Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
110
-студенттердің сабаққа дайындығы (қажетті құрал-жабдықтары);
-студенттердің конспекті жазуын қадағалауы;
-уақытты дұрыс пайдалануы;
Тексеру барысында теориялық материалдың (лекция) мазмұнына қатысты
мынадай мәселелерге кӛңіл бӛлінеді:
-сабақтың тақырыбының бағдарламаға сәйкес келуі, мақсатының дұрыс қойылуы;
-тақырыптың толық және жан-жақты ашылуы, ой қорытуы, мақсатына жетуі,
студенттердің материалды саналы және терең игеру деңгейі;
-дидактикалық ұстанымдардан: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, кӛрнекілік,
проблемалық ұстанымдар мазмұнына сай қолданылады ма, қайсысы тиімді болды;
-студенттердің әрекеті, белсенділігі,тақырыпқа қызығушылығы;
-сабақтың құрамы мен типінің дұрыс таңдалынуы;
-сабақтың ғылыми-теориялық деңгейі (ғылыми зерттеулерді, ғылымдағы соңғы
жетістіктерді пайдалануы);
-сабақтың кәсіби бағыттылығы, теорияның практикамен, келешек мамандығы
мен байланысы;
-оқу материалын жеткізудегі логикалық бірізділігі;
-ӛткен материалмен, басқа пәндермен байланысы;
Сабақты ӛткізу әдістемесі жағынан мына мәселелерге кӛңіл бӛлінеді:
-сабақтың тиімділігін кӛтеруде оқытудың жаңа технологиясы оның элементтерін,
озат тәжірибе, оқытудың актив әдістері мен тәсілдерін пайдалануы;
-сабақтың құрылымы (мақсат қоюы, негізгі мәселені бӛліп ала білуі, оны
мағыналық жағынан басқа бӛліктермен байланыстыра алуы);
-сабақта қолданылған әдістің тиімділігі және оның дидактикалық мақсатқа
жетуге әсері;
- пәндік білім, оған студенттердің қызығушылығын туғызу іскерлігі, дәрісхананы
басқара алуы, кері байланыс, білім алушылардың белсенділігі;
-сабақтың құрылымдық элементтеріне қарай уақытты тиімді пайдалана алуы;
-оқытушының сӛйлеу мәдениеті, сӛзінің мәнерлігі, әсерлілігі;
-студенттердің сӛйлеу мәдениетіне мән беруі;
-сабақтың мазмұны мен ӛткізу әдістемесінің тәрбиелік міндетті шешуге әсері;
-мәдени қарым-қатынас деңгейі;
-студенттердің қойған сұрақтарына оқытушылардың берген жауабының
мазмұндылығы, нақтылығы, олардың білімі мен іскерлігін дұрыс бағалауы;
-студенттердің практикалық және әдістемелік дағдысын қалыптастыруға кӛңіл
бӛлінуі;
-игерген білімді бекіту әдістемесі;
-дәрісхананың ерекшелігін ескеру, білім алушылармен жеке жұмыс;
-сабақта қолданылған технологиялық құралдар, оның материал мазмұнын
игеруде тиімділігі.
қытушының сабағына талдау осы межелердің нәтижесіне қарай бағаланады.
Нормативті құжаттарда бағалау туралы арнайы айтылмайды. Алайда, оқытушылардың
сабақ беру шеберлігі теориялық білімі, студенттерді бағалай алу қабілеті бәрінде
бірдей емес.Сондықтан олардың оқыту әрекеті сараланып бағалануы тиіс деп
ойлаймыз.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдары кӛрсетіледі.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается полезные методы организации урока.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
111
ҚЫЗДЫҢ СӚЙЛЕУ ӘДЕБІ
Пірімқұлова Б.З – мұғалім (Актобе қаласы №33 мектеп)
Қыздың сӛйлеу әдебі ғылымның нысаны болмақ керек. Адамзат баласы дүние
есігін ашқаннан бері қоршаған ортаға әсер ету үшін қоғам мен табиғаттың даму
заңдылықтарын зер сала зерттей, тынымсыз тану үстінде ол туралы ілім-білім жүйесі
- ғылым қалыптасты.
"Ана тілі дегеніміз — сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын
да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік
мәселесі. Ана тілін тек ӛгей ұлдары ғана менсінбейді, ӛгей ұлдары ғана аяққа басады.
Ана тілін ұмытқан адам ӛз халқының ӛткенінен де, болашағынан да қол үзеді " дейді
кӛркем сӛздің хас шебері Ғабит Мүсірепов.
"Ана тілі" ұғымында екі түсінік бар: бірі - тар мағынада алғанда ананың сӛз
саптау салты, тілдік ерекшелігі,е к і н ш і с і — кең мағынада ұлттың тілі.
"Ана тілі" ұғымы ғылымда кездесетін "әйел тілі" ұғымымен мәндес. Біз мынандай
анықтама ұсынамыз: Әйел тілі - тілдік бірліктің вербальдық жіктелуі (тілдік) және ым
тілі амал-тәсілі (тілдік емес) құбылысының атауы, соның ішінде тек қана әйелдерге
қатысты тілдік қолданыстар мен хабарлауға кіретін, сондай-ақ әйел жынысымен әдепті
сӛйлесуге болатын тіл.
Ана туралы қазақ кӛсемсӛздің хас шебері Баубек Бұлқышев былайша толғайды:
...Ананың тілі, ананың махаббаты, анасының тілегі тіл жетпес жатқан бір теңіз
емес пе? Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!
Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір
ұстазың бар. Ол - ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып
жабысатының, шырылдап уанбай жылап сенің іздейтінің - ана. Сен жан болып дүниеге
келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол - ана. Ол саған бәрінен қамбат. Сен үшін ол
жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол — ана.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады.
Ананың жолы басқа. Ана деген сӛздің ӛзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек,
тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!
Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қарт, кӛз, қара баланың анасы, сенің
жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.
Қазақ ақ тілек, ақ ниет, ақ пейілді анаға байланыстырады.Алып - анадан.
Қонақжайлылық дәстүріміз, бар жақсылық әйелдерден бастау алады. Әйел жӛнінде
қазақтың не бір қанатты сӛзі бар.Әйел бейнесі қазақ мақал-мәтелдерінде шебер
суреттеледі."Әйел-тіршіліктің түп тамыры", "Әйел жолы жіңішке" дейді халқымыз.
Қазақстанда кӛп балалы әйелдер "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталады. Қазақ
халқының менталитет, гендерлік, тұғырда дараланады,- қызын ар деп, ұлын нар деп
білген [1].
Халқымыз қызын мәпелеген, жан-жүрегі елжіреп, мейірімі түсіп тұрған. "Гүл ӛссе
- жердің кӛркі, қыз ӛссе - елдің кӛркі", "Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын, Кӛрінер
толған айдай жүзі жарқын", "Шешесін кӛріп, қызын ал" дейді халқымыз. Ер-тұрманы
әшекейлі сұлу Жорғаларды қызға мінгізген, ең құнды затты қыздың жасауына қосқан.
Аталарымыз қыздың нәсібі болады, ол үйдің тӛріне шықсын деп, қызды тӛрге, ең
сыйлы орынға отырғызған. Қыз алдында дӛрекі сӛйлемеу - қазақтың ежелгі дәстүрі.
Бірақ халқымыз қызды тым еркіне жібермеген. "Қызға қырық үйден тыйым, қала
берсе, қара күңнен тыйым дегені - соның дәлелі.
Айтып-айтпай немене, тілдің ұрпақтан ұрпаққа ұласуы келінге байланысты. Ата-
енемен жақын болған, күйеу мен қайнағаға іззет кӛрсететін, қайын сіңілі мен сыйлас
келіннің сӛзі де, ісі де ұрпаққа үлгі. Қазақ келінін аса құрметтеген. Оны ӛз қызы
Достарыңызбен бөлісу: |