Күні : 02. 12. 2016ж. Тақырыбы



жүктеу 290,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі290,5 Kb.
#23101

Күні : 02.12.2016ж.

Тақырыбы: Жекеленген бөлшектер мен түйіндерді өңдеуді орындау. Ылғалдық – жылулық өңдеу.

Өндірістік тақырыбы: Қақпақша және жапырақшаны өңдеу.

Сабактың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қақпақша және жапырақшаны өңдеу әдісінін технологиялық шарттарын сақтай отырып, Қақпақша және жапырақ-шаны өңдеуді үйрету. Нұсқау картасымен өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін тереңдету.

Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,

оны қайта жаңғыртуға машықтандыру.


Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, әсемдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрал-жабдығы: тігін машинасы, үтіг, сызба нұсқа, нұсқау карталар, қақпақша және жапырақшаны өңдеу технологиясын плакаты, интерактивтік тақта, тігін құрал-жабдықтар.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі (5мин):

  1. Сәлемдесу;

  2. ҚР әнұранын орындау;

  3. Оқушылардың сырт көрінісін тексеру;

  4. Оқушыларды түгелдеу;

  5. Оқушылардың жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруын бақылау;


IІ. Мамандық бойынша сұрақтар: (5-10 мин)

Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақты қайталай, жаңа сабақпен



байланыстыру:
1-сұрақ: Қатпарларды өңделуіне қарай түрлері?

Жауабы: Біржақты, қарсы, бант қатпарлар ұзына бойына бүгіп тігілген, тік (бүкпесін) және күрделі болып келеді.
2-сұрақ: Біржақты қатпарларды қалай өңдейміз?

Жауабы: Біржақты қатпарлар. Бүл бұйымның оң жағындағы барлық бүктемелері бір жағына қарай бағытталған қатпарлар, ал теріс бетінде ол басқа жағына бағытталды. Әрбір қатпарды теріс бетінде үш сызықпен белгілейді - орта сызық (ішкі бүктеме сызығы), жан сызығы (сыртқы бүктеме сызығы) және сырып тігу үшын айқындайтын сызық.
3-сұрақ: Қарсы қатпарлардың өңделуі?

Жауабы: . Қарсы қатпарлар. Бұл - оң жағының бүктемелері біріне-бірі қарсы бағытталған, ал теріс жағының бүктемелері қарсы екі жақңа бағытталған қатпарлар. Қарсы қатпарды теріс жағынан үш сызықпен белгілейді - орта сызық, жан сызығы (сыртқы бүктеме сызығы) жөне сырып тігудің ұшын айқындайтын сызық..
4-сұрақ: Банттық қатпар дегеніміз не?

Жауабы:Банттық қатпар дегеніміз - қарсы қатпардың теріс жағына айналдырылған жағы немесе біржақты екі қатпар, олардың оң жағының бүктемелері қарсы жаққа қарай бағытталған және бант құрайды.
5-сұрақ:Біржақты айналмалы қатпарлар?

Жауабы: Біржақты айналмалы қатпарлар. Бөлшектерді пішкен кезде қатпарларды өңдеуге қосымша береді және қиықтары бойынша кертпелер жасайды немесе қатпарлар дайындау үшін бүктеме сызықтарын белгілейді.
6-сұрақ: Күрделі қатпарлар?

Жауабы: Күрделі қатпарларды әшекейлеу мақсатымен, сондай-ақ пішу кезінде әрлегіш тігімдер үшін қосымша берілмеген жағдайда орындайды. Негізгі бөлшекпен бірге пішілген иініш, күрделі қатпардың мысалы бола алады.
7-сұрақ: Қатпарды өң және теріс жағынан, моделіне байланысты қандай сызықтармен белгіленеді?

Жауабы: Қатпарды өң жөне теріс жағынан, моделіне байланысты екі фигуралы - орта (ішкі бүктеме) және жан (сыртқы бүктеме) сызықпен белгілейді.
8-сұрақ: Бүкпені үтіктеу әдісі қандай?

Жауабы: жастықша бетіне бүкпені бір біріне қарама қарсы бір жаққа бүктеп ЫЖӨ ден өткіземіз.
9-сұрақ: Бүкпені екінші жақ бөлікке қандай әдіспен көшіреді, әдісін түсіндір?

Жауабы: (Алдымен алдыңғы бойдағы бүкпені көшірммелі тігістер арқылы екінші жаққа көшіремі. Орындалу әдісі екі бөлікті уақытша біріктіреді көктеу арақашықтығы 15-25мм, ал жіптің босату биіктігі 15,-20 мм. Матаны екі жаққа тартып ортасындағы жіпті кеседі де екінші жаққа түскен инешаншымшың орнын арнайы бор мен сызады)

10-сұрақ: Бүкпе қандай қызмет атқарады?

Жауабы: бүкпе бел айналымын қынау қызметін атқарады)
Оқушыларға жауаптары үшін тиісті бағасын қою, ол бағалар сабақ соңында қорытынды бағасына өз әсерін тигізеді.
IІI. Кіріспе нұсқау: (20-30 мин):

  1. Сабақтың тақырыбын хабарлау;

  2. Ашық сабақтың тақырыбын хабарлау;

  3. Сабақтың оқыту мақсатын хабарлау;


Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақырыбы: «Қақпақша немесе жапырақшаны өңдеу.»
Қақпақша немесе жапырақшаны өңдеу. Қақпақша екі бөліктен пішілуі (қақпақша жөне қақпақша астары) немесе түтас болуы мүмкін. Егер қақпақша екі бөліктен түратын болса, жоғарғы бөлігін - қақпақшаны оның астарынан жан жөне төменгі жаңтары бойынша 0,2-0,3 см ендірек етіп пішеді. Қақпақшаны астарымен қиықтарын теңестіре отырып оң бетін ішіне қаратып салады. Жеке тапсырыс бойынша әзірлегенде қақпақша бұрышы мен доғал жиегін ендіре отырып көктейді және көктеу тігіміне машина тігісі түспейтіндей етіп астар жағынан жөрмейді. Жөрмеу тігісінің ені - 0,5-0,7 см.

Көктеген жіптерін алып тастайды, бұрыштарындағы тігістен 0,2-0,3 см қалдыра отырып дәлдеп қырқады (а-сурет). Қақпақшаны оң жағына қарай айналдырады, жабдықтардың көмегімен жиектерін түзейді, айналдыра көктейді. Ал жаппай өндірісте жиектерін айналдыра көктемей-ақ, жиектерін түзейді де баса үтіктейді. Қақпақшадан 0,1-0,2 см жиек шы- ғара отырып, қақпақшаның астары жағынан айналдыра көктейді (б-сурет).

Желбіршекті қақпақшаны өндеу. Алдымен желбіршекті өңдейді. Дайындалған желбіршекті өң бет жағын үстіне қаратып бөлшектің оң жағына салады, қиықтарын теңестіреді, сырып тігетін машинамен тігісті екі тігімнің арасына келтіріп немесе бүрмелер дайындаған екінші тігіс бойымен қосып тігеді. Бүрмелерінің саны басқа бөліктеріне қараганда көбірек болуға тиісті қаңпақша бүрыштарын қоспағанда бүрмелерді бөлшектің ұзына бойына біркелкі етіп таратады. Жеке тапсырыстағы өндірісте желбіршекті қосып тікпейді, бұрыштарында желбіршекті ендіре отырып, ұзындығы 0,3-0,5 см көктеу инешаншымдары арқылы қосып көктейді.

Қосып тігілген немесе қосып көктелген желбіршегі бар қақпақша астарын қақпаңшасы мен қиықтарын теңестіре отырып, оң бетін ішіне ңаратып салады, қақпақшаның астары жағынан желбіршекті қосып тігу немесе қосып көктеу тігісінің дәл үстімен жөрмейді. Жеке тапсырыс бойынша бұйым дайындағанда алдын ала бұрыштарында қақпақшаны аздап енгізе отырып қақпақшасымен бірге көктейді. Көктеген жіптерін жөрмегеннен кейін алып тастайды. Тігістерін дәлдеп қияды. Қақпақшаны оң жағына аударады, кәдімгі қақпақшаны өңдегендей етіп, өңдеуді одан әрі жүргізеді (д-сурет).





Қақпақшаны су салған жиекпен өңдеу. Егер қақпақша бұрыштары дөңгелене келген тікбұрышты пішінді болса (е-сурет), онда алдымен көмкермені әзірлеп алу керек. Көмкерме үшін кесе көлденең немесе ұзына бойында, ені 4-5 см жолаң пішеді. Жолақты ұзына бойына екі қабаттан салып жатқыза үтіктейді. Жолақтың бүктемелері бойынша жан қиыңтары мен көмкерменің төменгі жиегінің өлшемдерін белгілейді. Содан кейін бұрыштарын сырып тігу сызықтарын белгілейді. Бұрыштарын екі жағынан бірдей белгіленген сызықтары бойынша ортасынан бастап, көмкерменің дайын күйіндегі еніне 0,1-0,2 см қосқанға тең мөлшерде сырып тігеді. Бұрыштың сызықтары айқын, өрі бірдей болуы үшін дөңгеленте бір инешаншым жасау керек. Тігімдердің ұштарын біріктіреді. Тігістерін дәлдеп қияды, айыра үтіктейді немесе екі жағына айырып салады, көмкермені оң жағына айналдырып, бұрыштарын жазып, баса үтіктейді. Жиектері дөңгеленген қақпақша үшін көмкермеге қажетті жолақты енін 4-5 см етіп желі жіпке 450 бұрыш жасай отырып пішеді. Жолақты ұзыны бойын- ша бүгіп теріс жағын ішіне қаратып салады, қаңпақшаның пішініне қарай созып және баса үтіктейді. Көмкермеге керекті жолақты, қақпақша астарының оң бетіне қиықтарын теңестіре отырып жайып салады, жолақ жағынан бағыттағышы бар арнаулы табаншаның көмегімен көмкермені дөңгеленген жерінде жолақты енгізе отырып қосып тігеді. Соның өзінде тігіс жолақтың бүктемелерінен дайын күйіндегі көмкерме еніне 0,1 см қосылғандағы қашықтықта өтуі керек. Жеке тапсырыс бойынша бұйым дайындағанда жолақты алдын ала қосып көктейді.

Қақпақша жиектерін көмкерме тігіспен өңдеу. Қақпақшаны астармен жиыңтарын теңестіре отырып теріс жағын ішіне қаратып салады, көктейді немесе машина тігісімен 0,2-0,4 см қашықтықта (көмкермесінің еніне байланысты) бекітеді. Қақпақшаның жиектері арнайы жабдығы бар машинамен бір тігіспен арнайы ызбамен жиектелуі мүмкін. Ызбаны қақпақша пішіні бойынша созады, содан соң арнайы жабдыңтың көмегімен бір тігіс арқылы көмкереді. Арнайы жабдық болмаған жағдайда ызбаны ортасынан бойлай бір жиегі екіншісіне ңарағанда 0,1-0,2 см шығып тұратындай етіп қайта бүгеді, жатқыза үтіктейді. Жатқыза үтіктелген жолаққа дайындалған қақпақшаның жиектерін, ызба жолағының енді жағына міндетті түрде қақпақша астарын келтіріп, ызба тігіс астына түсетіндей етіп қосып көктейді. Қақпаңша жағынан бір тігіспен көмкереді. Көктеген жіптерін алып тастайды. Қаңпақшаны баса үтіктейді.

Қаңпақша жиектері моделіне байланысты сәндік мата жолағымен арнайы жабдығы бар машинамен бір тігіс арқылы көмкерілуі мүмкін (ж-сурет). Жолақты желі жіпке 45° бүрыш жасай отырып пішеді. Жолақтың ені көмкерменің екі еселенген еніне және оған 1-1,5 см қосқанға тең болуы керек (қиықтарын ішке бүгуге). Арнайы жабдық болмаған жағдайда жолақты қақпақша пішіні бойынша созады. Жолақтың қиықтарын теріс беті жағына қарай 0,5 см бүгеді және жатқыза үтіктейді. Содан соң жолақты ортасынан төмен белгіленген бір жиегі екіншісіне қарағанда 0,1-0,2 см төмен орналасатындай етіп бүгеді және жатқыза үтіктейді. Жатқыза үтіктелген жолаққа дайындалған қақпақшаның жиектерін жатқыза үтіктелген жолақтың енді жағы қақпақша астары жағына түсетіндей етіп салады. Алдымен жолақтың енсіз жағы бойынша қосып көктейді, содан соң төмен бүгілген жиектен 0,1-0,2 см қашықтықта енді жағы міндетті түрде тігіс астына түсетіндей етіп бастыра тігеді. Көктеу жіптерін алып тастайды. Кейбір жағдайларда жиектерді жолақтың жиектерін алдын ала жатқыза үтіктемей-ақ көмкерме тігіспен өңдеу тиімді.


Жаңа сабаққа байланысты видеофильм көрсету
Жаңа сабақ түсінікті болса, онда сұрақ қою арқылы жаңа сабақты бекітейік:(5-10 мин)
1-сұрақ. Жапырақшаның қалай өңдейді?

Жауабы:Жапырақшаға ішкі матаны желімдейді және жан қиығын сырып тігеді. Жапырақша бұрышын қырқады, өң бетіне аударады және баса үтіктейді.
2-сұрақ. Қақпақшаны өңдеу үшін қандай бөлшектер қажет?

Жауабы: Қақпақ, қақпақ астар, желімді қатырма.
3-сұрақ. Желім қатырманы қақпақшаның қандай бөлігіне жапыстырады?

Жауабы: Қақпақшаға жапыстырады.
4-сұрақ. Қақпақшаның қандай бөлігінен жиек жығарылады және неше мм?

Жауабы: Қақпақшадан 1-2 мм шығарылады.
5-сұрақ. Қақпақша бұрыштарын кесеме?

Жауабы: Иә. Кеседі тігіске 1-2 мм жеткізбейді.
6-сұрақ. Дайын қақпақшаға жөрмеуді қалай тігеді?

Жауабы: қосып тігеді.
7-сұрақ. Даяр қақпақшаны қалай үтіктейді?

Жауабы: Баса үтіктейді.
8-сұрақ. Жиекпен өнделген қақпақшаны жиегін қандай пішеді?

Жауабы: 450 бұрыш арқылы

Нұсқау картамен жұмыс істеу.
Жұмысқа кіресер алдында техника қауіпсіздік ережелерін қайталайық:

Техника қауіпсіздігі ережесінің пысықтау сұрақтары

Тігін машиналарында істейтіндерге арналған ереже.


  1. Машинамен жұмыс бастар алдында не істеу керек?

(машинаның жөнді екенін тексеру, ақауы болса механикке тексерту)

  1. Машинамен жұмыс кезінде нені естен шығаруға болмайды?

(машинада қолды дұрыс ұстамаудан саусақты инемен шаншып алуы мүмкүн )

  1. Метал жетеуіште несіз жұмыс істеуге болмайды?

(резеңке кілемшесіз жұмыс істеуге болмайды)


  1. Электр двигателін өшірмей тұрып қандай жұмыс түрлерін атқаруға болмайды?

(машинаны тазалауға және майлауға сондай-ақ машина шкивіне ремень салуға тыйым салынады)


  1. Машинаның айналып тұрған бөлігі жанына қай заттарды қоюға болмайды?

(қайшы және басқа аспаптарды қоюға тыйым салынады)
Электр үтігімен істейтіндерге арналған ереже.


  1. Үтікті қосқанға дейін қай бөліктерін тексеру қажет

(үтік буын, үтік тұрығын тексеру керек)


  1. Электр үтігін желіге қосып сөндіру әдісін айтындар?

(бауынан тартып шығармай, айыр корпусынан қолмен ажырату керек)


  1. Ылғалды жылумен жасау кезінде аяқ астымызда міндетті түрде не болуы тиіс?

(резеңке төсеніш)


III. Ағымдағы нұсқау
Оқушылардың өзіндік жұмысы (4сағ.20мин)
«Қақпақша немесе жапырақшаны өңдеу.»

Оқушылардың еңбек тәсілдерін көрсету

1- ші айналым: Қақпақша бөлшектері,қақпақша мен қақпақша астарын пішіп дайындау.

2- ші айналым: Қақпақшаға желім қатырма жапыстыру.

3- ші айналым: Қақпақша мен қақпақша астарын теңестіріп отырып біріктіріп тігу.

4- ші айналым: Қақпақша бұрышын тігіске 2-3 мм қалдырып қырқу.

5- ші айналым: Қақпақша оң бетіне аударып, айналдыра көктеу.

6- ші айналым: Қақпақшаны баса үтіктеу, көктеу жібін қақпақшадан сөгу.

7- ші айналым: Қақпақшаны баса үтіктеу, сапасын тексеру.

Оқушылардың жұмысын тексеру, бағалау, қорытынды нұсқау жұмыстарына әзірлеу.



IV. Қорытынды нұсқау шаралары (5-15мин)

1. Күн бойы оқушылардың орындаған жұмыстарын шебер бағалайды. Жасаған жұмыстың сапасын, тазалығын, оқушының тәртібін, білімін ескере әділ бағасын қояды. Бағаны өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық деп бағалайды.

а) «Өте жақсы» бағасына жұмыс жасаған оқушылар:_____________________

ә) «Жақсы» бағасына жұмыс жасаған оқушылар:_________________________

б) «Қанағаттанарлық» бағасына жұмыс жасаған оқушылар:________________
2.Әр жұмысқа жасаған қателіктерін ескере бағасы қойылады:


  1. «өте жақсы» деген бағаға ешбір қатесі жоқ, технологиялық шарттарға сай үлгі;

  2. «жақсы» деген бағаға бір-екі қателіктері бар үлгі сай;

  3. «қанағаттанарлық» деген бағаға бір емес бірнеше қателіктері бар жұмыс болып саналады.

3.Ортақ қателіктерді, ақауларды атап, шешу;

4. Шеберхананы жинастыру;

5.Үйге тапсырма беру: «Қақпақша немесе жапырақшаны өңдеу.»

Ө/о.шебері : Сайитханова К.С.



жүктеу 290,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау