ПоәК 042-14 05 20. 43/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж



жүктеу 0,81 Mb.
бет10/10
Дата01.01.2020
өлшемі0,81 Mb.
#25797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жұмысты орындау барысы:


  1. Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінен (жасыл зона, автомагистраль маңы, тұрғын үйлер жанынан, т.б.) және әр түрлі биіктіктен ағаш жапырақтарын жинаңыздар

  2. Жапырақтардың бетіне мөлдір жабысқақ пленканы жапсырыңыздар.

  3. Пленканы жабысқақ шаң қабатымен жапырақтардан алып, ақ қағаз бетіне жапсырыңыздар.

  4. Алынған үлгілерді бір-бірімен салыстырыңыздар.

Нәтижелерді өңдеу мен қорытындылар


Зерттелген территорияның әр түрлі бөліктерінің шаңданып, ластануы туралы қортынды жасаңыздар.

9 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы «Адамның өмір сүру ортасындағы қауіптіліктері» тақырыбына ғылыми презентация жасау


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9

Жоспар: «Адам - өмір сүру ортасы» жүйесіндегі қауіптіліктердің жіктелуі. Ағзаны қорғаудың табиғи жүйелері.

Мақсаты: Студент өзінің презентациясы үшін берілген тақырыппен, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықты қызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Презентатция дегеніміз не?

  2. Презентатция жасау тәртібі

10 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдай мәселелерінің үлгілерін жасау (модельдеу) және зерттеу


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Төтенше жағдайлар. Жіктелуі, пайда болу себептері. ТЖ бағалау.Табиғи апаттарды, өндірістік авариялар мен апаттарды сараптау. Апаттар теориясы.

Мақсаты: Төтенше жағдай мәселелерінің үлгілерін жасау (модельдеу) және зерттеу, мәселелердің пайда болу механизмдерін, осы процестерді модельдеу арқылы зерттеу, оларды ұғыну мен түсіндіру.

Тіршілік қауіпсіздігінің мәселелеріне қазіргі кездегі болып жатқан әртүрлі табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, экологиялық мәселелер, соның ішінде озон қабатының бұзылуы, «парниктік эффект» мәселесі, қышқылдық жауын мәселесі және т.б. жатады.

Модельдеу – қандай да бір құбылыс, процесс немесе объектіні олардың модельдерін жасап, қарастыру жолымен зерттеу.

Модель (латын тілінен «moduIus» - өлшем, үлгі) – қандай да бір процесс немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін қайталайтын аналогы.

Алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасаңыздар.

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Қандай экологиялық мәселелер ғалымдық мәселелерге жатады?

  2. «Парниктік эффект», қышқылдық жауындар, озон қабатының бұзылуының механизмдері қандай?

  3. Модельдеу дегеніміз не?

11 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: «Техносфераның жағымсыз көрсеткіштері» тақырыбына глоссарий жасау


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты:Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

12 Тәжірбиелк сабақтың тақырыбы: Экологиялық зиянды заттар мен әсер ету факторларын анықтау


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Қалдықты аз шығаратын жаңа технологияларды енгізу, бұл – заттардың қоршаған ортаның тіршілігі мен адам денсаулығы үшін қауіпті әсерін кеміту мүмкіндігі

Қазіргі кездегі қоғамда күнделікті жүздеген мың химиялық заттар қолданылады. Бұл заттар арасындағы көптеген химиялық реакцияларды, олардың жеке және бірлескен улылық эффектілерін бақылау мүмкін емес? Аса қауіпті он заттар мен әсер ету факторларынан ауыр металдарды (Zn, Cu, Mn, Hg, Co, Mo, Pb, Cd, As), үшқыш органикалық қосылыстар, формальдегид, пестицидтер, жанудың жанама өнімдері (СО2, СО2, NO2 SO2), щаң, асбест, бактериалар, күн сәулесінің жетіспеуі, радиацианы атауға болады.

Болашақта қалдықты аз шығаратын жаңа технологияларды енгізу, бұл – заттардың қоршаған ортаның тіршілігі мен адам денсаулығы үшін қауіпті әсерін кемітуге мүмкіндік береді. Бірақ қазірдің өзінде өздеріңіздің денсаулығыңызды сақтауда жартылай болса да қаупін төмендете аласыздар.

Мақсаты: Тұрмыста қолданатын анағұрлым қауіпті заттарды және олардын қорғану әдістерін анықтау.

Ақпараттық кесте (1-кесте)


Жұмысты орындау барысы: 1 және 2-кестелердің мазмұнын оқыңыздар. 2-кестенің соңғы қатарын қауіпті заттардан қорғану үшін қандай нұсқаулар беруге болады. (толтырыңыздар).


Өздеріңіздің өміріңізді қауіпті заттар мен орта факторларының әсері тұрғысынан анализдеңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды ортаның қолайсыз факторларынан қорғау үшін қандай шараларды іс-жүзінде жасауға болады?

Тіршілік қауіпсіздігі тұрғысынан тұрмыстағы өзіңіздің мінез-құлқыңызды сараптаңыз: қоршаған ортадан денсаулыққа зиянды факторларды атаңыздар: денсаулық жағдайын жақсарту үшін ең алдымен не істеу керектігін отбасы мүшелерімен талқылаңыздар.

қауіпті факторлар 1 – кесте



Қауіпті зат не зат -тар тобының аты

Қауіпті заттардың көзі

Ағзаға тигізуі мүмкін әсері

Қауіпті заттардан қорғауға нұсқаулар

1. Ауыр металдар (Hg, Pb, Cd, As, Cu, Zn, Mn, Co, және т.б.)

Бояулар, шайынды сулар, қалдықтарды жағу, сынапты шамдар, авто машиналардың газдары, жасанды мата, пластмасса.

Cd – қаңқада өзгерістер, бұйрек аурулары;

As -терінің қатерлі ісігі; Hg - жүйке жүйесін зақымдайды;

Pb - бүйрек, бауыр аурулары.


Ауыз суды тазалғыш фильтрден өткізу; суда еритін бояуларды пайдалану, көліктерді қорғасыннан тазартылған бензинмен қамтамасыз ету.

2. Ұшқыш органикалық қосылыстар

Еріткіштер, тазалағыш құралдар, дезинфекциялаушы заттар, бояулар, желім, пестицидтер, ағаш сүрегінің консерванттары

Хлорлы еріткіштер – қатерлі ісіктер, ісіктер

Галогенді көмірсулар – жүйке және жүрек тамыр жүйесін, бүйрек, бауырды зақымдайды иммунитетті төмендететін диоксиндердің организмде түзілуі, кемістіктер мен мутациялар туғызады



Қауіпті заттардан бас тарту, жақсы желденетін бөлмеде жұмыс істеу.

3.Формальдегид

Пресстелген плиткалар, желім, кілемді жабыңдар

Тыныс алу мүшелерінің ауруы қатерлі ісік, бас айналу

Формальдегидті жақсы сіңіретін бөлме өсімдіктерін өсіру, қабырғаларға шлак (табиғи смола) жағу

4.Пестицидтер

Пестицидтердің барлық түрлері

Ағзалардағы көптеген заттармен реакцияға түсіп, белгісіз қосылыстар түзуі мүмкін




5. Жану өнімдері (СО, NO26 CO26 SO2 және т.б.)

Темеке түтіні, газ плиталары, автомобильдердің газдары

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, бас ауруы

Темекіден бас тарту, мөлмелерді жақсы желдету, автокөлік жұмысын бақылау

6. Шаң

Дизельді транспорт, жылу электро станциялары, қалдықтарды жағу, тазартқыш құралдары жоқ өндіріс орындары

Аллергия, тыныс алу мүшелерінің аурулары

Ылғалды тазарту, желдеткіштерге торлы перделер тұту, бұзылған шаң сорғыштарды пайдаланбау

7. Асбест

Құрылыс материалдары, жылу изоляторлары

Аллергиялар, тыныс алу жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер (10 – 30 жылдан кейінгі эффект)

Асбесті тор материалдарды арнайы пленкалармен қаптау

8. Ауру туғызушы бактериалар

Ластанған және шаңданған бөлмелер

Асқазан, ішек аурулары

Сабынды ыстық сумен жуу, азық-түлікті жабық ыдыста сақтау, тоңазытқыштарды пайдалану

9. Күн сәулесінің жетіспеуі

Қалалар ауасының ластануы, күн тәртібінің (режим) дұрыс болмауы

Д витаминінің жетіспеуі

Таза ауада серуендеу

10. Радиация

Құрылыс материалдары, ядролық қаруды сынау, авариялар

Қатерлі ісік аурулары

Бөлмелерді желдету, таза азық-түлікті пайдалану, и ммунитетті күшейту.


Үйлеріңіздегі экологиялық жағдайды жақсарту жолдары 2 кесте

Орта факторлары

Факторлардың қолайсыз нәтижелерінін әсері

Зиянсыз құралдармен ауыстыру мүмкіндігі және зиянды әсерді жою жолдары

1. Тұрғын үйдегі температура

Жылу жоғалту, көп мөлшерде энергия жұмсау




2. Жасанды маталар мен кілем өнімдері (капрон, нейлон, полиэфирлі, полиакрилонитрильді, поливинилхлоридті, полилефинді)

Теріні тітіркендіру және ұшқыш улы өнімдердің бөлініп шығуынан аллергияның пайда болуы




  1. Косметика және парфимерия:

иіс су (духи), далап (помада губная),

опа (пудра),


кремдер,

шампуньдер,
иіс сабын,
шаш бояу
тырнақ боятын лак,

шашқа арналған лак,

дене дезодоранты


Аллергия реакция

уақыты өтіп кеткен далаптағы висмут пен майлардың улы әсері цинк қосылыстарының улы әсері конъюктивиттер, дерматиттер, әкпенің зақымдануы аллергияның пайда болуы

аллергияның пайда болуы

аллергияның пайда болуы

ацетон және басқа да еріткіштердің қан, жүйке және тыныс алу жүйесіне есіріткілік әсер етуі;

терінің тітіркенуі, канцерогенді әсер;

кілегейлі қабықшалардың тітіркенуі, түншықтырғыштық әсер;

есеріткілік әсер;






  1. Жуғыш заттар

кір жуатын ұнтақтар

тазартқыш заттар

дақ кетірушілер
аяқ киім майы


Аллергия, катаральдық өзгерістер, кілейгейлі қабықшалардың тітіркенуі

Аллергия, катаральдық өзгерістер, кілегейлі қабықшалардың тітіркенуі; өзендер мен көл суларына түссе- тірі ағзаларды жояды;

көмірсулардың галогентуындыларын қара;

кілейгелі қабықшалардың қабынуы






5.Ағартушы және дезинфекциялаушы заттар

Тері мен кілегейлі қабықшалардың тітіркенуі, сондай-ақ формалиннің канцерогенді әсері




6. Пестицидтер

Улы әсер (акометрин Н, диазинон, дибром, дихлор, карбофос, нафталин, мысты купорос, нитрафен, тиазон,




7. Құрылыс материалдары: желімдер,

майлы бояу,

майлы лактар, паркет лагы, эмаль-лактар нитроэмаль

линолеум,


жиһаз маталары мен перделер.



Тері мен кілегейлі қабықшаларды тітіркендіреді: «Момент», «Феникс» жүйке жүйесін зақымдап, қатерлі ісік туғызуы мүмкін;

ауыр металлдар мен органикалық еріткіштердің улы әсері;

улы және канцерогенді заттардың әсері;

өрт қаупі, есірткі заттары бар, қан түзу мүшелерін зақымдайды;

хлорвинил мен пластификаторлар созылмалы улану туғызуы мүмкін;

химиялық талшықтар электрленді, ылғалды нашар сіңіреді, улы қоспалары бар;






8. Қаптау материалдары:

металдық


полиэтиленді, полистриролды және т.б.

көп қабатты және көп компонентті қаптау материалы



Қоршаған ортаны ластайды, қымбат материалдарды бүлдіреді;
Бактериялар ыдырата алмайды және ерімейді, қыздырғанда улы қосылыстар түзе отырып ыдырайды;

қайта өңдеуге жатпайды, қоршаған ортаны ластайды.







Өзін өзі тексеру сұрақтары:

  1. Экологиялық тұрғыдан аса қауіпті заттардын қандай топтарын білесіздер?

  2. Адамның мекен ету ортасының ластануын кемітудің қандай негізгі өндірістерін білесіздер?

  3. Үй жағдайларында қауіпті заттармен ластану деңгейін төмендету үшін қандай іс-шаралар жүргізу керек?

13 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: Антропогенді заттардың қоршаған ортаға тигізетін әсері


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: «Антропогенді заттардың қоршаған ортаға тигізетін әсері» тақырыбы бойынша әдебиетке шолу, анализ жасау.

Кез келген зерттеуші өзінің ғылыми жұмысына қажетті материалдарды, әдебиеттерді іздеп, әрі жинақтай білуі қажет, яғни библиографияның негізгі білімімен қарулануы шарт. Библиография алдына оқырмандарын өзінде бар басылымдар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету міндетін қояды, сондықтан көрсеткіштер, каталогтар, шолулар жасайды.

Әдебиеттермен танысу процесін өзін қызықтыратын мәселе төңірегіндегі анықтамалық әдебиеттермен танысудан бастаған дұрыс (әмбебап және арнайы энциклолпедия, сөздіктер, анықтамалар). Содан кейін барып ҒТАИ (ғылыми – техникалық ақпараттар институты) – ның есептік – тіркелген басылымдарымен және іргелі кітапхананың библиографиялық көрсеткіштерімен танысу керек.

Қызықтырған проблема төңірегіндегі өзіндік библиография кітаптар, журналдар, мақалалар т.б. туралы мәліметтерден тұратын кітапханалық каталогтар негізінде құрастырылады.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Антропогенді заттардың қоршаған ортаға тигізетін әсері

  2. Тақырып бойынша әдебиетке шолу, анализ жасау дегеніміз не?

14 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: Тіршілік қауіпсіздігіндегі ғылыми зерттеу бойынша тақырып тұжырымын таңдау


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Зерттеудің бастапқы кезеңі таңдалған тақырыптың өзектілігін дәлелдеу. Тақырыптың өзектілігін қысқаша түсiндiру. проблемалық мәселенiң негізін көрсету.

Мақсаты: зерттеу мақсаты мен тақырыбын анықтау. Жұмыс нәтижесi тақырыпты қаншалықты дұрыс таңдауға байланысты. Тақырыпта жаңалық, күтпегендiк, ерекшелiк болуы керек. Зерттеу мақсаттарына қойылатын талаптар: эксперименталды материалдың белгілі көлемi, деректердi өңдеудің математикалық аппаратының болуы және пәнаралық талдау.

Тақырып тұжырымын таңдау – бұл бастапқы және кез келген зерттеудiң өте маңызды кезеңi. Тақырып өзекті, iс жүзiнде пайдалы және ғылыми жағынан қызықты болуы керек. Басы қысқа және оның мазмұны туралы толық мәлiмет беруi керек. Оқушы бiрнеше ережелерді қолдана отырып, зерттеу тақырыбын таңдауы қажет:

  • тақырып қызықты болып, оқушының бейімділігіне сәйкес келуi керек;

  • тақырып орындалатындай болуы керек, шешiмі нақты пайда әкелуi тиiс;

  • тақырыпта бірегейлілік, күтпегендiк, ерекшелiк элементтері болуы керек;

  • тақырып орындалатын, түсінерлік, әдеби көздер де қол жетерлiк болуы керек.

Кез келген зерттеудің бастапқы кезеңі таңдалған тақырыптың өзектілігін дәлелдеу

болып табылады. Тақырыптың өзектілігін қысқаша түсiндiру керек. Бастысы – проблемалық мәселенiң негізін көрсету, зерттеудің не үшiн жүргiзiлетінін түсiндiру.




Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №15 Зерттеу жұмысының технологиялық тiркесiн құрастыру
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Тіршілік қауіпсіздігі бойынша белгілі бір тақырып таңдап, зерттеу жұмысының технологиялық тiркесiн құрастыру.

Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады. Зерттеуші оқушы келесі жұмыстарды жасай алуға тиісті: зерттеу проблемасын танымдық есеп түрінде қисынға келтіру, зерттеу мақсатын анықтау, қажетті мәліметтерді жинау, басты бағытты айқындау, танымдық есеп шешуінің болжамын жасау, зерттеу объектісінің үлгісін жасау, зерттеу әдiстемесiн жасау; зерттеу жұмыстарын өткiзу, алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру, алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау, өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.

Осыған сүйене отырып оқушының зерттеу жұмысының технологиялық тiркесiн құрастыруға болады.

1-кезең. Зерттеу тақырыбын таңдау, шешiм талап ететiн мәселелердiң көлемін

анықтау. Зерттеудiң маңыздылығын, өзектілігін және практикалық құндылығын анықтау. Зерттеудiң жалпы және аралық мақсаттарын, міндетін анықтау.



2-кезең. Зерттеу мәселесі анықталғаннан кейiн, жұмыстың әдiснамасы, бастапқы тұжырымдамасы, яғни ғылыми жұмыстың жоспары және болжанған нәтижелері анықталады. Зерттеу кезінде дәлелдеуді талап ететін ғылыми жұмыстың болжамын құру.

3-кезең. Зерттеу тақырыбы бойынша мәліметтер жинау. Зерттелетiн тақырып бойынша жасалған ұқсас жұмыстарды талдау. Зерттеу объектісін және затын анықтау.

4-кезең. Зерттеу әдiстерiн таңдау және ғылыми жұмыстың әрбiр кезеңiндегi бiрнеше әдiстердiң үйлесімін құру. Бiздiң жағдайымызда теориялық зерттеу әдiстерi: талдау, синтез, үлгілеу, салыстыру, жіктеу жиірек қолданылады. Жобаның орындалу алгоритмін жазу. Алгоритмді математикалық, бағдарламалық және жобалық шешiмдер түрінде iске асыру.

5-кезең. Ғылыми тәжірибені ұйымдастыру және өткiзу. Нәтижелердi талдау және жобаны жақсарту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау.

6-кезең. Зерттеу жұмысының қорытындысы зерттеу нәтижелерiн ортақ талқылауға

ұсыну болып табылады. Бұл мәселеде ең бастысы процесті дұрыс ұйымдастыру, жұмыстың барлық кезеңдерінде дұрыс координация жасау, ортақ идеямен бiрiккен мұғалiмдер және оқушылар ұжымының болуы.



Бiз эксперименталды мәлiметтердiң талдау күрделiлiгiне байланысты есептерді практикум есептері, зерттеушi есептер және ғылыми есептер деп бөлемiз.

  1. Тіршілік қауіпсіздігі тұрғысынан аса қауіпті заттардын қандай топтарын білесіздер?

  2. Адамның мекен ету ортасының ластануын кемітудің қандай негізгі өндірістерін білесіздер?

  3. Үй жағдайларында қауіпті заттармен ластану деңгейін төмендету үшін қандай іс-шаралар жүргізу керек?

  4. Студент ғылыми жұмысты істеу кезінде қандай шараларды білуі қажет?


4 Емтихан сұрақтары немесе емтихандық үлгілері

  1. Ғылыми мәліметтерді іздеу жолдары, ғылыми құжаттар

  2. Ғылыми зерттеудің мазмұны, мақсаты, зерттеу нысаны

  3. Ғылыми зерттеу жұмыстарының формалары

  4. Ғылыми зерттеуді орындау кезеңдері

  5. Теориялық және эксперименттік зерттеу әдістері

  6. Біріншілік, екіншілік құжаттардың түрлері

  7. Рефератты өңдеу әдісі

  8. Ғылыми мәліметтерді жинақтау, мәліметтік – ізденістік жүйе

  9. Курстық жұмысты өңдеу әдістері

  10. Үздік баспалар, құжаттарды жүйелеу

  11. Универсалды ондық жіктеудің негізгі кестелері

  12. Нормативтік-техникалық құжат-стандарт

  13. Реферативтік баспа, арнайы баспа

  14. Ақпараттық жүйелердің кластары

  15. Тіршілік қауіпсіздігі бойынша әдебиетке шолу

  16. Ғылыми зерттеу пәнін оқытудың маңызы

  17. Патенттік құжаттың негізгі ғылыми-техникалық құндылығы

  18. Тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша газет, журналдармен жұмыс істеу

  19. Тақырыпты таңдау

  20. Эксперименттік әдіс

  21. Әдебиеттерді іздеу жолдары

  22. Ғылыми мәліметтермен жұмысты ұйымдастыру

  23. Теориялық ғылыми зерттеу жұмысының маңызы

  24. Жеке коммуникалды және байланыс жүйелері

  25. Интернетке қосылу және интернеттен мәліметтерді іздеу

  26. Арнайы баспа, жалпы ғылыми әдістер

  27. Тіршілік қауіпсіздігіндегі зерттеу әдістері

  28. Біріншілік баспаға берілмейтін құжаттар

  29. Массалық ақпараттық қызмет көрсету жүйесі

  30. Екіншілік құжаттардың және баспалардың түрлері

  31. Ғылыми мәліметтерді іздеу, жинау, өңдеу

  32. Эксперименттік ғылыми зерттеу жұмыстарының маңызы

  33. Пәннің мақсатымен тапсырмасы.

  34. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары.

  35. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істейтін ұйымдар

  36. Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері және ғылыми-зерттеу кезеңіндегі таңдау бағыттары

  37. Ізденісті зерттеулер. Ғылыми зерттеулердің тақырыбын, мәселесін таңдау бағыттары

  38. Ғылыми ақпаратты қайта құрау және жинақтау.

  39. Ғылыми құжаттар және баспа. Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық жүйе.

  40. Ақпараттық –ізденіс жүйесі.

  41. Ғылыми патенттік ақпарат

  42. Тіршілік қауіпсіздігіндегі тәжірибелік тапсырма, оның түрлері және жіктелуі

  43. Ғылыми жұмысты нәтижелі өңдеу

  44. Зерттеудің бірлігін, нысанын және оның себептерін атап көрсету кезеңі

  45. Мақсаттты белгілеу үшін ғылыми жұмыстардың 3 түрі

  46. Ғылыми жұмыстың фундаментальді және қолданбалы түрі

  47. Ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдеу

  48. Ғылыми ақпараттарды іздестірудің негізгі түсініктері

  49. Ғылыми теория, заң, мәселе, ғылыми болжам

  50. Ғылыми болжамның түрлері

  51. Ғылыми ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру

  52. Автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі

  53. Анықтамалық, алфавиттік, жүйелік каталогтар

  54. Дидактикалық эксперименттердің ерекшеліктері және мүмкіншіліктері

  55. Ғылыми экспериментті жүргізудің шарттары

  56. Теориялық және эмпирикалық зерттеулердің әдістерімен танысу

  57. ҒЭ методологиялық негізі. ҒЭ жалпы ғылыми әдістері

  58. Форматизация, аксиомалық әдіс, анализ және синтез, индукция, ұқсастықтар

жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау