47
түрлеріне бөлінген егіс көлеміне пропорционалды түрде шығын баптарының тұрғысында
бөлінеді. Бұл үшін әрбір бап бойынша есептелінген шығындар жұмыс жүргізілген жердің
жалпы гектар санына бөлініп, 1 гектарға жұмсалынған шығын сомасы табылады.
Анықталған шығынды нақты дақылдар егілген гектар санына көбейтіп, осы дақылға тиісті
жұмсалынған егісті қорғау бойынша шығын сомасы анықталады.
Азық дайындау бойынша шығындар есебі. Өсімдік шаруашылығы саласында
өсірілетін дақылдардың көп бөлігі азық мақсатында пайдаланылады. Соған байланысты
8110/1 «Өсімдік шаруашылығы» шотында бұл өнімдерді өсіруге қатысты шығындар ғана
емес, сонымен қатар азықтарды малды азықтандыруға жарамды жағдайына дейін өңдеу
шығындары да есепке алынады. Бұл үшін 8110/1 «Өсімдік шаруашылығы» шотына мынадай
талдамалық шоттар ашылуға тиісті: сүрлем дайындау, пішендеме дайындау, витаминді шөп
ұнын дайындау.
Сүрлем дайындау. Сүрлем дайындау талдамалық шотының дебеті бойынша көк
балауса мен ауыл шаруашылығының басқа да дақылдарын сүрлемдеу бойынша мынадай
шығын түрлері жинақталады: дайындаған сүрлемдерді қабылдайтын шөп орындары мен
сүрлем жинайтын орындарды дайындау, дайын сүрлемдерді тасу және жинап-үю, сүрлем
сақталатын орындарды жабу және басқа да жұмыстар. Соған сәйкесті бұл шотта сүрлемді
дайындаушы жұмысшылардың еңбек ақылары мен одан аударымдар, көк балауса шөптің
құны, сүрлемді дайындаушы (кесетін) құрылғылар мен жабдықтарға жұмсалатын жанар-
жағар май және басқа материалдардың құндары, сүрлем дайындаушы құрылғылардың
амортизациясы, сүрлем дайындаушы құрылғылар мен жабдықтарды жөндеу және күтіп-
ұстау шығындары, көмекші өндіріс қызыметінің құны және басқа да тікелей шығындар
есепке алынады. Шоттың кредиті бойынша белгілі бір ферментация мерзімі аяқталған соң
алынған сүрлемнің әділ құны «Дайын өнім» шотымен корреспонденцияланып көрсетіледі.
Егер шаруашылықта әртүрлі дақылдан сүрлем дайындалатын болса, онда сүрлем
бойынша шығындар есебі мен сүрлемнің өзіндік құнын калькуляциялау әрбір дақыл түрі
бойынша бөлек жүргізіледі.
Пішен дайындау. Бұл шот бойынша да шығындар есебі сүрлем дайындау бойынша
шығындар есебіне ұқсас жүргізіледі. Шоттың дебеті бойынша пішен дайындауға байланысты
пішен орындарын тазалау, пішенді тиеу, түсіру, жабу сияқты жұмыстар бойынша шығындар
жинақталады және оған мынадай шығын түрлері жатады: пішенді дайындаушы
жұмысшылардың еңбек ақылары мен одан аударымдар, көк балауса шөптің құны, пішенді
дайындаушы құрылғылар мен жабдықтарға жұмсалатын жанар-жағар май және басқа
материалдардың құндары, пішен дайындаушы құрылғылардың амортизациясы, пішен
дайындаушы құрылғылар мен жабдықтарды жөндеу және күтіп-ұстау шығындары, көмекші
өндіріс қызыметінің құны және басқа да тікелей шығындар есепке алынады. Шоттың кредиті
бойынша белгілі бір алынған пішеннің әділ құны «Дайын өнім» шотымен
корреспонденцияланып көрсетіледі.
Витаминді шөп ұнын дайындау. Бұл шотта жылжымалы агрегаттармен витаминді шөп
ұнын дайындауға байланысты келесідей шығындар есепке алынады: витаминді шөп ұнын
дайындаушы жұмысшылардың еңбек ақылары мен одан аударымдары, көк балауса шөптің
және басқа да шөп қоспаларының құны, шөп ұнын дайындайтын агераттардың
амортизациясы мен оларды күтіп-ұстау, жөндеуге байланысты қосалқы бөлшектердің
құндары, агрегаттардың жұмыстары үшін жанар-жағар май мен басқа да материалдардың
құндары және басқа да негізгі шығындар. Шоттың кредиті бойынша алынған витаминді шөп
ұнының әділ құны «Дайын өнім» шотымен корреспонденцияланып көрсетіледі.
Басқа да объектілер бойынша шығындар есебі. Өсімдік шаруашылығында кейбір
дақылдардың өзіндік құндарын нақты анықтау үшін қосымша немесе жанама өнімдерге, не
болмаса бөлек өндірістік процеске апарылатын тікелей шығындардың есебін жүргізу
мақсатында қосымша есеп объектілері ашылуы мүмкін. Мұндай есеп объектілеріне сүрлемді
жинау және үю, өнімді жинағаннан кейін өңдеу, сүрлемді басқа жақта (басқа
48
шаруашылықта) дайындау жұмыстары жатады. Бұл шығын объектілері бойынша шығындар
есебі шығын баптарының жіктемелері арқылы ұйымдастырылады.
4. Өсімдік шаруашылығында алғашқы, талдамалық және жиынтық есепті
ұйымдастыру
Өсімдік шаруашылығындағы шығындар есебі мен алынған өнім бойынша
бухгалтерлік есеп мәліметтері тиісті алғашқы құжаттардың негізінде дайындалады. Бұл
құжаттардың айналымын төрт негізгі бағыт бойынша жіктеп, көрсетуге болады: еңбек ақы
шығындары, материалдық шығындар, негізгі құралдар қозғалысы және өнім шығымы.
Өсімдік шаруашылығында орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлемін есепке
алу және соған сәйкесті еңбек ақы төлеу «Жұмыс уақыты есебінің парағы», «Жол
парақтары», «Тапсырмалар» және басқа да құжат үлгілері арқылы жүргізеді. Өсімдік
шаруашылығындағы жұмысшыларға төленетін қосымша еңбек ақылар да арнайы
ведомостілер негізінде өндіріс шығындарына тікелей енгізіледі.
Өсімдік шаруашылығы өндірісіне жұмсалатын тұқым және отырғызылатын
материалдар «Шектеп алу карталары», «Жүкқағаздары» бойынша қатаң белгіленген
мөлшер шегінде беріледі. Өндіріске жұмсалынған тұқым және отырғызылған материалдарды
есептен шығару «Тұқым және отырғызылатын материалдарды есептен шығару актісі»
бойынша жүргізіледі.
Егіс алқаптарына тыңайтқыштар «Шектеп алу карталары», «Жүкқағаздары»
бойынша босатылады. Өндіріске жұмсалынған тыңайтқыштарды есептен шығару үшін
«Тыңайтқыштарды есептен шығару актісі» рәсімделеді.
Өсімдік шаруашылығында негізгі құралдарды пайдалану бойынша шығындар есебі
бойынша «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге амортизацияны есептеу
ведомостісі», «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі», сонымен қатар негізгі
құралдарды жөндеу шығындарына байланысты «Негізгі құралдардың ақауларын жөндеу
ведомостісі», «Жөнделген негізгі құралдарды қабылдау актісі» сияқты алғашқы құжат
үлгілері қолданылады.
Өсімдік шаруашылығы кәсіпорындарындағы өнім шығымының есебі бойынша
алғашқы құжаттар дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс-жидектер, азық өнімдерін
кірістеу үшін арналған. Оларға мынадай құжат түрлерін жатқызуға болады: дәнді дақылдар
бойынша – астық және басқа да өнімдерді егіс алқабынан жөнелту реестрі; егіс алқабынан
өнімді шығару жолқағазы; астықты және басқа өнімдерді қабылдау реестрі; астық және
басқа өнімдердің қозғалыс ведомостісі; картоп, жеміс-жидек өнімдері бойынша – ауыл
шаруашылығы өнімдерінің кіріс күнделігі; бақша өнімдерінің кіріс күнделігі; азықты
дақылдар бойынша - қатты және жұмсақ азықтарды кірістеу актісі; табиғи азытарды
кірістеу актісі және т.б.
Сонымен, өсімдік шаруашылығында өндіріс шығндары мен алынған өнім бойынша
әртүрлі алғашқы құжаттар қолданылады және бұл құжаттар белгілі бір жіктмелік
сипаттарына қарай жүйеленіп, өңделеді.
Еңбек
ақы
шығындары
бойынша
алғашқы
құжаттар
жұмысшылардың
категорияларына қарай еңбек ақыны есептеу үшін және еңбек ақы қорын пайдалануды
бақылау мақсатында жүйеленеді.
Материалдық шығындар бойынша алғашқы құжаттар материалдық жауапты тұлға
және материалдардың кірістелу және жұмсалу бағытына қарай жүйеленеді.
Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша құжаттар негізгі құралдардың топтары және
олардың пайдалану бағыты бойынша жүйеленеді.
Өнім шығымы бойынша алғашқы құжаттар өнім түрлері, материалдық жауапты тұлға,
өнімнің түсу және жұмсалу бағыты бойынша жүйеленеді.
Сонымен, әрбір дақыл немесе бөлімшедегі жұмыс түрлері бойынша орындалған
жұмыстар мен жұмсалынған шығындар туралы мәліметтерді жинақтау үшін жоғарыда
айтылған алғашқы құжаттардың негізінде жасалатын «Жұмыстар мен шығындардың есеп
Достарыңызбен бөлісу: |