Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Сурет 11. Басқарушы батырмалар



жүктеу 2,81 Mb.
бет14/14
Дата07.02.2020
өлшемі2,81 Mb.
#28577
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Сурет 11. Басқарушы батырмалар

  1. Егер сіз құрған перзентация көптеген слайдтардан тұрса, онда батырмаларды орнату қолайлы. Мұнда, мысалы, өңделетін (настраиваемая), үйге (домой), анықтама (справка), алыдға (вперед), артқа (назад) т.б. батырмалар орналасқан. Осы батырмаларды керек слайдқа орнатып, оған қандай да бір әрекетті бекітуге болады.

  2. Мысал ретінде, бірінші слайдқа соңына (в конец) батырмасын таңдап, орнатыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 12).



Сурет 12. Әрекетті реттеу терезесі

  1. Осы терезеден батырманың әрекетін орнатыңыз. Мысалы, Гиперсілтеме арқылы көшу жеріне белгі қойып, Соңғы слайд таңдаймыз. Ок батырмасын шертіңіз. Енді презентацияны көрсету кезінде тышқанмен шертсеңіз көрсету бірден соңғы слайдқа көшеді.

  2. Презентацияны СМПИ атымен өз бумаңызда сақтаңыз.



3-өздік жұмыс

Тақырыбы: Презентация құруға қойылатын талаптар
ПРЕЗЕНТАЦИЯ – бұл сендіру, коммуникация формасы. Оның мақсаты шектеулі. Түсін таңдау, түзулерді орынды пайдалану, сәйкестік, әртүрлілік, жеке , ерекше үлгі қолдану презентацияның сапасын көтереді. Бір-біріне ұқсас презентацияны әр тақырыпта мәтінін өзгертіп қолдана беру, оқушының да қызығушылығын тудырмасы анық. Презентация әртүрлі формада және әртүрлі программаларда жасалуы мүмкін. Ол автордың біліктілігіне байланысты. Презентацияны дәріс, практикалық, зертханалық жұмыстарды өткізгенде қолданған тақырыпты бекітуге, жете түсінуге көмектеседі.

  1. Презентацияны жоспарлау.

Бүгінгі жасалған жақсы жоспар ертеңгі, жасалмаған керемет жоспардан жақсы.

А.Блох

Жоспарлау әрине автордың аудиторияға нені жеткізуі керек, соны анықтаудан басталады. Ол уақытты да, аудиторияны да тақырып өзектілігін де ескеруі керек. Өз сөзіңізді дайындау – жоспарлаудың бірінші кезеңі. Презентацияның титулы автордың атынан және тақырыптың көрнекі жазылуынан басталуы керек. Бұл кезеңде аудиторияның назарын презентацияға аудару ары қарайғы оның дұрыс бағытта қабылдануына әсер етеді. Екінші этап онда қандай бөлімдер және қандай ретпен орналасады соны қарастыруы керек. Жоспарлау барысында топтарға бөлуді де ескеру керек.:



  1. Ең маңыздысы қосылуы керек

  2. Қажеттісін қосу керек

  3. Нені қосымша айтуға болады, оны уақыт қалса айта кету керек.

Барлығын презентацияға сыйдырып, өзіңіз тақырыпты ашуға тырысу үлкен қателік болады. Жоспар құрып, бөлімдерге бөлген соң, көрсету барысында ауызшада айтып, аудиторияға ие болу керек. Қызықсыз және жалықтыратынды қосуға болмайды. Өте қызықсыз деп саналатын тақырыптан да қызықты кезеңдерін таууға тырысып, презентация құндылығын арттыра білу керек. Жоспарлаудың үшінші кезеңі – оны аяқтау. Логикалық аяқтауды ойластыруда өте маңызды. Қорытындылау кезінде аудитория өздеріне түсініксіз болып отырған сұрақтарға жауап та алуы керек. Слайдқа қоштасу сөздерін жазу керек емес. Қорытындыға не кіреді:

  • Көрсетілген факторлар мен аргументтердің қысқаша сипаты

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • Сұрақ қою ұсынылуы керек

  • Тыңдағандары үшін рахмет айтылуы керек

Жоспарлау кезінде келесі дидактикалық принциптерге сүйену керек:

  • ғылымилық;

  • көрнекілік;

  • түсініктілік;

  • жүйелілік;

  • екпінділік;

  • тұрақтылық;

  • теория мен практиканың байланысы;

  • интерактивтілік;

  • жеке тұлғалық ерекшелік;

  1. Кіріспе сөзді дайындау.

Жоспарлау кезінде біз аудиторияны тыңдаушылар ретінде қарастырамыз. Ал сөйлеу барысында оларды қатысушылар ретінде қарастырып көру керек. Презентацияның жақсы болуында сіздің сөзіңіз, кіріспеңіз өте үлкен орын алады. Әйтпесе оның дұрыс қабылданбауы әбден мүмкін. Ал нашар презентацияның өзін автордың ораторлық, ұйымдастырушылық қасиеті тамаша етуі әбден мүмкін.

Негізгі кезеңдерді ескере кетейік:



  • кіріспенің құрылымын зерттеу;

  • аудиториямен сөйлесудің әртүрлі тәсілдерін іздеу;

  • аудиторияның жас ерекшелігін ескеру;

  • презентация өтуі барысында аудиторияны қаратудың сәйкестігі.

3. Қолданылатын визуалды құралдар

Мен естідім де ұмытып қалдым, көрдім де есімде сақтадым.
Ағылшын мақалы

Визуалды құралдар – презентацияны көрсету құралы, бірақ мақсаты емес. Спецэффектілермен қатты әуестеніп кетіп, презентация тақырыбынан ауытқу болмау керек. Визуалды ақпараттан адам тек 25%, аудиодан – 12% қабылдайды екен. Ал екеуінің сапасы сәйкес болса, онда 65% ақпарат қабылдайды. Келесілерді ескеру керек:



  • Визуалды құрал сөзбен айтылмайтын ақпаратты тез және көркем беруі керек;

  • Олар презетацияларды көрнекі ету керек;

  • Көрініс қарапайым болуы керек;

  • Сөздерді көлденең орналастыруы керек;

  • Түсті таңдағанда ойлану керек;

  • Слайдты көп ақпаратпен толтырмаңыз;

  • Бағандарға бөлу керек;

Түстердің адамға әсері:

  • Қызығушылық: көк, сары, жасыл.

  • Қуаныш: қызыл, сары.

  • Жалығу: қоңыр.

Келесі сұрақтарға мән беріңіз:

  • өткізу орыны өте үлкен болған қызықсыз;

  • дайындық жүргізу керек;

Қорытынды сөз барлығын жақсы қабылдануы керек. Автордың шығармашылығы да басты орын алады.
4-өздік жұмыс

Тақырыбы: Сабақ жоспарын құру тақырыптары



7 сынып бойынша

    1. Ақпаратты кодтау

    2. Есептеу техникасының даму тарихы

    3. Компьютердің құрылысы

    4. Windows-тың басқару элементтері

    5. Терезе элементтері

    6. Файлдар мен қапшықтар

    7. Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту және көшіру

    8. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу

    9. Редактордың командалары

    10. Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер


5-өздік жұмыс

Тақырыбы: Сабақ жоспарын құру тақырыптары
8 сынып бойынша

  1. Санау жүйелері. сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру

  2. Логикалық операциялар

  3. Дербес компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі

  4. Операциялық жүйелерді жіктеу

  5. Windows типті операциялық жүйелер

  6. Мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды ұсыну

  7. Файлдар мен қапшықтарды іздеу

  8. Компьютерлік ақпаратты қорғау

  9. Графикалық ақпарат туралы түсінік

  10. Windows-ты баптау


6-өздік жұмыс

Тақырыбы: Электронды оқулықтар тақырыптары


  1. MS Word мәтіндік процессоры (1, 6 вариант)

  2. MS Excel кестелік процессоры (2, 7 вариант)

  3. MS Access мәліметтер қоры (3, 8 вариант)

  4. Turbo Pascal программалау тілі (4, 9 вариант)

  5. Paint графикалық редакторы (5, 10 вариант)



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ



Тақырыбы

дайындау формасы

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі/ қосымша



Балл

Жұмысты өткізу уақыты

1

Ақпараттық технологияның қазіргі заманғы қоғам өміріндегі орны

бақылау

[1-8]

5

2-апта

2

Мұғалімдерді дайындау

жүйесінде информатиканы

оқыту әдістемесінің орны


Ауызша

[1-20]

5

4-апта


3

Электрондық оқулықтар және оны жасауда қойылатын дидактикалық талаптар

ауызша

[1-30]

5

6-апта


4

Жаңа педагогикалық

технология арқылы оқушы білімін бағалау



бақылау

[1-10]

5

8-апта


5

Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті

бақылау

[31-40]

5

10-апта


6

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

реферат қорғау.

[1-28]

3

3 апта

7

Оқушыларға информатиканы оқытуда педагогикалық бағдарламаларды қолдану әдістемесі.

Электрон-ды формада

[1-15]

3

5 апта

8

Орта мектеп оқушыларының ақпараттық компетенттілігін қалыптастыру

Презента-ция

[1-24]

3

7 апта

9

Информатиканы тереңдетіп оқуға бейім оқушыларды оқытудың негізгі бағыттары.

Электронды формада

[1-30]

3

10 апта

10

Жаңа оқыту технологиялары және концепциялары дамуының қазіргі заманғы тенденциялары

ауызша

[1-30]

3

13 апта

11

Оқушылардың педагогикалық бағдарламалық құралдарды қабылдау аспектісінің психологиялық негіздері

ауызша

[31-40]

3

15 апта

жүктеу 2,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау