ТЖ ошағы – нәтижесінде ТЖ пайда болу қауіпі бар қауіпті табиғи немесе техногендік құбылыс.
ТЖ қауіпсіздігі – ТЖ қаупінен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.
ТЖМЖ – ның күштері мен құралдары (төтенше жағдайды ескерту және жоюдың мемлекеттік жүйесі) – төтенше жағдайдың алдын алу және жою үшін арналған күштері мен құралдары.
ТЖ дайындық – халықты және материалдық құндылықтарды қорғау үшін алдын ала жүргізілетін шаралардың кешені.
Төтенше жагдайлардагы өнеркәсіптік қауіпсіздік - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авария және апат кезінде халықты, өнеркәсіп қызметкерлері құрамын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны қауіптен қорғау жағдайы.
Төтенше жагдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авариялар мен апаттарды болдырмауға бағытталған құкықтық нормаларды қабылдау және сақтау, экологияны қорғау, салалық немесе ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ ұйымдастырушылық, технологиялық және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығын жүргізу.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар - өндірістік, транспорттық және басқа да авариялардың, өрттердің (жарылыстардың), қатты әсер ететін радиоактивті және биологиялық қауіпті улы заттардың төгілуімен (төгілу қаупімен) байланысты авариялардың, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің, электро энергетикалық және коммуникациялық жүйесіндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялардың салдарынан болуы мүмкін.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың шыгу көздері – бұл қауіпті техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы немесе транспорттағы авариялар, өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы, өмір мен денсаулыққа қауіпті заттардың шығумен байланысты авариялар немесе олардың қаупі, ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар) нәтижесінде белгілі бір аймақ, нысанында немесе аймақта орын алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторы – бұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын қауіпті оқиғаның құрастырушысы.
Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы ықпалы – бір немесе жиынтықты техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторының адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етуі.
Техногенді қауіп – нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда болуы кезіндегі адамға және қоршаған ортаға техногенді сиаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы әрекеті ретінде жүзеге асатын техникалық жүйесінің, өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы.
Тас құлау – тік тау беткейлерінен тау массасының, тау жыныстары бөліктерінің құлауы.
Тәжірбие – практикалық меңгерген білімнің, дағдылардың, іскерліктің жиынтығы.
Табиғи ТЖ – пайда болу себебі табиғат күштері болып табылатын ТЖ
Тамыр – жүрекке баратын қанның қан тамыры.
Тар ағыс – өзен арнасы учаскесінің тарылуы.
Тар шат – тар шатқал, жердегі терең жарықша.
Тайфун – ірі қиратушы күшті қара дауыл.
Такелаж – жүктерді көтеру және тасымалдауға арналған жабдықтардың жиынтығы.
Техника – жабдықтардың, құралдардың, механизмдердің, еңбек құралдарының жиынтығы.
Техногендік ТЖ – адамның өндірістік іс-әрекетінен болған ТЖ.
Тоғай - жергілікті ортадағы айрықша учаске.
Толқын – су бетінің тербелісімен сипатталатын су бірлігі.
Токсикоз – ағзаның уланған кезіндегі жағдайы.
Токсин – улы зат.
Топляк – батып кеткен бөрене.
Транс – өзін-өзі басқара алмайтын нервтің жоғарғы қозуы
Тренажер – жаттығу, тренаж үшін арналған жабдық.
Тұнба – тұнбалы, үнемі сулы және еру қасиеті бар топырақтың құмды қабаты.
Тұншығу – тыныс алудың бұзылу салдарынан болатын паталогиялық жағдай.
Тұщыландырғыш – суды тұщыландыруға арналған құрал.
Тірі қалу – шұғыл жағдайларда өмір сүру қабілеті.
Тіршілікті қамтамасыз ету – өмірді сақтау жүйесі.
Тығыз жұмыстар – ТЖ зардап шеккендерге, халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығы мен өмірін, олардың жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін жағдай жасау, құтқару жұмыстарын жан – жақты қамтамасыз ету шаралары.
Уақытша паналау аймағы – қауіпсіздікті қаматамасыз ету мақсатымен, халықты ТЖ пайда болуы қауіпі бар немесе пайда болған кезде көшіру немесе уақытша ауыстыру аумағы.
Ұтқырлық – қозғалыс, жылдам әрекет етуге қабілеттілік.
Ұшақ – тік ұшатын және қонатын ауалы ортада қозғалуға арналған ұшу аппараты.
Үгінді – ауырлық күш әсерімен тау массасы жыныстарының беткей бойымен төмен жылжуы.
Үн қату – шақыруға жауап беру, қарату.
Үнемі дайындықтағы күштер – ТЖ аймағында шұғыл жұмыстар жүргізуге арналған және кезекшілікте болатын күштер.
Үңгір – сыртқа шығу жолы бар жер астындағы жартылай кеңістік.
Үрей – қорқыныш, кенет сезім.
Іздеу – біреуді немесе бір нәрсені табу.
Індет – адам ауруларының кеңінен таралуы.
Ісіну – ұлпаларда сұйықтардың жиналуынан болатын ісік.
Ықтимал қауіпті нысан – төтенше жағдай көзінің тууына қауіп төндіретін қауіпті радиоактивті, өрт, жарылыс қауіпті материалдарды, химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын, өндіретін, өндейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын нысан.
Ықтимал қауіпті зат - өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе токсикологиялық қасиетінің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшарушылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін заттар.
Ықтимал ТЖ аймағы – ТЖ пайда болуы мүмкін аумақ немесе айдын. Фал – кендір, арқан, сым арқан.
Фарватер – кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған су жолы.
Фирн – мұздақ қар.
Флюгер – жел бағытын анықтайтын құрал.
Форшок – бастапқы соққыға жол ашар, салыстырмалы әлсіз жер асты дүмпуі.
Хабарландыру дабылы – ТЖ пайда болғаны туралы хабарландыру
Циклон – жауынмен жалғасатын атмосфераның құйынды қозғалысы. Цистерна – сұйықтықтарды тасымалдау және сақтауға арналған үлкен резервуар.
Цунами – жағалау немесе су асты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған теңіз толқындары.
Шанды дауыл – топырақ пен құм массаларын ауада ұшыру мен орнын ауыстыру қасиеті бар қатты жел.
Шквал – желдің бірден қатты соғатын самалы.
Шлюз – кемелер мен суларды өткізуге арналған ғимарат.
Шлюпка – кең корпусты қайық.
Шок - жалпы ағзаның кенеттен бұзылуы.
Экватор – Жер шарын Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған шеңбер.
Эпизоотия – жануарлар ауруларының кеңінен таралуы.
Эпифитотия – өсімдіктер ауруларының кеңінен таралуы.
Эрозия – жер беті топырағының толығымен немесе бөлігінің зақымдануы.
2 Дәрістер
Дәріс №1. Кіріспе. Курстың мазмұны. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі. Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.
Жалпы сұрақтар
Курстың мазмұны.
Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.
Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.
Курстың мазмұны. «Мамандыққа кіріспе» пәні - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы, оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешенін қарастырады.
Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары; адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері; техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, оларды идентификациялау принцптері; ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ кезінде шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін және халықты қорғау шараларын жасау; ТЖ салдарын жою.
«Мамандыққа кіріспе» курсының мақсаты: болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету.
Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.
Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу. Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары кезінде сауатты шешім қабылдауы қажет.
Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.
Болашақтағы мамандарға қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалау; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.
«Мамандыққа кіріпе» пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принцптер-ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.
Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар
«АҚ және ТЖ саласындағы Заңдар». Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді (қазақ және орыс тілдерінде, көлемі – 176 бет). Мазмұны: Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»
«Азаматтық қорғаныс туралы», «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Өндірістік қауіпті нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Терроризммен күрес туралы», «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Төтенше жағдайлар туралы»,«Әскери жағдайлар туралы» қарастырылған.
Түсініктер және анықтамаларға тоқталсақ, Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты
ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары
Дәріс №2. Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Жалпы сұрақтар
АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.
ҚР ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы.
АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.
АҚ-тың ең басты міндеті халықты (адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау), аумақтарды және шаруашылық жүргізетін нысандарды қорғау болып табылады.
Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.
АҚ міндеттері маңыздылық сипатына қарай шартты түрде 3 топқа бөлінеді:
І) Осы заманғы зақымдау құралдары мен бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардан халыктың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: (дер кезінде хабарлау, байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстау; АҚ күштерін құру және тұрақты дайындықта ұстау; радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды қадағалау; қорғаныс ғимараттар мен жеке қорғаныс құралдарының қорын әзірлікте ұстау);
ІІ) Ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру үшін кешенді шаралар жүргізу (ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды талдап жасау);
ІІІ) Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарын (ҚжБШЖ) жүргізу.
Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс мәселелері мына деңгейде шешіледі:
Республикалық деңгейде - республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламаларды, Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру және материалдық қамтамасыздандыру тәртібін, соғыс қауіпі мен төтенше жағдайлар кезіндегі Азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
Жергілікті деңгейде- жергілікті өкілді және атқарушы органдар ведомствлық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауын ұйымдастырады. Хабарландыру құралдарын, басқару нүктелерін тұрақты дайындықта ұстайды. Азаматтық қорғаныс мүлігін, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жинауды, сақтауды ұйымдастырады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру шараларын, авариялық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырып өткізеді.
Азаматтық қорғаныстың негізгі мңіндеттері мыналар:
Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау;
Төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау;
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту;
Радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау және лабораториялық бақылау;
АҚ құрамалары жауынгерлерінің жұмылдырушылық даярлығын қамсыздандыру;
Қорғаныс ғимараттарының, жеке қорғаныс құралдарының және артық қорын, Азаматтық қорғаныстың басқа мүлігін жинау және әзірлікте ұстау;
Халыққа, орталық және атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қаіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тіәртібі туралы хабарлау; іздеу-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оны қауіпті аймақтан көшіруді ұйымдастыру;
Азық-түлікті, суды, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, бактериологиялық зақымданудан сақтау.
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынандай органдар құрылады:
ҚР ТЖ жөніндегі Агенттігі және олардың құрылымдық аумақтық органдары;
Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ басқармалары, бөлімдері;
АҚ құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізеді. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принцп бойынша облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншіктік нысанына қарамастан құрылады, аумақтық және объектілік болып бөлінеді. АҚ аумақтық құрылымдары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал объектілік құрылымдар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады.
АҚ объектілік құрамаларына:
Барлаушы буын;
Құтқару командасы;
Инженерлік команда;
Санитарлықдружина;
Қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ;
өрт сөндіру командасы;
байланыс командасы; қоғамдық тәртіпті қорғау командасы;
жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б кіреді.
Республикамыздың әрбір азаматы АҚ пен ТЖ шараларын өткізуге белсенді қатысуға міндетті. Халықты АҚ міндеттерін іске асыруға және тосын жағдайлардағы сауатты іс-әрекеттерге даярлау кешенді шаралардан тұрады. Олардың ішінде халықты тікелей қорғауға бағытталған ең маңыздылардың бірі халықты қорғаныс пен өз-өзіне көмек көрсетуге және көмек шараларына, құтқару мен зақымдалу ошақтарындағы кезек күттірмейтін жұмыстарға және зілзала, авариялар мен апаттар салдарын жоюға үйрету болып табылады.
Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер жөніндегі міндеттері қандай?
Біріншіден, АҚ пен ТЖ саласындағы ҚР заңдарын мүлтіксіз орындауға тиіс. «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР заңы бойынша азаматтар заңда белгіленген тәртіппен соғыс уақытында және ТЖ АҚ міндеттерін орындау үшін өзінің жеке көлік құралдарын, аспаптарымен қондырғыларын беруге міндетті. Азаматтар тиісті органдарға төтенше жағдайлардың тууына алып келуімүмкін апаттар қаупі туралы хабарлауға міндетті.
Екіншіден, халық АҚ пен ТЖ бойынша қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды игеруге, АҚ шараларына қатысуға және орындауға міндетті. Осындай білімдер мен дағдылардың жиыны АҚ пен ТЖ мәселелері бойынша халықты оқыту бағдарламасында белгіленген. Әрбір азамат «Баршаның назарына» дабылы бойынша іс-әрекеттер тәртібін, қорғаныстың ұжымдық және жеке құралдарын пайдалану тәртібін, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдісі мен қорғаныс тәсілін білуге және орындауға міндетті. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР заңында азаматтардың төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі өткізілген жаттығуларға қатысу, халықты қорғау құралдарына, қоршаған ортамен ұйымдарға мұқият қарау міндеті айтылған.
Үшіншіден, ересек халықтың басты міндеттерінің бірі балаларды қорғау. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға тосын жағдайларда өзін-өзі ұстау тәртібі туралы айтылып, ал оқушылар сабақ барысында тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен танысса да, бұл ересектерді балаларды қорғау жөніндегі міндеттерден босатпайды.
Жоғарыда тізбеленгендер халықтың АҚ пен ТЖ іс-әрекеттері бойынша негізгі міндеттері ғана, осы және басқа да міндеттерді мүлтіксіз және дәл орындау АҚ нығайтуға ТЖ санын төмендетуге ықпал ететін болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері
Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері
ТЖМЖ негізгі міндеттері
ТЖМЖ құрамы, құралдары мен күштері
Дәріс №3. Төтенше жағдайлар
Жалпы сұрақтар
ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар
Техногенді сипатты ТЖ көздерін зақымдайтын факторлар, ТЖ даму фазалары.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
Достарыңызбен бөлісу: |