Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау



жүктеу 442,38 Kb.
бет1/2
Дата30.01.2018
өлшемі442,38 Kb.
#8189
түріБағдарламасы
  1   2

Әкімдiктiң

«___»__________ жылғы

№ ________

қаулысына қосымша

Жоба
Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы



Қостанай қаласы, 2007 жыл

МАЗМҰНЫ



  1. Бағдарламаның паспорты




  1. Кiрiспе




  1. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау.




  1. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi.




  1. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асыру тетiгi.




  1. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi.




  1. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже.




  1. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар.



    1. Бағдарламаның паспорты



Бағдарламаның атауы



Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме

Қазақстан Республикасының “Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және бағып қағусыз қалуын болдырмау туралы”Заңы. Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 8 шiлдедегi №205 “Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресудiң 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы” шешiмi Қостанай облысы прокуратурасының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы алқа мәжiлiсiнiң қаулысы.

Бағдарламаны әзiрлеушi

“Қостанай облысының бiлiм беру департаментi”мемлекеттік мекемесі


1 - кезеңнiң мақсаты

(2007-2009 жылдар)


2 - кезеңнiң мақсаты

(2010-2011 жылдар)



Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау жөнiндегi шаралардың кешендi жүйесiн құру.
Өмiрдiң қиын жағдайларына тап болған, қаңғыбастылық пен әлеуметке жат қылықтарға бейiм балаларды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуға себеп болушы, бiлiм беру ортасының әлеуетін дамыту.

1 - кезеңнiң мiндеттерi

(2007 – 2009 жылдар)



2 - кезеңнiң мiндеттерi

(2010-2011 жылдар)



Жергiлiктi билiк мекемелерi мен қоғамдық ұйымдардың жоғары құқықтық және өнегелi мәдениетiн қалыптастырудағы iс әрекетiн келiсе отырып жүргiзiлуiн қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында олардың тәртiбiнiң шектен шығып кетуiне жол бермеу.

Облыстың құқық қорғау органдары тарапынан қылмыс жасаушы және әкiмшiлiк құқық бұзушы немесе соған бейiм тұратын кәмелетке толмаған балаларды дер кезiнде анықтау, есепке алу және олармен профилакитикалық жұмыс жүргiзу.

Алкоголь iшiмдiгiн, нашақорлық пен токсикоманиямен айналысатын немесе психикаға зор әсерiн тигiзетiн заттарды қолдануға бейiм балаларды анықтау, есепке алу және кейiннен оларды сауықтырып оңалту, кәмелетке толмағандар арасында медициналық профилактикалық жұмыс жүргiзу.

Кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi облыстық және өңірлік комиссиялары жұмысының маңыздылығы, олардың құқықтарының қорғалуын жетiлдiру.

2009 жылға дейiн Алтынсарин, Аманкелдi, Жанкелдин, Қарабалық, Қарасу, Меңдiқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Арқалық қаласында, аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, құрал-саймандарын сатып алу.

Кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға құқықтық бiлiм беру.


Қараусыз қалған балалар үшін Әулиекөл, Денисов, Жiтiқара, Қостанай, Қарабалық, Қамысты, Қарасу және Меңдiқара аудандарында пана ашу және Рудный қаласындағы пананы 2010 және 2011 жылдары кенейту.

Әуликөл, Денисов, Жiтiқара, Қамысты аудандарында, аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, құрал-саймандар сатып алу. Қостанай ауданы мен Қостанай қаласында бұл жұмыс жыл сайын Бағдарламаны iске асыру уақытына үзіліссіз жүргiзiледi. Лисаков пен Рудный қалаларында 2007 жылдан 2011 жылға дейін жыл сайын аула клубтарының материалды базасы нығайтылады.



Кәмелетке толмағандарды облыстың мәдени және спорт салаларына белсене араластыру.

Iске асыру мерзiмдерi

(кезеңдерi)




2007 – 2011 жылдары

1 - кезең – 2007-2009 жылдар;

2 - кезең – 2010-2011 жылдар.


Қаржыландыру көздерi мен көлемдерi

Облыстық және аудандар мен қалалардың бюджеттерiнiң қаражаттары.

Болжамдалған қаржыландыру көлемдерi:

барлығы – 226522,8 мың теңге, оның ішінде:

2007 жылы - 64349,5 мың теңге

2008 жылы – 64440,4 мың теңге

2009 жылы – 97732,9 мың теңге;

оның iшiнде облыстық бюджет қаражатынан:

барлығы –2388,0 мың теңге, оның ішінде:

2007 жылы – 745,0 мың теңге

2008 жылы – 896,0 мың теңге

2009 жылы – 747,0 мың теңге;

оның iшiнде аудандар мен қалалар бюджетінің қаражаты:

барлығы – 224134,8 мың теңге, оның ішінде:

2007 жылы - 63604,5 мың теңге

2008 жылы - 63544,4 мың теңге

2009 жылы - 96895,9 мың теңге.



Күтiлетiн нәтижелер

Қостанай облысының кәмелетке толмаған жасөспiрiмдерi арасында 2011 жылдың аяғына қарай құқық бұзудың алдын алу жөнiндегi жаңа әлеуметтiк-педагогикалық негiздегi толық жүйе құрылатын болады. Кәмелетке толмағандармен және жаңа материалдық-техникалық базасы негiзiндегi құқық бұзудың алдын алудың тиiмдiлiгiн және әлеуметтiк-педагогикалық процеске қатысушылармен әлеуметтiк серiктестiктi жетiлдiру кешендi iс-шаралары өткiзiлетiн болады.

2. Кіріспе


Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қараусыз әрі бағусыз қалуға жол бермеу туралы» Заңына, Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресудің 2005 - 2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес және Қостанай облысы прокуратурасы алқа мәжiлiсiнiң 2005 жылғы 20 қаңтардағы қаулысы негiзiнде әзірленген.

Облыстағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жағдайлардың орын алулары бұл бағдарламаны әзiрлеудің қажеттілігін көрсетті. 2006 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 2005 жылдың осындай кезенiмен салыстырғанда қылмыстардың саны 20%-ға азайғанын, кәмелетке толмағандардың үлес салмағы қылмысы 11,3%, республикалық көрсеткiштер бойынша 6% азайғаны байқалады.



Бағдарламаны iске асыру кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшiн облыстағы мүдделiк ведомстволардың бағыт –бағдарлы әрекеттерi негiзiнде және әлеуметтiк – педагогикалық ортаның материалдық – техникалық базасын кеңейту, жинақтылық пен нәтижелi, жүйелi, атаулы бағыттылық принциптерiн сақтау арқылы орындалады деп күтілуде.

3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау



2006 жылғы 10 ай ішінде Қостанай облысында кәмелетке толмағандардың қолымен және олардың қатысуымен 548 қылмыс жасалған, 2005 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 685 қылмыс болған. Сонымен бірге қылмыстың жалпы көрінісі ішіндегі кәмелетке толмағандардың қолымен жасалған қылмыстың үлес салмағы да азайған. Бұрын 20 пайыз болса, қазір жалпы алғанда 12,9 пайыздан 11,3 пайыз болып отыр.

Облыс бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыстың деңгейі аздап болса да төмендегенімен, қазіргі таңда бұл проблема өткір күйінде қалуда. Бұған қылмыстың мына түрлерінің орын алуы дәлел болып отыр: автокөлiктi ұрлау-320 пайыз, кісі тонау-2,6 пайызға, біреудің ақшасын немесе затын тартып алу- 46,1 пайызға өскен.

Балалар мен жасөспірімдердің арасында орын алған қылмысқа жасалған талдауға сараптама мынаны көрсетеді: жалпы орта пен арнайы орта бiлiм беру жүйесiндегi оқушылардың жасаған қылмыстары 56 пайызды құрайды. Алайда мектептер, кәсіптік мектептер мен лицей, колледж оқушыларының тарапынан жасалған қылмыстың саны 307 болса, оның iшiнде 548 қылмысты 777 кәмелетке толмағандар жасаған, 500-і мектеп пен колледж оқушылары.

Қостанай облысының iшкi iстер департаментiнiң кәмелетке толмағандарды уақытша шеттету және оңалту орталығы кәмелетке толмағандардың негізгі контингенті өз бетімен үйлерінен кетіп қалғандар, мектеп-интернаттардан, балалар үйінен қашып кеткендер, қаңғыбастыққа және қайыршылыққа бейімделіп алғандар. Сондықтан да олар психикалық тексеруден өтіп, емделуді қажет етеді.

Кәмелетке толмағандардың өз беттерімен, қараусыз өмір сүруіне итермелейтін себептердің бірі отбасындағы берекесіздік-257 жәйт, қаңғыбастыққа бейім тұру - 183 жәйт, оқуға деген ынтасының төмен болуы- 51 жәйт, ата анасымен, құрбы-құрдастарымен ренжісіп қалу - 29 жәйт.

Көбінесе, балаларының құқық бұзуына ата-аналардың өздері себеп болады. Балаларға бұрын сотталғандар немесе тергеуде жүрген туысқандары кері әсерін тигізеді. Әдетте мұндай балалардың өмір тұрмысы қиын болады, отбасында бірге дұрыс тұра алмайды. Өткен мерзім ішінде қалалық және аудандық соттар арқылы 178 ата-ана алкогольдік ішімдік ішкені және есірткі қабылдағаны үшін, немесе бала тәрбиесінен бас тартқаны үшін ата-аналық құқықтарынан айрылса, 2006 жылғы 9 ай iшiнде 184 адам болған. “Әлеуметтiк жетiм” (бiлiм берудiң интернатты ұйымдарына бөлiнген, ата-аналарының ата-аналық құқығынан айырылған балалар) балалар санының өсуi алаңдатушылық туғызып отыр: 2005 жылы – 132 бала, 2006 жылға 9 ай iшiнде 181 адамға дейін өскен. Кәмелетке толмағандардың қайтара қылмыс жасау саны өсуде (2005 жылғы 9 ай iшiнде – 59 болса, 2006 жылы – 66 адам).

Облыстың әлеуметтік паспорты мынаны көрсетеді:

2028 оқушы (1,6%) кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi орында есепте тұрады;

4536 оқушы (13,3%) тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленуде.

4535 оқушы (3,4%) қолайсыз отбасыларда тәрбиеленуде;

1351 оқушы (1,9%) ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тұрады.

Сонымен, балалардың 20,2 пайызы қиын тұрмыстық жағдайға тап болып тұр. Бұл балалар ертеңгі күннің қоғамға жат мүшелері болары анық.

Мемлекеттің қорғауына мұқтаж балаларды уақытша асырап бағу проблемасын уақытша жетімдер панасы шешеді. Олардың негізгі мақсаты балаларға жақсы тұрмыс жағдайын туғызу, тыныс тіршілігіне психологиялық

қолдау көрсету, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Арқалық қаласы панасының жұмысы көңілге қонарлық, онда балаларды қорғау мамандары мен әлеуметтік педагогтардың басшылығымен сондай кәмелетке толмағандардың ата-аналарын оңалту жөніндегі қызметі тәжірибеленеді: емдеу жұмыстары жүргізіледі, жеке бастарының куәліктері ресімделеді, еңбекке орналастырылады. Отбасындағы жағдай түзелген соң, бала үйіне жіберіледі.

Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңында мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқару органдары қызметінің басым жақтары мемлекеттік саясатты балалардың мүдделеріне сай жүзеге асыру арқылы анықталады. Сонымен бірге, қиын жағдайға тап болған балалардың саны бүгінгі күні оларды бейімдеу үшiн облыстың мүмкіндіктерін жүзеге асырудан асып түседі.

Үш панада (Арқалық, Қостанай, Рудный) жоба бойынша 69 орынға лайықталған орында 2006 жылдың басында 78 бала тұрып жатыр. Бүгінгі таңда Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қостанай, Қарабалық, Қамысты, Қарасу, Меңдіқара аудандарында осындай жетімдер панасын ашу мәселесі өзектi болып тұр және Рудный қаласындағы пананы 2010 және 2011 жылдарда кенейту.

Статистикалық деректер кемшіліктер деп мыналарды атайды:

білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау мекемелерінде түрлі профилактикалық есепте тұрған және «сенімсіз топқа»жататын балалар мен жасөспірімдерді оңалту, заңнама және мораль нормаларымен сәйкес оларды әлеуметтік өмірге бейімдеу жөніндегі жұмыс, өкілетті биліктің және атқарушы биліктің мүдделі мекемелерінің, бизнес секторының, БАҚ кәмелетке толмағандардың әр ауданда және әр қаланың ықшам аудандарында олардың құқығының, денсаулығы мен мүдделерінің сақталуына ықпал ететін іс қимылдарын ведомствоаралық үйлестіру.



Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс деңгейін азайту жөнінде бiлiм беру кеңiстiгiнде заңды тұлға болып табылатын 6 балалар ұйымы, заңда тұлға болып табылмайтын 60 балалар бiрлестiгi жұмысын жалғастыруда. Мемлекеттiк емес ұйымдар мен балалар бiрлестiктерiнде балалар мен жасөспiрiмдерді қамту 58,6% құрайды, 2005 жылға қарағанда 20% жоғары, балалар қозғалыстары мен мемлекеттiк ұйымдарының бiлiм беру жүйесiндегi алға жылжушылығы айғақ болады.

Облыстың бiлiм беру жүйесiнiң бейiмделу мүмкiндiктерiн кенейту мақсатында 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қызмет iстейдi, 2005 жылы және 2006 жылдың 9 айы iшiнде олармен 6630 бала тексерiлген. Барлық балаларға ақыл-ой және дене мүмкiндiктерi деңгейiне сәйкес оқытудың бағдарламалары белгiленген. Сонымен қатар, 11 коррекция кабинетi және 56 логопедтiк пункт ашылған, олардың көмегiмен 2000 оқушыға түзету көмегi көрсетiлдi.

Облыстың бiлiм беру кеңiстiгiнде осы уақыт iшiнде, оқушылардың адамгершiлiк және салауатты өмiр салты негiзiнде ұластыруға бағытталған 9 лицензиялы авторлық әдiстеме мен бағдарлама iске асырылуда. Оқу жоспарына зиянды әдеттердiн алдын–алудың деңгейлi бағдарламасы бойынша “Өзiн-өзi тану” арнайы курсы енгiзiлген, 8 тәжiрибе алаңы бақыланған. 60-тан астам жалпы бiлiм беретiн мектептер “Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер” ұлттық жүйесiне кiредi.

2004 жылдан бері республикалық трансфертпен облыстың білім беру кеңістігінде 354 әлеуметтік педагог, 82 психолог, 372 мейірбике жұмыс істейді.Бiлiм беру мекемелерiнде қылмыс деңгейін азайту жөнінде 350 денсаулық клубы жұмысын жалғастыруда, облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 333 есірткіге қарсы пункт жұмыс істейді, онда тәртібі шектен шыққан балаларға бақылау жасалынады. Есірткіге қарсы бекет қызметкерлерінің құрамына есірткіге тәуелді балалармен профилактикалық жұмыс жүргізу ісі курсынан өткен фельдшерлер, нарколог дәрігерлер, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар кіреді.

Құқық бұзушылықтың алдын алудағы маңызды бағыттардың бірі оқушылардың мектептен тыс және тұрғылықты жерлерінде бос уақыттарын ұйымдастыру болып табылады. Бұл жерде қоғамға жат қылыққа бейім балаларға ерекше көңіл бөлген жөн. 2006-2007 оқу жылында мектептен тыс ұйымдардың желiсi 61-ден 66 бiрлiкке өскен, бұл мектептен тыс ұйымдардың бос уақыттары мен тұрғылықты жердегi бос уақыттарын қамтуды ұйымдастыруы 26% (2005 жылы) 60,4% дейiн (2006 жыл) өсуiне себеп болған. Алайда мектептен тыс ұйымдардың желісі кәмелетке толмағандардың көрсетілген категориясының мүдделеріне сай келмейді. Қазіргі таңда оның желісі сапалық және сандық тұрғыдан да кеңейтуді қажет етеді. Мысалы 66 мектептен тыс ұйымның 25-і ғана ауылдық жерде істейді, оның ішінде 26 спорт мектебінің 15-і ауылдық жерде орналасқан. Тек қана 2 жас техниктер станциясы жұмыс істейді, жас саяхатшылар станциясы мүлдем жоқ.133 аула клубының 81-і ауылдық жерде жұмыс істейді, олардың 33-і мектептердің жанынан ұйымдастырылған. Аула командаларының жарысы ретіндегі мектептен тыс ұйымдастыру шаралары бұрынғының естелігіндей елес күйінде қалды. Бұрынырақ салынған хоккей корттары мен спорт алаңдары қалпына келтірілмейді, мектеп жанындағы спорт алаңдары аула және аула клубтарының аумақтары жабдықталмаған, спорт алаңдарының жарақталуы көңілден шықпайды, талғамсыз жасалған. Аула клубтарының спорт жөніндегі нұсқаушыларының жетіспеуі, тұрғылықты жерi бойынша меншiктi пәтер кооперативiнiң қоғамдастығы балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыруға араласпауы аяққа тұсау болып отыр. Жоғарыда аталғандардың негізінде 2009 жылға дейiн Алтынсарин, Аманкелдi, Жанкелдин, Қарабалық, Қарасу, Меңдiқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Арқалық қаласында, 2010-2011 жылдары Әулиекөл, Денисов, Жiтiқара, Қамысты аудандарында аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, құрал-саймандар сатып алу жоспарлануда. Лисаков және Рудный қалаларында 2007 және 2011 жылдар аралығында қолданыстағы аула клубтарының материалдық базасы нығайтылады.

Iшкi iстер департаментiнiң қылмыс жасаған балалар туралы беретін ай сайынғы мәліметтері мен мүдделі мекемелердің сол қылмыстың жасалу себебін анықтау жөніндегі қызметінің талдау барысында кеңінен тараған және көкейтесті мәселелер мыналар екенін көрсетті:

білім беру мекемелерінің және бөлiмше, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі топтардың инспекторлары арасында тиісті деңгейдегі өзара іс әрекеттерінің жоқтығы;

қолайсыз отбасыларында тұратын, тәртібі шектен шығуға шақ тұрған жасөспірімдерді дер кезінде анықтай алмау;

отбасы тәрбиесінде құқық және құқықтық сана мәдениеті деңгейінің төмен болуы, кәмелетке толмағандарға ата-аналар тарапынан қойылатын талаптардың жеткіліксіздігі;

кәмелетке толмағандармен қылмыс жасау фактісі тіркелгенде ғана барып жұмыс істеу;

бірнеше рет қылмыс жасаған, психиатрда есепте тұратын,тәртібі қоғамға жат қылықтарға толы, ата-анасының баласына деген кері ықпалы ұдайы басым орын алған отбасы балаларын оқыту;

қолайсыз отбасыларының көп болуы және олардың ішінен құқық бұзушы балалардың көптеп шығуы.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және Қостанай облысында балалардың қараусыз және бағып қағусыз қалуын болдырмау үшін жүргізiлетін жұмыстың тиімді болуы үшін, олардың тұрғылықты жерлерінде, әсіресе жылдың жылы мезгілдері мен демалыс уақыттарында бос уақыттарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл жұмысқа дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, қоғамдық белсенділерді уақытша жұмыс орындарын аша отырып тартқан ұтымды.

Балалармен уақытында профилактикалық жұмыс жүргізу, есепке алу, әлеуметке жат қылықтары бейiм және тәртiбi шектен шыққан жасөспiрiмдердi кейiнгi оңалдыру манызды болып табылады; балалар және жасөспірімдер қылмысының себебiн анықтау мен шеттетуге бағытталған аналитикалық және басқарушылық қызметi, мәселесінде ведомство аралық өзара іс әрекетін үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтi нық қоғамды қалыптастыру, кеңейген ақпаратты – насихаттық және әлеуметтiк – педагогикалық қызметтi құрметтейтiн заңдылыққа себепшi болады, бiлiм беру ортасының даму мүмкiндiгiн қалыптастыруы, Қостанай облысында кәмелетке толмағандарды бейiмдеу мен оңалдыруға себеп болушы, қанғыбастық пен қоғамға жат қылықтарына, өмiрдiң қиын жағдайларына тап болғандарға маңызды әсер етедi. Сонымен бiрге, облыстың мәдени және спорт өмiрi ортасына тарту арқылы балалардың мектептен тыс бос уақытын ұйымдастыру үшiн және жасөспiрiмнiң тұрғылықты жерi бойынша, материалды – техникалық базасын кенейту болып табылады.

Аталған мәселелерге көңiл бөле отырып Қазақстан Республикасы мен әлемнiң жетекшi елдерiнiң тәжiрибелерiне сүйене отырып, қоғамның әлеуметтiк жетiлуiнiң көрсеткiшi оның балалар мен қарт адамдарға қарым – қатынасы болып табылады. Сондықтан да, атқарушы үкiметтiң осы Бағдарламадағы берiлген мәселелердi шешуiне салмақты көңiл аударуын талап етедi.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өзара сiңiсушiлiк түрде және сабақтастық мақсаттарына негiзделген :

1- кезең (2007-2009 жылдар) – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар жүйесін құру;

2 - кезең (2010-2011жылдар) - өмiрдiң қиын жағдайларына тап болған, қаңғыбастылық пен әлеуметке жат қылықтарға бейiм балаларды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуға себеп болушы, бiлiм беру ортасының әлеуетін дамыту.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірінші кезеңде мынадай басым міндеттерді шешу көзделіп отыр:

мемлекеттік, құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың жоғары құқықтық, өнегелілік мәдениетін қалыптастырудағы және кәмелетке толмағандардың бойында қоғамға жат қылықты болдырмау жөніндегі қызметін бірлесіп жүргізуді қамтамасыз ету;

облыстың құқық қорғау органдарының қылмыс жасайтын және әкімшілік құқық бұзушы, немесе соны жасауға бейім балаларды дер кезінде анықтап табу, есепке алу, профилактикалық жұмыс жүргізу;

ішімдікке, есірткіге, улы заттарға тәуелді, немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға бейiм кәмелетке толмаған балаларды табу және оларды есепке тұрғызу, оңалту;

кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқығын қорғау жөнінде облыстық және өңірлік комиссия қызметтерiн одан әрі жетiлдiру;

2009 жылға дейiн Алтынсарин, Аманкелдi, Жанкелдин, Қарабалық, Қарасу, Меңдiқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Арқалық қаласында, аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, инвентарь сатып алу.

кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарының құқықтық сауатын ашу.

Екінші кезеңде:

Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қостанай, Қарабалық, Қамысты, Қарасу, Меңдіқара аудандарында жетімдер панасын ашу және Рудный қаласындағы пананы 2010 және 2011 жылға дейін кенейту;



Әуликөл, Денисов, Жiтiқара, Қамысты аудандарында, аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, инвентарь сатып алу. Қостанай ауданы мен Қостанай қаласында бұл жұмыс жыл сайын Бағдарламаны iске асыру уақытында үзіліссіз жүргiзiледi. Лисаков және Рудный қалаларында 2007 жылдан 2011 жылдарда жыл сайын аула клубтарының материалдық базасы нығайтылады;

кәмелетке толмағандарды облыстың мәдени, спорттық өміріне белсенді түрде тарту.

Бұл мiндеттердi орындау кезiнде, бiрiншi кезеңнiң мiндеттерi өзiнiң өзектiлiгiн жоймайды.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі


Бағдарлама мынадай бағыттарды көздейді:

емдеу-диагностикалық iс-шаралары;

ақпараттық-насихат жүргізу қызметі (алдын-алу);

әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (оңалту және бейiмдеу);

материалдық базаны кеңейту;

оң бағытта өмір сүру машықтарын қалыптастыру.

Бағдарламаны іске асыру тетіктері болып табылады:

атқарушы билік саласы мемлекеттік мекемелерінің кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауын, құқық бұзуын және қараусыз қалуын болдырмауын келісе отырып жасайтын іс-қимылдары;

мемлекеттік мекемелер, шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттiк емес ұйымдар арасындағы әлеуметтік серіктестік;

мүдделі ведомстволардың тиісті ақпарат алмасуы және кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдасқан түрімен, емдеу-профилактикалық шаралардың барлық түрімен, оқу және еңбек процесімен қамтуы;

тиісті құқық қорғау және алқалы мемлекеттік органдарында кәмелетке толмағандар тарапынан орын алған құқыққа қайшы қылықтарына, жекелеген ата-аналар мен басқа да тұлғалардың тарапынан кері ықпалын тигізетін, сондай-ақ оларды қылмыстық және қоғамға қарсы әрекетке тарту жәйттеріне байланысты фактілері туралы материалдарды қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; кәмелетке толмағандардың қоғамға жат қылықтарын болдырмауға ықпал ететін әлеуметтік ортаның әлеуетін дамыту туралы мәселелерді қарау және заңда қаралған шараларды қабылдау.


жүктеу 442,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау