Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы


Дәріс сабақтарының мазмұны



жүктеу 0,66 Mb.
бет2/5
Дата21.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#23188
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны



Тақырып 1. Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы

1 Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі ретінде. Халықаралық экономиканың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.

2 Халықаралық экономика теориясының пәні. Халықаралық экономикада қолданылатын модельдері және талдау құралдары. Халықаралық экономика теориясының тәжірибелік мақсаттылығы.
Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі

Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.

Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:

1) халықаралық сауда негізінде тауарлардың халықаралық айырбасының дамыған сферасы;

2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;

3) бірнеше елдерде орналасқан кәсіпорындардағы өндірістің халықаралық формалары;

4) тауарлардың халықаралық қозғалысын, не өндіріс факторларының қозғалысын қызмет етумен байланысты емес, дербес халықаралық қаржылық сфера;

5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;

6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.

Халықаралық экономика теориясының пәні болып халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары табылады.

Халықаралық экономика (international economics) — тауарлармен халықаралық алмасу, өндіріс факторлары қозғалысы және халықаралық экономикалық саясатты қаржыландыру және қалыптастыру облысындағы әртүрлі мемлекеттік тиістіліктегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтің, нарықтық экономика теориясының бөлігі.

Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы. Қандай да пәнді зерттеуге кіріскенде, оның объектісі мен мәнін анықтау қажет. Халықаралық экономика да осы қағидаға бағынады. Бұл ғылымның объектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі – мемлекет болып табылады.

Қаншалықты өзгеше болып көрінгенімен, Халықаралық экономика мәнін түсіну жеңіл. Бұл жерде экономистер арасында терминологиялық айрықшалықтар кездескенімен, аса көп қайшылықтар жоқ. «Қысқаша сыртқы экономикалық сөздік анықтамада» «Халықаралық экономика халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі» - деп жазылған. Ал басқа басылымда «Халықаралық экономика (дүниежүзілік шаруашылықбайланыстары) - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі» - делінген. Басқадай көптеген оқулықтар мен оқу құралдарындағы анықтамалар бұлардан онша ерекшеленбейді. Бірақ та терминологиялық айырмашылықтар бірден көзге түседі: «Халықаралық экономикалық қатынастар», «Дүниежүзілік шаруашлылық байланыстары», «Бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар» және тағы басқаларының да мәні бір – ХЭ – болуы, ұлттық мемлекеттердің болуымен тікелей байланысты.

Оған көңіл бөліп отырған себебіміз, пайдаланылатын көптеген әдебиеттерде «бүкіл әлемдік қатынастар» термині көп кездеседі. Оның пайда болуының себебі - әлем ондаған жылдар бойы әуелі кеңес, одан кейін социалистік ғылыми әдебиеттерде дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің екі системасы ретінде қарастырылып келді. Бұл системаларда қарама-қарсы экономикалық қатынастар жүйесі әрекет еткенімен, олардың арасындағы қатынастар жүргізіліп отырды. Сондықтан алғашқыларын соңғыларын айыру үшін «социализмнің немесе каптализмнің халықаралық экономикалық қатынастары» терминінің орнына «бүкіл әлемдік қатынастар» термині пайда болды.

Халықаралық экономика мазмұны ешқандай қиыншылықтар туғызбаса да, осы қатынастар теориясы күрделі мәселе болып табылады. Болып жатқан ағымды жағдайлардың теориялық көрінісінберу оңай емес. Бірақ мұнда әлемдегі экономикалық мектептердің бағыттары тарихи, сонымен қатар логикалық жағынан алғанда әр алуан болуына байланысты қосымша қиындықтар туып отыр.

«ХЭ теориясы жалпы саяси экономия теориясы негізінде пайда болып дамыды да, соңғысының шеңберінде арнайы ғылыми іздену саласын құрды. ХЭ арнайы теориясының зерттеу пәні жалпы саяси экономия теориясының пәнімен бірдей» - деп жазылған отандық алғашқы оқулықтардың бірінде. «Халықаралық экономика теориясының зерттеу пәні саяси экономия теориясының пәнімен бірдей: ол адамдар арасында өмірге қажетті заттарды өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастары. Әлемдік шаруашылықтың, сонымен бірге халықаралық қатынастардың ерекшелігі – таптар арасындағы қарым-қатынас мемлекет шекарасы арқылы іске асырылып, халықаралық экономикалық қатынастар түрінде көрінуі» - дейді басқа бір белгілі басылымда.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегідей тұжырым жасауға болады. Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктердің зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Сондықтан ол жалпы саяси экономия теориясы шеңберінде дамыды.

Бұл өзгешеліктерді талдауды мақсат етпегендіктен, біз бұл жұмыста экономикалық жүйе деп адамдардың материалдық және рухани ресурстарды пайдаланып, тауарлар мен қызмет көрсетулерді белгілі бір ұйымық құрылымдарда өндіру арқылы материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру іс-әрекетін түсінеміз. Әрине бұл жүйе өте күрделі екені түсінікті. Өйткені оның құрамында ресурстық, теъникалық, технологиялық, ұйымдық, құқықтық және тағы басқадай компоненттері болып, олар әрқайсысы өз кезегінде жеке ғылым немесе экономикалық ғылымның жеке тармағы бола алады. Сондықтан біз әлемдік экономика дегеніміз де, оны ұлттық шекарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық жүйе деп түсінеміз. Бұл өте күрделі процестің өзіндік тарихы, пайда болу мен даму этаптары, әрекет ету заңдылықтары бар.Осының бәрі де ХЭ түсінік аппаратында өз көрінісін табады.

Халықаралық экономиканың шартты құрылымын келесі түрде көрсетуге болады.


  • Негізгі түсініктер және қағидалар;

  • Мемлекеттердің экономикалық саясаты;

  • Халықаралық қатынастардың нақты формалары

  • Халықаралық реттеу және бақылау.

Функционалды халықаралық экономика халықаралық микроэкономикаға және халықаралық макроэкономикаға бөлінеді.

Халықаралық микроэкономика (international microeconomics) — нақты тауарлардың және олардың өндіріс факторларының елдер арасындағы қозғалысының заңдылықтарынжәне де олардың нарықтық сипаттамаларын зерттейтін, халықаралық экономика теориясының бөлігі.

Халықаралық макроэкономика (international macroeconomics) — ашық ұлттық экономикалародың және әлемдік шаруашылықтың қаржылық нарықтарды глобализациялау жағдайында қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін, халықаралық экономика теориясының бөлігі.

Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тауарларға деген жалпыланған әлемдік бағаға тәуелді ұлттық және халықаралық масштабта барлық тауарлардың жиынтық өндірісінің көлемдерін сипаттайтын, абстракты шамалар ретінде кең қолданылады.

Жиынтық сұраныс (aggregate de­mand, AD) —елдің нақты сатып алушылық қабілетінің көрсеткіші. Жиынтық сұраныс ел ішінен және сырттан қойылуы мүмкін: ел ішінде – тұтынушылар және жергілікті инвесторлар жағынан, ал сырттан – шетелдіктер жағынан.

Жиынтық ұсыныс (aggre­gate supply, AS) — өндірушілер бағаның қолда бар деңгейі кезінде нарыққа ұсына алатын тауарлар көлемі. Жиынтық ұсыныс сондайақ ел ішінен және сырттан қамтамасыз етілуі мүмкін.

Графикалық түрде ол жеке тауарға деген жиынтық сұраныс пен ұсынысқа ұқсас. Халықаралық экономикада жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың объектісі тауар болып табылады. Тауарлар сатылатын және сатылмайтын болады. Сатылатын тауарлар (tradable go­ods) — әртүрлі елдер арасында қозғалысқа түсе алатын тауарлар. Стылмайтын тауарлар (nontradab-le goods) — өндірілетін елде ғана тұтынылатын тауарлар, бірақ басқа елдерге сатылмайды.

Халықаралық сауда. Әлем нарығы (world market) - халықаралық еңбек бөлінісіне және өндірістің басқада факторларына негізделген, елдер арасындағы тұрақты тауарлы-ақша қатынастарының сферасы.

Әлемдік нарық келесі негізгі белгілермен сипатталады:

Ол өз өнімін өткізу мақсатында ұлттық шектен шыққан, тауарлы өндіріс категориясы;

Ол сыртқы және ішкі сұраныс және ұсыныс әсеріндегі тауарлардың мемлекет аралық қозғалысында көрініс табады.

Ол өндіріс факторларын пайдалануды оптимизациялайды.

Әлемдік нарықта айырбас фазасында тұрған тауарлар жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың орташаланған параметрлерін көрсете отырып, ақпараттық функцияны атқарады. Осы арқылы әр бір қатысушы өзінің өндірісінің шамасын бағалайды.

Халықаралық сауда - қалыптасқан мемлекеттік ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер айырбасы. Қазіргі кезде халықаралық саудаға тауарлар айырбасымен қатар: ғылыми-техникалық ой-пікір жетістіктерінің лицензияларымен және ноу-хаумен халықаралық сауда жасау нысанындағы халықаралық айырбас, күрделі құрылыс объектілерімен, индирингілік және сабағаттық қызметтермен сауда жасау, халықаралық лизинг, т.б. кіреді. Халықаралық сауда тауарлардың екі ағымынан тұрады – экспорт және импорт.



Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]

Тақырып 2. Халықаралық сауданың классикалық теориялары

1 Халықаралық сауданың ұлттық және халықаралық экономиканың дамуындағы мәнісі. Халықаралық сауда теорияларының тарихи эволюциясы.

2 Меркантилистік теорияның негізгі идеялары. Меркантилисттердің, көзқарастарына негізделген экономикалық саясат. Меркантилизм теориясының тарихи мәнісі.
Акционерлік қоғамда қоғамның ұйымдастырушылық, қаржы, Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантелизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантелизм ХV ғасыр соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантелистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүрді деп есептелген.

Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:

Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп, сән-салтанат заттарын әкелуге тиым салынады.

Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбатырақ сату. Активті сауда балансы мен шетел рыноктарын жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлекет елге тауар әкелуді шет елдік тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртықы рыноктарда сұранысқа ие тауарлар өндірісіне арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды ынталандырды.

Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара отырып, еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.

Меркантелистер пікірі бойынша байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мүмкін болады және әрбәр ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты мемлекеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан тұрады: өндірістік сектор, ауылшаруашылық секторы және шетел отарлары. Саудаген экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылады.

Елдің байлығын алтын мен күміс мөлшерімен бағаланғандықтан, сыртқы сауда меркантилистер мектебінің ойыншағ, мемлекет ұлттық позицияларын нығайту үшін мынадай шаралар жүргізу керек:


      • оң сауда балансын қолдау – шетке тауарды көп шығарып, аз әкелу, өйткені ол төлем ретінде қолданылатын алтынның келуін қамтамасыз етіп, ішкі шығыс, өндіріс пен жұмыстылықты жоғарылатады;

      • сауда саясатының тариф, квота және басқа да құралдарының көмегімен салыстырмалы сауда сальдосын қамтамасыз ету мақсатында экспортты ұлғайтып, импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы реттеу;

      • шикізаттың шығарылуына тиым салу немесе оны шектеу және елде өндірілмейтін шикізат импортының салықсыз әкелуіне рұқсат беру арқылы елде алтын қорларын шоғырландырып, дайын өнімге төмен экспорт бағаларын ұстауға мүмкіндік беру;

      • отар елдердің метрополиядан басқа елдермен саудасына толық тиым салып, олардың тауарларын шетелдерге қайта сату метрополия ғана жүзеге асырады және оларға дайын өнім шығаруға тиым салу арқылы метрополияға шикізат жеткізушілеріне айналдыру.

Меркантелистер халыаралық сауда теориясына зор үлес қосты. Олар бірінші болып оның елдің экономикалық өсуіндегі мәнін көрсетіп, экономикалық дамуының мүмкін бір моделін жасады.

Меркателистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы иөлем балансына сипаттама берді. Меркантелистердің шектеулілігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің дамуы қолда бар дбайлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да мүмкін болатын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртық саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермеледі.

Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді сынауға арналған атақты «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеу» (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғана емес, сатып алуда тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау және импорттау тиімді болатындығын анықтауғы тырысты. Әдебиетте оның тәсілі абсолютті артықшылықтар (absolute advantage) принципі деп аталды. А.Смит тиімді әрекет ететін шаруашылық субъектісіне тән болатын жалпы принциптерін өзгешелеп, оны сыртқы саудада пайдаланды.

А.Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болады. Бірақ әрбір модель абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды енгізу қажет:

шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.

шарт. Бұл елдерде тек тауар өндіріледі

шарт. Елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады.

шарт. Халықаралық сауда үйлестірілген (импорт экспортпен төленеді).

шарт. Өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды.

шарт. Тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді.

шарт. Өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты (көлем тиімділігі).

шарт. Өндіріс факторлары салалар арасында еш шектеусіз ауыса алады.

шарт. Екі елмен екі салада жетілген бәсеке орын алады.
Кесте 1. Абсолютті артықшылықтар моделін қарастырайық





Мемлекет А

Мемлекет В

Тауар S

3 сағат

12 сағат

Тарар Т

6 сағат

4 сағат

1 кестеде нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті уақыты туралы мәліметтер берілген. Мысалға: А еліндегі S тауар бірлігін шығаруға 3 сағат қажет, ал В елінде – 12 сағат. Бұл бізге А еліне қарағанда тауар бірлігін шығаруға аз уақыт кететіндігін, және А елінің S тауарын шығаруда абсолютті артықшыллықа ие болады. Егерде А елі Т тауарының өндірісін қысқартып, S тауарының өндірісін ұлғайтса, ал В елі керісінше S тауар өндірісін қысқартып Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде Халықаралық еңбек бөлісу (ХЕБ) мен абсолютті артықшылықтар принципі негізінде сауда орнын алады. (кесте 1)
Кесте 2




Мемлекет А

Мемлекет В

Бүкіл әлем

Тауар S

+2 дана

-1 дана

+1 дана

Тауар Т

-1 дана

+3 дана

+2 дана

Бұл жағдайда егер А елі Т тауар өндірісін 1 данаға қысқартса, ол оған 6 сағат үнемдеуіне мүмкіндік беріп, S тауарының 2 данасын шығаруға пайдалануына болады. Осындай жағдай В елінде де болады. Бұл жерде өндірістің бірден қысқаруы арқылы 12 сағат үнемделіп, Т тауарының 3 қосымша данасын шығаруға болады.

Жалпы алғанда қосымша ресурстарды пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында S тауарының әлемдік өндірісі бір данаға, ал Т тауарының өндірісі екі данаға ұлғаяды.

XVIII ғасыр соңында шикізат тауарларының саудасы басым болып, А.Смиттің осы теорияны жасауына себеп болды. Шындығында цитрустарды Англияда емес, тропикалық елдерде өсіру тиімді екені белгілі. Бірақ сол кездің өзінде Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа елдеріне келген болатын. Әрине абсолютті артықшылықтар теориясы тек табиғи ерекшеліктерге ғана негізделуі мүмкін емес еді. Осыған байланысты А.Смит табиғи артықшылықтарымен қатар иеленген артықшылықтар барын көрсеткен.


Кесте 3




Мемлекет А

Мемлекет В

Тауар S

3 сағат

12 сағат

Тауар Т

6 сағат

4 сағат

А.Смит бір елдің барлық тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болған жағдайды қарастырмайды (таб 2.3). Оны өзінің «Саяси экономия бастамасы мен салық салу» (1819) еңбегінде Давид Рекардо жасады. Ол еңбегінде А.Смит моделі жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара тиімді сауданың жалпылама принциптерін жасады.

Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстан кедергі келтірмейтінін көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар (comparafive advantage) заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға (егер ол екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болса) немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес (егер бірде-бір тауар) бойынша абсолютті артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің абсолютті шығындары Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесінде екі ел де пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары кесте 4 келтіріпген.

Кесте 4





Англия

Португалия

п/мата

100 жұмыскер/жыл

90 жұмыскер/жыл

п шарап

120 жұмыскер/жыл

жұмыскер/жыл

Кесте 4 таблицасынан көріп отырғанымыздай, Англиядан (п) матаның белгілі мөлшерін өндіру үшін жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне Англия өзінде өндіріске жылына 120 жұмысшы қажет ететін (т) Португалдық шараптың бір бөлігін сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату арқылы оның шарабын сатып алу тиімді. Португалияда бұл өнімідерді өндіруге 90 және 80 дана жұмысшы еңбегі жұмсалады, сондықтан оған матаны шарапқа айырбастау тиімді. Д.Рикардоның пікірінше Ю.О ағылшын жұмысшысымен 80 португалдық жұмысшының еңбектерінің теңсіз айырбасы елдер арасындағы өндіріс факторларының ауысуындағы қиындықтарға байланысты болады.

Д.Рикардоның моделіне байланысты, Португалия Англияға қарағанда екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болып отыр, бірақ Португалия шарап өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие, өйткені оны өндіру үшін Англияға қарағанда 67 % (80/120 хЮО ) шығынын жұмсайды, ал мата өндірісіне - 90% (90/ 100x100). Сондықтан Португалия үшін шарапты, Англия үшін матаны өндіру мен экспорттау тиімді болып табылады.

Д.Рикардо өз моделінде өндірілетін тауарлар (шарап пен мата) мөлшерін өзгеріссіз алып, оларды өндіруге кететін жұмыс уақыты шығындар айырмашылығын қарастырады. XX ғасырда бұл тәсіл альтернативті шығындар (немесе орнын басу шығындары) ұғымы негізінде өзгешеленеді.

Бұл талдауға тағы бір шартты енгізейік:

10 шарт. Әрбір елдегі технологиялар мен факторлар саны өзгеріссіз.



Енді салыстырмалы басымдылық принципін осы тұрғыдан қарастырып көрейік. Д.Рикардо мысалындағы кейбір бастапқы шарттарын қолданайық: екі ел ( Англия, Португалия) және екі тауар (шарап пен мата) бар. Англиядағы 1м2 матаны өндіру үшін 100 сағат жұмыс уақыты, ал 1 л шарапқа - 120 сағат қажет дейік. Англия осы жылы 220 сағат жалпы жұмыс сағатына ие болсын. Сөйтіп Англияда 2200 м. мата (220 мың сағ/100 с), немесе 1833 л шарап (220 мың с/120 с) немесе екі тауарлар осы шектердегі кез келген арақатынасында өндірілуі мүмкін.

Португалияда жалпы жұмыс сағатының мөлшері 170 мың сағатқа тең. 1м2 матаны өндіруге - 90 сағат, ал 1 л шарапқа - 80 сағат қажет. Сөйтіп Португалияда 1899 мата ( 170 мың с/90с) немесе 2125 л шарап (170 мың с/80 с), немесе екі тауар осы шектеріндегі кез келген арақатынасында өндірілуі мүмкін.





Сурет 1. Өндірістік мүмкіндік шекаралар Англия мен Португалия өндірістік мүмкіндік шекаралары көрсетілген.

Англияда 1м2 мата 4/5 литр шарап көлемінде тұрса, Португалияда ол 6/5 л шарапқа тең. Бұл салыстырмалы бағалар Англия мен Португалия арасында сауда жоқ деп есептелгендіктен, автаркиялық деп аталады. Егер де транспорт шығындарын қарастырмай, екі ел арасындағы саудада ешбір кедергі жоқ болса, Англия өзінде салыстырмалы бағасы төмен матаны Португалияға сатып, Португалия өзінде салыстырмалы бағасы төмен шарапты Англияға сатады.

Осындай сауда, екі жабық рыноктардағы әр түрлі бағалардың орнына бірдей әлемдік баға орнауына әкеледі. Мысалы, 1м мата 4/5 пен 6/5 литр шарап арасында әлемдік баға қалыптасады. Мысалға оны 5/5 немесе 1 деп алайық. Осы баға бойынша мата Англияда да, Португалияда да сатылады. Енді Англияда шарап өндірушілерінің пайдасы төмендеп, мата өндірушілерінің пайдасы жоғарылайды. Осының нәтижесінде шарап өндірісі қысқарып, мата өндірісі ұлғаяды. Португалияда жағдай керісінше дамиды.. Осының бәрі Англияның матаға, ал Португалияның шарапты өндіруі мен экспорттауға мамандануына әкеледі.

Сөйтіп, еркін сауда әр елдің өндірісінің салыстырмалы артықшылыққа ие тауарлардың дамуы мен өндірістің мамандануына және бүкіл әлемде тауар өндірісі көлемінің ұлғаюына әкеледі. Бұл орын басу шығындарының (орроrtunity costs) тұрақты болуын немесе бір тауар өндірісін ұлғайту үшін басқа тауардың бір бөлігінен бас тарту мөлшерінің өндірістік шығындарын керсетеді. Біздің мысалымызда Англияда 1м матаны өндіру үшін 4/5 л шараптан, ал Португалияда мата өндірісінің жалпы көлеміне қарамастан 6/5 л шараптан бас тарту қажет. Мысалға Португалияда матаны өндіруде бірінші квадрат метрі ме, 1899-шы метр ме бәрібір қосымша 1м2 матаны өндіру 6/5 л шарапқа тең болады.

Бұл жағдай шындықтан алыс болғандықтан, талдауымызға енді пайдаланбаймыз. Шындығында, орнын басу шығындарының тұрақты жағдайында, әр ел өзі ие салыстырмалы артықшылықты тауар өндірісіне маманданса, сыртқы сауда да пайдасын максималды ұлғайта алады. Бірақ шын өмірде ол бола бермейді. Барлық елдер өздерінің тұтынуы үшін тауардың бір бөлігін өндіріп, бір бөлігін шеттен әкеледі.

1991 жылы американ экономисі М.Портер «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» атты зерттеуін жариялады. Бұл зерттеуде халықаралық сауданың мәселелері өте тиянақты карастырылды. Осы тәсілдің бір алғышарты: "халықаралық рынокта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі. Бұл процестегі елдің атқаратын ролін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай құрып және қалай нығайтатынын түсіну қажет". Сыртқы рыноктағы табысқа жету дұрыс таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты.

Бәсекелестік артықшылықтар стратегиясы.

М.Портер бойынша бәсекелестіктің негізгі бірлігі сала, яғни тауар өндіретін және қызмет көрсететін және өзара тікелей бәсекелесетін бір топ бәсекелестер болып табылады. Салаларда бәсекелестік артықшылықтардың ұқсас негіздері бар өнімдер шығарылады. Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік стратегияны тандауына екі басты жағдай әсер етеді:

1. Фирманың іс-әрекеті бәсекелестік ерекшеліктері бар.
Сала құрылымы. Сала ішіндегі бәсекеге бес түрлі фактор (М-Портер бойынша күштер) әсер етеді.

- жаңа бәсекелестерінің пайда болуы.

- орнын баса алатын тауар немесе қызметтің пайда болуы.

- жеткізушілердің саудаласу мүмкіндігі.

- сатып алушылардың саудаласу мүмкіндігі

- бар бәсекелестердің арасындағы жарыс (бақталас)

Осы бес фактор саланың пайда көлемін анықтайды, өйткені олар бағаға, фирма шығындарына, капитал болуына және т.б. жағдайларына әсер етеді.

Әрбір саланың өз құрылымы болады. Мысалға фармацевтикалық өнеркәсіпте жаңа бәсекелестердің пайда болуы өте сирек, ал ішкі бәсеке баға негізін де емес, ғылыми зерттеулер, жаңа дәрі шығару сияқты факторларға байланысты. Жоғары бағалар тұтынушыларды қорқытпайды, ал жеткізушілер оларға қатты әсерін тигізбейді. Орнын баса алатын тиімді өнімді жасау өте қиын және оған көп уақыт қажет болады.

Фирманың салада алатын позициялары (орны). Фирманың саладағы позициясы ең алдымен иеленетін артықшылығымен анықталады. Фирма тұрақты бәсекелестік артықшылықка ие болса, өз қарсыластарынан озады. Ол үшін:

Төменірек шығындар. Бәсекелестеріне қарағанда ұқсас тауарды жасау, өндіру мен сатудағы фирмалық аз шығындармен жүзеге асыра алатын мүмкіндігі.

Тауарлар дифференциациясы (бөлшектеу). Фирманың тауардың жоғарырақ сапасы, немесе ерекше тұтыну қасиеттері немесе сатудан кейінгі қызмет көрсетудің кең мүмкіндіктері арқылы тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі. Бәсекелестік артықшылық бәсекелестерге қарағанда жоғары өнімділікті береді.

Фирманың сала ішіндегі позициясына әсер ететін тағы бір манызды фактор - бәсекелесу сферасы немесе фирманың сала шекараларында бағытталған мақсаттар ауқымы.

Фирма өзі үшін, қанша түрлі тауарды шығару, сатудың қай каналдарын пайдалану, қай тұтынушыларға қызмет көрсету, әлемнің қай аймақтарында өз өнімін сату мен қандай ұқсас салаларда бәсекелесу қажеттігін шешуі керек.

Салалар бөлектенген, сондықтан, фирма бәсеке сферасын таңдау барысында ауқымды бағытта ма, рыноктың бір бөлігіне ғана нысаналап бәсекелесетінін шешуі қажет.

Сурет 2 фирманың сала ішінде позицияларын анықтауда пайдаланатын негізгі типтік стратегиялар көрсетілген.





Бәсекелестік артықшылық

Төмен шығындар

Дифференциация

Бәсекелесу аумағы

Кең нысана

Шығындарды үнемдеу есебінен үздік шығу

Дифференциация

Тар нысана

Шығындарға барлық көңілді бөлу

Диффернциация

Сурет 2.Стратегия типтері


Типтік стратегиялар концепциясының мәні болып, әр стратегия бәсекелестік артықшылыққа негізделген, сондықтан фирма қолда бар артықшылыққа байланысты өз стратегиясын таңдауы керек.

Бәсекелестік артықшылыққа фирма өз іс-әрекетінің жекелеген түрлерін ұйымдастыру мен орындау негізінде қол жеткізеді. Осының нәтижесінде сатып алушылар үшін белгілі бір құндылықтар жасалады. Түпкілікті құндылық фирма ұсынған тауар мен қызметі үшін тұтынушының қанша ақша төлеуге дайын болуына байланысты. Әрине, қажетті іс-әрекеттер шығынынан жоғары болғаны дұрыс. Бәсекелестік артықшылыққа жету үшін, сатып алушыларға бәсекелестердегі құндылығы бар тауарларды ұсынып, бірақ оны төменірек шығындарымен өндіру (аз шығындар стратегиясы) қажет немесе сатып алушыларға жоғары баға алуға болатын жоғары құндылықты тауар ұсыну дифференциация (бөлшектеу) стратегиясы.

Фирма құндылықтарының тізбегі - бір іс-әрекетті жүзеге асыру әдісі басқа іс-әрекетті түрлерінің тиімділігі немесе құнына әсер етуінен пайда болған байланыстар негізіндегі іс-әрекет түрлерінің жүйесі. Осы байланыстарды басқару бәсекелестік артықшылықтардың шешуші негізі болуы мүмкін.

Фирмалар өз саласында бәсекелесудің жаңа түрлерін тауып, онымен рынокқа шықса бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізеді.

Бәсекелестік артықшылыққа жетудің жаңа түрлерінің пайда болу себептеріне:

- жаңа технологиялар (Германиядағы рентген аппаратурасының


өндірісі);

- сатып алушылардың жаңа немесе өзгерген сұранысы (тез


тамақтанудың американ компаниялары);

- саланың жаңа бөліктерінің (сегменті) пайда болуы (Жапонияда көп мақсатты, аз көлемді автокөтергіштер өндірісі);

- өндіріс құны немесе компоненттерінің өзгеруі (елдердегі еңбек
күші құны қатынасының өзгеруі);

- мемлекеттік деңгейдегі реттеу (стандарттар, қоршаған ортаны


қорғау, сауда шектеулері, т.б. сияқты).

Халықаралық бәсеке ерекшеліктері

Жоғарыда бәсеке мен бәсеке стратегиясы туралы айтылғанның бәрі сыртқы және ішкі рынокқа бірдей дәрежеде қолданылуы мүмкін. Соған қарамастан, халықаралық бәсекенің ерешеліктері бар.

М.Портер бәсеке ерекшеліктеріне қарай екі сала түрлерін өзгешеледі.

- көп түрлі ұлттық (multido mestic) салалар. Халықаралық
ауқымда ондай сала ұлттық салалар жиынтығы болады да және елде бәсеке әр түрлі өтуімен сипатталады.

Бәсекенің бір стратегиясын мұндай салаларда жүргізу мүмкін емес. Мысалға жинақ банктер саласын келтіруге болады;

- глобалды салалар, ол әлем бойынша бір бәсекелесу аймағы
болуымен ерекшеленеді. Осындай салаларда бәсекелестік артықшылыққа жету өте маңызды болады, өйткені оны бүкіл дүние
жүзінде пайдалану мумкіндігі туады. Осы салаларда көптеген
елдерде сатылуға арналған бір тәсілді қалыптастыратын және
пайдаланылатын глобалды стратегия қажет. Көп ұлтты компания-
лардың өмір сүруі глобалды стратегиясы барын көрсетпейді, өйт-
кені көп түрлі ұлттық салаларда көп ұлы компаниялар филиалдары
жеке дара жұмыс істейді. М.Портер глобалды стратегияда
бәсекелестік артықшылыққа жетудің екі жолын көрсетеді.

Іс-әрекет конфигурациясы. елдің ерекшеліктерін пайдалану үшін іс-әрекетті әр түрлі елдерде орналастыру болып табылады.

Бір елде өндірістік іс-әрекеттің түрлерін шоғырландыру кезінде, тауар экспорты арқылы сыртқы рынокқа шығу, ал өндірісті әр түрлі елдерде орналастыру кезінде, тікелей шетел инвестициялары арқылы сыртқы рынокқа шығу жүзеге асырылады.

Іс-әрекет түрлерін орналастыру кезінде ел төмендегідей критерийлер бойынша таңдалады: факторлардың минималды құны; ГЗТКЖ (НИОКР) өткізу үшін қажетті жағдайлардың болуы; маманданған дағдыларға қол жеткізу мүмкіндігі; сатып алушылармен қатынастардың даму дәрежесі т.б.

Филиалдар іс-әрекетін үйлестіру, оған кіретіндер: (информация) ақпаратпен алмасу; жауапкершілікті бөлу.

Үйлестірудің (координация) өзі бәкеселестік артықшылық болып табылады, өйткені ол әр түрлі жерде алынған білім мен тәжірибе жинақталуына әсер етеді. Соның арқасында фирмалар рыноктағы өзгеріске тез жауап қайтаруына мүмкіндік алады.

Бәсекелестік артықшылық детерминанттары.

Бәсеке ретінде тепе-теңдік емес, тұрақты болатын өзгерістер түсініледі. Әрбір сала тұрақты түрде жаңарып, жетіле бергендіктен, осы процесті ынталандыруда тұрғылықты мемлекет маңызды орын алады. Тұрғылықты мемлекет (страна базирования) - бұл қажетті дағдылы еңбек күші бар, негізгі технология, өнім, стратегия әзірленетін ел.



М.Портер жергілікті фирмалар бәсекелесетін және оның халықаралық табысына әсер ететін ортаны қалыптастыруда мемлекеттің 4-қасиетін көрсетеді.

Сурет 3. Елдің бәсөкөлестік артықшылығының детерминанттары


Бұл детерминанттар, әрқайсысы бөлек және бәрі бірге жүйе ретіндө осы елдің фирмаларының пайда болып, іс-әрекет ететін ортасын қалыптастырады.

Елдердің қандай да бір салада табысқа жетуі осы елдердегі ортаның серпінді түрде дамуына тікелей байланысты, сонымен к.атар ол фирмалардың алдына күрделі міндеттер қоя отырып, колда бар бәсекелестік артықшылықтарды тиімді пайдалануға және жаңа артықшылықтар іздеуге мәжбүр етеді. Елдер ұлттық "ромб" өзара күшейетін, яғни әрбір детерминант басқаларына әсер ететін салаларда немесе олардың бөліктерінде (сегмент) табысқа жету мүмкіншілігіне ие.

Жоғары бәсекелестік қабілетіне жету үшін ішкі рыноктағы күшті бақталастық өте маңызды орын алады.

Үкіметтің орны (ролі)

Ұлттық артықшылықты қалыптастырудағы үкіметтің ролі төрт детерминантқа әсер етуінде:

-факторлар параметріне - субсидия, капитал рыногына қатыс-


ты саясат, тағы сол сияқтылар арқылы;

-сұраныс параметріне - әр түрлі стандарт қою мен мемлекеттік


тапсырысты жүзеге асыру жолымен;

-туыстас салалар мен жабдықтаушы салалардың даму жағ-


дайына - жарнама құралдарына бақылау орнату мен инфра-
құрылым дамуын реттеу;

-фирмалар құрылымы, бақталастығы мен стратегияларына -


өзінің салық салу саясаты, монополияға қарсы заңы, инвестицияны
реттеу мен бағалы қағаздар рыногындағы іс-әрекеттер және т.б.
арқылы.

Осы барлық төрт детерминант кері әсер беруі мүмкін. Үкіметтің орны да оң немесе теріс болуы мүмкін.



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау