Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
116
Народное образования.-2003. №5.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада түйінді құзыреттіліктерді қалыптастырудың педагогикалық негіздері
қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье излагаются формирования ключевых компетенции школьников
начального класса в процессе обучения ориентированного на результат.
ФИЗИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сәндібаева Н.Ә. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Алматы қ. Nazira.S Әрбір
елдің ӛсіп-ӛркендеуінде техникалық ғылымдар басты рӛл атқарады. Әсіресе біздің
еліміз жӛнінен айтқанда, елбасы жолдауларында кӛрсеткендей және «Интеллектуалды
ұлтты тәрбиелеу» жобасына сәйкес интеллектуалды секіріс жасау барысында физика
сияқты техникалық ғылым ауадай қажет. Сол ауадай қажет білімді, елдің ертеңгі тірегі
болатын жас ұрпаққа үйрету,
мына біз ұстаздардың міндеті
1
.
Ғылыми-техникалық ӛрлеудің және жаңа технологиялардың дамуы үшін
физиканың мәні арта беруіне байланысты, мектептерде физиканы оқытуға үлкен назар
аударылып, осы пәннің жетілдірілуі үшін жаңа бағдарламалар, әдістер, педагогикалық
әрекеттер жиыны жасалуы тиіс.
Ф
изика пәнінен сапалы білім беру - міндетті түрде тәжірибе мен оқу
экспериментін тиімді пайдаланып, оң нәтижелер алу арқылы жүзеге асырылуы керек.
Тәжірибе – физикадағы білімнің кӛзі, қайнар бұлағы. Физика пәнін оқытуда 7-11
сыныптарда ӛтілетін материалдарды қарастыра келе демонстрациялар мен
кӛрнекіліктерді қолдану тиімді екенін анықтап білуге болады. Тәжірибені
кӛрнекілеудің кӛп мақсаттарының бірі - ол жаңа тақырып ӛту барысында
оқушыларды физика пәніне қызықтырумен ӛтілетін физикалық ұғымдарды дұрыс
қабылдап, нақты ғылыми түсінік иемденуіне ықпал етуі. Тәжірибе кӛрнекілеу сабақта
айтылған оқытушының теориялық шарттарын нақтылап түсіндіруге зор ықпалын
тигізеді. Бұл мақсаттардың орындалуы үшін оқытушының айтқан қағида-
тұжырымдарына тәжірибедегі физикалық заңдылықтар мен құбылыстар кӛрнекілігі
болуы керек.
Физика пәнін оқытуда құбылыстарды немесе обьектінің қасиетін идеалдау
арқылы теориялық түрде ғана оқып үйретіледі. Оқушылар осы абстракциялау
әдісіндегі құбылыстарды кӛз алдына елестете алмай, оған қолданылатын заңдылықтар
мен құбылыстарды түсінбейді, яғни күнделікті нақты ӛмірде практикалық кӛргендерін
теориялық оқып–үйренгендерімен ұштастыруы қиын. Сондықтан, физика пәнін
оқытуда әр түрлі тәжірибелер мен оқу эксперименттері кеңінен пайдаланылады.
Физика пәнінен бағдарлама бойынша тәжірибелер кӛрсетілмесе және міндетті
зертханалық жұмыстар жүргізілмесе, онда ең жақсы баяндалды деген тақырыптың ӛзі
де қанағаттанарлық деп есептелмейді. Тәжірибелер қандай да бір құбылыс пен
заңдылықтың иллюстрациясы ғана емес. Ол білім кӛзі, әртүрлі теориялық
қағидалардың дұрыстығының дәлелі болады, оқушылардың дағдылары мен білімін
дамытады. Физикалық тәжірибелер мен оқу экспериментін пайдалана отырып,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
117
оқушылардың ойлау қабілетін, білім, білік, дағдысын, шығармашылық белсенділігі
мен танымдық қызығушылығын қалыптастыру да қазіргі заман оқыту әдістемесінің
негізгі талаптарының бірі. Физика пәнін оқытуда тәжірибелер, оқу эксперименті
арқылы:
- жаңа технологияларды меңгерту;
- оқушылардың ойын жинақтау, ұқыптылық, тӛзімділік, ізденушілік, жан жақты
бақылай білу, білімдерін дамытуға баулу, күнделікті ӛмірде дағдылану құзыреттілігін
қалыптастыру;
- тәжірибелер жасай отырып жаңа білім кӛздерін ашу;
- кӛрнекілеуді әдістемелік мақсатпен ұштастыру;
- шығармашылық белсенділігі мен танымдық қызығушылығын қалыптастыру
сияқты қабілеттіліктерді дамытуға болады
2
.
Физика пәнінен оқыту барысында сабақты белгілі бір жүйемен ӛткізіп, халықтық
педагогика элементтерін қамти отырып оқыту арқылы жүргізілетін сабақтардың
тиімділігі мен сапасын арттыруға болады. Тӛменде бірнеше сабақтардың үлгі-
жоспарлары беріліп отыр.
Физикалық шамалар, физикалық шамаларды ӛлшеу
1.
Мыналардың ішінен: масса, метр, спидометр, таразы, секунд, сызғыш,
термометр, мензурка, жылдамдық, ұзындық, килограмм, кӛлем, сағат, градус, аудан,
уақыт, температура, секундына метр, шаршы метр; физикалық шаманы, оның бірлігін
және ӛлшеу құралын тӛмендегі кӛрсетілген үлгіде теріп жазыңдар.
Үлгі: масса-килограмм-таразы.
2.Мына сұрақтарға түсінік беріндер.
Бастауыш сыныпта қандай физикалық шамамен,
құралдармен таныс
болдыңдар? Үйде қандай құралдармен таныссыңдар?
Әйтеуір бір шаманы ӛлшеу дегеніміз не?
Жіптің жуандығын кәдімгі сызғышпен ӛлшеуге бола ма? Болса қалай?
3.Тӛменде қазақ халқының ескі ӛлшеу бірліктері келтірілген: ат шаптырым, бие
сауым, бармақ елі, батпан, мысқал, қап, қадақ, танап, кӛнек, шӛкім, адым, жанторсық.
Бұлар қандай шамалардың ӛлшеу бірлігі ретінде қолданылған?
4.Мына мақалдардың тәрбиелік және физикалық мәнін түсіндіріңдер:
«Жеті рет ӛлшеп, бір рет кес».
«Қарыстан сүйем жуық».
«Гауһарды мысқалдап ӛлшейді».
5.Ӛлшеу құралдарының атын атап, ӛлшеу құнын анықтаңдар. Құралдың
бағдаршасы қандай шаманың мәнін кӛрсетіп тұр?
Заттың құрылысы,
молекулалар
1.Дененің кӛлемін қандай тәсілдермен ӛлшеуге болады? Бірнеше тәсілін атаңдар.
Денен кӛлемінің ӛзгеруін заттың молекулалық құрылысы тұрғысынан қалай
түсіндіреді?
2.Мына сұрақтарға түсінік беріңдер.
Неге шыныдан жасалған ыдысқа бірден ыстық су құйсақ, ол сынады? Ыдыс
сынбау үшін не істеу керек?
Неге ыстық қазанға суық суды бірден құюға болмайды?
Ыдыстардың қақпағына дейін толтыра сұйық құюға болмайды. Неге?
3. Қазақ зергерлері асыл бұйымдар жасағанда заттың құрылысын қалай
пайдалана білген? Сол сияқты ағаш шеберлері киіз үйдің уық, керегесін талдан немесе
қара мойылдан; шаңырақ, табалдырығын қайыңнан жасаған. Сонда оларды морға
салып балқытып, тезге салып әртүрлі бейнеге келтірген. Осылар, аталған заттардың
қандай қасиетіне негізделген еді?
4.Мына мақалдардың тәрбиелік және физикалық мәнін түсіндіріңдер.