Сурет 1. Microsoft PowerPoint негізгі терезесі
Басқа да офистік программалар сияқты Microsoft Power Point терезесінің құрылымы тақырып жолынан, әр түрлі тақталардан, қалып күй қатарынан тұрады. Оң жақта орналасқан Есептер облысы көмегімен немесе мәзір қатары командаларының көмегімен Microsoft Power Point-та презентация құру орындалады. Осы терезеде презентация құрудың шаблонын таңдауға, бос презентация құруға, Автомазмұн шебері (Мастер автосоздания) арқылы презентация құруға болады.
Есептер облысынан Өңдеу шаблондары (Шаблоны оформления) таңдаймыз. Ашылған шаблондардың ішінен ОКЕАН шаблонын таңдаңыз. Осы шаблонның қасындағы бағыттауыштан Тек еркшеленген слайдқа қою (Только к выделенным слайдам) командасын таңдаңыз. Сонда таңдаған шаблон тек бір слайдқа орнатылады.
Есептер облысынан Слайд құрылымы (Разметка слайда) командасын ашыңыз. Осы жерден Тек тақырыбы (Только заголовок) түрін осы слайдқа ғана орнатамыз. MS Power Point стандартты объектілерді орналастырудың 27 стандартты түрлерін ұсынады.
Тақырыбын енгізіп, мәтінді форматтаңыз (Сурет 1). Мәтінді форматтау үшін MS WORD мәтіндік процесорын өткеннен білетін, Форматтау тақтасы немесе Формат мәзірін қолданасыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |