Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет36/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
76 
сабағынан        аластатуға  болады.  Ал  мектеп  жағдайында  оқушылардың  санасынан 
аластату  мүмкін  емес»  деп  жазады.  Ал  бұл  қағиданы  Л.В.Ляховицкий  ӛзінің  «  Неміс 
тілін  оқытудың  негіздері»  еңбегінде  «Шет  тілін  меңгеруде  ана  тілінің  ерекшелігін, 
студент  үшін  жаңа  тілде  кездесетін  қиындықтарды  түсіну  үшін  шет  тілін  оқытатын 
ұстаздар ӛздері шәкірт дайындаған да ана тілін ӛте жақсы білуі керек. Сонымен қатар 
салыстыру тілі де үлкен роль атқарады. 
Ол үшін: 
- Студенттің  ӛз  тілін  үйретіп  мәдениетіне,  ӛнеріне  деген  ӛз  кӛзқарастарын 
қалыптастыру. 
- Ӛздерінің  қабілеттеріне  қарай  ӛз  ана  тілі  арқылы  қарым-қатынас  жағдайларын 
ары қарай дұрыс жауап беруге үйрету. 
- Студенттердің  рухани  жан-дүниесін  байыту,  ой-ӛрісін  кеңейту,  халықаралық 
қарым-қатынасқа мәдениетке тәрбиелеу. 
- Студенттің зиялы, сезімтал жан болып ӛсуіне кӛмектесу. 
Қоғамдағы соңғы кезеңде болып жатқан ӛзгерістер ағылшын тілін оқып-үйренуге 
мәжбүрлігін туғызып отырғаны жасырын емес. Компьютер арқылы әлемдік ақпараттар 
кеңестігіне  шығу,  әлемдегі  озық  технологияларды  жаңалықтарды  меңгеру,  ӛмір 
ағымына  ілесу.  Студенттерге  ана  тілінің  негізінде  ағылшын  тілін  үйрету,  олардың  ӛз 
ойын  ауызша  және  жазбаша  дұрыс,  еркін,  келістіре  баяндау  білуге  дағдыландыру. 
Оқулықтарды,  сӛздікпен  жұмыс  жасауда  ӛздігінен  пайдалана  білу  сияқты  іскерлік 
дағдыларын    қалыптастыру,  ғасырлар  бойы  жазған  рухани  мәдениетімен,  білімімен 
қаруландыру және егемен еліміздің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін шет тілі арқылы 
таныту. Қазақ тілін жан-жақты білгенде ғана ӛзге тілдердің мән-мағынасына қасиетіне 
терең үңілуге болады. Онда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі, 
ал халықаралық тіл – ағылшын тілі болып саналады. 
Осыған  байланысты,  қазіргі  таңда  шет  тіліне  деген  үлкен  сұраныс  болуына, 
елімізде  сӛйлеу  мәселесі  қолға  алына  бастады.  Ӛзекті  болуының  себебі  шет  ел 
мемлекеттерімен  қарым-қатынас  негізгі  мақсаты  болуына  байланысты  студенттердің 
дұрыс сӛйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жоғары 
оқу  орындарында  шет  тілінде  тілдің  дыбыстық  құрамын  дыбыстардың  айтылу 
нормасын  дыбыстық  заңдылықтары  және  оның  грамматикалық  құрлысын  игеруге, 
ойын  еркін  жеткізуге,  бӛгде  біреудің  сӛйлеуін  түсініп,  жеткілікті  дәрежеде  сӛздік 
қорын  меңгеріп,  шет  тілінде  қарым-қатынас  жасауға  жаттықтырылады.  Студенттерді 
мұндай  дәрежеге  жеткізу  үшін  сӛйлеудің  ӛзіндік  жүйесі,  тәсілдері  мен  амалдары, 
жолдары ойластырылады.  
Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан әрекет, ол ең алдымен жаңа мазмұндағы жоғары 
оқу орындарына арналған оқулықтар мен бағдарламалары қажет, яғни білім мазмұнын 
анықтау  мәселесі  ӛзекті.  Сондықтан  шет  тілінде  тілді  үйрету  үшін  сӛйлесу  әрекетіне 
дағдыландырылады.  Ӛзге  тілді  үйрену  барысында  студенттің  қабілеттілігі  мен 
бейімділігі,  шеберлігі  яғни  икемділігі  ерекше  орын  алады.  Сол  себепті  шет  тілінде 
сӛйлесу икемділігіне кӛңіл аудару қажет. Тілді тәжірибеде пайдалану  – сӛйлесу, яғни 
қарым-қатынас  жасау.  Қарым-қатынастың  дамуының  түрлері,  қатысым  үрдісі,  оның 
мазмұны,    оның  құрамының  жүйесі  т.б.  бар.  Ал  студенттерді  сӛйлеуге  үйретуде  осы 
ерекшеліктер  негізге  алынады.  Сондықтан  сӛйлеу  үрдісі  қатысымдық  негізде 
құрылады.  Сӛйлеу  құралдарын  шегеру  мен  оны  қарым-қатынаста  пайдалану  сӛйлесу 
икемділігі мен дағдыларын сапалы қалыптастыруға ықпал етеді. Демек, қазіргі сӛйлеу 
тәжірибесінде студенттің сӛйлесу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруда осы 
қатысымдық  әдісіне  барабар,  екіншіден,  қатысымдық  бағыт  тілді  игеріп,  ӛз 
тәжірбиесіне пайдалана білу, яғни сӛйлесу мақсатын кӛздейді. 
Сӛйлеу тілін дамыту әрқашан әдісте қаралып отырды. Оның маңызы, қажеттілігі 
айқындалды.  Бірақ  шет  тілінде  сӛйлеудің  енді  ғана  қалыптасып  келеді.  Әсіресе, 
сӛйлеуге жаттықтырудың негізгі атаулары және категориялары, тіл дамытуға арналған 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
77 
жұмыстар,  сӛйлеудің  мазмұны,  құралы,  студенттердің  тіл  байлығын  бағалау 
қалыптары анықталмаған, бірақ қазіргі тіл дамыту әдістерінің ӛзіндік зерттеулері бар, 
керекті  психологиялық,  лингвистикалық  базасы  жетіле  бастаған.  Бұл  мәселелер 
студенттердің қатысымдық әрекет негізінде сӛйлеуге үйретудің ӛзектілігін анықтайды. 
Егер  шет  тілінде  жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  сӛйлесу  тілін  дамыту 
ісі  лингвистикалық,  психологиялық  және  педагогикалық  негіздерге  сай,  қатысымдық 
әрекет  әдісі  арқылы  жүйелі,  тілдің    қарым-қатынас  қызметі  мен  экспрессивтік 
қызметіне қарай ұйымдастырылса, онда сӛйлесудің тиісті лексикалық, грамматикалық 
икемділіктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруда,  дамыта  сӛйлеудің  әдіс-тәсілдерін 
тиімді пайдаланып жүргізгенде ғана нәтижелі болады. Сондықтанда ӛзге елмен қарым-
қатынас жасау үшін  сӛйлеу  қызметі ӛрістете түсуге мүмкіндік алды. Шет тілі басқару 
орындарда, ӛндіріс ошақтарында, ғылыми мекемелер мен білім беру саласында кеңінен 
қызмет ете бастады. 
Сондай-ақ  «Шет  тілі»  пәнінің  практикалық  білім  мазмұнында  «  Сӛйлеу  және 
жазба тіл мәдениетін игеру. Қазіргі заман сӛйлеудің үш түрі – ауызша, жазбаша және 
электронды  түрлерінің  дамуын  ерекше    талап  етіп  отыр.  Сӛйлеудің  жазбаша, 
электронды түрі қаншалықты маңызды болса – ауызша сӛйлеудің мәні де соншалықты 
зор.  Ауызша  сӛйлеуге  үйрету  барлық  топтарда  жүргізіледі.  Студенттердің  ауызша 
сӛйлеуге баулу мәселесін нақты әңгіме ететін кезең келді. Бұл - әлеуметтік қажеттілік, 
заңнамалар  талабы,  Елбасы  тапсырмасы.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  атап  кӛрсеткендей  : 
«Ӛсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, 
сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін кӛтеруді де ұмытпауға тиіспіз», 
- деген міндетті белгілейді. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  студенттердің  дұрыс  сӛйлеу  дағдыларын  қалыптастырудың  тиімді 
жолдары қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются вопросы формирования качеств устной речи студентов 
в изучении иностранного языка. 
 
 
 
 
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӚЗДІК ЖҦМЫСЫН 
ҦЙЫМДАСТЫРУ 
 
Қошқарбаева Б.Қ. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
  
Студенттердің  ӛздік  жұмысы  XXI  ғасыр  заман  талабына  сай  білікті  маман 
дайындаудың тиімді жолы, ӛздік жұмыс студенттердің ӛз бетімен білім алу дағдысын 
қалыптастыру  үшін  оны  дұрыс  жоспарлап,  нәтиже  беретіндей  ӛткізу  қажет.  Осы 
мақсатпен ӛздік жұмысты ұйымдастыруда  
Х. Сулейменов мынадай ұстанымдарды басшылыққа алуды ұсынады: 
- жоспарлылық; 
- жүйелілік; 
- шешілетін мәселенің практикалық тұрғыдан пайдалылығы; 
- тексеру ұстанымдары; 
Ӛздік жұмысты орындаудағы саналылық бірізділік, жүйелілік ұстанымдары: 

ӛздік жұмысқа берілетін материалдық әдіснамалық тиімділігі; 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау