар принципімен қоса:


  • ұсынылып отырған шешімдердің үнемділігі мен өнімділігінің анализі;

  • ішкі және сыртқы ортада өзгеріліп отыратын шарттарға бейімделіну;

  • жаңа өнімдер мен қызметтерге қолданылатын жүйелердің даму мүмкіндігі; алда келетін бизнес-технологиялар мен өнімдерге негізделу;

  • тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру;

6) жобалау және құжаттау процестерін интсрументальды қолдау, сонымен қатар:

  • өмірлік циклдің барлық сатыларында ААЖ жобасын автоматтандырылған құжаттық қамтамасыз ету;

  • электронды құжат айналым;

  • шешім мен технологияны стандарттау және бірыңғайлау;

7) концепция стандартымен сәйкес келетін жоба стандартын құру және қолдауымен қоса:

  • ашық жүйелердің негізгі стандартын қолдау;

  • берілген басқа жүйелерге өзара әсері мен енуінің иілгіштігі, сонымен қатар интегралданған жүйелер ортасында;

  • жобалау және баптау, бейімделу, көшірілу иілгіштігі;

  • оперативті жәрдем, соңғы тұтынушының пайдалану қарапайымдылығы.

Басқармалы есептерді комплексті шешудің факторлары

Интегралданған ААЖ құру стратегиясын жетілдіру кезінде төрт факторды атап өту керек.



Уақыт факторы. Барлық қызмет түрлері үшін қазіргі ақпараттық қамтамасыз етудің стратегиялық маңыздылығы есебі мен бәсекелестіктің өспелі деңгейін АЖ құрудың бірінші сатыларында аяқталып, оның эксплуатациясының бірінші нәтижелері жүйені жетілдіру туралы шешім қабылдаудан кейін және оны қаржыландыру бастамасын қысқа мерзімде алу қажет. Жетілдірудің өзі максималды қысқа мерзімде аяқталу керек.

Уақыт факторы жүйені эксплуатациялау процесінде назарға алыну керек, өйткені шешімді қабылдау және оның анализі үшін пайдаланушыға ақпаратты уақытында жеткізу және бизнесті басқару сапасы бәсекелестердің өсу шарттарында табыстың стратегиялық факторы болып табылады.



Экономикалық фактор. Жоспарды қаржыландыруға салу маңызды болуы мүмкін, бірақ олар:

  • жоспардың мақсатына жету және ААЖ ендіру;

  • жоспардан максималды түрде пайда (табыс) табу;

  • іске асырудың басқа варианттарына қарағанда оптималды болуы керек.

Жобаны негіздеу үшін бизнес-жоспар құрылу керек. Сонымен қатар Қазақстанда орын алатын экономикалық тенденцияны ескеру керек: білікті мамандар еңбектерінің біршама тез қымбаттауы, ЭЕМ және ақпараттық технологияның техникалық жабдықтардың нарықта интенсивті дамуы. Бүкіл дүниежүзіндегідей Қазақстанда техникалық жабдықтардың біршама арзандауы орын алады. Бір жағынан, негізінен жаңа техникалық платформалар үшін программалық әдістерді пайдалануда ресми емес немесе пираттық үлестің бірте-бірте азаюы интегралданған ААЖ құру кезінде программалық әдістердің бағасын өсіруге әкеледі.

Потенциалды өзгерту және дамыту факторы. Қазақстанда бизнес сферасы тез, кейде өзгерістерге (заңдар, саяси өзгерістер мен шешімдер, макроэкономикалық шешімдер, өзгермелі әдістемелер мен әр түрлі есептер параметрлерінің мағынасы және жаңа көрсеткіштерді енгізу, жаңа сфералар мен қызмет түрлерінің пайда болуы және т.б.) алуан түрлі жағдайға душар болғандықтан бұл өзгерістер модификация жолын бейнелеу мен ААЖ функционалды мүмкіндіктерін кеңейтуді тез және оперативті табу керек. Сонымен қатар, шешімдерді жаңа есептеуіш платформаларға, жаңа технологиялық және программалық әдістерге тасымалдауды қамтамасыз етуді қажет етеді.

Сабақтастық факторы. Ақпараттық қамтамасыз ету әрқашан өндірісте бар және функционалды әдістерді пайдаланады, сонымен қатар жалпы жағдай және «ноу-хау». Бұл жаңа технологияларға бірте-бірте көшуімен және алдын-ала болған әрбір шешімдердің жағымды компоненттері барымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, сабақтастық бизнестің шексіз анализі үшін аналитикалық жүйелерде маңызды және жаңа ақпаратты алу мен шешім қабылдау кластарын кеңейту мақсатымен сыртқы көзден ақпарат елестету.

Ақпараттық жүйе архитектурасының кейбір ерекшеліктері.

Компьютерлік архитектура басқа архитектуралар сияқты – бұл жүйелер құрылымына пайдаланушы талаптарын анықтайтын өнер, одан кейін оны жобалау, пайдаланушы көзқарасы бойынша, әрбір бөлшегі бүтіннің функциясы сияқты анықталады.

Ақпараттық қамтамасыз ету тұтынушылардың тиімді жұмысы үшін қажетті барлық ақпаратты жүйеде беру және сақтау керек. Жобалау процесінде бизнестің ақпараттық моделі құрылу керек, ол мынаны сипаттайды:


  • басқару жүйесі ретінде жүйенің нақты объектілері;

  • объектілер мен сыртқы орта арасындағы ақпараттық байланыс;

  • құжаттарды, мәліметтерді, ақпаратты ақпараттық байланыспен сәйкестендіріліп берілетінін;

  • берілетін ақпарат көлемі мен алмастыру сеансының жиілігі;

  • жүйеде классификациялау және кодтау.

Тиімді басқару үшін негізінде классификация мен кодтау принциптері ұсынылады, олар мынаны ескереді:

  • олардың құжатта орналасуынан көрсеткіштерді теңестіру тәуелсіздігі;

  • жеке белгілер бойынша көрсеткіштердің топтауын жүргізу мүмкіндігі;

  • берілген пәндік облыста кездесетін кез келген объектілерге қолданушылық;

  • классификация толықтығын (барлық қасиеті бойынша);

  • кодтауды оңайлататын келісімдердің бары;

  • халықаралық стандарттарды пайдалану;

  • әрбір белгі мағынасының санын өсіру мүмкіндігі.

Жүйенің функционалды толықтығы сыртқы ортамен ара қатысында автоматтандырылған өндірістік жүйелерге негізделеді.

Модельдер – жетілдірудің барлық сатыларының байланыстырушы звеносы. Олар уақыт ішінде (зерттеу, жобалау, ендіру, эксплуатациялау, даму процесінде) ААЖ динамикасы туралы түсінік береді. Модельдер жобаға қатысушылардың: тапсырыс берушінің, жобалаушының, бағдарламашы, жүйені басқарушының өзіндік тілде сөйлесуі болып табылады. Сонымен қатар модельдер жүйелік интегратор үшін шешімдер жиналуының әдісі қызметін атқарады. Ол шешімдерді оңай бизнестің бір түрінен келесісіне алмастыруға мүмкіндік береді.

Модельдер, адамзаттық фактормен, бизнес-спецификасымен байланысқан маңызды ерекшеліктерді біртіндеп сіңіру ақпараттық инфрақұрылымның толық есебін алуға жағдай жасайды.
Дәріс №29, 30
Тақырып: Ақпараттандырудың перспективалары
Дәріс сұрақтары:


  • Қоғамды ақпараттандыру процессі.

  • Ақпараттандыру тәжірибесі және перспективті идеялар.

Қоғамның ақпараттандырылуы.

Қоғамның мәдени даму таихында бірнеше ақпараттық революциялар болды, яғни ақпаратты өңдеу саласындағы маңызды өгерістерден қоғамдық қатынастардың өзгеруі болды.

Бірінші революция жазуды ойлап шығарудан басталды. Білімді ұрпақтан ұрпаққа беру мүмкіндігі туды.

Екінші революция (XVI ғасыр ортасы) қоғамды, мәдениетті, қызметті ұйымдастыруды түбегейлі өзгертткен кітап басылымдарын ойлап шығарумен байланысты.

Үшінші (XIX ғасырдың аяғы) ақпаратты кез – келген көлемде жылдам жеткізуге және жинақтауға мүмкіндік беретін телеграф, телефон, радионы тудырған электр қуатын ойлап шығарумен шартталған.

Төртінші, (XX ғасырдың 70 - жылдары) микропроцессорлы технологияны ойлап шығарумен және персоналды (дербес) компьютерлердің (ДК) пайда боуымен байланысты. Микропроцессорларда және интегралды кестелерде ДК, компьютерлік желілер, мәліметтерді жеткізу жүйелері (ақпараттық коммуникациялар) туындайды. Бұл период үш түбегейлі инновацияны сипаттайды:



  • ақпаратты өзгертуді механикалық және электронды құралдардың (электрлік) электронды түрге көшуі;

  • барлық тораптардың, құрылғылардың, құрал – жабдықтардың, машиналардың миниатюризациясы;

  • бағдарламалық басқарылатын құрылғылар мен процессордың құрылуы.

Бұл период туралы толығырақ мағлұмат алу үшін ЭЕМ ұрпақтарының өзгеруі туралы мәліметтерді ақпаратты өңдеу және жеткізу облысындағы этаптармен салыстыру қажет.

Анықтама. Бірінші ұрпақ (50 – ші жылдардың басы). Элементті база – электронды лампалар. ЭЕМ – дер үлкен габариттермен, энергияны тұтыну көлемінің үлкендігімен, аз жеделдігімен, төмен сенімділікпен, код арқылы бағдарламалануымен ерекшеленеді.

Екінші ұрпақ (50 – жылдардың аяғынан бастап). Элементті база – жартылай өткізгіштік элементтер. ЭЕМ – нің 1 ұрпағына қарағанда барлық техникалық сипаттамалары жақсарды. Бағдарламалау үшін алгоритмдік тілдер қолданылды.

Үшінші ұрпақ (60 – жылдардың басы). Элементтік база – интегралды кестелер, көпқабатты баспа монтажы. ЭЕМ – нің габариттерінің тез арада төмендеуі, олардың сенімділігінің жоғарылауы, өдірістілігінің жоғарылауы. Алыстатылған терминалдардан қол жеткізушілік.

Төртінші ұрпақ (70 – жылдардың ортасынан бастап). Элементті базасы микропроцессорлар, БАЖ – р. Техникалық сипаттамалар жақсарды. ДК масалық шығарылымы. Даму бағыты: жоғары өндірістік қуаты көппроцессорлы есептегіш жүйелер, арзан микроЭЕМ құру.

Бесінші ұрпақ (80 – жылдардың ортасынан бастап). Әлі табысты аяқталмаған интелектуалды компьютерлерді дайындау басталды. Барлық смалаларға компьютер желілерін енгізу және оларды біріктіру, мәліметтерді таратылған өңдеуді қолдану, компьютерлік ақпараттық технологияларды барлық жерлерде пайдалану.

Ақырғы ақпараттық революция бірінші кезекте жаңа білімдерді өндіру үшін техникалық құралдар, әдістер, технологияларды шығарумен байланыстыжаңа саланы – ақпараттық индустрияны алға қояды. Ақпараттық индустрияның маңызды құраушылары ақпараттық технологияның, әсіресе телекоммуникацияның барлық түрлері болды. Қазіргі ақпараттық технология компьютерлік техника мен байланыс құралдары облысындағы жетістіктерге сүйенеді.



Ақпараттық технология (АТ) – объектінің, үрдістің немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сападағы ақпараттар алу үшін мәліметтерді (алғашқы ақпаратты) жинау, өңдеу және жеткізу құралдары мен әдістер жинағын қолданатын процесс.

Телекоммуникациялар – компьютерлік желілер мен қазіргі техникалық байланыс құралдары негізінде мәліметтерді дистанционды жеткізу.

Ақпараттық қоғам түсінігі.

Компьютерлік техниканың және ақпараттық технологияның дамуы әртүрлі ақпаратты қолданудан құрылған және ақпараттық қоғам деген ат алған қоғамның дамуына жол ашты.

Ақпараттық қоғам – қоғам, бұл қоғамның көптеген жұмыс істеушілері ақпараттың, әсіресе оның жоғарғы формасы – білімнің өндірісімен, сақтауымен, өңдеуімен және оны жүзеге асырумен айланысады.

Нақты тәжірибеде XX ғасырдың аяғына дейін барлық әлемдік кеңістіктегі электронды пәтерлер мен коттедждарда тұрып жатқан адамдардың бірегей компьютерленген және ақпараттық қоғамдастығына айналдыру болжанған және нақтылы жүргізіліп отыр. Кез – келген пәтер – үй барлық мүмкіндіктегі электронды құрылғылармен және компьютерленген құралдармен жабдықталған. Адамдардың қызметі басты мақсатта ақпаратты өңдеуге жұмсалады, ал энергияны өндіру және материалды өндіру машиналарға жүктеледі.



Мысалы: АҚШ – та жүргізілген әлеуметті зерттеулер мәліметтері бойынша қазір жұмыс істейтіндердің 27 млн – ы өзінің қызметін үйден шықпай ақ жүзеге асыра алады, ал жуырда тіркелген фирмалардың 1/3 – і өздігімен жұмыс істеуді кеңіне қолдануға негізделген. АҚШ – та өздігімен жұмыс жасаушылар категориясына: 1980ж – 5,7 млн адам, 1989ж – 14,6 млн., ал 1995ж – 20,7 млн. адам жатқызылған.

Ақпараттық қоғам жолында бәрінен жақын дамыған ақпараттық индустриясы бар елдер тұр, оған АҚШ, Жапония, Англия, Германия, Батыс Европа жатады. Бұл елдердің мемлекеттік саясатының бағыттарының бірі – ақпараттық индустрияға, компьютерлік жүйелер мен телекоммуникацияның дамуына инвестициялар.



Қоғамның ақпараттандырылу процесі.

Ақпараттандырудың даму тарихы АҚШ – та 60 – жылдары басталды, содан кейін 70 жылдарда Жапонияда және 70 жылдардың аяғынан бастап Батыс Еуропада басталды.ү Неге?

Ақпарат көлемінің өсуі, әсіресе XX ғасырдың ортасында көріне бастады. Күнделікті жаңа ақпараттар ағымына адамның бейімделуі қиындай түсуде. Ақпараттың үлкен ағымының құрылуына негізделеді:


  • ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсетілетін құжаттар, есеп берулер, баяндама, диссертациялардың және т.с.с санның тез өсуі;

  • адамзат қызметінің әртүрлі облыстары бойынша периодикалық шығарылымдардың тұрақты өсуі;

  • магниттік лентаға жазылатын, сондықтан да коммуникация жүйесінің қызметі саласына түспейтін әртүрлі мәліметтердің пайда болуы.

Нәтиже ретінде ақпараттық дағдарыс басталады, ол келесідегі құбылыстарды қамтиды:

  • ақпаратты қабылдау және оны өңдеу бойынша және осы сақталатын ақпараттарда бар күшті ағымдар мен массивтер бойынша адамдардың шектеулі мүмкіндіктері арасында қарама – қарсылық пайда болды. Мысалы, басында білімнің жалпы көлемі өте баяу өзгерген, бірақ 1900ж бастап ол әрбір 50 жыл сайын екі еселенеді, 1950 жылдары екі еселену әрбір 10 жыл бойы жүрді, 1970 жылдарда – 5 жылда, 1990ж - әр жылы;

  • ақпаратты тұтынушы үшін тиімді қабылдауды қиындататын артық ақпараттың үлкен көлемі болады;

  • ақпараттың таратылуына кедергі жасайтын белгілі бір экономикалық – саяси және де басқа да әлеуметтік бөгеттер туындайды. Мысалы, құпиялылықты сақтау себебі бойынша.

Бұл себептер ғажайып жағдайды тудырады, яғни әлемде ғаламат ақпараттық потенциал жэиналған, бірақ адамдар оны өздерінің мүмкіндіктерінің шектеулі күштеріне қарай толық көлемді қолдана алмайды. Ақпараттық дағдарыс қоғамға осы жағдайдан шығу жолдарын іздеу қажеттілігін тудырды. ЭЕМ – ді енгізу, ақпаратты өңдеу мен жеткізудің қазіргі заманғы құралдарын енгізу адамзат қоғамынынң дамуында ақпараттандыру деп аталады.

Қоғамның ақпараттандырылуы – ақпараттық ресурстардың құрылуы тжәне қолданылуы негізінде азаматтардың, мемлекеттік басқару органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын жүзеге асыру және ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай жасауға ұйымдастырылған әлеуметтік – экономикалық және Ғылыми – техникалық процесс (ҒТП). (Ресей Федерациясының 1995ж 25 ақпанынан “Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы” Федералды заңына сәйкес анықтама).

Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресстің заңдылықтарының бірі болып табылады. Бұл термин таяу араға дейін кеңінен қолданылып жүрген “қоғамды коипьютерлендіру” терминін шығарып тастады. Бұл түсініктердің сыртқы ұқсастықтары болғанымен олар біршама ерекшеленеді.

Қоғамның компьютерлендірілуіне ақпаратты өңдеуде және оны жинауда нәтижэелерді жылдам алуды қамтамасыз ететін компьютерлердердің техникалық базасын енгізу және дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Қоғамды ақпараттандыруда адамзат қызметінің барлық түріне нақты, бүкіл және өзіндік уақытылы (дер кезінде) білімді толықтай пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешеніне көп көңіл бөледі.

Осылайша, “қоғамды ақпараттандыру” “қоғамның компьютерленуіне” қарағанда кең ұғым болып табылады. Компьютерлер қоғамды ақпараттандыру процесінің негізгі техникалық құраушысы болып табылады.

АҚШ – ң ақпарат саласында 60% еңбекке жарамды тұрғындар қызмет етуде, ТМД – да 40% жуық.

Мысал: 1992 ж дайындалған АҚШ – ң еңбек статистикасы бюросының баяндамасында ақпараттық технологиялардың тұрғындардың қызметіне әсері талқыланды:


  • Көмір шығаратын өнеркәсіпте жыль сайын көмір шығару 3% - ға өсуде, ал қызмет ету 1,8% - ға төмендеді;

  • Станок жасау саласында 1990ж 330 мың адам қызмет теткен, ал 2005 ж болжамдар бойынша 14 мың адам қалады. Бұл адамдарды қысқартып, олардың орнына роботтармент манипуляторлар арқылы жүзеге асырылады;

  • Дәрі – дәрмек өнеркәсібінде коипьютер мамандары, программистер, жүйелі сараптамашыларды тарту арқылы қызметшілердің ¼ есе жоғарылауы болады.

Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларда жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуғабағытталған ұйымдық әлеуметтік-экономикалық және ғылыми - техникалық процесс.

Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор мемлекет бірден - бір қатысумен болып табылатын мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдейді және оларды қалыптастыруды келістіреді, ұжымдық - техникалық жағынан қолдауды жүзеге асыратын ұйым.

Ақпараттандыру - қоғам дамуының заңды кезеңі. Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы экономикалық ақпараттық жүйелердің мәні және рөлі. Экономикадағы және менеджменттегі экономикалық ақпараттандырудың даму болашағы.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде бәсекелестік артықшылықтарына ие болу үшін ақпараттық технологияны қолдану шарты болып табылады. Ақпараттандыру қоғамның барлық сфераларында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану менжаңа өндіріс индустриясының және ақпарат өндірудің пайда болуымен сипатталады. Ақпарат-стратегиялық ресурс болып табылады. Ол әлеуметтік-экономикалық жетістік ақпараттың телекоммуникациялық технологияларды дұрыс пайдаланушыларға тән қасиет. Дүние жүзінде интернет қуаты коммуникация құралы ретіндепайдаланылады. Сонымен қатар тек ақпараттық сипаттағы мәліметтерді басып шығару мүмкіндігімен шектелмейді. Тауарлар мен қызметтерге тапсырысты қабылдауға да мүмкіншілік береді. Интернет іскерлік байланысты ұстап тұруға көмектеседі. Себебі телефон шалу почта арқылы жіберу бағаның тек кішкене бөлігін құрайды. Сондықтан оған көп шығын қолданылмайды.

Ақпараттардың кез келген технология сияқтыжағымды және жағымсыз сандары бар қоғамдағы ақпараттандырутехнологиясының даму шамасына қарай тек қана кең ауқымды ақпараттық жүйе арқылы. Барлық ақпараттық коммуникативтік және интеллектуалдық процестерде көрініс табады. Алайда бірнеше қайталанып тексерілген және биржамен қабылданған білімдер ғана әмбебап болып табылады. Ақпараттандырудың бағалық, техникалық, математикалық программа құралдары өндірістік және т.б. қағаздардың қатынастарының ерекшеліктерінің тәуелділігіне байланысты сондықтан олар қажетті көлемдеөңделеді, жасалынады және қолданылады.

Қоғамдардың басты маманы – бұл оперативтік бөлімдер адамдардың квалификациясын олардың мәдениетін арақатынас тәсілдерін белгілейді.



Ақпараттандыру тәжірибесі және перспективті идеялар.

Қазіргі уақытта әлемнің барлық елдері қандай да болмасын деңгейде ақпараттандыру процесін жүзеге асырып жатыр. Ақпараттандырудық қате таңдалған стратегиясы немесе оның жеткіліксіз динамизмі және мобильділігі елдің өміріндегі барлық салаларында нақтылы, сондай – ақ қөатерлі өзгерістер болуына әкелуі мүмкін. Ең алғашқы ақпараттандыруды бастаған ел бұл – АҚШ. Әдемнің өнеркәсібі дамыған басқа елдері бұл бағыттың басымдығы мен одан құтылмастығын түсініптез бейімделді. Сонымен қатаркомпьютерлер мен телекоммуникация құралдарын енгізу темпін, АҚШ нарығынан шығара, жоғарылата бастады.



Анықтама. АҚШ сыртқы нарыққа мыналарды шығарды:

  • 1980ж – барлық телефон аппараттарының 95% және телевизорлардың 80%.

  • 1991ж – телефон аппараттарының 25% және телевизорлардың 10%. Америкалық өнеркәсіп 80 жылдардан бастап жыл сайын 750 млрд доллар құрайтын электроника нарығының 3% жоғалтады, ал 2000ж 1 трлн долл. құрайды.

Бұл тәжірибені біздің елде де ҚР – ын ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде ескеруге тырысады. әйтпесе, мемлекет ақпараты және өнеркәсібі жоғары дамыған елдер қоғамдастығының шикізат қосымшасы ретінде қабылданады.

Мемлекеттің мүмкіндіктерін салыстыру және бағалау үшін қазіргі ақпараттық өнімдерді және қызметтер мен технологияларды өндіру бойынша әлемде бірінші орынды алатын Жапониядағы ақпараттандыру бағдарламаларының негізгі идеялары мен концепциясы қызығушылық тудыруы мүмкін.



Жапонияның ақпараттандыру жобасының негізгі идеялары.

Қазіргі кезде Жапония ақпараттандырудың екінші стадиясында. Жапондық жобаның мақсаты – бұрын жеке – жеке көрсетіліп жүрген қызметтерді байланыстыру. Бұл үшін телефон және телебағдарламалардан бастап компьютерлік өнімдерге дейін қамтитын ақпараттың барлық түрлері ортақ бір кабельмен берілуі керек. Болашақта кабель желісінің әрбір абонементі бірнеше қызмет көрсетуді бір уақытта пайдалана алады. Жобада сондай – ақ ақпараттың енгізілуі дауыспен жүзеге асырылатын тәжірибесіз тұтынушылар үшін терминалдар құруға көңіл бөлінеді. Жалпы ақпараттандыру жобасын толықтай жүзеге асыруға 20 жыл кетеді және 100 млрд. долларға жуық капитал салымын қажет етеді. Сонымен қатар компьютердің 5 – ші ұрпағын жасау сәтсіз болып жатсад, 10 жылға жалпы сомасы 480 млн. доллар құрайтын компьютердің жаңа түрін дайындау бағдарламасы қабылданған:



  • он жүз процессордың күрделі операцияларын бі уақытта жүзеге асыратын, ақпаратты өңдеу паралелизімінің деңгейі жоғары компьютерлер;

  • жұмысы мен қызметі сияқты нейронды жүйелі компьютерлер;

Ақпараттандыру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін бүкіләлемдік қоғамдастықтық үшін ортақ принциптерге жүгіну қажет:

  • бірінші кезекте елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуден бас тарту;

  • ауыр өнеркәсіпке негізделген экономикалық құрылымды ғылыми салаларға негізделген құрылымға ауыстыру қажеттілігі;

  • ақпараттық секторлардың басымдылық сипатын мойындау;

  • әлемдік ғылым және техника жетістіктерін кеңінен қолдану;

  • мемлекеттік және де жеке ақшалай қаражаттарды ақпараттандыруға салу;

  • ақпараттандырудың негізгі мақсаты етіп, ақпаратты өңдеу және коммуникация жағдайын жеңілдету арқылы мемлекеттің және оның азаматтарының әл – қуатын өсіруді жариялау.

Ақпараттандыру процесінің нәтижесі болып, материалды объектілер емес, символдармен, идеялар, образдар, интелектпен, біліммен басқаратын ақпараттық қоғамды құру болып табылады.

3. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

1 апта.

Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау