Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп:Қарағанды орта мектебі.
Мұғалімі: Үкенова Р.Ғ.
Мерзімі: __________ №7 Сынып: 9 Оқушылар саны: 7
Тақырып:Еңбек-өмір мәні
Құндылық:Дұрыс әрекет
Қасиеттер:жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайлықпен жұмыс істеу;;
Сабақ мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушыларға шынайлықты, жанашырлықтың мәнін ұғындыру;
Оқушыларды жанашырлық, шынайлық, кешірімді болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойындағы риясыз қызмет ету қарым-қатынас ізгіліктерін дамыту.
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті.
Музыка. Күйтаспадан баяу, дауысы бәсең әуен қосады да, балалардың көздерін жұмып, ыңғайланып отыруын сұрайды. Оқушыларға жеңіл және ұнамды болатындай етіп жайлап, еркін тыныс алу керектігін ескерту керек. Өзі баяу ғана: Сендер қазір өздеріңді осыдан бес жылдан кейінгі өмірімді көріп отырмын деп болашаққа көз жүгіртейік. Менің ата-анам, достарым, туған-туысқандарым да біршама өзгерген. Жаңа достар, жаңа орта, жаңа таныстар арасында мен қуанышқа бөленіп тұрмын. Мен өз өміріме ризамын. Осындай өмірге жеткізген ата-анама, достарыма, ұстаздарыма алғысымды айтамын. Қандай жетістіктерге жеткендеріңді естеріңе алындар. Өздерінің тұратын қоғамдық ортаға қандай үлес қосатындарыңды және қандай мамандық иегері болатындарыңды ойланыңдар.
Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Менің достарым көп, жоластарым әрдайым қасымнан табылады. Мен кез-келген уақытта осы достарыма сенім арта аламын.
Айналамызға тағы көз жібереміз.
Ал енді көздеріңді ашыңдар, бүгінгі сабаққа ораламыз. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.
|
2. Үй тапсырмасын тексеру. №6 3-тапсырма 14 бет.
«Табиғат-әсемдік-өмір» сұлбасымен үш баған түзіңіздер.
Бірінші бағанға сұлбаның мағынасын ашатын сұрақ қойыңыздар. Екіншісінде қойылған сұрақтар жауап беріңіздер. Үшіншісінде қорытынды шығарыңыздар.
|
3.Дәйексөз. Абай Құнанбаевтың қанатты сөзі берілген.
«Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлі-бәрі осыдан шығады».
Оқушыларға дәйексөздін мағынасын түсіндіру және дәптерлеріне жазғызу.
|
4.Аңыз. «Бабушка всея руси» бейне фильмі ұсынылады.
Сұрақтар:
1. Бейнефильмның мазмұны не туралы?
2.Әжейдің сөзін, істеген еңбегін қалай түсінесіңдер?
3.Өздерің осындай жақсылық жасаған кездерін болды ма?
|
5.Шығармашылық жұмыс.
Бүгін жоспарлаған жұмысыңды ертеңге қалдырмау, жалқаулыққа салынбау және адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады.
Жағдаятты оқып, жалғастырыңыз:
Нұржан мен болат 9-сыныпта бірге оқитын. Екеуі бүгіннен бастап, Ұлттық тестілеу сұрақтарына дайындықты бастайтын болып келіскен. Бірақ Нұржан үйге келген соң Болатқа бара алмайтынын айтып, телефон шалды. Болат себебін сұрағанда, Нұржан:-Әлі де уақыт бар емес пе, үлгіреміз ғой,-деді. Болат.
Нұржанның әрекетін қалай түсіндірер едіңіз?
2.Нұржан:
-Болат кітапханаға барып жобамызды әзірлейік.
-Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салкды ағама тапсырғанмын,-деді Болат.
-Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой,-деді Нұржан.
-Ештеңе етпес, жобамызды тапсырсақ болады емес пе?!
-Жоқ ол....
Өздерің Нұржан мен Болатқа қандай кеңес берер едіңіз?
|
6. Топпен ән айту. Д.Әлімжанов
Еңбек-гүлі өмірдің,
Нұрланған өткір талаппен.
Сәулеті биік өнердің,
Табылған мықты тұрақпен.
Еңбектің өзек, тамыры,
Төселген шебер қолында.
Тартылмас табыс жанары,
Қайнаған қызу жолында.
Еңбек сүйсең, ерінбе,
«Болсын десең-бірі екеу»,
Соқ балғаңды кезінде,
Сонда жатыр іске өрлеу!
|
7.Үй тапсырмасы: №7 сабақ. дәптердегі 17 беттегі, 1-тапсырма.
«Адам көркі-еңбек» тақырыбына ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме құрастырыңыз. Суретші ретінде сурет салыңыз.
|
8. Тыныштық сәті: Соңғы тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.
Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден
қайталаңыздар (баяу әуен ырғағымен).
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
|
Достарыңызбен бөлісу: |