Дәріс №6 Радиациялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар
Жалпы сұрақтар
Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар. Радиациялық қорғау. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.
Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері
Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар. Радиациялық қорғау. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.
Радиоактивтілік туралы жалпы түсінік. Табиғатта өздігіген ыдырайтын химиялық элементтердің, атомдық ядролардың шағын мөлшері бар. Бұл үдеріс көзге көрінбейтін сәулеленумен шығады. Радиоактивті элементтерге және радиоактивті сәулеленуге сәйкес – атомдық ядролардың өзідігінен ыдырауы кейбір химиялық элементтерде радиоактивтілік деп, ал элементтердің өзі олардың сәулеленуі деп аталады. Адамның сезу мүшелерінің қабілеттілігі радиоактивті сәулеленуді қабылдай алмайды. Жергілікті жердің, судың, ауаның, көлік құралдарының, азық – түліктердің және т.б. радиоактивті сәулеленумен және радиоактивтілікпен ластанғаны туралы ақпаратты тек арнайы аспаптардың көрсетуімен ғана алуға болады.
Радиоактивтілікпен ластану радиоактивті үрдіс кезінде химиялық элемент атомдарының ядроға айналуынан болады: альфа – ыдырау, бета – ыдырау, электронды қамту, атомдық ядроны спонтандық (өздігінен) болу. Барлық радиоактивті сәулеленудің маңызды бір қасиеті олар өздері тарайтын электрлі бейтарап молекуланың сәулеленуін тудырады. Ең көп сәулеленуді шығару қасиетіне альфа – бөлшек ие. Сәулелену болғанда альфа – бөлшек энергиясы тез азаяды. Белгілі қашықтықтан өткеннен кейін альфа – бөлшек өзінің тіршілігін тоқтатады. Қуаттылығының көп бөлігін жоғалтқаннан кейін ол екі электронды өзіне тартып алады және гелийдің бейтарап атомы болады. Альфа – сәулелену адам үшін де, басқа да кез – келген тірі организм үшін де қандайда бір қауіп тудырады.
Зат арқылы өту кезінде сәулелену қабілетіне бета – бөлшекте ие, алайда ол едәуір аз. Бета – бөлшек өзінің қуаттылығын баяу жоғалтатындықтан, оның ауадағы және басқа материалдардағы еркін жүріс ұзындығы едәуір көп. Бета – бөлшектің едәуір бөлігі әртүрлі радиоактивті изотоптарда ауада 3-5 м жүреді. Тығыз заттарда айтарлықтай аз болады (суда, ағаштарда, организм ұлпаларында 1000 рет). Бұған қарамастан бета – сәулелену адам үшін қауіпті, әсіресе радиоактивті зат терінің ашық жеріне түскенде.
Альфа – ыдырау және бета – ыдырау, ереже бойынша, гамма сәулесімен қоса жүреді. Ол жарық жылдамдығының кеңістігімен жайылатын өте үлкен жиіліктегі электромагнита тербеліске ие; ядро түрінде жеке мөлшерде түседі ол гамма – квант немесе фотондар деп аталады. Гамма – кванттар өте үлкен түсу қабілетгілігіне ие. Әртүрлі материалдармен гамма – сәулеленудің әлсіздену сипапамасы үшін жартылай әлсіздену (d 1/2) қабатының кеңдігі қолданылады. Бұл гамма – сәулеленудің қуатын екі есеге әлсірететін материалдың сондай қабаттағы қалыңдығы. Жартылай әлсіз қабат материалдарды қорғау қасиетінің сипаттамалық шарасы болып табылады.
Адамдардың ионды сәулеленумен зақымдану қауіптілігінің дәрежесі ренгентте өлшенетін (Р) экснозиционды сәулелену мөлшерімен (Д) анықтталады. Радиоактивті сәулеленудің қарқындылығы (Р) сәулелену мөлшерінің күштілігімен бағаланады. Сәулелену мөлшерінің қуаттылығы доза жиналуы жылдамдығын сипаттайды және рентгенде бір сағат (Р/с), милли – рентгендерде бір сағат (мР/с) немесе микрорентгендерде бір сағат (мкР/ с) көрсетіледі.
Халықаралық бірлік жүйесінде СИ экспозиционды сәулелену мөлшері кулонда килограмға (Кл/'кг) өлшенеді және оның күштілігі кулонда секундына килограмға (Кл/кгс) өлшенеді. 1 кг ауада иондау нәтижесінде 1 Кл тең бір бөлгідегі барлық иондардың жиынтық электрондық заряды, 1кг ауада түзілетін кулон килограмның экспозиционды мөлшерімен тең.
Сәулеленуді иондармен қанықтырушы адамдар сәулеленудің салдарларын бағалау кезінде, сәулеленудің экспозициялық дозасын емес, сәулеленудің жұтылу дозасын, яғни адам организмі ұлпаларына жұтылған сәулеленуді иондау энергиясының мөлшерін білуі маңызды. СИ жүйесінде сәулеленудің жұтылу дозасын өлшеу бірлігі ретінде грэй (Гр), ал мұндай дозаның қуатын - секундттағы грэй (Гр/с) деп қабылданған. Тәжірибеде жұтылған дозаның жүйеден тыс бірлігі – рад (сәулеге шалдыққан заттың бір грамында, 100 эрг. тең энергия жұтылады) пайдаланылады. Жұтылған дозаның қуаттылығының жүйеден тыс бірлігі – бір сағаттағы рад немесе бір секундтағы рад (рад/ч, рад/с).
Экспозициялықпен жұтылған дозалар аралығындағы сәулеленудің бағыныштылығы:
Дпог=Дэкс х К, бұл жерде К – пропорционалдықтың коэффициенті (адам организмінің жұмсақ ұлпасы үшін К=0,877).
Қолдағы бар дозиметриялық құралдардағы өлшеу кемшілігі 15-30%-ды құрайтынын ескере отырып, пропорционалдық коэффициенте тең бірлік қабылданады. Сондықтан дозиметриялық құралдардың көмегімен өлшенген адамдар алған сәулелердің салдарларын бағалау кезінде рентгендердегі экспозициялық дозалардың маңызы мен радтардағы жұтылған дозалар шамамен бірдей.
Рентген – бұл 1 см3 ауа физикалық қалыпты шарттарда (ауа температурасы 0° С және қысымы 760 мм рт.ст.) электр санының бір электрлік бірлігін құрайтын 2,08x10 ион буы түзіледі. Сәулеленудің алуан түрімен сәулеленген адам организмін бағалау үшін, сондай – ақ ауамен, сумен және тамақпен адам организміне радионуклидтер түскен кезде сәулеленудің эквиваленттік дозасын өлшейтін арнайы бірлік – бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті) қолданылады.
Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже бойынша, атом электр станцияларында, атомдық өндіріс кәсіпорындарында, радиоактивті заттарды таситын және пайдаланатын қондырғылар мен көлік құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нәтижесінде орын алады.
Радиациялық зақымдану дәрежесі. Жергілікті жердің радиоактивтілікпен ластануы кезінде адамдарды сәулеленуден қорғау жағдайын жасау өте қиын. Сондықтан радиоактивті заттармен ластанған аймақтағы іс – әрекет кезінде белгілі бір уақытқа рұқсат етілген сәулелену мөлшері орнатылады, олар ережеге бойынша, адамдарды сәулелену (радиациямен) зақымдануды болдырмау керек.
Радиациямен зақымдану дәрежесі қабылданған сәулелену дозасы мен уақытына тәуелді болатыны белгілі. Сәулелену мөлшерінің барлығы дерлік қауіпті емес. Егер ол 50 Р аспаса, онда ол тіпті сәулелену ауруын айтпағанда еңбекке қабілеттілікті де жоғалтпайды. Қысқа уақыт аралығында қабылданған 200-300 Р мөлшері ауыр радиациялы зақымдануды болдыруы мүмкін. Бірнеше ай ішінде қабылданған мұндай доза немесе бір қалыпты сәулелену кезінде қабылданса, ауруға алып келмейді. Адамның сау организмі осы уақыт ішінде сәулеленуден өлген жасушаның орнына жаңа жасуша туындатуға қабілетті.
Рұқсат етілген сәулелену мөлшерін анықтау кезінде оның бір рет қайталануы немесе бірнеше рет қайталануы мүмкін екенін ескеру қажет. Бір peт қайталанатындар, оған алғашқы 4 тәулікте қабылданған сәулеленулер саналады. Бұл кезеңнен асып кеткен уақыт ішінде қабылданған сәулелену бірнеше peт қайталанатын болып саналады. Адамдардың бір рет қайталанатын мөлшермен; 100 Р сәулеленуі және одан көбірек дозаларды кейде өткір сәулелену деп аталатын сәулеленуді қабылдауы мүмкін.
Дозалар және зақымдану белгілері
Сәулелену дозасы, Р
|
Зақымдану белгілері
|
50
|
Зақымдану белгілерінің жоқ болуы
|
100
|
Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 10-30 тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. Өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде сәулеленгендердің 10% -лоқсу және құсу, еңбекке қабілеттілігін оншалықты жоғалтпай шаршау
|
200
|
Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 3 тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. 100-250 Р дозалы өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде -зақымданудың әлсіз белгілері – бі рінші дәрежелі сәулелену ауруы
|
300
|
Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен бір жыл ішінде жұмысқа қабілетгілік төмендемейді. 250-300 Р өткір сәулелену кезінде екінші дәрежелі сәулелену ауруы. Ауру көп жағдайда жазылып кетеді.
|
400-700
|
Үшінші дәрежелі сәулелену ауруы. Бастың қатты ауруы, температураның көтерілуі, әлсіздік, шөлдеу, лоқсу, құсу, іш өту, ішкі мүшелерге, теріге және шырышты қабықтарға қан құйылу, қан құрамының өзгеруі. Уақытылы және тиімді ем алған жағдайда сауығып кетуі мүмкін. Емделмеген жағдайда өлім қаупі 100% жетеді.
|
700 көп
|
Ауру көп жағдайда өлімге алып келеді. Зақымдану бірнеше сағаттан кейін білінеді, төртінші дәрежелі сәулелену ауруы
|
1000 көп
|
Сәулелену ауруының кенеттен болған түрі. Зақымданғандар жұмысқа қабілегтілігін бірден жоғалтады және сәулеленуді, алғаннан кейін алғашқы күндерден бастап біртіндеп өле бастайды.
|
Радиациялық барлау. Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мәліметтеріне байланысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:
жергілікті жерде және ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру;
құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін анықтау және радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;
ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу;
радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;
судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды зертханаға жіберу;
метрологиялық бақылау;
радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққаннан кейін құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.
Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне:
дер кезінде радиоактивті ластануды табу және хабарландыру дабылын беру;
радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;
күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді барлау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.
Радиациялық бақылау орны тәртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сәулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру және байланыс құралдарымен, радиациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.
Дозиметриялық бақылау. Дозиметриялық бақылауды ІҚ құрылымның жеке құрамы радиоактивті ластану аймағындағы іс – қимылы кезінде сәулелену мөлшері туралы мәліметтерді дер кезінде алу мақсатында жүргізеді. Алынған ақпарат бойынша құрылымның жұмыс тәртібі анықталады. Дозиметриялық бақылау топтық және жеке болып бөлінеді.
Топтық бақылау ІҚ құрылымның жеке құрамының жұмысқа қаб-леттілік деңгейін бағалау мен анықтау үшін және орташа сәулелену дозасы туралы мәліметтерді алу мақсатында жүргізіледі. Бұл үшін құрылым ИД-1 сәулелену дозасының өлшеуішімен қамтамасыз етіледі (ДКП-50-А ДП-24, ДП-22В жинақтарынан) 1 - 2 дозиметрлік есептеу бойынша радиациялық жағдайда бірдей әрекет ететін топтағы адам саны 14-20.
Жеке бақылау радиациялық зақымданудың ауырлық деңгейіне алғашқы кезеңде диагностика жасау керек және әр құтқарушының доза туралы мәліметті алуы мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсат ушін ІҚ құрылымның жеке құрамына доза қуатын өлшейтін ИД-11 өлшеуіші беріледі.
Радиоактивті ластанудың деңгейі техниканың, көліктің, киімдердің, саймандардың, қорғау құралдарының, аяқ – киімдердің және т.б. дәрежесі бойынша анықталады. Аталған жұмыс құрылымға қойылған міндеттерді орындағаннан кейін, құтқарушылардың ластанған аудандардан шығуы кезінде, арнайы өңдеулерді толық жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады. Радиоактивті ластануға душар болған және арнайы толық өндеуді жүргізу үшін келген құрылымның жеке құрамы, техникалары және көлігі бақылап бөліп тұратын күзет орны арқылы өтеді, мұнда құрылымның ластанған дәрежесін белгілейді және арнайы өңдеу бойынша шараларды ұйымдастырады. Күзет орнының біреуі шығатын жерде ал келесісі арнайы өндеу алаңының шығатын жерінде тұрады. Ластану дәрежесін ДП-5, КРБ-1 және т.б. аспаптардың көмегімен анықтайды. Құрылымның жеке құрамының және техникасының бақылап – бөліп тұратын күзет орны арқылы өтуі кезінде дозиметристің ластанған жұмыс орны анықталады; қажет болған жағдайда оған қатерсіздендіру жүргізіледі немесе тұрған орыны ауыстырылады.
Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері.
Радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптарының сипаттамасы
Атаулары
|
Сипаттамалар және өлшеуіштің мөлшері
|
Тағайындалуы
|
Далалық радиометр-
рентгенометр
ДП-5А,(ДП-5Б,ДП-5В)
|
Гамма-сәулелену
бойынша
50мкР/с-200Р/с
|
Гамма-сәулелену мөлшерінің күштілігін өлшеу және гамма, бета-сәулелену бойынша жергілікті жердің ластануы
|
Дозиметр
ДРГ-01Т
|
10мкР/с-10Р/с
|
Ішкі гамма-сәулеленудің экспозиционды дозасы қуатын өлшеу (ЭМК)
|
ДП-22В дозиметр жинағы
|
2-50 Р/с
|
Сәулелену дозасын өлшеу
|
ДП-24 (аналог ДП-22В)
|
2-50 Р/с
|
Сәулелену дозасын өлшеу
|
ИД-1 дозиметр жинағы
|
20-500 рад
|
Гамма- нейтронды сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеу
|
Жеке мөлшерді өлшейтін ИД-11 ИУ құрылғысының өлшеуішімен
|
50-80О Р
|
Радиациялық зақымданулын бастапқы диагностикалау мақсатындағы сәулеленуді жеке қадағалау
|
ДП-70
(ДП-70М)
|
10-1500 рад
|
10-1500 рад
50-800 Р
|
химиялық дозиметрлері ДКП-50-А қосымша беріледі
|
50-800 Р
|
медициналық зақымдану дәрежесі диагностикасына арналған өлшеу
|
ДК-0,2 дозиметр жинағы
|
10-200мР
|
Гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін зертханалық жағдайда өлшеу
|
Химиялық барлаудың әскери аспаптары екі топқа бөлінеді:
индикаторлы түтіктерге пайдалануға негізделген аспаптар (ВПХР, ППХР, ПГО-11, ПХР-МВ). (Анықталатын ҚӘУЗ тізімі индикаторлы түтікті аспаптардың комплектацияларына байланысты);
жылжымалы құралдарда орнатылатын автоматты аспаптардың қозғалыс қағидаты индикацияның ионданушы (ГСА-1, АГС, ПРХР) және биологиялық (ГСА-123, ГСА-13, ГСА-11) әдістеріне негізделген. Химиялық барлауды жүргізу кезінде арнайы аспаптар, индикаторлы түтіктер, газталдағыштар, кестеде келтірілген сипаттамалар қолданылады.
ҚӘУЗ – ді анықтау мақсатында қолданылатын, химиялық барлау жасау приборларына арналған индикаторлы түтіктердің негізгі сипаттамасы
Индикаторлы
түтіктің таңбалануы
|
Анықталған ҚӘУЗ
|
Бояулардың өзгеруі
|
Сезімталдық шегі мг/л
|
ИТ – 44
|
Хлор
|
Қызғылт
|
0,005
|
Хлорциан
|
Қызғылт
|
-
|
Сутек фториді
|
Қызғылт
|
-
|
Фосфор түзетін пестицидттер
|
Қызғылт
|
-
|
ИТ – 45
|
Фосген
|
Көк
|
-
|
Цианисті сутек
|
Қызғылт
|
0,005
|
Хлорциан
|
Қызғылт
|
0,005
|
Азот оксиді
|
Көк
|
-
|
Хлор
|
Қызғылт-сары
|
-
|
Хлорпикрин
|
Сары-қызғылт сары
|
-
|
ИТ-36
|
Күшәнділеу сутек
|
Қызыл қоңыр
|
-
|
Күкіртсутек
|
Қызыл қоңыр
|
-
|
Азот оксиді
|
Ақшыл жасыл
|
-
|
Фосген
|
Ақшыл жасыл
|
-
|
ИТ – 47
|
Цианисті сутек
|
Қызыл күрең
|
-
|
Хлорциан
|
Қызыл күрең
|
-
|
ИТ – 24
|
Күшәнділеу сутек
|
Сары
|
0,005
|
Күкіртсутек
|
Сары
|
-
|
ИТ – 12
|
Аммиак
|
Күлгін
|
0,0002
|
Акрильді натрий
қышқылы
|
Күлгін
|
0,0002
|
УГ 2 газталдағыштар
Анықталған ҚӘУЗ
|
Өлшеуіш диапазоны, мг/м3
|
Өлшенген уақыт
|
Азот оксиді
|
0-200
|
5
|
Аммиак
|
0-300
|
2
|
Хлорлы сутек
|
0-100
|
3
|
Күкіртті ангидрил
|
0-200
|
3
|
Күкіртсутек
|
0-300
|
2
|
Хлор
|
0-80
|
4
|
Радиациялық қорғау. Радиоактивті заттармен ластанған аймақта жұмысты жүргізу, жұмысшылардың сыртқы және ішкі сәулеленуінің төмендетуге және таза қалалар мен тұрғын үйлерге радиоактивті ластануды апармауға бағытталған, радиациялық қауіпсіздік шаралар кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Радиациялық қауіпсіздік бойынша шаралар кешені мыналарды қамтиды:
радиациялық әсерлерді қатаң түрде нормалау;
радиоактивті ластану жағдайында жұмысқа жұмылдырылған барлық тұлғаларды дәрігерлік куәландыру және рұқсат алу;
радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулық;
радиациялық жағдайымен оның өзгерістеріне жүйелік бақылау, соның негізінде нақты участкелердегі жұмыстың ұзақтығын анықтау;
жеке дозиметриялық бақылау және ластанған жергілікті жердегі барлық жұмысшылардың сәулеленуін есепке алу;
ластануды жою;
барлық жұмысшылардың жеке қорғаныстарын ұйымдастыру;
жұмыс жасап жатқан участкелердегі ластанудың таралуына жол бермейтін санитарлық – рұқсаттама режимін ұйымдастыру;
санитарлық өңдеуді және жүйелі түрде қатерсіздендіруді, қажет болған жағдайда жұмысшылар пайдаланатын арнайы киімдерді, арнайы аяқ – киімдерді және басқа да ЖҚҚ жоюды ұйымдастыру.
Радиациялық авария жағдайында ЖҚҚ қолдану қажеттілігін анықтайтын негізі зиянды әсерлер, адам организміне және тері жамылғысына түскен радиоактивті, әртүрлі объектілер мен ауа қабатының ластануы, жергілікті жердің радиоактивті ластануының негізі болып табылады. Сондықтан жеке қорғанысты ұйымдастыру бойынша кешенді шараларды авариялық жағдайларда жүргізудің негізгі мақсаты мыналардан тұрады:
адам ағзасына радионуклидттердің түсуін, сонымен қатар тері жамылғысының радиоактивті ластануын нормативті құжаттармен бекітілген, рұқсат етілген мөлшерден азайту немесе болдырмау;
авария аймағында ластанған киімнен, аяқ – киімнен, қорғаныс құралдарынан және т.б. радиоактивті ластанудың таралуының алдын алу.
ЖҚҚ қолданумен адамды ішкі гамма – сәулеленуден қорғауды қамтамасыз ету мүмкін емес екенін есте сақтау қажет. Бұл міндет тек инженерлік қорғаныс ғимараттары мен құралдарын (баспана және қорғаныс экрандары), жұмысты дистанциялық жүргізуге арналған механизімдерді қолдануымен және жоғары деңгейдегі гамма – сәулеленуі бар жергілікті жерде адамдардың болу уақытын қатал шектеумен ғана шешіледі. ЖҚҚ қолдану міндетті түрде радиациялық қауіпсіздік шараларының басқа да кешенімен, соның ішінде йодттық алдын алу және басқа дәрі – дәрмектерді қолданылуымен (дәрігерлік қорғаныс құралдары) жүргізілуі тиіс.
Радиациялық авария жағдайында және олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:
негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер, мақта – матадан және аралас маталардан тігілген шұлықтар) және қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы және резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);
тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар және т.б.);
оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі және қосымша);
қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта – маталы саусақты биялай немесе қолғаптар);
көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар және т.б.);
қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер және т.б.) жатады.
Радиациялық авария болған кезде радиометриялық бақылауды және радиациялық жағдайды бағалау нәтижесіне негіздеп, авария аймағын екі аймаққа бөлу орынды.
Бірінші аймаққа (қатаң тәртіптегі аймаққа) жоғарғы қабат пен ауаның радиоактивті ластануының белгіленген деңгейден жоғарлауы байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ негізгі арнайы киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ, пленкалы немесе резеңкелі материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ – киімдер және оқшаулағыш костюмдер және т.б.) талап етіледі.
Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тәртібіндегі аймақ) ауа мен жоғарғы қабаттардың радиоактивті ластану деңгейі авариялар жағдайымен шартталған, рұқсат етілген көлемде болатын ғимараттар мен аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау үшін және радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі арнайы киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде киімін толық ауыстырып кию және санитарлық рұқсатнама арқылы ұйымдастырылады, ал ғимаратқа және бірінші аймақтағы аумаққа кіру санитарлық шлюз немесе санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады.
Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:
жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе өлшенген концентрациясы туралы;
жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы;
ластанған ерітінділерді құю (соның ішінде қатерсіздендіретін) немесе пароэжекциялық бүркігіштерді қатерсіздендіру үшін булы қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:
ауырлық (қиындық) категориясы және жұмысты орындау ұзақтығы туралы;
жұмыс орнындағы микроклимат және ауадағы газ құрамы туралы (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы және жарылу қаупі бар газ қоспалары және т.б.) мәліметтерді пайдалану керек.
ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50% көп) бу шығаратын улы заттар бар ғимараттарға, боксқа, сиымдылыққа, цистерналарға, құдықтарға кұтқарушылардың кіруі кезінде ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай, сондай – ақ түріне және алда тұрған жұмысқа байланысты құтқарушылар авария орынына келгеннен кейін штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ және т.б.).
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар.
Радиациялық қорғау шаралары
Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.
Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері
Дәріс №7. Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар
Жалпы сұрақтар
Әсері күшті улы заттарға мінездеме.
Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.
Әсері күшті улы заттарға мінездеме. Мұндай нысандарға, бірінші кезекте, қорғаныстық, химиялық, мұнай өндейтін, целлюлозза – қағаз өңдіретін кәсіпорындар, тамақ өнеркәсібі және басқа бірқатар салалар жатады. Қатты әсер ететін химиялық заттар деп шаруашылық мақсатында қолданлатын және әртүрлі бұзылған немесе зақымданған технологиялық сыйымдылықтардан, қоймалардан және кұрылғылардың шығуы кезінде адамдардың жаппай зақымдануын тудыратын токсинді химиялық заттар аталады.
Өздерінің зақымдау құрамдарына қарай ҚӘУЗ (қатты әсер ететін улы заттар) бір текті емес.
Олардың негізгі топтастырушы белгісі ретінде адамның қатты улануы кезіндегі жиналатын ерекше синдромының белгісі көбіне жиі қолданылады. Осыған қарап шартты түрде, барлық ҚӘУЗ мынандай топтарға бөлінеді:
ерекше тұншықтырушы күші бар заттар (хлор, фосген, хлорпикрин);
ерекше жалпы уландырушы күші бар заттар (көміртек тотығы, ніл қышқылы және т.б);
тұншықтырушы және жалпы уландырушы күші бар заттар (акрилонитрил, күкіртті сутек, азот қышқылы және азот тотықтары, күкіртті ангидрит және т.б.);
нейротропты улар (күкірт көміртегі, тетаэтил-қорғасын, фосфор органикалық қоспасы);
тұншықтырушы және нейротропты күші бар заттар (аммиак, гептил, гидразин және т.б.);
метаболикалық улар (этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.
Химиялық қауіпті кәсіпорындардағы аварияның зақымдаушы факторларының таралу ауқымына қарай мынандай болып бөлінеді:
бір жердің шеңберінен аспайтын (жеке) – егер олар санитарлы-қорғанысты аймақ шекарасынан шықпаған болса;
жергілікті – олар жақын арадағы тұрғындық құрылыстың жекелеген учаскесін қамтиды;
аймақтық – халқы тығыз орналасқан қала, аудан, облыстағы көлемді ауданды алады.
ҚӘУЗ – дің аудан немесе бүкіл елге ғаламдық таралуы екі талай.
Өрт қауіпті заттарды топтастыруға сәйкес жану мүмкіндігіне қарай ҚӘУЗ – ді жанбайтын, ауыр жанатын, жанатын деп бөлуге болады. ҚӘУЗ – дің көп мөлшері оларды өндіретін немесе пайдаланатын кәсіпорындарда болады. Химиялық қауіпті кәсіпорындарда ҚӘУЗ негізгі шикізат, аралық, жанама және соңғы өнім болып, сондай – ақ ерітінді және өңдеу құралы болып табылады. Бұл заттардың қоры сақтау қоймаларында (70 – 80 % дейін), технологиялық аппаратураларда, транспорттық құралдарда (құбырлар, цистерналар және т.б.). Кең таралған ҚӘУЗ – ға хлор мен аммиак жатады. Өндірістің көлемі мен концентрациясы есебінен үлкен шамадағы ҚӘУЗ – дің жиналуы болады, бұл – айтарлықтай ықтимал қауіп төндіреді.
Қауіпті химиялық нысандағы - авария кезіндегі үлкен қауіпті әртүрлі токсинді заттардың төгілуі алып келеді. Авария салдарының ықтималды көлемі ҚХН – ның түріне, ҚӘУЗ – дің түріне, олардың құрамына, мөлшері мен сақтау мерзіміне, авария сипатына, ауа райы және т.б. байланысты болып келеді. Мұңдай авария кезіндегі басты зақымдаушы фактор болып химиялық зақымдану және ондаған километрге жетуі мүмкін аймақ тереңдігі жатады. Авария кезіндегі туындайтын бір ерекшелік уландырушы заттардың жоғарғы концентрациясы кезінде адамдардың қысқа уақыт ішінде зақымдану мүмкіңдігі болып табылады. ҚХН – ға авариялар жарылыстар және өрттермен қатар жүруі мүмкін.
Химиялық авариялардың саны транспорттық оқиғалардың салдарынан көбейіп келеді. Бүгінгі таңда сұйытылған хлордың, тұзды және күкіртті қышқылын темір жол арқылы тасымалдау көлемі артып отыр.
Ерекше қауіпті жоғарғы токсинді заттармен су көздерінің зақымдалуы тудырып отыр. Ағатын канализация суының төгілуі үлкен қауіп тудырады. Олардың улылығы ҚӘУЗ қалдықтарына қарағанда анағұрлым төмен, өздерінің көлемі мен жиілігіне қарай олар үлкен зиян келтіруге қабілетті. Әдетте канализациялық қалдықтар адамдардың қысқа мерзімде зақымдануына алып келмейді, бірақ мутацияны тездетіп және адамның имундық жүйесін әлсіретуге қабілетті.
Адамзат пен қоршаған табиғи ортаға үлкен қауіпті төгілген мұнай мен мұнай өнімдері төндіреді. Төгілген мұнай өнімдерінің жұқа қабаты одан ауаның өтуіне кедергі жасайды. Егер мұнай өнімдерімен зақымданған қабат көп мөлшерде болса, онда оның астындағы бүкіл тіршілік өлімге душар болады. Сондықтан зақымданған аумақты залалсыздандыру жұмыстарын кешіктірмей жүргізу талап етіледі.
Табиғаттағы экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуын алып келетін өндірістік қалдықтар және басқа да улы заттармен ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының қауіпі кем емес.
Химиялық авария – қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын, азық – түліктің, тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануын туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.
Химиялық зақымдану - белгілі бір уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын, қауіпті химиялық заттардың қоршаған табиғи ортада концентрация немесе мөлшер түрінде таралуы.
Қауіпті химиялық заттар – адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат.
Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы.
Қауіпті химиялық заттардың төгілуі – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде төгілуі.
Қауіпті химиялық нысан – қауіпті химиялық заттарды сақтайтын, өндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, ондағы авария немесе қирау кезінде адамдардың өлімі немесе ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануы мүмкін.
Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе алып келінген аймақ.
Химиялық қауіпті нысандағы авариялар
Қатты әсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы.
Химияландырудың қарқындылығы шаруашылық қызметте ҚӘУЗ қолданудың кеңінен тарауына жағдай жасады. Соған сәйкес, көптеген шаруашылық объектілері, ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары химиялық қауіпті болып табылады.
Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) болып авария немесе қирау кезінде халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдануы мүмкін объектілер ұғынылады. Улы заттардың ірі қорына химиялық өндіріс орындары, целлюлоза – қағаз, мұнай өндейтін және мұнай химиялық кәсіпорындары, қара және түсті металургиялар, жер тыңайтқышын шығаратын кәсіпорындар жатады. ҚӘУЗ – дің айтарлықтай қоры сондай – ақ тамақ объектілерінде, ет – сүт өнеркәсібінде, азық – түлік базаларында, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықта шоғырланған. ХҚО – ге ҚӘУЗ санатына негізгі шикізат, екі ортадағы және негізгі өнім, жанама өнім сондай – ақ өңдеулердің еріткіші және құралы жатады. Бұл заттардың қоры базистік және негізгі қоймаларда, технологиялық аппаратураларда, көлік құралдарында (құбыр өткізгіштер, цистерналар) болады.
ҚӘУЗ сақтауға арналған жер бетіндегі сұйық қоймалар топпен орналасады немесе жеке тұра алады. Сұйық қоймалардағы әрбір топта немесе үлкен жеке қоймаларда периметрі бойынша бекітулі опырылымдар немесе оқшаулағыш қабырғалар (тұғыр сирек қойылады) орнатылады. Олар төгілетін ҚӘУЗ – ді жергілікті шағын участкеде ұстап тұруға мүмкіндік береді, яғни булану алаңын қысқартады.
ХҚО базистік және негізгі қоймаға жіберер алдында ҚӘУЗ - ді уақытша сақтау үшін, тұрғын және коғамдық ғимараттардан 300 м қашықтықта орналасқан тұйықтағы тежіржол қоймалары қолданылады. ҚӘУ3 – ді темір жол қоймаларында сақтау, ереже бойынша, арнайы цистерналарда жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі 2-3 тәуліктен аспау керек. Алайда, мұндай қоймаларда сақталған ҚӘУЗ – дің рұқсат етліген мөлшері белгіленбейді, ол уақытша қойма ретінде пайдаланылатын темір жол станциясындағы цистернаға бақылаусыз, ретсіз жинала береді.
Темір жол көлігі ҚӘУЗ тасымалдаудың негізгі әдісі болып табылады. Сонымен қатар, 40т – дан – 60т дейінгі сиымдылықтағы ҚӘУЗ тасымалдау үшін әр түрлі 0,1 -0,8м3 дейінгі сиымдылықтағы контейнерлер және 0,016-0, І5м3 сиымдылықтағы баллондар пайдаланылады.
ҚӘУЗ тасымалдаудың кең таралған әдісі – құбыр өткізгіштік әдіс болып табылады. Алайда көп жағдайларда ол шағын ғана қашықтықта (цех пен қойма арасында) қолданылады.
Автомобильді көлікпен ҚӘУЗ 2 – 6т жүк көтергіш цистерналармен тасымалданады.
Аварияның нәтижесінен қоймалардың, цистерналардың, технологиялық сиымдылықтардың және құбыр өткізгішзердің зақымдануы және қирауы ҚӘУЗ – дің ауаға тарауына, содан кейін сол аймақтың зақымдануына алып келеді. Желдің бағыты бойынша қозғалған ҚӘУЗ бұлты он шақты километр тереңдікке дейін зақымданған аймаққа орныға отырып, ол қорғанбаған адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің зақымдану қаупін тудырады. Зақымданған аймақ дегеніміз – ҚӘУЗ – дің зақымдаушы әсері байқалатын аймақ, ал аймақтың терендігі дегеніміз – зақымдалған аймақ көзінен аймақ шекарасына дейінгі сиымдылықтың, коммуникацияның зақымдануы немесе қирауы болып табылатын арақашықтығы.
ҚӘУЗ төгілуімен байланысты авариялардың жалпы ерекшелігі -құрылымның жоғары жылдамдығы және ҚӘУЗ бұлтының зақымдаушы әрекеті, ол адамдарды қорғау және зақымдау көзін жою бойынша кешіктірмей шара қабылдауды талап етеді. Бұл міндеттердің жедел шешімі тек қана алдымен өзі қамтитын аймақтың тереңдігі мен аумағын кіргізетін зақымдану аймағының масштабы көрсеткішінің дер кезінде және анық болжамының нәтижесінен табылады.
Химиялық қауіпті заттардың организмге әсері бойынша жіктеу
Топ
саны
|
Организмге әсерінің сипаты
|
Заттардың атаулары
|
1
|
Тұншықтырғыш әрекеті басым заттар
|
Хлор, фосген, хлорпикрин
|
2
|
Жалпы улағыш әрекеті басым заттар
|
Көміртек тотығы, цианды сутек, қышқыл және т.б.
|
3
|
Тұншықтырғыш және жалпы улағыш әрекетіне ие
заттар
|
Акрилонитрил, күкіртсутек, азот қышқылы және азот оксиді, күкіртті ангидрид және т.б.
|
4
|
Нейтропты улар
|
Күкіртті көміртек, тетраэтил -қорғасын, фосфор органикалық қосылыстар
|
5
|
Тұншықтырғыш және нейтропты әрекетке ие
|
Аммиак, гептил, гидразин және т.б.
|
6
|
Метаболиялық улар
|
jЭтилен окисі, дихлорэтан және т.б.
|
Химиялық зақымдану ошағына сипаттама
Химиялық зақымдану ошағының мөлшері химиялық қауіпті заттың төгілу көлеміне, төгілу сипатына (еркін, түбіне немесе үйілу), метеожағдайға, заттардың уландырғышына және адамдардың қорғану дәрежесіне байланысты.
Химиялық зақымдану аймағы химиялық зақымдану ошағын құрайтын бөлім болып табылады. Ол зақымданған ауа бұлтының алғашқы және қайталама таралу масштабымен сипатталады. Химиялық зақымдануы мүмкін аймақты және іс жүзіндегі химиялық зақымдану аймағын ажыратады.
Алғашқы бұлттар тек қысыммен ҚӘУЗ құрайтын газгольдерлер және сиымдылықтар қираған (зақымданған) кезде ғана пайда болады. Ол аз уақыттағы әрекеті кезінде өлтіретін дозаның бірнеше ретімен артатын жоғары концентрациялармен сипатталады. Улы заттардан құралған бұлт ауаның тығыздығын арттыратын тығыздықпен жарым – жартылай алқаптарды, ойпаттарды, тұрғын үй ғимараттарын және т.б. жайлайды.
Қайталама бұлтының зақымдау әрекетінің алғашқымен салыстырғандағы ерекшелігі ондағы ҚӘУЗ бұлтының концентрациясы бір – екі ретке төмен. Қайталама бұлт әрекетінің жалғасуы булану көзінің уақытымен және жел бағытының тұрақты сақталу уақытымен анықталады. Өз кезегінде заттың булану жылдамдығы оның физикалық қасиетіне (молекулалы масса, булану температурасы кезіндегі қаныққан бу қысымы) төгілу алаңына және желдің жылдамдығына байланысты.
Химиялық зақымдану ошағы ХҚО химиялық аварияның нәтижесінде қалай пайда болса, өрт кезінде де солай пайда болады. Мұндай жағдайда термиялық ыдыраулары улы газдар бөлетін, күрделі химиялық қосылыстар (хлор, аммиак, азот окистерін, күкіртті ангидридтер және т.б.) пайда болатын ірі қоймаларда болған өрт аса үлкен қауіп тудырады.
Атмосфераға улы газдардың бөлінуі синтетикалық әрлеуіш материалдардың жануы кезінде де болады, мұны құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ескерген жөн. Қолда бар ҚӘУЗ және олардың концентрациясы әртүрлі қорғаныс құралдарын және құтқарушыны жабдықтау қажеттілігін анықтайды.
Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет
Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап:
қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;
қажет болған жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;
көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;
қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;
ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады;
зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;
жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.
ҚӘУЗ зақымданған аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамтамасыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды және оған ҚӘУЗ – дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын және топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.
Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚӘУЗ бары әрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚӘУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚӘУ3 анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Қатты әсер ететін химиялық заттар
Химиялық зақымдану ошағына сипаттама
Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет
Дәріс №8 Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай
Билогоиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар
Жалпы сұрақтар
Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
Эпизоотия, Эпифитотия.
Жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия. Биологиялық қару – бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.
Әскери іс - әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биологиялық соғыс деп атауға болады.
Биологиялық қарудың талқандағыш әрекеті, олардың тіршілігіне әрекет ететін патогенді микробтардың ауру таратқыш қасиетін және уытты азық түлікті қолдануға негізделген.
Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал құрайды – адамдардың ағзасына, малдарға, өсімдіктерге енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті, әскери пайдалану үшін, арнайы таңдап алынған биологиялық уәкілдер.
Патогенді микроағзаға – жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері аз, түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезім мүшелерімен анықталмайды.
Жұқпа ауруын қоздыратын микробтар:
Бактерия – бұл бір клеткалы микроағзалар, ол тікелей түскен күн сәулесінен, жоғары температурадан, дезинфекциялық заттардан жылдам жойылады;
Риккетсиялар – бұл бір клеткалы талшық тәріздес микроағзаға, олар тірі ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар құрғақшылыққа, үсікке төзімді.
Вирустар – қарапайым микроскопқа түспейтін өте майда микроағзалар. Тек тірі ұлпада дамиды және көбейеді.
Биологиялық заттарды қолдану тәсілі: аэрозольді, трансмиссивті, диверсиялық.
Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай - белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметті төтенше жағдай көзі шығуы салдарынан адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының тіршілік етуі мен өсімдіктердің өсу жағдайы өзгеретін қалып және бұл жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, инфекциялық аурулардың кеңінен таралып және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің шығынға ұшырау қауіпі төнеді.
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу көздері - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің аса қауіпті немесе кең таралған ауруларға шалдығуы, соның салдарынан белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметтік төтенше жағдайдың тууы немесе пайда болу мүмкіндігі.
Биологиялық қауіп – адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның биологиялық төтенше жағдай көзі тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқықтық нормалардың сақталуы, санитарлы – гигиеналық және санитарлы – эпидемологиялық ережелердің, технологиялық және ұйымдастыру – техникалық талаптардың орындалуы, сондай – ақ адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің инфекциялық аурулармен зақымдалуын болдырмауға, әлсіретуге және жоюға бағытталған тиісті құқықтық, санитарлы – гигиеналық, санитарлы – эпидемологиялық, ұйымдастыру және техникалық іс – шаралардың жүргізілуі.
Аса қауіпті инфекция - уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін және адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіретін, не өлімге алып келетін инфекциялық ауру түрінде көрінетін адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы.
Инфекциялық аурудың қоздырғышы – адамның немесе жануардың ағзасында паразиттенуге эвалюциялы бейімделген және инфекциялық ауруға шалдығуды тудыруға қабілетті патогенді микро ағза.
Инфекциялық ауру қоздыргыштарының көзі — табиғи сақталу және көбею процесі жүріп және сыртқы ортаға инфекциялық аурудың қоздырғыштары бөлініп жатқан зақымдалған адамның немесе жануардың ағзасы.
Эпидемия. Эпидемия – нақты бір аймақтағы ауру – сырқаудың саны әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы. Эпидемия, ТЖ ретінде, зақымдалу ошағы мен инфекциялық аурумен ауырған адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар мен ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарымен зақымдану мүмкіндігі. Эпидемияның әлеуметтік және биологиялық факторлармен келісілген негізінде эпидемиялық процесс жатыр, яғни инфекция коздырғышының үзіліссіз берілу процесі және дамитын және өзара байланысты инфекциялық қалыптың үзілмейтін тізбегі.
Кейде аурудың таралуы пандемия сипатын алады, яғни белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік – гигиеналық жағдайда бірнеше мемлекеттің немесе құрлықтың аумағын қамту. Салыстырмалы түрде ауруға шалдығудың жоғары деңгейі белгілі бір жерде ұзақ уақыт бойы тіркелуі мүмкін. Эпидемияның тууы мен ағымына табиғи жағдайдағы өтетін процестермен (табиғи ошақтық, эпизоотиялар және т.б.) қатар, ең басты әлеуметтік факторлар (коммуналды жабдықталу, тұрмыстық жағдай, денсауық сақтау және т.б.) әсер етеді.
Эпидемия кезіндегі аурудың сипатына байланысты инфекцияның таралу жолдары мынадай болуы мүмкін:
су және ас арқылы, мысалы, дизентерия және іш сүзегі кезінде;
ауа – тамшылы (тұмау кезінде);
трансмиссивті – безгек пен бөртпе сүзек кезіңде;
Эпидемия – адам үшін аса жойқын табиғи құбылыстардың бірі.
Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық – гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық – түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры аймаққа кең жайылып кетуі мүмкін.
Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік – санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу – алдын алу мекемелерінің және санитарлық – экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі. Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т.б.) және медициналық емес (құтқарушылар, халық және т.б.) күштермен және қаражат – құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір – бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пайда болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары шекаралары – бұл жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар қалалардың шеттері мен елді мекендер.
Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т.б. Сондай – ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т.б
Соңдай – ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде де орын алады.
Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.
Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.
Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі
Көшіру, обсервация және карантин. Бұл шараларды өткізуге бақылау жасауды санитарлық – эпидемологиялық қызмет жүзеге асырады. Эпидемиологияға қарсы және емдеу – алдын алу шаралары обсервация кезінде мыналарды қарастырады:
сұрақ өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған және зардап шеккен халықты тексеру;
оқшаулау, дәрігерлік көмек көрсету, ауырған адамдарды емдеу және соңынан апат аймағының сыртында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу;
зардап шеккен халықтың арасындағы тұлғаларға, жұқтырып алу қаупі бар құтқарушылар мен қызмет көрсетуші персоналдарға эпидемологиялық белгі бойынша шұгыл және ерекше алдын алу шараларын өткізу;
денсаулық сақтау жүйесі саласындағы дәрігерлік көшіру кезеңдерінде індетке қарсы жұмыс режимі;
күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жүргізу, ал қолдағы бар көрсеткіштер бойынша – санитарлық өндеу жасау.
Обсервация жасау кезінде өткізілетін карантинді белгілеу кезінде шаралар қосымша режимді шаралармен күшейтіледі, оларға жататындар:
халықтың басқа топтарынан оқшаулау мақсатында халықтың карантинге алынған топтары орналастырылған ауданды қоршауға алу және күзету;
карантин ауданын азық – түлік тамақтарының белгіленген режимімен, сумен жабдықтау көздерін күшейтуді қамтамасыз ету үшін арнайы коменданттық қызмет құру керек;
апат болған ауданда жұмыстарын жалғастырып жүрген, шаруашылықпен айналысудың барлық қажетті объектілерін, карантин аймағымен шекаралас жерде қанат жайған жіберу және жеткізіп беру пункттері арқылы жабдықтау
Негізгі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының қысқаша сипаттамасы, обсервация және карантин мерзімі
Қоздырғыш
|
Орташа
инкубацнялық
кезең (тәулік)
|
Аурудың айналасындарға қауіпті
|
Обсервация
мерзімі
(тәулік)
|
Карантин мерзімі мен енгізу шарты
|
оба
|
1-3
|
өте қауіпті
|
-
|
6 тәулік
|
тырысқақ
|
1-3
|
өте кауіпті
|
-
|
6 тәулік
|
сібір жарасы
|
1-3
|
аз қауіпті
|
8
|
жаппай ауруға шалдыққанда және карым-қатынастық таралу кезінде 8 тәулікке белгіленуі мүмкін
|
бөртпе сүзек
|
10-14
|
педикулез болған жағдайда қауіпті
|
23
|
жаппай ауруға шалдыққанда және педикулез болған жағдайда 23 тәулікке белгіленуі мүмкін
|
табиғи шешек
|
13-14
|
өте қауіпті
|
-
|
17 тәулік
|
Әдетте карантин және обсервация мерзімін аурудың максималды инкубациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты белгілейді. Оны соңғы ауруды госпиталдау мен дезинфекцияның аяқталған кезеңнен санайды.
Эпидемияның алдын алу үшін аймақтың, сумен қамту жүйесі мен канализацияның тазалығын күшейту керек, халықтың санитарлы сауатын арттыру, гигиена ережелері сақталуы тиіс, азық – түлікті дұрыс өндеу және сақтау қажет, қоздырғыштар тасымалдаушылардың әлеуметтік белсенділігін және олардың сау адамдармен қарым – қатынасын шектеу қажет.
Эпизоотия, Эпифитотия. Эпизоотия. Эпизоотия - белгілі бір аумақтың шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңістікте дамитын, белгілі бір аймақтағы ауруға шалдығу денгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, бір немесе бірнеше түрдегі ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурудың таралуы.
Панзоотия – бірнеше ел және материкті, бүтін бір аймақты қамтитын үлкен территорияда ауылшаруашылық малдарының арасында инфекциялық аурудың бір мезгілде жаппай таралуы.
Энзоотия - белгілі бір аймақтағы, шаруашылықта немесе пунктте малдарының арасындағы инфекциялық аурудың бір мезгілде таралуы, аталған аурудың жаппай таралуын шектейтін табиғи және шаруашылық-экономикалық жағдай.
Эпизоотиялық ошақ - ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарының шыққан орны. Қоздырғыштардың берілуін болдырмау үшін аталған инфекцияларға шалдыққыш малдарды оқшаулайды.
Эпизоотиялық жагдай – белгілі бір уақыт аралығында, нақты бір аймақта ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының көп таралу жағдайы.
Эпизоотиялыққа қарсы іс-шаралар - патогеңді микроағзалармен зақымданған ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының алдын алуға, табуға және жоюға бағытталған іс – шаралар жиынтығы.
Эпифитотия. Эпифитотия - ауылшаруашылық дақылдарының жаппай жойылуы және олардың өнімділігінің төмендеуімен қатар жүретін уақыт пен кеңістікте ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаппай, біртіндеп күшейе түсетін инфекциялық аурулары және өсімдік зиянкестері санының бірден өсуі.
Энфитотия – белгілі аймақта көрініс табатын және бірнеше жыл болмашы өзгеріп тұратын өсімдіктердің жаппай ауруға шалдығуы.
Панфитотия – бірнеше ел немесе құрлық территориясындағы ауылшаруашылық өсімдіктері зиянкестерінің күрт өсуі және өсімдіктерінің жаппай ауруға шалдығуы.
Өсімдіктердің зақымдауы – фитопатогеннің өсімдікке ену кезінен бастап аурудың пайда болуы.
Өсімдік карантині – әбір елдің тиісті органдарымен қойылатын тасып әкелінуден елдің өсімдік қорын корғау және карантиндік нысандардың жайылуының және басқа да аса қауіпті өсімдіктердің зиянды ағзаларының алдын алуға бағытталган мемлекеттік іс – шаралар жиынтығы.
Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік қызмет – елдегі іс-шараларды ұйымдастыру мен олардың жүзеге асырылуын қадағалау міндеттелген, орталықтандырылған ведомствоаралық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жүйесі.
Өсімдікдік карантинінің пункті – шекаралық көпірлердегі және өзен порттарындағы, әуежайлардағы, теміржол станцияларындағы, тас төселген жолдардағы өсімдік карантинінің пункттері.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
Эпизоотия, Эпифитотия.
Жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Дәріс №9 Өртке қарсы шаралар
Жалпы сұрақтар
Өрт қауіпсіздік ережелері.
Өртті болдырмау шаралары.
Өрт қауіпсіздік ережелері. Өрттер мен жаралыстар техногенді төтенше жағдайлардың кең таралған және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.
Өрт – адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі. Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.
Өрт қауіпсіздігі - халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету— нормативті құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай – ақ өртке қарсы іс – шараларды жүргізу.
Нысанның өрт қауіпсіздігі — регламенттелген мүмкіндікпен өрттің тууы мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігін болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы, сондай–ақ материалдық құндылықтарды қорғау қамтамасыз етіледі.
Өрт қаупі - қандай да бір затқа, жағдайға және процесске бекітілген өрттің пайда болу және даму мүмкіндігі. Дұрысында, өрттер жанғыш және жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.
Өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күші бар заңдар жиынтығында немесе нормативті – техникалық құжаттарда арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдармен бекітілген, арнайы шарт немесе ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы ереже.
Өртке қарсы іс-шаралар - өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті алдын ала болдырмауға және жылдам сөндіруге жағдай жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.
Өртке қарсы режим - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс - әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды (өнімді) пайдалану ережесінің бекітілген жиынтығы.
Өрт қорганысы - адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны өрттер алып келетін төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды, күштер мен құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.
Өрт жаралыс қауіпті нысан – техногенді төтенше жағдайдың тууына нақты қауіп – қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі бар заттар өндірілетін, пайдаланылатын, өнделетін, сақталатын немесе тасымалданатын нысан.
Үлкен өртті сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техникамен немесе жарылыспен), алдыңғы жағын өртеу (күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру (оның ішінде ұшақпен) және басқалар.
Өрттен сақтандыру – оны ескертуге, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені
Әр бір тосын жағдайда шақыратын-101 өрт қызметі телефонын білуге тиіс.
Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі.
Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұнады. Өрттің 90% - адамның күнәсынан, 7-8% - найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан, 2-3% - басқа себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәүлесін өзіне тартып, қатты қызады) болады.
Бүкіл аумақты қамтитын зілзала ретіндегі өрттің негізгі түрлері табиғаттағы өрт – ормандағы және даладағы өрт болып табылады. Ормандағы өрт жану жиілігі бойынша төменгі және жоғарғы өрт, созымдылығы бойынша қаулама және тұрақты болып бөлінеді.
Орманның төменгі жағындағы өрт орман төсемінің топырақ бетіндегі шөп-шаламның, ағаштың діңіне тарай алмайтын аласа ағаштардың жануымен сипатталады.
Төмендегі өрт аумағының қозғалыс жылдамдығы 0,3-1 м/мин (әлсіз өрт), 1-3 м/мин (орташа өрт), 3 м/мин жоғары (қатты өрт), жалынның биіктігі 1-2 метр, өрт аймағындағы оттын температурасы 400-9000 С болады.
Орманның жоғарғы жағындағы өрт – қылқан жапырақты ормандарда кездеседі. Олар әдетте төменнен басталып, ағаш дінінің жануымен сипатталады. Жоғарыдағы қаулама өрт кезінде жалын 8-25 км/с үлкен жылдамдықпен ағаштан ағашқа таралады. Кейде өрт шарпымаған тұтас учаскелер қалады. Бір қалыпты жоғарыдағы өрт кезінде от бүкіл бүкіл ағаштын бойын қамтиды. Жалын топырақ жамылғысынан бастап, ағаштын ұшын 5-8 км/с жылдамдықпен толық қамтиды. Оттың температурасы 1100ºC көтеріледі.
1997 жылғы жазда бейқамдық салдарынан бұрынғы Семей обласында өрт болып, ол 12000 га аумақты қамтылды.
Оттың тағы бір түрі – жер астындағы өрт, алайда ол Қазақстан жағдайына тән емес.
Даладағы (егістіктегі) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін.
Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері:
Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік күзет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) - өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс әрекет және өрт ошағын тікелей жою.
Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өртсөндіру күшімен құралдарының деңгейі.
Өрт ошағын жайылтпай үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.
Даладағы жойқын өртті ені 20 метрге дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.
Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техникамен немесе жарылыспен), алдынғы жағын өртеу (күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру (оның ішінде ұшақпен, тік ұшақпен) және басқалар.
Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.
Күйдіру тәсілі ірі өрт кезінде және өрт сөндіру үшін күш пен құрал жетпеген жағдайда қолданылады. Ол тірек алқабынан басталады (өзен, бұлақ, жол), оның өртке қараған жанына жанатын материалдардан үйінді жасайды (құрғақ шөп, құрай, қорда). Ауаның өртке қарай тартылуы сезілген бойда, әуелде 20-30 метр учаскесіндегі өрт аумағының ортасына қарай үйіндіні өртейді, ал кейіннен жалын 2-3 метрге жылжығаннан кейін көрші учаскілер жағылады. Өртелген алқаптың еңі кемінде 10-20 метр, жердегі алапатөрт кезінде 100 метрден кем болмауға тиіс.
Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 метр өрт қанаттарының алдында кемінде 50 метр болуға тиіс.
Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру;
Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді.
Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады.
Егер сіз орман сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдалануға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, каска, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Өртті болдырмау шаралары
Тұрмыстағы өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар жүргізу
Өрт кезіндегі іс әрекет.
Дәріс №10. Зақымдаушы факторлардан халықты инженерлік қорғау
Жалпы сұрақтар
Қорғаныс ғимараттары.
Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.
ТЖ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
Ұжымдық қорғаныс құралдары
Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана (1 сур.) толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен әсері күшті улы заттардың (ӘКУЗ) ықпалынан сенімді қоргауды қамтамасыз етеді. Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Панахананың сыйымдылығы қарай олар бөлінеді: шағын – 300 адамға дейін, орта – 300-600, үлкен – 600-ден астам.
1 сурет - Панахана
Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тұрғызылуға тиіс. Олар: адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салыну су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болу, панахана арқылы транзиттік-инженерлік коммуникацияның өткізілуіне жол бермеу.
Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді (2 сур.). Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіребер шығаберістер. Авариялық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кіреберіс шығаберістердің болуы.
2 сурет - Панахананың құрылымы
Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады. Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 л жасалады.
Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (I режим) және сүзгіш желдеткіш (II режим). Таза желдеткіш режимі кезінді панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады. Жаппай өрт, аумақ зиянды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастылады (III режим).
Достарыңызбен бөлісу: |