Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
130
М А Г И С Т Р А Т У Р А
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТӚМЕНГІ СЫНЫПТАРДА КОМПЬЮТЕРЛІК
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Айтпаева М.Д. – магистрант (Алматы қ-сы, Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ)
Қазақстан Республикасындағы Білім Беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім, білік, дағдылармен
кұзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық
қызмет жасау арқылы жете алатын, ӛз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі кӛрсетілген. Оны жүзеге асыру -
мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізген оқу
үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге ӛзекті сипат
берді.
Мемлекеттік бағдарлама сондай-ақ оқу үрдісінде педагогиқалық және ақпаратты
технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы орта білім беруді дамытудың басты
бағыттарының бірі екендігі атап кӛрсетілген.
Қазіргі
уақытта
Қазақстан
Республикасында
орта
білім
беруді
ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу үрдісі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады
және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруға кӛшумен сипатталады.Мұнда әрбір оқушының қазіргі ақпараттық
техника мен технология негіздерін меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білу,
интернет яғни әлемдік ақпарат желісін ӛзінің белсенді танымдық ізденістеріне
пайдалана білу кӛзделген. Осыған байланысты ХХI ғасырда ақпараттандырылған
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында тӛмендегідей
міндеттерді шешу кӛзделіп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернет,
компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың
тынымдық белсенділігін арттыру және білім сапасын кӛтеру.
Оқытудың компьютерлік технологиясы педогогикалық оқыту технологиясының
құрамдас бӛлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық
технологияны оқу үрдісіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға
деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Оқуда компьютерлік технологияны қолдану ӛз бетімен іздену негізінде
шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады. Болашақта әр оқушы
компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтықтан оқыту, электрондық почта
арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда ӛзінің қажетін ӛтейтін білімді, қажетті
ақпараттық мәліметтерді толығымен алуға, танысуға толық мүмкіндік туады.
Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың
педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы оның ішінде
оқытудың компьютерлік технологиясының туындауына себеп болады. Оқытудың
компьютерлік технологиясы ақпараттық технологияның құрамды бӛлігі болып
табылады. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу - тәрбие
материалдарының, үйретуге арналған есептегіш техника құралдарының жиынтығын,
осы жаңа технологиялардың оқу үрдісіндегі рӛлі мен орнын, мұғалімдер мен
оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы
ғылыми білімнің жүйесін айтады /1/].
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында еліміздің
білім беру жүйесінің басты міндеттері атап кӛрсетілген. Соның бірі–білім беру жүйесін
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
131
ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация
желісіне шығу.
Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен
түсіндіріледі:
1. Оқушының қазіргі қоғам сұрасына сай ӛзінің ӛмірлік іс-әрекетінде дербес
компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған
дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға
информация мен коммуникациялық техникалық құралдарын пайдалану дағдысын
қалыптастыру.
3. Оқушының шығармашылық қабілетін, эксперименталды іскерлігін дамыту.
4. Оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын
жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде
пайдалану.
Зерттеулер мен эксперименттердің нәтижесіне сүйенсек, жаңа ақпараттық
технологиялар оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады деп танылғанымен,
оны жекелеген пәндерде пайдаланудың нақты әдістемелері, компьютердің оқушыға
тигізетін психологиялық әсері туралы нақты теория әлі жоқ. Сондықтан да жаңа
ақпараттық технологиясын жалпы білім беретін мектепте пайдалану бірқатар
әлеуметтік – экономикалық, философиялық, ғылыми-техникалық, әдістемелік және
педагогикалық - психологиялық мәселелерді шешуді қажет етеді, деп ӛз еңбегінде Қ.
Шадиев атап кӛрсетеді /2/.
Әдістемелік әдебиеттерде кӛрсетілгендей компьютерді қолдана отырып мұғалім
тӛмендегідей дидактикалық міндеттерді шеше алады: интернеттен ӛздері қалаған
әртүрлі тақырыптағы мәтіндер мен ақпарат ала алады, интернет арқылы оқушылар
ӛздерінің шетелдік достарымен тілдік қарым - қатынасқа түсе алады, шетел тілінің
сӛздік қорын дамыта алады және шетел дәстүрі мен танысады.
Компьютерлік технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін
және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті
ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.
Соңғы жылдары шетел тілін оқытуда және білім беруді компьютерлендіруде
ақпараттық технология пайдалану туралы мәселеге баса назар аударылуда. «Қазіргі
ақпараттық құралдар - бұл тек спутниктік және кабельдік телевидение, бейне және
дыбыстық жүйелер, электрондық ойындар емес, сонымен бірге тілді окытудың жаңа
жүйесі, ерекшелігі және тәсілін атқаратын негізгі бағыты болып табылады».
Шетел тілін оқытудың дидактикалық және компьютерді қолданудың
кибернетикалық – дидактикалық теориясы, оның әлеуметтік мәні синтезделіп,
әдістемелік жаңа теория жасалуына негіз болады. Әдістеме теориясының табиғаты
зерттеу нысанының әлеуметтік мәнін ашу арқылы анықталады. Шетел тіліндегі
мәтіндерді компьютер арқылы меңгертудің әлеуметтік мәнін мына қатысымдық
модель арқылы кӛрсетуге болады /3/.
1 - сурет Дәстҥрлі сабақ моделі
Берілетін білім мазмҧны
Мұғалім Оқушы
2-сурет Компьютер арқылы берілетін сабақ моделі
Достарыңызбен бөлісу: |