Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43

51 
 
 
 
 
 
  
5.Өсімдік шаруашылығының басқа да салаларындағы шығындар есебі 
 
Өсімдік  шаруашылығы  дәнді  дақылдар,  техникалық  дақылдар,  азық  өндірісі,  жеміс, 
бақша,  картоп  өндірісі  және  басқа  да  дақылдар  өндірісінен  тұрады.  Бұл  салаларда  тұқым 
шаруашылығы,  сондай-ақ  өндіріс  процесі  суландырылатын  немесе  кептірілетін  жерлерде, 
жабық  топырақта  және  басқа  да  жағдайларда  жүргізілуі  мүмкін.  Бұл  ерекшеліктердің 
барлығы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда көрініс алады. 
 
Дәнді  дақылдар  бойынша  тұқым  өндірісі.  Дәнді  дақылдар  бойынша  тұқым 
шаруашылығында  шығындар  мен  өнім  шығымының  есебі  дәнді  дақылдар  бойынша  тұқым 
өндірісінің  сатылары,  дақыл  және  қосымша  өнім  түрлері  бойныша  жүргізіледі.  Сонымен 
қатар шығындар белгіленген шығын баптарының жіктемелері бойынша есепке алынады. 
 
Тұқымдық  дақылдарды  өсірумен  байланысты  қосымша  шығындар,  яғни  тұқымдық 
дақылдарды  тазалау,  сақтау,  дақылдардың  бір  түрін  жинағаннан  кейін  комбайндарды 
тазалау,  сондай-ақ  егіс  кезінде  тауарлық  дақылдардың  өндірісімен  байланысты  емес 
шығындар  бөлек  есепке  алынып,  тиісті  тұқымдық  дақылдардың  өзіндік  құндарына  тікелей 
қосылып отырылады. 
 
Жеміс  шаруашылығындағы  шығындар  есебі.  Мамандандырылған  және  аралас 
жеміс шаруашылықтары шығындар есебін өсірілетін әрбір дақыл түрлері бойынша жүргізеді. 
Мамандандырылмаған  шаруашылықтарда,  яғни  жеміс  өндірісі  қосымша  өндіріс  болып 
саналатын  болса,  шығындар  есебі  дақылдардың  топтары  (майлы  дақылдар,  тамыртүйнекті, 
жеміс-жидек, жоңышқа дақылдары) бойынша жүргізіледі. 
 
Жыл соңында жеміс шаруашылығы бойынша шығындар шотында аяқталмаған өндіріс 
шығындарының  қалдығы  қалады.  Бұл  қалдық  егінді  жинағаннан  кейінгі  орындалатын 
жұмыстарға  байланысты  (дақыл  бұтақтарын  кесу,  тыңайтқыштар  себуге)  жұмсалынған 
шығын  мөлшерін,  сондай-ақ  өсіруге  қалдырылған  біржылдық,  екі  жылдық  ағаштардың 
құндарын білдіреді.  
 
Шаруашылықтың  өзінде  өсірілген  өнім  беретін  көпжылдық  екпе  ағаштар  әділ  құны 
бойынша  есепке  алынып,  көпжылдық  өнім  беретін  ағаштар  ретінде  негізгі  құралдардың 
қатарына  енгізіледі.  Толықтай  өнім  беріп  болған  екпе  ағаштары  есептелінген 
амортизациялық аударымдардың негізінде есептен шығарылады. 
 
Жемге  арналған  дақылдар  бойынша  шығындар  есебі.  Жемге  арналған 
тамыртүйнекті  және  бақшалық  дақылдар  бойынша  шығындар  есебі  мамандандырылған 
шаруашылықтарда өсірілетін көпжылдық және біржылдық дақыл және бақша дақылдарының 
түрлері бойынша жүргізіледі.  
Ал мамандандырылмаған шаруашылықтарды жемге арналған дақылдар бойынша шығындар 
есебі өсірілетін дақыл топтары бойынша ұйымдастырылады. 
 
Жемдік  дақылдар  бойынша  шығындар  есебін  ұйымдастыру  кезінде  жемдік 
дақылдардың  шабындық  және  табиғи  жайылым  жерден  алынатыны  маңызды  орын  алады. 
Осы  объектілер  бойынша  шығындардың  талдамалық  есебіндегі  барлық  шығындар 
шабындық және табиғи жерлерге байланысты қатаң бөлініп көрсетілуі тиіс. Шабындық және 
табиғи  жайылым  жерлерді  жақсартуға  байланысты  шығындар  (жерді  қайта  жырту, 
тырмалау,  шөп  отырғызу  және  т.б.)  өсімдік  шаруашылығында  аяқталмаған  өндіріс 
құрамында есепке  алынып,  пайдалану  жылдарына  қарай  шабындық  және  жайылым  жерлер 
бойынша  шығын  объектілеріне  белгілі  бөліну  тәртіптері  бойынша  таратылады.  Шабындық 
және  жайылым  жерлерді  ағымдағы  күтіп-ұстауға  байланысты  жұмсалынған  шығындар 
(суландыру,  кептіру,  желінбей  қалған  жайылымдарды  шабу  және  т.б.)  ағымдағы  жылдың 
шабындық  және  жайылым  жерлерден  алынған  жемдік  дақылдардың  өзіндік  құндарына 
тікелей  апарылады.  Жемдік  дақылдардың  өзіндік  құнына  сонымен  қатар,  өндірістік  үстеме 
шығындар  да  қосылады.  Ағымдағы  жылы  шабындық  пен  жайылым  жерлерді  жақсартуға 
байланысты шығындар да осы жылдағы шығындар объектісіне апарылады. 


52 
 
 
Жабық  топырақтағы  бақша  шаруашылығы  бойынша  шығындар  есебі. 
Мамандандырылған шаруашылықтарда жабық топырақтағы бақша шаруашылығы бойынша 
шығындар  есебі  жылыжайлардың  түрлеріне  қарай  әрбір  дақыл  түрі  бойынша  жүргізілсе 
(қысқы  жылыжайлар,  көктемгі  жылыжайлар,  жылытылған  топырақ,  гидропоника),  ал 
мамандандырылмаған  шаруашылықтарда  –  әрбір  дақылдың  түріне  байланысты  жалпы 
жылыжай бойынша жүргізіледі. 
 
Бақша  өнімдері  өндірісінің  технолгиялық  ерекшелігіне  байланысты  шығындардың 
жіктемесіне  жылу  және  сумен  қамтамасыз  ету  шығындары  қосылады  және  бұл  шығындар 
жабық топырақты өсірілетін дақылдардың өзіндік құнына қосылады. 
Мамандандырылмаған  шаруашылықтарда  жылу  және  сумен  қамтамасыз  ету 
шығындары жабық топырақтағы дақылдың өзіндік құнына әрбір дақыл алып жатқан квадрат 
метр-күн  немесе  рамо-күнді  пайдалан  отырып,  пропорционалды  бөлу  жолымен  қосылып 
отырылады. 
Мамандандырылған  шаруашылықтарда  жабық  топырақта  дақылдарды  өсіруге 
байланысты жұмысшылардың еңбек ақысы мен одан аудырымдар сомасын, отырғызылатын 
материалдар  мен  тұқымдардың  құндарын,  тыңайтқыштар  мен  минералдық  заттардың 
құндарын өнімнің өзіндік құнына алғашқы құжаттардың негізінде тікелей қосуға болады. Ал 
жабық жерде өсірілетін бақша дақылдарының өзіндік құндарына тікелей қосуға болмайтын 
шығындарды  (негізгі  құралдардың  амортизациясы  мен  жөндеу  шығындарын,  энергия,  су, 
жылу,  газбен  қамтамасыз  ету  шығындарын,  басқа  да  үстеме  шығындарды)  есеп 
объектілеріне  дақылдардың  алып  жатқан  квадрат  метр-күнін  пайдалана  отырып, 
пропорционалды  жолмен  бөліп  таратады.  Жылжайларда  негізгі  өнім  беретін  және 
отырғызуға  арналған  тұқымдық  дақылдарды  қатар  өсіретін  болса,  онда  олар  арасында 
шығындар  алып  жатқан  алаң  көлеміне  және  квадрат  метр-күнді  пайдалана  отырып, 
пропорционалды  бөлінеді.  Жылыжайлар  мен  бужайлардағы  топырақты  ауыстыруға 
байланысты  шығындар  өнімнің  өзіндік  құнына  оларды  пайдалану  уақытына 
пропорционалды жолымен бөлінеді. 
 
 
6. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау 
 
Өсімдік  шаруашылығында  шығындардың  ағымдағы  есебі  жылдың  соңында  өнімнің 
өзіндік  құнын  калькуляциялаумен  аяқталады,  яғни  өндіріліген  өнімнің  нақты  өзіндік  құны 
анықталады.  Алынған  өнімнің  нақты  өзіндік  құны  тек  ағымдағы  бухгалтерлік  есептің 
мәліметтері негізінде анықталуға тиісті. 
 
Өсімдік  шаруашылығынан  алынатын  өнімдер:  негізгі,  қосарлы  және  жанама  болып 
бөлінеді. 
 
Негізгі  өнімге  астық,  картоп,  бақша  дақылдары  және  т.б.,  яғни  негізгі  өндірістен 
алынатын өнім түрлері жатады. 
 
Жанама  өнімге  негізгі  өнім  өндірісімен  қатар  өсімдік  шаруашылығы  өндірісінің 
технологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қосымша алынатын өнімдер 
жатады (мысалы: пішен, көк шөп ұнтағы, тұқымдыққа арналған біржылдық және көпжылдық 
шөптерден алынған пішен және т.б.). 
 
Өсімдік шаруашылығы дақыларының бір өндірісінен екі немесе одан да көп өнім түрі 
қатар алынатын болса, мұндай өнімдер қосарлы өнім түрлеріне жатқызылады. 
 
Сонымен, өсімдік шаруашылығнда калькуляциялау объектісі болып негізгі (қосарлы) 
және жанама өнімдер болып табылады. 
 
Өсімдік шаруашылығынан алынатын негізгі, қосарлы және жанама өнімдер арасында 
шығындарды  бөлу  әртүрлі  әдістер  арқылы  жүргізіледі.  Соның  ішінде  тәжірибеде  ең  көп 
тараған әдістері болып төмендегілер саналады: 
 
а)  жалпы  шығындардың  ішінде  белігіленген  баға  бойынша  жанама  өнімнің  құнын 
шығару арқылы; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау