Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет23/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43

53 
 
 
ә)  арнайы  бөлу  коэффициенттерін  қолдану  арқылы.  Бұл  әдіс  бойынша  қосарлы 
өнімнің  бір  түрі  шартты  бірлік  ретінде  қолданылады  да,  ал  өнімнің  қалған  түрлері  тиісті 
есептеу  жолымен  соған  теңестіріледі.  Нәтижесінде,  барлық  өнім  түрлері  шартты  өнімге 
айналдырылып, барлық өнімнің ішінде әрбір өнім түрінің үлес салмағы анықталып, барлық 
шығын сомасы әрбір өнімнің үлес салмағына қарай әрбір өнім түрлері арасында бөлінеді; 
 
б)  барлық  шығындар  сомасын  қосарлы  өнімнің  сатылу  бағасына  қарай  өнім  түрлері 
арасында бөлу арқылы; 
 
в)  тікелей  өндіріс  шығындарын  өнім  түрлеріне  тікелей  қосу,  ал  өндірістік  үстеме 
шығындарды  дақылдар  алып  отырған  егіс  көлеміне  немесе  коэффициенттер  арқылы  әрбір 
өнімнің түріне пропорционалды бөлу жолымен тарату. 
 
Сонымен,  өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялау  есеп  жұмысында  маңызды  әрі 
жауапты  саты  болып  саналады.  Сондықтан  өсімдік  шаруашылығы  ұйымдарында  өнімнің 
өзіндік құнын калькульциялау алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуі қаже және ол 
жұмыстар мыналардан тұрады: өсімдік шаруашылығына жұмсалынған шығындарды жылдар 
бойынша  дұрыс  бөлу  және  өткен  жылдағы  шығындарды  талдамалық  шоттарға  дұрыс 
таратуды  тексеру;  өлген  егіс  бойынша  шығындардың  дұрыс  есептен  шығарылуын  тексеру; 
8110/1  «Өсімдік  шаруашылығы»  шоты  бойынша  көрсетілген  сандық  көрсеткіштердің 
дұрыстығын тексеру. 
 
Сонымен  қатар  өсімдік  шаруашылығынан  алынған  негізгі,  қосарлы,  жанама 
өнімдердің  көлемі,  астықты  тазалау  және  кептіруден  кейінгі  алынған  өнімнің  нақты 
көлемінің есепте дұрыс кірістелуі қатаң бақылауға алынуы қажет. 
 
Егер  өсімдік  шаруашылығынан  бір  өнімнің  түрі  алынатын  болса  (қосарлы,  жанама 
өнімдер алынбаса), онда онда бір өлшемнің өзіндік құны жалпы шығындар сомасын алынған 
өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Мұндай жағдайда шығындар есебінің объектісі мен 
калькуляциялау объектісі бір болады, яғни сәйкес келеді деген сөз. Бірақ мұндай жағдайлар 
өсімдік шаруашылығында көп кездеспейді. 
 
Өсімдік  шаруашылығы  өндірісіндегі  шығындарды  көпшілік  жағдайда  шығындар 
есебінің бірнеше объектілері арасында бөлуге тура келеді, яғни негізгі және жанама өнімнің 
өзіндік  құны,  кей  жағдайларда  қосарлы  бірнеше  өнімнің  өзіндік  құндары  да  анықталады. 
Соған  байланысты  өсімдік  шаруашылығынан  алынатын  дақылдардың  түрлері  бойынша 
олардың өзіндік құндарын калькуляциялау тәртіптерін қарастырайық. 
 
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өзіндік құнын калькуляциялау. Астық 
өнімдері  бойынша  өзіндік  құн  франк-егістік  (қырман  немесе  алғашқы  ұқсатылатын  орын, 
оның  ішіде  дайындау  шығындары  қосылады);  сабан  бойынша  –  франк-шөмеле  сақтайтын 
орындар арқылы анықталады. Астық көлемі көбінесе өңделгеннен кейін қабылданады. Дәнді 
дақылдар  мен  дәнді-бұршақты  дақылдарының  (жүгеріден  басқасы)  өзіндік  құнын  есептеу 
объектісі болып астық және астықтың қалдықтары табылады. Сабанның (топанның) өзіндік 
құны  жинауға,  престеуге,  тасымалдауға,  маялауға  және  басқа  жұмыстарға  жұмсалған 
шығындар  негізінде  белгіленген  нормативтер  бойынша  соларға  жатқызылған  шығындарға 
сүйене  отырып  анықталады.  Есеп  мәліметтері  бойынша  өткен  жылдан  көшетін  аяқталмай 
қалған  өндіріс  қалдықтары  мен  жыл  ішіндегі  өнім  шығымын  қосқандағы  жалпы  шығын 
сомасы  айқындалады.  Сабан  құнын  алып  тастағандағы  өсіру  және  оны  жинау  шығындары 
астықтың  және  астық  қалдығының  өзіндік  құнын  құрайды.  Зертханалық  талдау  деректері 
бойынша астық қалдығының құрамындағы толымды дән пайызы анықталады. Қалдық құны 
осы  пайыздар  бойынша  толымды  дәнге  бөлінеді  де,  оның  жалпы  мөлшері  айқындалады. 
Астық қалдығы оның құрамындағы толымды дәннің өзіндік құны бойынша есепке алынады. 
Асттыққа жұмсалынған шығын сомасын толымды дән көлеміне (массасына) бөлу арқылы 1 
центнер  толымды  астықтың  өзіндік  құны  есептеледі.  1  центнер  астықтың  және  астық 
қалдығының  өзіндік  құнын  калькуляциялау  тәртібі  төмендегі  5  –  кесте  арқылы  көрсетіліп 
отыр. 
 
Егер  жыл  аяғында  бастырылмаған  дәнді  дақылдар  қалған  болса,  жиналып 
бастырылған  және  жиналған,  бірақ  бастырылмаған  дақылдар  бойынша  жалпы  шығындар 


54 
 
сомасынан  өнімді  бастыру  және  егістіктен  тасып  әкету  жөнінідегі  шығындар  шығарылып 
тасталады,  осыдан  кейін  қалған  шығындар  сомасы  жиналып  бастырылған  және  жиналған, 
бастырылмаған  дақылдар  алып  жатырған  гектар  санына  пропорционалды  бөлінеді. 
Жиналған  және  бастырылған  дақылдардың  өзіндік  құны  жиналған  дақылдарға  қатысты 
шығындар  сомасына  оларды  бастыру  және  тасу  жөніндегі  шығындарды  қосу  жолымен 
анықталады.  Келесі  жылы  бастырылмаған  дәнді  дақылдар  құнына  бастыру,  тазалау  және 
тасымалдау жөніндегі шығындар қосылады. 
5 кесте – Күздік дәнді дақылдардың өзіндік құндарын калькуляциялау 
(бидай, қара бидай, арпа) 
 
№ 
Көрсеткіштер 
Өнім көлемі,  
ц 
Шығын сомасы, 
теңге 

Жалпы өнім көлемі: 
- астық (соның ішінде астық қалдығы – 3000 ц) 
- сабан 
 
64000 
82000 
 



Өндіріс бойынша жалпы шығын сомасы 

348000000 
 

Зертханалық талдау деректері бойынша астық 
қалдығының толымды дән мөлшері – 40% (3000 ц  
х40%:100%) 
 
1200 
 


Астықтың толымды көлемі (64000-3000+1200) 
62200 

 

Астық және сабан шартты өнімге айналдырылады 
- астық (64000х1,0) 
- сабан (82000х0,08) 
 
64000 
6560 
 


Барлығы 
70560 

 

Шартты өнімнің жалпы көлеміндегі астықтың 
және сабанның алытын үлес салмағы (%) 
- астық (64000 ц х 100%): 70560 ц 
- сабан (6560 ц х 100%): 70560 ц 
 
 
90,7 
9,3 
 
 



Өнім түрлеріне апарылған шығын сомасы 
- астық (348 000 000 тг х 90,7%): 100% 
- сабан (348 000 000 тг х 9,3%): 100% 
 

 
315 636 000 
32 364 000 
Барлығы 

348 000 000 

1 ц өнімнің нақты өзіндік құны: 
- 1 ц толымды астық (315 636 000 тг:62000 ц) 
- 1 ц сабан (32 364 000 тг:82000 ц) 

 
5090 
394,7 

Астық қалдығына апарылған шығындар 
(1200 ц  х 5090 тг) 

6 108 000 
10  1 центнер астық қалдығының өзіндік құны  
(6 108 000 тг:3000 ц) 

2036 
 
 
1  центнер  жүгері  дәнінің  өзіндік  құнын  анықтаған  кезде  оның  салмағы  құрғақ  дән 
есебімен  қайта  есептеп  алынады.  Дәннің  собықтан  нақты  шығымын  тәуліктік  орташа 
үлгілерін  бастыру  жолымен  және  собықтаға  дәннің  базистік  ылғалдылығын  ескере  отырып 
анықтайды. Шаруашылықта қалдырылған толық піскен собықтар тәуліктік орташа үлгілерін 
бастыру жолымен шаруашылықтың зертханасы немесе қабылдау пункті белгілеген собықтан 
дәннің  нақты  шығуының  орташа  коэффициенті  бойынша  дәнге  есептеледі.  Толық  піскен 
собықтарды дәнге есептеу сатылған жүгері собықтарынан алынған дән шығымының орташа 
пайызы бойынша жүргізіледі. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау