Орташа қашықтықтан допты шығыршыққа лақтыру.Елеулі қателер: лақгыру тәсіліне байланысты аяқтардың бастапқы қалпының дұрыс болмауы; екі қолмен лақтырғанда доптың төмен жіберілуі; бір қолмен лақтырарда, лақтыруды орындайтын қолдың шынтағы жанға шығарылған; допты ұстағанда қол басының дұрыс қалыпта болмауы; дәл лақтырмау.
¥сақ қателер: қолды (қолдарды) толық жазбау; аяқтардың, қолдардың, қолдың басының үйлесімсіз, ретсіз бүгіліп, жазылуы; доп лақтырылып болғаннан кейін қол басының босаңсымауы.Жақын қашықтықтан бір қолмен допты секіріп лақтыру.Елеулі қателер: допты ұстаған қолдың шынтағы жанға шығарылған; кеуде секірер алдында алға еңкейтіледі; иықтар көтеріледі; секіру сәтінде қолдардың алға-жоғары жеңіл жазылуының және секірудің жоғары нүктесінде қол басының бағыттаушы қимылдарының болмауы.Тәсілдерді үйрету.Елеулі қателер: үйлесуге енетін жекелеген техникалық тәсілдерде елеуліге жататын қателер; жеке әрекеттердің тәсілдер топтамасын біріктіре орындай алмау.
¥сақ қателер: үйлестіруге енетін негізгі тэсілдерде үсаққа жатқызылған қателер; тэсілдерді үйлестіре, біріктіре орындауда жылдам екпіннің сақталмауы.
Тақырып 10. Шапшандықты және бағытты өзгертіп допты алып жүру
Серігімен бірге қашықтықты, қозгалыс жылдамдыгын сезіну. Допқа ие болған ойыншы серіктерінің дене және психикалық қабілеттерін: олардың шапшаңцық қасиеттерін, ойын кезінде допқа ие болуға ұмтылушылығын, шабуылдау кезінде қалқаннан қашық тұратын оңгайлы жерлерін, торға (корзинаға) лақтыру тәсілдерін жэне басқаларын білуі керек. Осыларга байланысты қайсыбір ойыншыға допты беру туралы шешім қабылданады. Допты беру шапшаңдығын допты қабылдайтын ойыншының қозғалысының (реакциясының) жылдамдығымен үйлестіру қажет. Біреуге допты баяу бағыттауға, екінші ойыншыға екпінді түрде пас беруге тура келеді
Тақырып 11.Қозғалыс кезінде допты лақтыру және беру техникасын жетілдіру.
Допты алып жүру. Басында допты жай ұрып жүріп басқаруды үйретеді. Алғашқы жаттығулар секіріп жүрген допты дұрыс жүргізуге бағытталады.
1 Ойыншы 1-ші орында тұрып допты жерге ұрып,оны дұрыс тосуды үйретеді.
2 Допты бір қолмен,екі қолмен кезек-кезек ұрып үйренеді.Үйренуші допты дұрыс ұруды үйренген соң,допты тік және ирелектеп алып жүруді үйренуге көшеді.
а) сапқа тұрып белгілі жерге дейін допты жүгірте отырып барып келу;
ә) оң мен сол жақтарда орналасқан кедергілерді айналып өту;
б) допты тоса сала жүгіру;
в) секіріп жүріп допты жүргізу.
Қорғаныс техникасы.
Үйренушілер доп қолдарында болғанда әдістерді орындағылары келеді, ол допты иелену қиын болғандықтан,олар оны қаламайды. Қорғаныс тәсілдері төмендегідей реттеп үйретіледі: қағып алу,жұлып алу, лақтырғанда жауып алу, қағып алып кету, секірудегі күрес.
Қағып алу. Бірінші орында тұрған ойыншының қағып алуға үйретеді, кейін қимылдағы немесе секіріп жатқан ойыншы қағып алуға үйретеді.
Жұлып алу.Үйрету дұрыс қағып алудан басталады. Үйретуші түсіндірген соң ойыншылар бір-біріне қарап тұрады. Үйретушінің бұйрығымен қорғаушылар добы бар ойыншыдан дұрыс қағып алу керек. Келесіде добы бар ойыншы допты беруге тырысады,қағып алуға өте қолайлы кезең таңдап ,шапшаң қимылдау керек.
Лақтырғанда жауып алу. Лақтыру кезіндегі жаттығулармен қатар үйретіледі. Алғашында өте жай үйретіледі, барлығы елестетіліп жасалады.
Қағып алып кету. Алғашында допты қолдан қолға беру кезінде қағып алып кету, кейін допты жүргізгенде қағып алып кету үйретіледі. Үйренушінің басты міндеті қағып алып кетуге қолайлы мезет табу және қате жібермеу болып табылады [19,14б.].
Тақырып 12 Допты жұлып алу. Қағып жіберу; қағып әкету техникасын жетілдіру. Жұлып алу. Егер қарсылас допты ұстап тұрып айналып жатқанда жұлып алса пайдалы, жұлып алудың 2 тәсілі бар: өзіне қарай жұлқу және қарсыластан алға-төмен жұлқылау.
Өзіне қарайжұлқу арқылы жұлып алу. Ойыншы допты екі жағынан ұстап алып,жылдам әрекетпен өзіне қарай жұлқып тез теріс қарау керек. Алға төменге жұлқалау арқылы жұлып алу. Ойыншы допқа бірден бас салып оны қарсыласы жоқ жерге итереді.
Қағып алу. Бірінші орында тұрған ойыншының қағып алуға үйретеді, кейін қимылдағы немесе секіріп жатқан ойыншы қағып алуға үйретеді. Қағып алу – қорғаныс техникасының ең белсенді тәсілдерінің бірі. Ол қарсы шабуыл жасауға және допты жүргізуге мүмкіндік береді. Оның арқасында қолдан-қолға беруге, жүргізуге қарсы тұруға болады. Қолдан-қолға бергенде қағап алу. Шабуылушыға қолдан-қолға беріп жатқан кезде қорғаушы оның жанына немесе арқасына орналасады. Доп беретін адамның қолынан шыққанда денеде алға шығп допты қағып ала білу керек . Допты жүлып алу, қағып жіберу, қағып әкету. Допты жұлып алу - қарсылас ойыншы допты ұстап тұрғанда қолданылады және қолмен өзіне қарай жүлқып тартып, немесе ілгері, төмен қарай итеру арқылы жүзеге асырылады. Екі жағдайда да бәрінен бұрын қарсыласқа өте жақын келіп, қолайлы кезеңде допты қатты ұстау қажет. Егер қарсьлас допты ұстап тұрса, онда допты өзіне қарай екі қолмен жұлқи тартып алып, денені бір мезгілде бұра, қарсыласқа арқаңды бересің.Қолдан допты қағып жіберу - қолдың қырымен допты жоғарыдан не төменнен ұрып жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Допты қағып әкету - допты алып жүру мен беруге қарсы әрекет есебінде қолданылады.
Допты секіру кезінде ал. Бұл тәсіл өте маңызды және өте әсерлі. Ол кезде лақтыра шабуыллға және қарсы шабуылдауға мүмкіндік береді. Доп секіргенде екі жақтың ойыншылары да теңдей қалыпта болады және допты басқаруды ойластырып тұрады. Допты алу үшін бірінші болып алып шығып,жоғары секіріп,допты ұстап алуы керек. Жерге түскенде аяқтарды кеңінен ашып,шынтақтарды шетке кіріп, допты кеуденің астына тығу керек. Бұл тәсілдің сәттілігі допты алып үлгеруге және секіруге байланысты.
Тартып алу. Бұл тәсілді ойыншы орнында допты ұстап тұрғанда немесе жүгіртіп жүргенде орындауға болады. Қолдан тартып алу. Ойыншының жанына сәтті әрекет жасай алатындай немесе сәтсіздікке артқа шегінуге болатындай қалыпта жақындау керек. Шапшаң және өте аз уақытта тырыстыра ұстаған саусақтармен допты бос жерге ұрып үлгеру керек. Жүгірту кезінде тартып алу. Доп басқарған қарсыласты шеттегі сызыққа бағыттап сәл итермелеп допты жанынан тартып алады.
Алдынан тосу. Бұл тәсіл лақтыруға қарсы қолданатын тәсіл. Допты лақтырып жатқан ойыншыға жақындап, дәл лақтырар кезде доптқа қарсы шығу керек [15,71б.].
Тақырып 13. Дағдыны қалыптастыруға арналған жаттығуларды жетілдіру Дағдыны қалыптастыруга арналган жаттығулар (орын ауыстыру техникасы). Баскетболшыға орын ауыстыру үшін жүру, жүгіру, жанымен жүру, секіру, тоқтау және эр түрлі бүрылыстар жаттыгуларын орындау қажет. Жаттығулардың бұл түрлері допты дұрыс бере білу және шығыршыққа допты тастау мақсатында қолданылады.Жүгіруді жетілдіру үшін тез жүгіру, артқа қарай жүгіру, бағытгы тез өзгертіп жүгіру және жылдам жүгірулерді үйрену қажет болатындығын есте сақтаған жөн. Осы мақсатта әрдайым мынадай жаттығулар қолданылады:тура жүгіру барысында аяқтың үшымен итерілуді қадағалау;бір орында тұрып жүгіруден әр түрлі қашықтыққа жүгіруге ауысу;бір аяқтан екінші аяққа секіруге ауысу арқылы жүгіру (белгілі жерге дейін), содан соң белгіленген межеге дейін жай жүгіру;сөреден 10-15 м-ге қайталап жүгіру;жай жүгіруден жылдам жүгіруге ауысу;әдеттегі жүгірістен артқа қарай жүгіруге ауысу;белгілі жерге дейін жүгіріс түрін және жылдамдықты өзгертіп жүгіру.Бүйірге қарай жүру, жүгіру тепе-теңдікті сақтай отырып, қозғалыс бағытын тез арада өзгерту үшін қолданылады. Бүйірге қарай жүру, жүгіру әрқашанда қорғаныс ойынында қолданылады, себебі бұл тәсіл шабуылдаушының бағытына қарай қозғалуға және қарсы қимылдар жасағанда доптан айрылып калмау үшін өте қолайлы. Ең біріншіден, ол жанына және артқа орын ауыстыру үшін көп қолданылады.
Секірулер баскетбол ойынындағы барлық эдіс-тэсілдерді орындау үшін қолданылады. Секірулер бір немесе екі аяқпен серпілу арқылы бір орында немесе қозғалыста орындалады.Баскетболда кең көлемде тараған секірудің бір түрі — қозғалыста бір аяқпен серпілу, әсіресе, секірудің бүл түрі допты беруде, лақтыруда көп пайдаланылады.Секірулерді жетілдіру үшін қолданылатын жаттығулар:орнында гұрып жоғары секіру, жоғары-алға, жоғары-артқа, жоғары-бүйірге 90°-қа жэне 180°-қа бүрыла секіру;белгіленген межеге жету үшін қолданылатын биіктікке секірулерді көбірек орындау;терендікке секіру;секіртпемен секіру және гимнастикалық орындықтан асып түсу үшін бір немесе екі аяқпен секіру;жүгіріп келіп бір аяқпен серпіле секіру.
Жүгірісті тез арада тоқтату арқылы ойыншы қарсыласының алдынан ешқандай кедергісіз өтуге өзіне қолайлы тәсілді қолдана алады. Дұрыс әрі тез тоқтау соңғы адымның алдьщғы адымнан кең койылуына байланысты. Жерге тірелген аяқ сәл бүгіліп, алға көтерілген аяқ иық кендігіндей қашықтықга бүйірге қойылады. Ойын барысындағы тоқтау күтпеген жағдайда немесе ойыншының алдын ала таңдаған жерінде орындалады.
Тақырып 14 Кілт тоқтауды жетілдіру үшін орындалатын жаттығуларды Кілт тоқтауды жетілдіру үшін орындалатын жаттыгулар:жүгіру барысында күтпеген жағдайдагы тоқтау;тоқтағаннан кейін кенет алға ұмтылу және қайтадан тоқтау;секіруден кейінгі немесе допты алып жүрген кездегі тоқтау.Межелі жерге жетуді қысқарту, қарсыластың қарсы әдіс-әрекеттерінен құтылу, бағытты өзгерту жэне қарсыласынан допты жабу үшін бұрылу әдістері қолданылады. Ойыншының бұрылыстағы қозғалысы циркульдің қозғалысына үқсайды. Тірелетін аяқтың үшы орнынан қозғалмайды, екінші аяқ әр түрлі бағытган адымдар жасайды. Бүл әдіс қиын емес, бірақ ол үнемі дамытуды қажет етеді. Мүны мынадай жатгығулармен жетілдіруге болады:баскетболшы бастапқы қалыпта тұрып, өз еркімен алға және артқа бұрылыстар жасау;дәл осындай, бірақ бұрылысты көру арқылы жасау. жүппен орындау; шеңберде бірінші ойыншы екінші ойыншының алдына тоқтайды да, артқа бұрылады, екінші ойыншы орнында түрады, бірінші ойыншы жаттығуды әрі қарай жалғастырады;
екі қатармен арнайы белгіленғен жерге дейін жүгіріп барып тоқтау, артқа бұрылу, алға қарай бүрылу, жүгірісті әрі қарай жалғастыру;жұппен орындау (біреу доппен, екіншісі қорғаныста): добы бар ойыншы бұрылуды орындау арқылы допты қорғаушыға бермеу үшін жабады, қорғаушының міндеті - допты тартып алу;шығыршықтан кері қайтқан допты артқа бұрылу барысында ұстау және арнайы белгіленген жерге дейін допты алып жүру және беру.
Тақырып 15 Шабуылдағы ойын техникасымен тактикасы жетілдіру
Шабуылдағы және қорғайудағы жекелеген тактикалық әрекеттерге үйрету әдістемесі.
Шабуылдау - команданың ойындагы негізгі қызметі. Команда шабуылдаушы іс-әрекеттердің көмегімен бастамага ие болып, бәсекелестерді өздері үшін тиімді тактикалық жоспарымен жүмыс істеуге мәжбүр етеді. Әр баскетболшы бәскелеспен күресудің жеке тактикалық тәсілін меңгеруі тиіс және ойын жагдайында дүрыс бағдар ұстауы қажет. Доппен болсын, допсыз болсын шабуылшыга қарсы әсер етудің тәсілдері түрліше, десек те екі жагдай да бәсекелестің іс-әрекетін мұқият қадагалап, онымен белсенді түрде күресу керек.
Тактикалық өзара әрекеттестікті жетілдіру. Топтық тактикалык орекеттерге үйрету әдістері.
Екі және үш ойыншының бәсекелестердің қарсылымынсыз шабуылдағы топтық іс-кимылдар, бәскелестердің карсылығынсыз карсыластардың саны аз және теңескен жагдайында, кедергімен және кедергісіз қарсыластардың саны азайған және теңескен кезіндегі іс-қимылдар. Қорғаныстағы топтық іс- қимылдар екі —үш ойыншының саны теңескен кездегі жэне көптеген қарсыластарға деген өзрара іс-қимылдары (ауыстыру, шегіну, сырғанау, допты топтен алу) саны азайған кездегі іс-кимылдар, секіру үшін күрес). Шабуылдағы және қорғанудағы командалык тактикалык әрекетгер.
Шабуыл кезіндегі командалык әрекеттер - ұмтыла шабуыл жасау жүйесі (тез өтіп кету, әшелонды өту және оның нұсқалары); позициялық шабуыл жасау жэне оның нұсқалары.
Допты ойынға қосу және айыптық лактыру кезіндегі командалык әрекеттер. Қорғанудағы командалык әрекеттер - қорғанудың шоғырланған және нактыланған жүйесі. Жеке корғанудың жүйесі және оның нұсқалары; корғану жүйесі және оның нұскалары, аралас қорғану жүйесі және оның нұсқалары; жеке және аймактык прессинг жүйесі: қорганудың аралас жүйесі; жылдам жарып өтуге қарсы қорғаныс.
Баскетболдың стратегиясы мен тактикасы. Стратегия мен тактиканың негізгі үғымдары.
Тактиканың элементтері: тактикалық жоспар, оны іске асырудың накты бәсекелеске байланыстылығы. Матч барысында жоспарды өзгерту. Оңтайлы шешімдер үшін ойын жагдайын талдау. Лактыру картасы мен қателіктерді карастыру (екеумен алып жүру, допты дәл бермеу, жүгіру, допты дұрыс кабылдамау және т.б. қателіктер).
8. БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма
№
|
Тақырып атауы
|
БАӨЖ мен БОӨЖ үшін тапсырма мазмұны
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
Тақырып 1
|
Баскетбол добын әрі түрлі әдістермен алып жүру техникасын жетілдіру
|
Допты алып жүру. Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі - баскетбол ойынындағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алақан арқылы төмен үрғылап алып жүреді. Бүл қозғалыс шынтақгың бүгіліп жазылуына байланысты..
|
тест
|
1-2апта
|
Тақырып 2
|
. Баскетбол добын әрі түрлі әдістермен беру және ұстап алу техникасын жетілдіру,
|
Баскетболдағы ойын техникасының тәсілдеріне үйрету әдістемесі. Шабуыл техникасына үйрету: қозғалуға, допты иелену техникасына, (допты ұстауға, беруге, алып жүруге, допты корзинаға лактыруға)Қорғаныс техникасына үйрету: қозғалу техникасына (тұруға және қозғалуларга) және қарсы әрекеттер мен допты иелену техникасына (қағып жіберу, қайыра ұстау, жабу, қағып әкету, жүлып алу, секіріп келген допты aлy) Үйретудің дидактикалық қағидалары
|
тест
|
2-3апта
|
Тақырып 3
|
Баскетболдағы айп добын орындау техникасын жетілдіру
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |