59
Орман шаруашылығы шығындарының есебі 8110/1 «Өсімдік шаруашылығы» шотына
ашылған арнайы шотында жүргізіледі.
Қорғаныш өсімдіктер өнімінің шығыны мен шығымының есебі 8110/1 «Өсімдік
шаруашылығы» шотына ашылған арнайы «Егіс қорғау алқаптары» аралық талдамалық
шотында жүргізіледі. Толық өсіп жетілген қорғаныш өсімдіктерінен алынған басқа да
өнімдерді сатылуы мүмкін баға бойынша бағалап, күтуге байланысты шығындарды кемітуге,
ал шығындардың қалған сомасын егіс көлеміне пропорционалды түрде олардың ықпалы
тиген ауыл шаруашылығы дақылдары өнімінің өзіндік құнына жатқызады. Жалпы өндірістік
және шаруашылық маңызы бар қорғаныш ағаштарын күтуге байланысты шығындар 7210,
8410 «Үстеме шығындар» шотына жатқызылады.
Өсімдік шаруашылығынан алынған өнім есепке әділ құны бойынша (нақты шығындар
мөлшері бойынша) енгізіледі. Өсімдік шаруашылығы дақылдарының түрлері немесе топтары
бойынша алынған өнімнің әділ құнына дебет 1320 «Дайын өнім» және 8110/1 «Өсімдік
шаруашылығы» шотына ашылған аралық шоттар кредиті бойынша бухгалтерлік жазуымен
көрсетіледі. Есепті жылдың соңында өсімдік шаруашылығында өсірілетін дақылдардың
түрлері немесе топтары бойынша анықталған аяқталмаған өндіріс қалдығының құнына 1340
«Аяқталмаған өндіріс» дебеті және 8110/1 «Өсімдік шаруашылығы» шотына ашылған
аралық шоттың кредитімен көрсетілген бухгалтерлік жазу беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Өсімдік шаруашылығы өндірісіне сипаттама беріңіздер.
2. Өсімдік шаруашылығы саласында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қандай
ерекшеліктері бар.
3. Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің қандай міндеттері бар?
4. Өсімдік шаруашылығында шығындар есебінің объектілері болып не саналады?
5. Ауыл шаруашылығы дақылдары немесе дақыл топтары бойынша шығындар есебін
ұйымдастыру тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.
6. Ауыл шаруашылығы жұмыстары бойынша шығындар есебін ұйымдастыру тәртіптеріне
сипаттама беріңіздер.
7. Бөлінуге жататын шығындар есебі қалай ұйымдастырылады?
8. Өсімдік шаруашылығы бойынша басқа да объектілер бойынша шығындар есебі қалай
ұйымдастырылады?
9. Өсімдік шаруашылығында өндіріс шығындары есебі қандай шығын баптары бойынша
жүргізіледі және оған сипаттама беріңіздер.
10. Өсімдік шаруашылығындағы аяқталмаған өндіріс түсінігі.
11. Өсімдік шаруашылығындағы аяқтамаған өндіріс шығындарының есебіне сипаттама
беріңіздер.
12. Өсімдік шаруашылығында аяқталмаған өндіріс шығындары
шығын объектілері арасында
қандай тәртіптерге сәйкес бөлінеді?
13. Өсімдік шаруашылығындағы бөлінетін шығындардың түрлеріне сипаттама беріңіздер.
14. Азық дайындау бойынша шығындар есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне шолу
жасаңыздар.
15. Өсімдік шаруашылығында шығындар мен өнім шығымы бойынша алғашқы есеп
құжаттары қандай жіктмелік белгілері бойынша топтастырылады және оларға сипаттама
беріңіздер.
16. Еңбек ақы шығындары бойынша қандай алғашқы құжаттар бар және олардың рәсімделу
тәртіптеріне тоқталыңыздар.
17. Материалдық шығындар бойынша қандай алғашқы құжаттар бар және олардың
рәсімделу тәртіптеріне тоқталыңыздар.
18. Негізгі құралдар қозғалысы қандай алғашқы құжаттар бар және олардың рәсімделу
тәртіптеріне тоқталыңыздар.
60
19. Өнім шығымы бойынша қандай алғашқы құжаттар бар және олардың рәсімделу
тәртіптеріне тоқталыңыздар.
20. Өсімдік шаруашылығында шығындар есебі қай шотта жүргізіледі және оған сипаттама
беріңіздер.
21. Дәнді дақылдар бойынша тұқым өндірісіндегі шығындар есебі қалай жүргізіледі?
22. Жеміс шаруашылығы бойынша шығындар есебінің ұйымдастырылу тәртібіне сипаттама
беріңіздер.
23. Жемге арналған дақылдар бойынша шығындар есебі қалай ұйымдастырылады?
24. Жабық топырақтағы бақша шаруашылығы бойынша шығындар есебінің ерекшеліктері
қандай?
25. Өсімдік шаруашылығынан алынатын негізгі, қосарлы және жанама өнімдер арасында
шығындарды бөлу әдістеріне сипаттама беріңіздер.
26. Дәнді
және
дәнді-бұршақты
дақылдардың
өзіндік
құнын
калькуля-циялау
ерекшеліктеріне сипаттама беріңзідер.
27. Техникалық дақылдар бойынша өнімнің өзіндік құны калькуляцияланады?
28. Жабық топыраққа егілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәртіптеріне
тоқталыңыздар.
29. Азық-түлікке арналған бақша дақылдарының өзіндік құны қалай анықталады?
30. Жем-шөптік дақылдар өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктері қандай?
Негізгі әдебиеттер:
1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учёта –
Алматы: Центр аудит – Казахстан
2. Кеулімжаев Қ.К , Радостовец В.К. , Төлегенов Е.Т. , Продан Л.Г., «Ауыл шаруашылық
кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы,
Қайнар
3. Тайгашинова К.Т., Молдашбаева Л.П., “Организация учета животноводческой продукции
в фермерских хозяйствах” Алматы , 2009 г
4. Тайгашинова К.Т. , Лапбаева С.Ш., Бердимурат Н «Вопросы организации кластера в
фермерском хозяйстве», Алматы,2008 г.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ержанова С.Ж., Нурумов А.А, Чернова Н.М.: Бухгалтерский учет в крестьянских
хозяйствах»
Алматы
2. МСФО-41 «Сельское хозяйство»
3. НСФО №1
Бюллетень бухгалтера, 2008г.
4. Международные стандарты финансовой отчетности (Общий обзор и разъяснения).
Составители Сейдахметова Ф. и др. - Алматы :ТОО «Издательство LEM», 2009 г.
5. Тайгашинова К.Т. , Тлеукабылова К.Б. “Значение производственной бухгалтерии в
условиях формирования рынка”, Алматы , 2009 г
6. Ержанова С.Ж ., Нурумов А.А., Чернова Н.М., “Бухгалтерский учет в крестьянских
хозяйствах”
7. Пизенгольц П.И. и др. “Бухгалтерский учет в сельскохозяйственном производстве”
Учебник М: – М. 2007г.
Дәріс тақырыбы:
6. МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕБІ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК
ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
Дәріс мақсаты:
Еліміздің ежелден егжей-тегжейін жақсы білетін мал шаруашылығында үлкен
жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндігі бар еді.