Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 2,81 Mb.
бет4/14
Дата07.02.2020
өлшемі2,81 Mb.
#28577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




Иммитациялық модель


Профессионалды ic-эрекет пэшнщ модел!

Профессионалды ic-эрекет npoiieciHiH модел1








Имитациянын объекта


3-щі топ-дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар әдетте, оқушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы-пәнді білуді талап етеді.

4-ші топ-еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары. Бұл ойындардың барысында оқушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.

5-ші топ-баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.

Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар оқушыларды біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Оқушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамытушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, криптограммалар т.б.

Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдаоламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес-оқушының білуге, білімге деген құштарлығын ояту.

Іскерлікойынның жүргізілу технологиясы (М.Валиеваның құрастыруы бойынша):

Дайындық кезеңі.



  1. Ойынды дайындау:

  • Сценариін дайындау;

  • Жоспар құру;

  • Жалпы сипаттау;

  • Мазмұнын меңгеру;

  • Материалмен қамтамасыз ету.

  1. Ойынға кіріспе:

  • Проблемалық мақсат қою;

  • Шарттарын білу;

  • Топ құру;

  • Рольдерді бөлісу;

  • Регламент белгілеу;

  • Жалпы түсінік беру;

  • Тиісті консультация беру.

Ойынды жүргізу кезеңі.

1.Топтық жұмыс:

  • Әдебиеттермен жұмыс;

  • Трнинг;

  • Ойлану;

  • Ойыншылармен жұмыс.

2.топ аралық жұмыс, пікірталас:

  • Топтардың жұмысты баяндауы;

  • Нәтижені қорғау;

  • Пікірталас туғызу.

Талдау және қорытындылау кезеңі.

  • Ойынға қорытынды жасау;

  • Талдау, рефлексия;

  • Баға және өзіндік баға;

  • Қорытындылау, жинақтау;

  • Ұсыныстар беру.


Дәріс 11.

Тақырыбы: Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы –тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан (жан-жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға –адамның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.

Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдық)те шешуші рольге ие.

ЮНЕСКО-ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген: «... Фундаменталды ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет нәтижелері бағалаудың ғылым негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс».

Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе, студенттің басты мақсаты-көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпрататардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәндік көзқарас жаратылыстану, гумантарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады.

Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмегологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология («акме»-грек сөзі, «шың», «төбе», «бір нәрсенің ең биік басқышы»-дегенді білдіреді) зерттеу объектісі өмірдің әртүрлі өзін –өзі көрсету чфералары да өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы.

Акмеолгогияның пәні-адамның шығармашылық потенциалы, субъектінің өзін-өзі жетілдіруінің, айқындалуының түрлі деңгейлеріне, шыңына жетуінің заңдылықтары мен шарттары.

Акмеолгияның міндеттері-суъектіні түрлі қызмет салаларында, сонымен бірге таңдап алынған кәсібі саласында оның табысты жетілуі, дамуы үшін қажетті білімдермен және технологиялармен қамтамасыз ету.

«Акме»- кәсіпкерліктің шыңы-жұмыстың жоғарғы нәтижелерінің тұрақтылығы-сенімділігі. Кәсіби жұмыс жасау-қатесіз, жаза басусыз, олқылықсыз жұмыс жасау деген сөз. Өзін-өзі дамыту-кәсіби шеберліктің шыңына апаратын жол.

Міндет-барлық оқушыларға өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өздігінен оқу мен өзін –өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, себебі, бұлар «екме» деңгейіне жетудің негізгі факторлары. Алайда, бұл акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жеудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін. Оқытушының міндеті-студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектесу. Түрлі білім беру технологияларының да басты міндеті осында.



Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына –жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық ) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.
Дәріс 12.

Тақырыбы: Ақпараттық технологиялар
Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар» деген ұғым «ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырылуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі-қарқынды күшейте (интенсивті) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдану. Бұл жүйелер студентке өзіне тиімді оқыті технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру төмендегідей шарттарды орындағанда ғана мүмкін болады:

  • Оқыту үрдісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан-жакты есепке алу: педагогикалық ортаның мазмұндық сипаты студенттерінің білім, білік, дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастырылуының әдістерімен және формаларымен анықталады;

  • Оқыту үрдісінің студент жеке тұлғасына қатысты бейімделу принципінің ұсталуы: бұл принцип практикада студенттің игеруінің тармақталған бағдарламасын жасау арқылы іске асады (пәннің ішкі және сыртқы модульдерін құрастыру);

  • Студенттің жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің «логикалық конструкциясын » жобалау арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі.

Пәннің жалпылама логикалық конструкциясын жобалау алгоритмі төмендегідей процедуралардан тұрады:

  1. Мазмұнды бөлек элементтер жүйесі түрінде елестету, қарастыру;

  2. Базалық білімдерді бөліп қарастыру үшін элементтерді өзара байланысының матрицасын жобалау;

  3. Базалық білімдерді символдық, графикалық т.б. түрлерді модельдеу;

  4. Базалық білімдерді неғұрлым жалпы ұғымдар мен олардың арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау үшін қайта жасақтау;

  5. Ғылыми білімнің берілген бөліміне тәне танымдық қызметтің жалпы құрылымын қалыптастыру;

  6. Жалпы әдіс-құралдармен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін жасау.



Дәріс 13.

Тақырыбы: Қашықтықтан білім беру жүйесі.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдерде мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Дүниежүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, алпауыт елдердің бірі Америка құрама штаттарында 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасауда.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:


  • Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

  • Қашықтықтан   оқытудағы   мақсаттары   мен   міндеттері,   оның   алдағы   уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.

  • Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

  • Оқытудың   телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану   ісіне   дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

  • Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

  • Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге  асырылуы  мүмкін:

  • желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);

  • кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;

  • ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.

Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін  қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе  бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.

Сонымен қатар, білім алушыларды жаттықтыратын және тестілік жинақтардың кемшіліктеріне қарастырайық. Оларды келесі түрдегі 3 топқа бөлуге болады:


    1. Білім алу интерфейсінің кемшілігі (Интерфейс-бұл жалпақ тілмен айтқанда, адам мен машинаның арасында мәліметтер алмасуды орындайтын аппараттық-бағдарламалық құралдар жиынтығы):

  • өз бетінше білім алу режимінің жоқтығы;

  • сайыс түріндегі компоненттің жоқтығы;

  • ақпаратты берудегі біркелкілік

    1. Тестілік тапсырмаларды құру интерфейсінің кемшілігі:

  • Ақпаратты енгізу мен тапсырмаларды құруға кететін уақыттың ұзақтығы;

  • Графикалық ақпаратты енгізуде туындайтын қиындықтар;

  • Анимациялық құралдардың жоқтығы.

    1. Экзаменатор интерфейсінің кемшілігі:

  • Материалды игеруде туындайтын қиындықтар;

  • Білім алушылар жетістіктерін оперативті бақылайтын құралдардың жоқтығы;

  • Әр түрлі пәндер бойынша топ нәтижелерін салыстыру кезінде туындайтын қиындықтар.

    1. Оқу орнын басқарушы интерфейсінің кемшілігі:

  • Тестілеу нәтижелерін сақтау және оларды бір жүйеге келтіру

құралдарының жоқтығы;

  • Әр пән бойынша оқу топтарының үлгірімін салыстыру құралдарының жоқтығы;

  • Оқу орны студенттерінің үлгірімін оперативті бақылау мүмкіндігінің жоқтығы.

Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады.

Білім порталы келесі функцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді: мамандарға ақпарат пен қатынас құралдарын ұсыну, бөлімдер мен ресурстар арасындағы байланысты жақсарту, авторлық құқықты сақтау, оқу курстарына, білім технологияларына, білім қызметтеріне конкурстар жариялау, ақпарат алмасу мүмкіндігі, әртүрлі сервистерді ұсыну (ЧАТ, форум, пошталық таратулар).

Білім порталы – бұл оқу порталы (білімді бақылау, беру, құру және қол жеткізген білім цензін дәлелдеуі). Егер де порталда оқыту функциялары жоқ болса, онда мұндай портал білім жүйесінің тек ақпараттық порталы болады. Порталды ақпаратпен толықтыру жөнінде сөз болған жағдайда, контент пен ресурс түсініктерінің айырмашылықтарын білу қажет.

Контент – бұл мәтін, графика, мультимедиа және басқа да ақпараттық толықтырулар жинағы

Ақпараттық ресурстар – бөлек құжаттар немесе бөлек құжаттар массиві, ақпарат жүйесіндегі құжаттар массиві мен құжаттар жинағы (кітапхана, архив, қорлар, мәліметтер базасы, басқа ақпараттық жүйелер).

Яғни, контент оқыту құралы емес. Контент – бұл электрондық басылымдарды құрайтын элементтер, яғни ақпараттық ресурстар.



1-сурет. Контент: ақпаратпен толықтырылуы


Оқу орталарында ақпаратты-білім ортасын құрудағы негізгі мақсат - интернет ортасында ұйымдастырылған, бірыңғай типтік технологияларды қолданып, білім ресурстары мен қызметтерін білім алушы мен мұғалімдердің қай жерде орналасқанына тәуелсіз ақпаратты-білім ресурстары, оқу орындарында білім алу, мамандық игеру қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру болып табылады.

Сондықтан, алға қойылған мақсат арнайы және аймақтық виртуальды университеттен құралған Интернет-портал негізінде ақпараттық оқыту құралдарын құру арқылы жүзеге асырылады. Білім беру жүйесінде портал – бұл оқу орындарының өз қызметтері, өнімдері мен ғылыми жетістіктері болатын әлемдік білім Интернет кеңістігіне шығуға жол ашуды қамтамасыз ететін ақпаратты-білім және әмбебап инструментальды ортасының құралдары.

Портал өз формалары мен ұйымдастыру-құқықтық формасын, яғни өз Интернет-өкілдерін ашуға мүмкіндік беретін кәсіби мамандыққа тәуелсіз желілік оқу процесін жүргізудің технологиялық картасы мен педагогикалық сценарилер жинағымен бірге ақпаратты оқыту жүйесін құру құралы болып табылады.

Ақпараттық-білім ортасын құру процесінде келесі негізгі міндеттер шешілген болу керек:



  • порталдың функционалды-мазмұндық құрылымы, яғни оны құрудағы механизмі мен технологиясы, оны кеңейту мен өзектілігін өңдеу;

  • спецификация және нормативті құжаттармен, ұлттық және халықаралық стандарттармен бірігуін қамтамасыз ететін ақпараттық оқыту жүйесінде түрлі ақпараттарды ұсынатын форматтарды жасау;

  • интегралданған ортақ жүйелі ақпаратты порталда бейнелейтін үлестірілген Портал элементі ретінде «Виртуальды университет»-ң бағдарламалық-дидактикалық жинақ архитектурасын өңдеу;

  • қолданушылардың белгілі мақсатқа арналған топтары мен олардың ерекшелігін бейнелейтін, барлық деңгейге сай білім алуға мүмкіндік беретін, Виртуальды университеттің функционалды-мазмұндық құрылымын өңдеу;

  • оқу процесін жүргізу құжаттамасымен бірге, білім беру процесінің барлық этаптарын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, сервистік қызмет типтік жинақтарымен кез келген оқу орнын қамтамасыз ету;

  • әрбір оқу орындағы виртуальды өкілдіктегі ақпарат құпиялылығы;

  • жұмысы немесе орналасқан жеріне тәуелсіз педагогикалық, ғылым кадрларымен тәжірибе алмасу және кәсіби қатынаста болуға мүмкіндік жасау;

  • административті, маркетингтік және басқа да оқу процесін сапалы өткізуді қамтамасыз ететін барлық оқу орындарының тең құқылы болуын қамтамасыз ету;

  • басқа оқу орындарымен және техникалық қызмет орталарымен, білім қызметтерін тұтынушылардың ара-қатынасын реттейтін, типтік құжаттар жүйесі арқылы ақпараттық оқыту жүйесіне кіретін, білім мекемелерінің қарым-қатынасын қамтамасыз ететін, сонымен бірге экономикалық механизм, жүйелік келісімдер мен кепілдемелерді, нормативті-құқықтық құжатты жасау;

  • ақпаратты-білім ортасында тәжірибемен алмасу және авторлық құқықты қорғау, желілік оқу процесінде әдістеме бойынша ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге кеңес және қосымша кәсіби ақпарат алу мен эксплуатациялық ортада административті және техникалық бағыттағы мамандар қажеттілігін қамтамасыз ететін ақпаратты-білім ортасының администрациялау ядросын құру.

Білім жүйесін ақпараттандыру үрдісін дамыту отандық оқытуға бағытталған бағдарламалык құралдар дайындамайынша мүмкін емес. Олардың ауқымы кең болып табылады. Бұлар-бақылау және тестілеу бағдарламалары, компьютерлік ойындар, ақпараттық анықтама жүйелері, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар.

Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және бағалы-нәтижелік.

Электрондық оқулықтың мотивациялық-мақсатты бөлігі модульдер мен шағын модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль-пән салаларындағы жүйелік және қызметтік білімнің жиынтығы. Ол электондық оқулық арқылы оқытуды ұйымдастырудың "қызметтік түйіні" болып табылады.

Электрондық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асады. Бұл мәліметтер жиынтығы ретіндегі ақпараттық оқу ортасы. Ол білім беру міндетті білім деңгейі талаптарына сай электрондық оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі.

Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты.

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:



  • оқытуды даралау;

  • оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;

  • дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.

Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:

  • оқу курстарын қолдау;

  • білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;

  • кеңестер беру;

  • білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;

  • білім алушылардың білімдерін бақылау.

Білім беру ұйымдарында:

  • білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;

  • телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;

  • әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;

  • CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің ( жеке меншік және немесе сатылып алынған);

  • желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын);

  • тестілеу кешендерінің;

  • тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;

  • жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;

  • желілік тестілеу кешендерінің;

  • оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS);

  • оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.

Қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:

  • оқу процесін ұйымдастыру және басқару;

  • қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;

  • ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.

Қашықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.

Білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.

Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.

Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.

Білім беру ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына электрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:



  • жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);

  • жеке қашықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);

  • топпен қашықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).

Қашықтықтан оқытудың нысандары: бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электрондық пошта арқылы консультациялар беру.

Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.

Білім алушылар практиканы виртуалды зертханаларда, кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді. Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.



Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Сабақты жобалау кезеңдері

Мақсаты: Сабақты кезеңдерге бөліп отырып, сабақ жоспарын құру.
Тапсырмалар:___Тақырып_4'>Тапсырмалар:___Тақырып_3'>Тапсырмалар:___Тақырып_1'>Тапсырмалар:

    1. Тақырып 1 сүйене отырып, сабақ жоспарын құрыңыз.

    2. Сабақ тақырыбын Қосымша 1-де көрсетілген өз нұсқаңызды алыңыз.

    3. Сабақ жоспарын А4 фоматта қағаз түрінде тапсырасыз.

    4. Тақырып 1-де көрсетілген мысалға қарап орындаңыз.


Бақылау сұрақтары

  1. Сабақты жобалау дегеніміз не?

  2. Жобаның жоспардан ерекшеілігі қандай?

  3. Сабақтың мақсатын анықтау үшін қандай талаптар қойылады?


Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Педагогикалық әрекетке практикалық дайындық

Мақсаты: MS PowerPoint-та презентация құрып үйрену
Тапсырмалар:

  1. Алдыңғы зертханалық жұмыстағы құрған сабақ жоспарыңызға сүйене отырып, осы тақырыпты түсіндіруге көмекші құрал ретінде презентация құрыңыз.

  2. Ол үшін Тақырып 2 теориялық материалын оқып, сондағы мысалды орындап көріңіз.

  3. Осы мысалға қарап отырып, өз тақырыбыңыз бойынша презентация құрыңыз.

  4. Презентация кем дегенде 7 слайдтан тұруы керек.

  5. Презентация Тақырып 2 теориялық материалындағы Презентацияны құруға қойылатын талаптарды қанағаттандырсын.


Бақылау сұрақтары

  1. Презентация не үшін қолданылады?

  2. Оның ерекшеліктері қандай болуы керек?

  3. Қалай қолданудың маңыздылығы бар ма?

  4. Визуалды құралдың маңыздылығы неде?

  5. Негізгі сүйенетін принциптер қандай?

Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Педагогикалық программалық құралдарды (ППҚ)

құрудың психологиялық аспектілері

Мақсаты: MS Word-та Веб-бет құрып үйрену
Тапсырмалар:

  1. Тақырып 3 теориялық материалмен оқып танысыңыз, гиперсілтеме құруға берілген мысалды орындаңыз.

  2. Алдыңғы сабақта құрған өз сабақ жоспарыңыздың электронды нұсқасын ашыңыз.

  3. Осы жоспарды Тақырып 3 теориялық материалына сүйене отырып, сабақ жоспарыңызды Веб-бет түрінде сақтаңыз.

  4. Оған гиперсілтемелер орнатыңыз. Гиперсілтеме сіздің жоспарыңыздағы практикалық жұмыстарға орнатылсын. Яғни, Веб-бетте тек сабақ жопары жазылуы керек, ал практикалық тапсырмалар, сұрақтар, қолданылған әдебиеттер басқа беттерде орналассын. Осы беттерге гиперсілтеме құрыңыз. Гиперсілтемелерге түсініктеме жазыңыз.

  5. Мұғалімге электронды нұсқасын тапсырыңыз.


Бақылау сұрақтары

  1. ТП MS Word гиперсілтеме қалай құрылады?

  2. Веб-бет дегеніміз не?

  3. Бірнеше файлдарды гиперсілтеме арқылы байланыстыруға болады ма?

  4. Құжат ішінде қандай да бір бөлімне сілтеме құруға болады ма?

  5. Гиперсілтеме орнатылған сөзді қалай ажыратуға болады?


Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Информатиканы оқыту үрдісін белсендіру әдістері

Мақсаты: MS FrontPage-да Веб-беттер құрып, оларды

байланыстырып үйрену


Тапсырмалар:

  1. Тақырып 4 теориялық материалын оқып танысыңыз.

  2. Осы материалға сүйене отырып, мысалды орындаңыз.

  3. Өзіңіз құрған сабақ жоспарын және презентацияңызды пайдалана отырып, осы программада электронды жинақ құрыңыз. Яғни, MS FrontPage-да Веб-беттер құрып оларды байланыстырып сабақ жоспарынан, осы сабақты өткізуге қажетті практикалық материалдардан және презентациядан тұратын электронды жинақ құрыңыз.

  4. Орындаған жұмысыңыздың электронды нұсқасын мұғалімге өткізіңіз.

Бақылау сұрақтары

  1. MS FrontPage қандай программаға жатады?

  2. Бірнеше файлдарды гиперсілтеме арқылы байланыстыруға болады ма?

  3. Құжат ішінде қандай да бір бөлімге сілтеме құруға болады ма?

  4. Гиперсілтеме орнатылған сөзді қалай ажыратуға болады?


Зертханалық жұмыс №5

Тақырыбы: Жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер

жұмысындағы ақпараттық өзара әсерлесу

Мақсаты: HTML тілінде электродны оқулық құрып үйрену.
Тапсырмалар:

  1. Тақырып 5 теориялық материалдарын оқып танысыңыз.

  2. Осы теориялық материалдардағы мысалдарды орындап, нәтижесін мұғалімге көрсетіңіз.

  3. Қосымша 2 тақырыптарды қараңыз. Осы өзіңіздің нұсқаңызда қандай тақырып тұр, сол тақырыпты толықтырып электронды оқулық құрыңыз.

  4. Электронды оқулық 15 беттен тұрсын.

  5. Оқулықты құру барысында HTML тілінің барлық теориялық материалдағы көрсетілген мүмкіндіктерін қолданыңыз.

  6. Сурет қою, сырғымалы жол, фреймдарға бөлу, кесте құру тегтарын қолданыңыз.

  7. Электронды оқулықты құрған студент жайлы ақпарат жеке бір бетте кесте түрінде берілсін.

Бақылау сұрақтары

  1. HTML құжаты дегеніміз не?

  2. HTML құжаты жазылатын негізгі тегтарды атаңыз.

  3. Құжатты Веб-бет түрінде ашу үшін қандай форматта сақтау керек?


Зертханалық жұмыс №6

Тақырыбы: Жобалар әдісі

Мақсаты: Сабақ жоспарын дәстүрлі емес әдіспен құру.

Ойын элементтерін қосып, сабақ өткізу.


Тапсырмалар:

    1. Тақырып 6 теориялық материалын оқып танысыңыз.

    2. Осында аталған дәстүрлі емес сабақ өткізу әдістеріне өзіңіз білетін әдістер болса, қосыңыз.

    3. Екі студенттен бірігіп, өз еріктеріңізбен 7, 8, 9 сыныптарда өтілетін бір тақырыпты таңдап, сол сабаққа дәстүрлі емес ойын әдісін қолданыңыздар.

    4. Сабақ жоспарының қағаздаағы нұсқасын тапсырасыздар.

    5. Осы сабақты толық 45 минутқа есептеп, топ студенттері арасында өткізуге дайындалыңыздар.

    6. Ойын элементтері, дидактикалық материалдар, дайын ойын программаларын қолданыңыздар.

    7. Көрнекілік материалдар қолданыңыздар.

Вариант номерлері:

1 және 6

2 және 7

3 және 8

4 және 9

5 және 10

Бақылау сұрақтары

  1. Дәстүрлі емес әдіс дегеніміз не?

  2. Қандай дәстүрлі емес әдістерді білесіз?

  3. Ойын элементтерін қолданудың тақырыпты меңгеруге көмегі қандай?


Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Информатиканы оқыту үрдісінде психологиялық

мәселелерді шешу әдістері

Мақсаты: Информатиканы оқуға ынталы оқушыларды анықтау үшін

тест құрастыру. Тест программасын кез-келген программалау тілінде құру.


Тапсырмалар

  1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтап алуға арналған тест сұрақтарын құрыңыз. Ол сұрақтар оқушының білімін және логикалық ойлау қабілетін тексеруге мүмкіндік беретін болсын.

  2. Тестте 30 сұрақ және әр сұрақта 5 жауап нұсқасымен құрыңыз.

  3. Құрылған тест сұрақтарын бағалау шартын көрсетіңіз.

  4. Осы тест сұрақтарын тесттік программаға енгізіңіз. Программа ретінде Тақырып 5 көрсетілген мысалды алуға, толықтыруға немесе өзіңізге басқа программалау тілінде құруыңызға болады. Сұрақтарға байланысты сызбалар немесе суреттер бар болса, оны міндетті түрде тест программасына қосыңыз.

  5. Тест сұрақтарына оқушы жауап бергенде оның информатика сабағына бейімділік мөлшері бағалансын.


Бақылау сұрақтары

  1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтауда қандай талаптарға сүйенесіз?

  2. Тесттің нәтижесін бағалауды қалай ұйымдастыруға болады?

  3. Тестті білімді бағалауға қолданған дұрыс деп есептейсіз бе?


СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ҚАТЫСУМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1-өздік жұмыс

Тақырыбы: Microsoft PowerPoint терезесі. Слайд құру.

Анимация. Презентацияны көрсету.
Презентация құру дегеніміз мәтіндер, графика, суреттер орналасқан слайдтар жиыны. Презентация құруға арналған Microsoft Power Point программасы басқа да офистік программалар сияқты өте жеңіл және қарапайым. Бұл программа өзі көптеген шаблондар мен дизайндардың нұсқаларын ұсынады. Программаны іске қосу үішн Іске қосу – Программалар - Microsoft Office - Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз (Сурет 1).




жүктеу 2,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау