ПоәК 042-14 05 20. 43/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 0,81 Mb.
бет4/10
Дата01.01.2020
өлшемі0,81 Mb.
#25797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Ғылыми эксперименттің негізгі жағдайлары

  2. Дидактикалық эксперименттердің ерекшеліктері және мүмкіншіліктері

  3. Дидактикалық эксперименттердің ұйымдастырылуымен және жүргізілуі

  4. Ғылыми зерттеудің теориялық негіздері


Дәріс №5. Қағидалық тәсілдер және эксперименттік зерттеулер
Жалпы сұрақтар

  1. Теориялық және эмпирикалық зерттеулердің әдістері (ТЗӘ, ЭЗӘ). Теориялық және эмпирикалық зерттеулердің әдістерімен танысу

  2. ҒЭ методологиялық негізі. ҒЭ жалпы ғылыми әдістері

  3. Форматизация, аксиомалық әдіс, анализ және синтез, индукция, ұқсастықтар – ҒЭ әдістері ретінде


Теориялық және эмпирикалық зерттеулердің әдістері (ТЗӘ, ЭЗӘ). Теориялық және эмпирикалық зерттеулердің әдістерімен танысу. Әдіс дегеніміз – мақсатқа жету тәсілі. Әдіс танымның объективті және субъективті әдістерін біріктіру. Әдіс құрастырылған тоерияда олардың өзара қатынасы мен іс-әрекетін көрсетуге мүмкіндік беретіндіктен, әдіс шынайы болып келеді. МЖ әдіс теоиясының қолданылуы болып табылады. Бір жағынан субъективті, өйткені ол зерттеуді ойластырудың қаруы болып табылады, осыған байланысты өзіне субъективті ерекшелік қосып тұр.

Философиялық жағынан алып қарағанда, әдісті жалпылама бөлуге болады: жалпы ғылыми, жеке, арнайы, т.б.

Жалпы ғылыми әдістерге жатады:


  1. Бақылау, салыстыру, есеп, өлшеу, эксперимент қорыту, форматизация, анализ (талдау) және синтез, индукция және дедукция, аналогия (ұқсастық), үлгілеу, асқақтау, және де аксиоматикалық, тарихилық, жүйелік әдістер.

  2. Салыстыру – материалды әлемнің объектілері арасындағы айырмашылықтарды орнату немесе олардан жалпылама қолданысын табу

  3. Есеп – біртекті объектілердің белгілі бір санын немесе құрылымын сипаттайтын параметрлерін анықтау.

  4. Өлшеу – салыстыру арқылы кейбір мөлшерлердің сандық мағынасын анықтайтын физикалық процесс.

  5. Эксперимент – ғылыми болжамдардың ақиқаттығын тексеретін немесе объективті әлемді заңнамалық жағынан танытады. Бұл процесте зерттеу таным мақсатымен араласып кетеді. Осыған байланысты тәжірибенің бір шарты – бөлектеледі, екіншісі алынып тасталынады, үшіншісі күшейеді немесе әлсірейді. Эксперименттің артықшылығы да мол. Өйткені құбылысты «тұнық күйінде» тануға мүмкіндік береді, қажет болған жағдайда объектінің арнайы құрылымын белгілеу үшін, сынау қайталауы мүмкін.

  6. Қорытынды – көрінісі көрсетілген жалпы түсініктерді анықтау. Бұл жаңа ғылыми түсініктерді қалыптастыру үшін, жаңа теоряилар мен заңдарды қалыптастыру үшін қолданылады.

  7. Абстрагиациялау (абстрагирование) - зерттеушіні қызықтыратын заттардың көрінісін, мәнсіз құрылым мен байланысьың ойша айырмашылығын көрсетеді. Бұл екі деңгейде жүзеге асады:

1 – деңгейі – мағынасыз байланыстар т.б. анықталады

2 – деңгейі – зертелетін объектіні басқа жекеше үлгідегі қарапайым түрімен ауыстарады.

Абстрагиациялау (абстрагирование) келесі түрлері ажыратылған: тендестіру – құрылымына қарай байланысқан заттарды біріктіру арқылы ұғым қалыптастыру; бөлшектеу – заттармен тығыз байланысты құрылымының белгіленуі; конструктивизация – нақтылы объектілердің шекарасының белгісіздігіне байланысты ажыратылуы және патенциалды жүзеге асуының болжалануы. Мұның нақтылығы мысал ретінде физикада, термодинамикада және басқа да ғылымдарды көп қолданылатын идеалды газды қарастыруға болады.

Ғылыми танымның әр түрлі әдістері сатылардың мынадай түрлеріне бөлінеді: эмпирикалық, теориялық, экспериментальды – теориялық және метатеориялық деңгейлер.


ҒЭ методологиялық негізі. ҒЭ жалпы ғылыми әдістері. Ғылыми танымның әр түрлі әдістері сатылардың мынадай түрлеріне бөлінеді: эмпирикалық, теориялық, экспериментальды – теориялық және метатеориялық деңгейлер.

Эмпирикалық деңгейдегі әдістер: бақылау, салыстыру, есептеу, өлшеу, анкеталық сұрау, әңгімелеу, тест, байқуа әдісі т.б. Бұл топтың әдістері зерттеліп жатқан құбылыстармен тығыз байланысты және ғылыми болжамның қалыптасу деңгейінде қолданылады.

Экспериментальды – теориялық деңгейдің әдістері: эксперимент, анализ және синтез, индукция жіне дедукция, үлгілеу, гипотетикалық және логикалық әдістер. Бұл әдістер зерттеушіге сенімді фактілерді анықтауға көмектеседі. Осы әдістердің көмегімен фактілердің жинақталуы жүзеге асады.

Теориялық деңгейдің әдістері: абстрагиациялау, асқақтау, құрылу, анализ және синтез, индукция жіне дедукция, аксиоматика, қорытындылау т.б. Бұл теориялық деңгейде жиналған фактілердің логикалық зерттелуі, түсініктердің пайда болуы жүзеге асады. Танымның теориялық деңгейінде ұқсастық, айырмашылық сияқты логикалық әдістер көптеп қолданылады: білімнің жаңа жүйесі құрастырылады, теориялық құрастырылған жүйенің алдағы уақытта келісілуінің жаңа міндеттері шешіледі.

Метатеориялық деңгейдің әдістеріне диалектикалық әдіс пенжүйелік анализ әдістері жатады. Осы әдістердің арқасында теориялар зерттеледі және олардың құрылуының жаңа жолдары құрастырылады, берілген теорияның ұғымдық және нұсқаулық жүйесі зерттеледі, оның қолданылу аясы жаңа ұғымдарды енгізу бекітіледі, жаңа теориялардың синтезделу жолы негізделеді. Берілген зерттеу деңгейінің орталық міндеті ғылыми теориялардың құрылу шарттарымен танысу және метатіл деп аталатын қалыптасқан тілдердің өңделуі болып табылады. Бір-бірімен өзара байланысты, күрделі проблемаларды зерттеу кезінде жүйелік анализ қалыптасады, ол – адамның ғылыми қызметі аясында қолданыс тапты, нәтижесінде металогика және математика сияқты ғылымдар қалыптасты.

Металогика түсініктерді анықтайтын құжаттар теориясы мәселелері арқылы құрастырылатын формальды логиканың ұғым мен нұсқаулар жүйесін, қалыптасқан тілдердегі ақиқатты зерттейді.

Метаматематика формальды жүйе мен есептеудің әр түрлі құрамын зерттеумен айналысады. Жүйелі талдау негізінде жүйе ұғымы жатыр, ол арқылы алдын ала белгіленген құрылымдық қасиеті бар, көптеген объектілер түсіндіріледі. Жүйелі талдау мынадай күрделі жүйелерді зерттеуде қолданылады: жекеленген саланың экономикасы, өндірістік кәсіпорын, т.б.

Жүйелік талдау негізгі төрт деңгейден тұрады:

1 – деңгейі – мынадай міндеттерді анықтауға арналады – зерттеудің мақсатын, міндеттерін, нысанын анықтау, сонымен қоса, зерттеу мен объектіні басқарудың принциптерін анықтау. Мақсатты дұрыс айқындап алмаса, ол барлық нәтижелерді жоққа шығаруы мүмкін

2- деңгейі – зерттеліа жатөан жүйенің шекарасы және оның құрылымы анықталады: алға қойылған мақсатқа қатысы бар объектілер мен процестер өзіндік зерттелетін жүйе мен сыртқы ортаға бөлінеді. Осыған байланысты ашық және тұйық жүйелерге ажыратылады. Тұйық жүйені зерттеу кезінде олардың іс-әрекетіне әсер етуші сыртқы ортаның әсеріне көңіл аудармайды. Одан кейін барып жүйенің құрамдас бөліктері сырқы орта мен оның арасындағы өзара қатынасты аынқтайтын оның элементтері атап көрсетіледі.

3- деңгейі – зерттелетін жүйенің математикалық үлгісін құрастыру жүйелік талдаудың басты деңгейі болып табылады. Алдымен жүйенің жұптастырылуы жүзеге асады, жүйе элементтері және олардың өзара қатынастары сипатталады. Процестің ерекшелігіне қарай жүйені талдау үшін математикалық аппараттар қолданылады. Жүйелі талдаудың үшінші деңгейінің нәтижесінде жүйенің аяқталған математикалық үлгілері қалыптасады.

4 – деңгей – бұл алынған математикалық үлгінің талдануы қорытындылар қалыптастыру мақсатындағы жүйенің экспериментальды шарттарының анықталуы.



Формализация – құбылыстар мен заттардың белгілі бір жасанды тілдің белгілі формасында көрініс табуы және нақты объектілердің зерттелу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Аксиоматикалық әдіс - ғылыми теорияны қалыптастыру әдісі, онда кейбір бекітілімдер ешдір дәлелдемелерсіз қабылданады және логикалық ережелерге сай қалған білімді алу үшін содан кейін барып қолданылады.

Анализ және синтез. Бүтіннің бөлшектерге ойда бөлшектенуі анализ деп аталады, ал бөлшектердің бүтінге біріктірілуі – синтез деп аталады. Осыған байланысты анализ зерттеудің аналитикалық әдістерінің негізін құрайды.

Анализ бен синтездің келесі түрлері ажыратылған:



  • тік немесе эмпирикалық әдіс – объектінің жеке бөлшектерін атап көрсетуге, оның құрамын анықтауға қолданылады;

  • қайтарым немесе қарапайым – теориялық әдіс - әр түрлі құбылыстар мен себепті байланыстар туралы болжауларға негізделеді;

  • құрылымдық – генетикалық әдіс – объектінің басқа жақтарына әсер етуші күрделі құбылыстардың элементтерінен тұратын көрсеткіш.


Форматизация, аксиомалық әдіс, анализ және синтез, индукция, ұқсастықтар – ҒЭ әдістері ретінде. Индукция және дедукция – бұл таным әдістері. Индукция – бірліктен жалпыға қарай қозғалу, дедукция – керісінше жалпыдан жекеге қарай. Бұл әдістердің көрінуі жеке және жалпы көрсеткіштерді есептеу әдістемесіне енгізіледі. Индукция – кейбір ғылыми болжамдарға ойша қорытынды жасау және дедукция –жалпы білім негізінде көптеген элементтер туралы ойда қорытынды жасау, яғни индукция мен дедукция танымның қарама-қарсы әдістері .

Аналогия – бір танымао заттан екіншісіне құрылымының ауысуы. Аналогия үлгілеу мен үлгілі экспериментпен тығыз байланысты. Егер әдетте эксперимент объектпен қатынасса, ал үлгілеуде мұндай өзара қатынас болмайды, өйткені эксперимент объект арқылы емес, оның алмастырылуымен өндіріледі.

Статистикалық – математикалық әдістер – көптеген мәліметтерді қорытындылауға және зерттелетін құбылыстардың даму тенденцияларын анықтауға, оның құрамы мен қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық құбылыстардың ғылыми танымдық процесті келесі үлгіде көрсетуге болады: фактілер – көрсеткіштер – заңнамалар. Демек, фактілерді алғаннан кейін , зерттеуші оларды қорытынды көрсеткіштерге өзгертіп алуы мүмкін. Талдау арқылы өзара қатынасты ашып түсіндіруге болады, ол зерттелетін құбылыстардың заңнамалық мәні болады.

Статистикалық – математикалық талдау –объективті заңдар әрекетін танудың және талдаудың ең жоғарғы формасы болып табылады. Негізгі қорытынды көрсеткіштер орташа көлемді болып табылады. Статистикада орташа көлем бұл – сапалы мазмұнға толы нақтылы көлем. Барлық кездейсоқтықтар мен жеке көлем мағынасы орташа көлемнің деңгейін қалыптастырады. Орташа көлем – күш қарқындылығының әр түрлі бағыттағы теңдестірілуі сияқты болып қарастырылуы керек. Сонда белгіленген құбылыс пен процесте орын алған негізгі ерекшеліктері мен тенденциялары кешенді көрсетілген.

Аналитикалық топтастырылған әдіс – корреляция дәісімен тығыз байланысты. Бұл әдістің негізгі міндеиті – аналитикалық тәуелділік формаларын анықтау және көрсету. Сондықтан корреляция әдісін талданатын өзара қатынастарды сипаттау үшін топтастыру әдісінің жалғасы ретінде қарастыру керек.

Танымның гипотетикалық әдісі – зерттелетін құбылысты физикалық, химиялық т.б. негізінде ғылыми болжамдардың талдамасын топшылайды, одан кейін барып сол ғылыми болжамдар қалыптасады, есептеудің сұлбасы, алгоритмі (модельдің), оның зерттелу, талдау, теориялық ережелердің құрастырылуы әзірленеді.

Тарихи әдіс – зерттеу объектілерінің пайда болу, қалыптасу және дамуының хронологиялық жүйесін топшылайды. Оның нәтижесінде зерттеуші зерттелетін объект туралы оның даму процесінде қосымша мәліметтер алады.

Дамудың негізгі заңдылықтарын қарастырайық.



Сандық өлшемнің сапалыққа алмасу заңы – Егер де динамикада жүйенің сандық үдеуі байқалатын болса, онда жаңа сапаның пайда болуы құбылыстың өміршеңдігін көрсетеді. Заңның ықпалы ескіден жаңаға ауысу процесінде байқалады.

Қарама – қайшылықтардың бірлігі мен күресу заңдылығы – дамудың ең басты негізгі заңдылықтарының бірі болып табылады. Мысалы, өндірістік күштердің дамуы қоғамдық қатынастармен белгілі бір деңгейде қарама-қайшылыққа енеді. Егер бұл кереғарлық қайшылықтар болса, онда қоғамдық қатынастардың алмасуы тек эволюциялық жолмен жүзеге асады.

Теріске шығару заңы – надандықтан білімге қозғалуды, ескіліктің жойылуы мен жаңа ұғымдардың қалыптасуын, қоғамдық дамудың ең жоғарғы формасына қарай қозғалысын білдіреді.

Зерттеудің ғылыми деңгейінің мәнін дұрыс түсіну үшін келесі философиялық принциптермен танысып алу қажет:



Жалпыға бірдей байланыс принципі – бұл философиялық принцип танымның методологгиялық негізінде қалыптасады, өйткені құбылыстарда байланыстың өте күрделі құрылымы қалыптасқан. Сондықтан негізгі байланыстарды таңдап алу және сараттау (талдау) өте маңызды. Бұл принциптің есептелуі өзара қатынасқан көрсеткіштер жүйесінің дайындалуын қажет етеді. Алайда бұл барлық жүйе көрсеткіштерінің бір мағынаға ие болғандығын білдірмейді. Құрастырылған жүйеде құбылыстың негізгі мазмұнын сипаттайтын көрсеткіштерді атап көрсету маңызды.

Даму принципі – уақыт пен кеңістіктегі барлық құбылыстар әрдайым қозғалыс және даму үстінде деп бекітеді. В.И.Ленин бұл мәселеге байланысты, кез келген қоғамдық құбылыстарда өткеннің қалдығы, қазіргінің негізі және болшақтың бастауы бар деген. Осы философиялық ойға негізделіп, белгілі бір қоғамдық – экономикалық құбылыстардың даму динамикасын сипаттауға болады.

Кездейсоқтық – табиғаттың ішкі және сыртқы факторларына әсер етуші байланысынан туындайтын принцип, олар бір жағдайларда орынға ие болса, екіншісінде шегініс табады.

Қажеттілік – бұл құбылыстың өзіне қатысты себептерінің болуы және оның ішкі байланысынан туындайды. Қоғамдық құбылыстарды табысты ғылыми зерттеу үшін объективті экономикалық және әр түрлі біліммен қаруландыратын саяси экономиканы зерттеу қажет.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. ҒЭ методологиялық негізі. ҒЭ жалпы ғылыми әдістері

  2. Форматизация, аксиомалық әдіс, анализ және синтез

  3. Индукция, ұқсастықтар – ҒЭ әдістері



Дәріс №6. Ғылыми технологиялық шығармашылықтың әдістері және қағиданың элементтері
Жалпы сұрақтар

  1. Ғылыми құжаттар мен басылымдар

  2. Ғылыми ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру


Ғылыми құжаттар мен басылымдар. Ақпараттық ресурстарды сипаттайтын ақпараттық өнімнің құрылымының құрылымдық бірлігі ғылыми құжат болып табылады, оның негізінде оның сақатлуы мен қолданылуына қатысты ғылыми техникалық ақпарат құрайтын материалдық объекттер түсіндіріледі. Ақпараттық амалдарына байланысты құжаттар ажыратылады:

  • Мәтіндік (кітаптар, журналдар, есептер, т.б.)

  • Кестелік (сызбалар, сұлбалар, диаграммалар, т.б.)

Сонымен қоса, құжаттар бастапқы (олар зерттеудің нәтижесін, жаңа ғылыми мәліметтерді, т.б.) және қайталама (бір не бірнеше бастаушы құжаттардың аналитикалық – синтетикалық және логикалық жағынан қайта жасалуын құрайды) болып бөлінеді.

Бастапқы құжаттар мен басылымдар. Бастапқы құжаттар болсын, қайталама құжаттар болсын басылған және басылмаған болып (басылым) бөлінеді. Бастапқы құжаттар – кітаптар мен кітапшалар.

Кітаптар бөлінеді: ғылыми, оқу, ресми құжаттар, ғылым танымал. Бір тақырыпқа айланысты жан-жақты мәселелрді қамтитын монографиялық кітаптар да маңызды роль атқарады.

Оқу мақсатында оқулықтар, оқу құралдары басылып шығады. Ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы жүйелік мәліметтерді құрайтын мерсімсіз басылымдар оқытушыға ыңғайлы формада баяндалады.

Мемлекет немесе қоғамдық ұйымдар атынан басылатын ресми басылымдар да бар. Олар заңнамалық, нормативті және директивті сипаттағы материалдарды құрайды. Мерзімді басылып отыратын журналдар белгілі бір уақыт аралығында белгіленген жылы, айда, нөмірі көрсетіліп шығарылады. Мерзімді басылымдарға сонымен қоса, басылымның жалғасы жатады. Бұл уақыты белгіленбей шығарыла береді.

Техникалық басылымның арнайы түріне нормативті техникалық құжаттар жатады. олар ғылыми техникалық деңгейді және басылатын өнімнің сапасын көрсетеді.

Стандарт – нормативті – техникалық құжаттар норманы, ережелерді, объектіге қойылатын талаптарды , стандарттарды бекітеді.

Стандарттың әр түрлі категориялары бар:


  1. ГОСТ – мемлекеттік

  2. ОСМ – салалық

  3. СТП - өндіріс стандарты, т.б

Мазмұнына байланысты стандартқа енеді:

  1. техникалық талаптар мен шарттар

  2. параметрі мен мөлшері

  3. типтері

  4. конструкциясы (құрастырылуы)

  5. маркасы

  6. сұрыптауы

  7. қабылдау ережелері

  8. бақылау әдістері

ҒЗЖ құрастыру үшін құжаттардың мәнін айқындайтын жаңалықтар, өнертабыс т.б. өндірістік жеке меншіктердің түрлері туралы мәліметтер беретін патентті құжаттардың мәні зор.

Патентті құжаттамалар ұқыпты экспертизаға жататындықтан, сенімділіктің жоғары дәрежесін иеленеді. Бастапқы жарияланбаған құжаттар қатарына ғылыми-техникалық есептер, ғылыми аудармалар, құрачтарушылық құжаттамалар жатады.

Қайталама құжаттар мен басылымдар анықтамалық, шолу, рефераттық және библиографиялық болып бөлінеді.

Анықтамалық басылымдар теориялық қорытындылардың нәтижесі, әр түрлі мағыналары мен көлемдерді құрайды. Шолу басылымдары жүйелік, логикалық қорытынды мәліметтерді таңдаудан алынған нәтижелерінің ақпараттарын құрайды. Шолулар аналитикалық (ақпараттың аргументтік бағасын, оның қолданылуы туралы ережелерді құрайтын) және рефераттивті (сипаттамалық қырын көрсетеді) бөлып бөлінеді.

Реферативті басылымдар (реферативті журналдар мен жинақтар). Бастапқы құжаттардың қысқартылған мазмұндамасын және оның негізгі фактілік мәліметтері мен қорытындыларын құрайды.

Библиографиялық көрсеткіштер шығарылған басылымдардың библиографиялық сипаттамасын құрайтын кітаптық және журналдық мәтіндердің басылымдары болып табылады. Библиографиялық сипаттаманың орналасу принципіне байланысты көрсеткіштер жүйелік белгілі бір классификациялық жүйеге сәйкес техника және пәндік болып бөлінеді. Қайталама басылған құжаттарға тіркеу, ақпараттық карталар, диссертацияның есептік карточкасы және ақрараттық хабарламалар енеді.



Ғылыми ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру. Кез келген зерттеуші өзінің ғылыми жұмысына қажетті материалдарды, әдебиеттерді іздеп, әрі жинақтай білуі қажет, яғни библиографияның негізгі білімімен қарулануы шарт. Библиография алдына оқырмандарын өзінде бар басылымдар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету міндетін қояды, сондықтан көрсеткіштер, каталогтар, шолулар жасайды.

Әдебиеттермен танысу процесін өзін қызықтыратын мәселе төңірегіндегі анықтамалық әдебиеттермен танысудан бастаған дұрыс (әмбебап және арнайы энциклолпедия, сөздіктер, анықтамалар). Содан кейін барып ҒТАИ (ғылыми – техникалық ақпараттар институты) – ның есептік – тіркелген басылымдарымен және іргелі кітапхананың библиографиялық көрсеткіштерімен танысу керек.

Қызықтырған проблема төңірегіндегі өзіндік библиография кітаптар, журналдар, мақалалар т.б. туралы мәліметтерден тұратын кітапханалық каталогтар негізінде құрастырылады. Кітап карточкасына оның авторы, тақырып, басылым түрі, басылым орны, баспахана, басылым жылы, беттің саны енеді. Журналдық мақалалар карточкасына авторы, тақырып, журнал атауы, басылым жылы, томы, шығарылған номері, бет саны көрсетіледі. Ал газет бетіндегі мақалалар карточкасында автор мен тақырыппен қатар, газетт атауы, жылы күні, айы көрсетіледі. Құжатқа қолданылған дереккөздер тізімін енгізген кезде библиографиялық көрсеткіштердің элементтері арасындағы тыныс белгілеріне назар аудару керек, және оларды карточкада көрсетілген күйінде қолдану керек.

Анықтамалық - нұсқаулық сипаттағы оқырмандар каталогі үш түрлі болады: алфавитті, жүйелік, алфавитті-пәндік.

Алфавитті каталогтің бұлай аталуы карточкасы шығарма авторының тегі немесе егер автор көрсетілмеген жағдайда, оның шығармасының атауы алфавитті тәріппен қойылады. Осының арқасында бір автордың барлық кітаптары бір орынға жинақталады.

Жүйелік каталог – бұнда карточкалар білім салалары бойынша орналасады. Бұл белгілі бір білім саласы бойынша әдебиеттерді таңдауға мүмкіндік береді. Каталог белгілі бір тақырып бойынша кітапханада бар кітапты, оның авторын, кітаптың нақты атауын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік каталогта библиографиялық мәліметтер ЖОК негізінде білім жүйесіне енгізілген.

Жүйелік каталогтің кітлі болып алфавиттік-пәндік каталог табылады. Онда алфавиттік тәртіппен кітапханада бар барлық әдебиеттер тізбеленеді.

Проблема төңірегіндегі өзіндік библиография құрастыру кезінде кітап соңында көрсетілген әдебиеттер тізіміне, мақалаларға, т.б. анықтап назар аудару керек.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Ақпараттық амалдарына байланысты құжаттардың ажыратылуы.

  2. Реферативті басылымдар.

  3. Стандарт категориялары мен мазмұны.



Дәріс №7. Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері және ғылыми-зерттеу кезеңіндегі таңдау бағыттары. Ізденісті зерттеулер
Жалпы сұрақтар

  1. Ғылыми зерттеудің теориялық негіздері, кезеңдері және нәтижелерін өңдеу әдістері.

  2. Ғылыми зерттеудің объектісі мен субъектісі туралы ұғым


Ғылыми зерттеудің теориялық негіздері, кезеңдері және нәтижелерін өңдеу әдістері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары ретінде мыналарды ескерген жөн:

  • Түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда студенттер мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;

  • Студенттердің қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми  зерттеулер жүргізуге қатысуы;

  • Жоғары оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту;

  • Студенттерде өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;

  • Студенттерге оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;

  • Студенттерді өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту;

  • Студенттердің оқу жоспарынан тыс жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен қатысуы;

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-техникалық іс-шаралар нәтижелілігін арттыру;

  • Студенттердің түрлі ұйымдастыру – құқықтық формаларының ғылыми-шығармашылық бірлестіктерінде білім мен кәсіпкерлікті ұштастыру;

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жетекшілік етуде ЖОО оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің қатысуын жандандыру.

 Негізгі түрлері

    1. Оқу үрдісіндегі арнайы ғылыми-зерттеу жұмысы

    2. Оқу үрдісін толықтырушы ғылыми-зерттеу жұмысы

    3. Оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы

       СҒЗЖ негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлеріне:

      • Оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы.

      • ҒЗЖ кей мәселерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу.

      • Ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар.

      • Профессор-оқытушылардың нақты жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары.

      • ҒЗЖ  іс-тәжірибелерге қосу.

      • Берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстар.

      • Студенттердің ғылыми үйірмелері.

      • Студенттік құрылыс бөлімдері.

      • Студенттік ғылыми-техникалық бөлімдері.

      • Студенттік конструкциялық орталығы.

      • Патент алу мақсатында студенттердің ғылыми ізденісі.

      • Белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтары немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер.

      • Әр  түрлі көздерден (грант, келісім шарт, мемлекет қаржысы негіздерінде) қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарларының орындалуына  студенттерді қатыстыру.

      • Студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін айтулы іс-шараларға қатыстырылуы (кафедрадағы, факультеттегі, аймақтық, республикалық, халықаралық). Мұндай іс-шаралар СҒЗЖ жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық деңгейін арттруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар: ғылыми семинарлар, конференциялар, синпозимдар, ғылыми және оқу үрдісіндегі студенттердің  зерттеу жұмыстары жөніндегі түрлі жарыстар, әр сала немесе мамандық бойынша өткізілетін жарыстар.

      • Ғылыми зеттеу жұмыстарына қабілеті бар студенттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрістер.

      • Барлық оқу жоспарларына   « Ғылыми зерттеулердің негізі » атты курстарды ендіре отырып, студенттердің өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу.

      • Түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылыми – техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету.

      • Студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге қатысуын қамтамасыз ету.

жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау