Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет54/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
114 
тұрғысынан  жеке  тұлғаны  дамытудағы  қоғамның  рухани  және  адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе.  
Бүгінгі  таңдағы  тасқындаған  ӛмір  тағы  да  бір  табиғи  заңдылықты    яғни, 
еліміздегі  оқу-білім  мазмұнын  әлемдік  деңгейге  кӛтеру,  жас  ұрпаққа  бұрынғыдан  да 
табанды, сапалы да ықпалды білім беруді талап етеді. 
Қазіргі  мектептер  бала  үшін  болашақтағы  әлеуметтік  және  азаматтық 
жетістіктерге  жетудің  негізі  болу  үшін  іс-әрекетке,  құзыреттілікке,  тұлғаға 
бағдарланған оқытудың тәсілдеріне негізделген жаңа мектептерді құруға кӛшуде. 
Мұндай  мақсатқа  жетуде  жалпы  білім  беру  жүйесі,  оның  ішінде  үздіксіз  білім 
беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш мектеп үлкен орын алады. 
Жалпы 
білім 
беру 
мазмұнының 
жаңартылған 
негізіне 
«түйінді 
құзыреттіліктер» негізге алынған. Яғни, білім беру мазмұнын жаңартудағы маңызды 
мәселелердің бірі ретінде түйінді құзыреттіліктерді іріктеу болып табылады, немесе 
оқыту  үрдісінде  барлық  оқу  пәндерін  үйрену  үрдісінде    оқушылардың  түйінді  
құзыреттіліктерін қалыптастыруға негізделеді.  
Стандартта «түйінді құзыреттілік интегративті жаратылысқа ие, ӛйткені, ол ӛзіне  
бірыңғай  немесе  біртектес  біліктер  мен  білімдердің  қатарын  ӛзіне  сіңіріп,    әрекетте 
(ақпараттық,  құқықтық  және  т.б.)  және  кең  ауқымды  мәдениетке  релевантты 
қатынасы» ретінде белгіленеді [1].  
12 жылдық жалпы орта білім беру стандартында айтылған мақсат міндеттерге сай 
білім берудің мынадай нәтижелері  белгіленген:  
тұлғалық – қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен құндылық бағдарларының 
жүйесі; 
-  әрекеттік  –  әмбебап  әрекет  тәсілдері  ретінде  қалыптасқан  түйінді 
құзыреттіліктер;  
академиялық – білім беру саласы бойынша меңгерген білім, білік, дағдылары.  
Стандартта  түрлі  ӛмірлік  жағдайларға  қажетті  әмбебап  іс-әрекет  түрлерін 
меңгеруін  анықтайтын,  нақты  білім  ортасының  құзыреттілікке  бағдарланған  білім 
парадигмасына кӛшуге ерекше екпін берілген. Білу мен әрекет ете білу біліктілігі – бұл 
білім  беру  нәтижесінің  түрлі  әдістер  арқылы  тексеріліп,  қалыптасуын  білдіреді.  Бұл 
құзыреттілік ұғымының мәнін түсінумен анықталады. 
Сонымен  қатар  осы  стандартының  мазмұны  әр  оқушының  жеке  ерекшелігіне 
қарай  білім  нәтижесі  түріндегі  құзыреттер  жиынтығын  игеруге  бағдарланып 
белгіленген. 
Онда  білім  беруден  күтілетін  нәтиже  проблеманың  шешімін  табу,  ақпараттық 
және коммуникативтік деп аталатын негізгі құзыреттіліктер түрінде берілген [2]. 
Түйінді  құзыреттердің  сапасы  ретінде  олардың  кӛпфункциялылық,  пәнүстілік, 
кӛпӛлшемділік  сияқты    ӛзіндік  белгілері  бӛліп  кӛрсетіледі.  Олардың  пайда  болуы: 
абстрактылы  ойлау,  ӛзіндік  ой  қозғау,  ӛзін-ӛзі  бағалау,  сыни  ойлауды  дамытумен 
байланысты.  
Құзыреттілік  мәселесін  зерттеуде  білім  философиясының  педагогикалық 
шынайылықты  шешуші  мән-мағынасы  мен  қарама  –  қайшылықтарын  ӛзгертудің 
тұжырымдық  тәсілдері  қарастырылады.    Білім  философиясы  мәселесі  ежелгі 
философтардың  іргелі  тұжырымдары  мен  бүгінгі  білім  философиясындағы  ӛзіндік 
бағыттарын  (Б.С.  Гершунский,  Э.Н.  Гусинский,  В.В.  Краевский,  К.Ж.  Қожахметова, 
А.Қ.  Құсайынов,  Н.Д.  Никандров,  Н.Н.  Нұрахметов,  Ш.Т.  Таубаева,  М.Ж.  Жадрина, 
Ү.Б. Жексенбаева, т.б.) зерттеп, қалыптастырудың жолдарын ұсынған.  
Қазіргі  білім  моделінің  уақыт  талабына  сай  келмеуі  білім  беру  жүйесіне 
ӛзгерістер  енгізуді  қажет  етіп  отыр.  Осы  мәселенің  басты  себептеріне  байланысты 
білім  мазмұнына  ӛзгерістер  енгізу  мен  оқу  мерзімін  ұзарту  мәселелеріне  байланысты 
жүргізген  (Е.В.  Бондаревская,  А.П.  Валицкая,  М.Ж.  Жадрина,  В.В.  Краевский,  В.П. 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
115 
Беспалько,  В.А.  Сластенин  т.б.)  зерттеулерінде  білім  кеңістігіне  түбегейлі 
ӛзгерістердің қажеттілігі атап кӛрсетіледі.    
Құзырет, құзыреттілік, түйінді құзыреттілік ұғымдары тәжірибеде ӛз орнын таба 
білген  ұғымдарға  айналып,  оның  теориялық  тұрғыда  жүйеленіп,  зерттелуіне  деген 
қажеттілік  туындап  отыр.  Бұл  ұғымдар  тұлға,  қызмет  ұғымдарымен  тікелей 
байланыста  ӛзіндік  психологиялық,  педагогикалық,  әлеуметтік-философиялық 
еңбектерде жан-жақты қарастырылады.  
Құзыреттілік оқу нәтижесінен бастау алғанымен, қызметтік, тұлғалық әрекеттерді 
ӛз  бетімен  ұйымдастырып,  адамның  ӛзіндік  даму,  ӛсу  дәрежесіне  дейін  дамуы 
мүмкіндіктері  болып  табылады.  Құзыреттіліктің  педагогикалық  тұрғыдағы  мәні  мен 
жаңа білім жүйесіндегі орнын анықтап, жүйелеу қажеттілік екені сӛзсіз.  
  Нәтижеге  бағдарланған  білім  парадигмасы  қазіргі  ӛркендеген  қоғамды 
қамтамасыз  ететін  әрбір  жеке  тұлғаның  даралық  қасиеттерін  дамытуды  кӛздейді. 
Қазақстан 
Республикасында 
2015 
жылға 
дейін 
білім 
беруді 
дамыту 
тұжырымдамасында  пәндік  білімнен  нәтижеге  бағдарланған  білім  жүйесіне  кӛшудің 
құрылымдарын  анықтауда  құзыреттілікті  білім  сапасына  қатысты  зерттеудің 
педагогикалық теория мен практикадағы кӛкейкестілігін арттыра түседі [2].  
Оқушының  құзыреттілігін  қалыптастыру  күрделі  әрі  кӛп  қырлы  мәселе.  Бұл 
философияда,  педагогикада,  психологияда,  әлеуметтануда  т.б.  кӛптеп  зерттелуде. 
Кешенді  зерттеу  аталған  ғылымдардың  бұл  мәселені  шешудегі  мүмкіндігін  шектеу 
емес, керісінше сол салалардың нәтижелерін саралай пайдалана отырып, оқушылардың 
түйінді  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың  маңызын,  мазмұнын,  құрылымы, 
қалыптасуы  мен  мен  дамуының  шарттылығы  мен  мүмкіндіктерінің  тұтас  сипатын 
педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып кӛрсету.     
А.В.  Хуторскойдың  анықтауы  бойынша  түйінділер  санына  жеті  құзыретті 
қатыстыруға  болады,  олар:  құндылық-мағыналық,  жалпымәдени,  оқу-танымдық, 
коммуникативтік,  әлеуметтік-еңбек,  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  кемелдендіру  және 
ақпараттық[3].   
Бір  қатар  авторлардың  кӛзқарастары  бойынша    түйінді  құзыреттерге      білім, 
іскерліктің жиынтығы  мен  іс-әрекетті орындаудың әдістерін қамтый келе 
 
құрамында:  
қажеттілік,  жарамдылық, қанағаттылық, жетістік секілді  әр текті  кӛрсеткіштер орын 
алатынын іскерліктердің негізі ретінде қарастырады. 
Түйінді құзыреттіліктер деп біріншіден қоғамның әр бір мүшесінің бойында бар, 
екіншіден  түрлі  жағдайларда  іске  асыруға  болатын  құзыреттерді  айтуға  болады. 
Сондықтан,  түйінді  құзыреттер  жан-жақты  және  түрлі  жағдайларда  қолданылатын 
құзыреттер [4]. 
Түйінді құзыреттіліктер шынайы және әлеуметтік маңызы бар ақиқат нысандарға  
–  техникалық  құралдар,  ақпаратты  тасымалдау  құралдары,  табиғат  пен  мәдени 
құбылыстарды, қоғамдық, саяси, немесе басқа да үдерістерге жатады. 
Нақты  зерттеу  нысанына  қатысты  білім  беру  іс  тәжірибесі  және  эмоционалды-
құнды қарым-қатынастар оқушының іс-әрекеті барысында педагогикалық бейімделген 
әлеуметтік тәжірибе ретінде танылатын білім беру мазмұны болып табылады. 
Олай  болса,  білім  беру  мазмұнына  ақиқатты  тану  ғана  емес,  зерттеуді  қажет 
ететін  нақты  нысан  ретіндегі  сол  болмыс  енеді.  Бұл  нысандар  арқылы    оқушыларда 
түйінді  құзыреттер тізімінде жүйеленген білім, білік, дағды және іс-әрекет тәсілдерін 
қалыптастыратын білім беру іс-әрекеті ретке келтіріледі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана 2008. 
2.  ҚР 12 жылдық білі беру тұжырымдамасы. Ресми басылым. 2006 
3.  ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.-2002 
4.  Хуторской  А.В.  Ключевые  компетенции:  технология  конструирования// 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау