Хабарландыру мәтініне
персоналды басқару қызметі жауапты
Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға
бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-
4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен
айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси
мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда
төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі
төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік
қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде
қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты
мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем
емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе
облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық
лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық
деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу
орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс
негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін
басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда
мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі
санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан
кем емес;
D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға
бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-
5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе
Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе
саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда
үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі
төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3,
E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс,
республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының
депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі
жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе
облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе
Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті
әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан
кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс
негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін
басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы
№
Санаты
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарын есептегенде
теңгеден
теңгеден
1
D-O-2
163232
220698
2
D-О-3
109932
148242
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама
үшін
телефондар:
8(7262)453468,
433630,
433675,
факс:
433675,
e-mail:
obl_akim@zhambyl.kz
) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға
орналасуға Жамбыл облысы әкімі аппараты мен Жамбыл облысы әкімдігі
басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы басшысының орынбасары, санаты D-О-2, 1 бірлік, №02.
Функционалдық міндеттері: басқармамен ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және ҚР
Үкіметінің актілерін, Жамбыл облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін, Жамбыл облысы
әкімдігінің қаулыларын басқарма құзырындағы мәселелер бойынша орындау жұмысына
басшылық етеді. Басқарманың экономикалық және қаржылық қызметін басқарады.
Мемлекеттік сатып алу заңдылығына сай басқарманың мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыруын ұйымдастырады және тікелей басқарады. Басқарманың қаржылық қызметіне
сараптама жасайды. Мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын қадағалайды.
Тапсырыс берушілерден мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындауға қажетті
материалдардың уақытылы алынуын қадағалайды. Басқарманың қаржылық құралдарын
басқарады және басқарманың есептік саясатын жүргізуді (аз құндылықты және тез тозатын
заттарды есептен шығару, жедел амортизациялауды қолдану, т.б.) қамтамасыз етеді.
Қаржылық жоспардың орындалуын, бухгалтерлік, қаржылық, салық және статистикалық
есептердің уақытылы берілуін қамтамасыз етеді, жоғары тұрған және бақылау органдарына
ағымды және жоспарлы есептердің уақтылы және сапалы берілуін, құжат айналымының
мониторингі жүргізілуін қамтамасыз етеді.Қаржылық жоспарлардың және бюджеттердің
жоспарлық мағынасынан ауытқуын анықтау, қажетсіз шығындарды және қымбаттау
факторларды жоюға іс-шаралар даярлау, бюджет пен жоспарды нақтылау мақсатында
жұмыстарды қадағалайды, бюджеттік қаражаттың тиімді қолданылуын қадағалайды.
Мемлекеттік сатып алу, мониторинг, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және қаржыландыру
бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді. Облыс әкімдігі, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерімен
және басқа да уәкілетті органдармен өзара әрекеттеседі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар,
экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласында. Мамандығы: экономика
немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе
құқықтану.
Қазақстанның «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Бюджет
Кодексін, Азаматтық Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы», «Автомобиль
жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне
сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін
білу.
2. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасының ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің басшысы,
санаты D-O-3, 1 бірлік (№ 3-1).
Функционалдық міндеттері: басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-
қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Заңдарының,
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі актілерінің орындалуын
бақылайды,
анықталған
кемшіліктерді,
олардың
орындалмау
немесе
тиісінше
орындалмауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды,
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындардың жұмыстарын
үйлестіру жолымен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, қызметінің тиімділігіне
бағалау жүргізуді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту
саласында Қазақстан Республикасының нормативтік-заңнамалық актілері, қаулыларының
негізінде жұмыстың негізгі бағыттарын әзірлеу, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс
Әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау
бойынша толықтырулар енгізеді. Құжаттар айналымының Қазақстан Республикасының
«Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдары талаптарына, облыс
әкімі аппаратының «Іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулығына» сәйкес бірыңғай тәртіппен
жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар,
экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық
ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары
саласындағы. Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы
(жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және
технологиялар саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы
(жалпы).
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін», Әкімшілік құқық бұзушылық
кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес
келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық
актілерді білу.
3. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар бөлімінің басшысы 1 бірлік, санаты D-О-3, № 9-1
Функционалдық міндеттері: орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қысқа және ұзақ мерзімдік бағдарламалар әзірленіп
бекітуге ұсынады және орындалуын қадағалайды. Құқықтық нормативтік актілердің
жобасын әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік мекемелердегі ормандарды күзету, қорғау,
молықтыру мен орман өсіру шараларының қаржылық жоспарын дайындайды, бекітуге
ұсынады орындалуын қамтамасыз етеді. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік
орман кадастыры жөніндегі мекемелердің есебін қабылдап жинақтайды, уәкілетті органға
тапсырады. Рұқсат беретін құжаттардың бланкілерін орталықтан жасалуын ұйымдастырады:
орман кесу билеті, босатылатын отындық орман жөнелтпе құжаттары, орманшыға тапсырма
беру бланкісі, орман ресурстарын пайдаланатын орман билеттері мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асырудың рұқсат құжаттарын, ағаш кесу билеті
мен орман билетінің есебін жүргізіп, пайдалану тәртібін қадағалайды. Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес арнайы өрт сөндіру қызметтері мен қоғамдық өрт
сөндіру топтарымен бірлескен жұмыс жоспарын дайындап бекітуге ұсынады. Мемлекеттік
орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөнінде іс-
шаралардың жыл сайынғы жоспарын әзірлеп іске асырады. Е-лицензиялау ақпараттық
жүйесімен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын
қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ауыл шаруашылық
ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика и бизнес саласындағы
немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы. Мамандығы: орман ресурстары және орман
шаруашылығы немесе агрономия немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе
биология немесе экология.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты
стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Орман және Әкімшілік құқық бұзушылық
кодекстерін, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңын
және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды
реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.
4.Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық
жұмыс бөлімінің басшысы, 1 бірлік, санаты D-О-3, №05-1
Функционалдық міндеттері: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы
мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне
атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау
мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының орындалуын жүзеге асырады. Аудандар
мен Тараз қаласындағы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда Қазақстан
Республикасындағы «Тіл туралы», «Жарнама» туралы Заңдарының орындалу барысына
мониторинг жасайды. Облыстық ономастика комиссиясы туралы Ережеге сәйкес комиссия
отырыстарының материалдарын, жұмыс жоспарларын дайындайды, комиссия шешімдерінің
орындалуын қадағалайды. Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген (көрнекі)
жарнаманы тарату тілдеріне қойылатын талаптардың орындалуына мониторинг жүргізеді.
Аудандық және қалалық ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші
органдардың жұмысын қадағалап, тіл мамандарына осы бағытта әдістемелік көмектер
көрсетеді. Облыстағы елді мекендер мен нысандардың, көшелердің атауларын
транслитерация ережелеріне сәйкес берілу жұмыстарын үйлестіреді. Аудандар мен Тараз
қаласындағы көше атауларының өзгертілуіне талдау жасайды. Облыстағы көше
атауларының аншлагтарын біріздендіру, олардың сапалы және тиісті үлгіге сәйкес әзірленуін
қадағалайды. Қазақстан Республикасындағы «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің
жұмысын жүргізуді ұйымдастырады. Басқарма басшысының бұйрығымен уақытша басқа да
міндеттерді атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім саласындағы немесе
құқық саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы. Мамандығы: білім
саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар
саласындағы (жалпы).
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», аталмыш санаттағы мемлекеттік
лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттеуші
Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа актілерін білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін
күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы
жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда
көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына
тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк
органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген
электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы
арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov»
электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы
берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан
кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге
жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы
бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету
күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда
орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету
үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту,
тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке
қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен
келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi
органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана
алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және
орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |